3 тақырып Қр конституциялық құқық негіздері


Конституция. Оның түрлері



бет2/4
Дата07.02.2023
өлшемі26 Kb.
#65902
1   2   3   4
2 Конституция. Оның түрлері
Конституция дегенiмiз - ол, мемлекеттiң негiзiгi заңы болып табылады. Конституция ұғымының қазiргi түсiнiгi ХҮIII ғасырдан бастап орнатылды.Алғашқы конституциялар:1787 АҚШ-та пайда болы; 1789 Францияда қабылданды. Конституцияның мазмұнында ел өмiрiндегi аса маңызды өзгерiстер мен өмiр қозғалыстары жөнiнде өз көрнiсiн табады. Мысалы өткен СССР-дiң конституциясында 6-бап КПСС –басқарушы және бағдар берушi орган деп аталды. Бұл дегенiмiз мемлекет билiгiнiң тiзбегiне бөлiнуiне және әр тiзбектiң жұмыс iстеуiне жойқын әсерiн тигiзетiн болды.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Конституция қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата Заңнын мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былай түсіндірген: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ, жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашак ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырьш, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңның бұл бөлігі саяси және идеологиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды.
Конституцияның түрлеріне тоқталатын болсақ.
Конституцияны нысанына, қолданылу тәртібіне, өзгертілу әдісіне қарай түрлерге бөлінеді.
Нысанына қарай Конституцияның екі түрі бар:
Жазбалы және ауызша конституциялар. Жазбалы Конституция – бұл тұтас жинақталған кодификациялық акт (ҚР К; РФ; Финляндия). Ауызша конституция – сирек қолданылатын әртүрлі заңдардың, сот үрдістерінің және әдет-ғұрыптардың жиынтығы. Қазіргі кезде ол Ұлыбританияда және Жаңа Зеландияда бар.
Конституцияларды өзгерістер мен түзетулер енгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет