3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет82/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102
Дербес оқыту тәсілі. Дербес оқу - оқу-тәрбие процесін дараландырылуға, білім алушылардың жеке ерекшелігін ескеріп, оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекетті тәжірибесін қалыптастыруға, өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен қажетсінуіне, білім алушылардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Кластер - белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық трде біріктіру. Ол оқу материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.
«Синквейн жазу» әдісі. «Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі: Бірінші жолға бір сөзден тұратын- зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы. Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын –екі сын есім. Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік. Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер,дәйексөз немесе білім алушы тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін. Соңғы жол-бұл түйіндеме, сөз тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс.
«Ақыл картасы» әдісі. Ақыл картасымен жұмыс істеу технологиясын Тони Бьюзен қатысушылардың визуалды ойлау қабілетін дамыту үшін құрастырған. Ережелер орындалуы керек. Қағаз көлденең жатуы тиіс. Ең негізгі элементі ең ортасында орналасады. Осы карта туралы адамның аты, кітаптың атауы, жоспардың атауы. Орталық міндетті түрде түрлі-түсті болуы тиіс,кем дегенде үш түсті. Ал қалғандары осы орталықтың айналасында орналасады. Карта - бұл ағаш. Тұтастық – ол дөңгелек. Дөңгелек – тұтастықтың белгісі.
Барлық тақырыпшалар міндетті түрде бір-бірімен байланысты болуы керек. Әйтпесе ол карта емес, тағы мәтін болып кетеді. Әсіресе центрдегі тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сызықтар маңызды. Бұл сызықтар әрқайсысының өзіндік түсі, формасы болады және бұл сызықтарда сөздер (тек сөйлем емес) жазылуы мүмкін. Мысалы, тақырыпшаларды гүл түрінде құрастыруға болады. Жасыл түсте –аса маңызды емес шаруалар, көк түсте- міндетті шаруалар, қызыл түсте –шұғыл шаруалар. Суреттер ақыл картасындағы ең маңызды элементтер, осының арқасында картаны оқу және түсіну біршама жылдам болады. Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктардың желі сызықтары тарайды (бұл, мысалы, шеңбер немесе сопақша немесе ромб).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет