Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру (V дағды)
151. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
152. Мақсаты балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
153. Міндеттері:
балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;
отбасына, туған өлкесіне, Отанға деген сүйіспеншілікке, ересектерге құрмет көрсете білуге, кішілерге жанашыр болуға тәрбиелеу;
еңбектің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау; тірі және өлі табиғат туралы білімдерін байыту;
табиғатта қауіпсіздікті сақтау (саңырауқұлақтар мен жидектер жемеу, жануарларға тиіспеу); құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, заттарды құлаққа, мұрынға тықпау);
табиғатқа сүйіспеншілікке және қамқорлық жасауға баулу.
154. Күтілетін нәтижелер: -отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды;
-сюжетті-рөлдік ойындарда отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды;
-әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнай алады;
-дербестік танытады: киінеді, жуынады және тісін тазалайды;
-қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;
-көлік құралдарын атайды;
-жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелерді біледі; -балабақша және балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар;
-тұратын қаласы мен ауылы туралы, Қазақстан Республикасының бас қаласы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие;
-қазақ халқының дәстүрлі киіз үйін біледі;
-«дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерге ие;
-тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылық танытады;
-туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы түсініктерді меңгерген;
- кейбір көгөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады және атайды;
-үй жануарлары мен жабайы жануарларды таниды;
-табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылайды;
-табиғатқа қамқорлық танытады;
-табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқайды және атайды;
-топта, серуенде және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтайды;
-әдептілік танытады: амандасады, қоштасады, көмектескені үшін алғыс айтады;
-балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тазалық сақтайды.