3 ҚР Конституциясының құрылымы ҚР Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалайды, оның заңдарының заңы болуы шындық, ақиқат.
ҚР Ата Заңы бесінші болып келеді. (1928, 1937, 1978, 1993, 1995). Соңғы екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және ҚР халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды.
ҚР Конституциясы 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару жөне өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының I—VIII бөлімдерінде баяндалған.
Қорытынды және өтпелі ережелер баяндалған ақырғы IX бөлімде Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсімі мен басқалар жайлы сөз болады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Ата Заң кұрылысына жасалатын талдау оған негіз болған конституциялық идеялардың айқын көрінісін береді. «Жалпы ережелер» деп аталатын I бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылатындығын баяндайды.
4 ҚР адам және азаматтың жағдайының конституциялық негіздері ҚР Конституциясының 12-баптың 4-шi тармағында:Конститиуцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады. Сол себептен ҚР азаматтығына жатпайтын тұлғаның екi түрi бар, ол мынадан тұрады:
1.Шетелдiк;
2.Азаматтығы жоқ тұлға;
Осы аталған тұлғалардың анықтамсын мынадай болады. Шетелдiк дегенiмiз - ол, ҚР азаматы болмайтын, бiрақ басқа мемлекеттiң азаматы деген құжатты дәлелi бар жеке тұлғаны айтады. Азаматтығы жоқ тұлға дегенiмiз-ол, ҚР азаматтығы жоқ және басқа (шетеледiң) мемлекеттiң азаматы деген құжатты дәлелi жоқ жеке тұлғаны айтады. Азаматтығы жоқ тұлғалар срол келген мемлекеттiң заңдарына және басқа да заңнамалардың талабын сақтауға оны орындауға тиiстi болады.
Азаматтығы жоқ тұлғалардың құқығына шек қойылады. Оған мынадай құқықтық шектер жатады:
-мемлекеттiк қызметтiң барлық саласына кiруге болмайды;
-сайлауға немесе сайлануға болмайды;
-республикалық референдумға қатысуға болмайды;
-әскери мiндеттiлiк борышты өтеуге шақырылдмайды;
-саяси партияларға мүше болып кiруге болмайды;
-кеме капитанына тағайындауға болмайды;
-ұшақ судасына басшылыққа тағайындалмайды;
-егре ҚР азаматтығы бар тұлғаның қажет ету талабы болатын болса, кәсiпорындар мен мекемелердi басқаруына тағайындалуға жол берiлмейдi;
-мемлекетiк құпиямен танысуға тиым салынады.