3-тарау. Ортаңғы топ (3 жастағы балалар) 1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту



бет4/7
Дата10.12.2023
өлшемі42,24 Kb.
#136109
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Оқу бағдарламасы 3 жас

музыка бойынша: музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдайды; музыканы тыңдау дағдыларын меңгерген;
музыка жанрлары: ән мен маршты, биді таниды;
музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдайды, музыканың сипатын түсінеді; музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталуын ажыратады, оларды атайды, қарапайым ырғақпен соғады;
әннің қарқынына сәйкес топпен қосылып ән айтады, әнді барлығымен бірге бастайды және аяқтайды;
сөздерді дұрыс және анық айтады, әннің сипатын береді (көңілді, мұңды, ойнақы, әуенді);
музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октаваның диапазонында ән айтады;
қазақ халқының қарапайым би қимылдарын біледі;
билейтін әуендерге сәйкес қимылдарды өз бетінше орындайды;
музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын ойындарда мәнерлі және эмоционалды жеткізеді;
балалар музыка аспаптарын біледі, оларда ойнайды.

146. Сурет салу.


Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу. Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету. Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды, бояудың келесі түсін қолдану үшін қылқаламды басқа түске салмас бұрын жақсылап суға шайып алып қолдануды, жуылған қылқаламды жұмсақ матамен немесе қағаз майлықпен сүртіп кептіруді үйрету. Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану. Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу. Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру. Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
147. Мүсіндеу. Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу. Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азықтүлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету. Кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар). Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру. Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру. Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
148. Жапсыру.
Балалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру. Қағаз бетінде көлемі, түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, ойдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау, содан соң пайда болған бейнені қағазға жапсыру. Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану. Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру. Заттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді бекіту. Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдану. Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу. Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасау. Жапсыру барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыпты болуға баулу.
149. Құрастыру. Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру. Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу. Құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап зерттеуге және кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, өз бетінше құрастыруға мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу. Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату. Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату. Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру. Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
150. Музыка.
Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет