3-тарау. Ортаңғы топ (3 жастағы балалар) 1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту



бет7/7
Дата10.12.2023
өлшемі42,24 Kb.
#136109
1   2   3   4   5   6   7

Қоршаған ортамен таныстыру.


156. Бала, оның отбасы, үйі. «Мен» бейнесін, құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезінуге, әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнауға үйрету, өз іс-әрекеттерін оң бағалау және өзін-өзі бағалауын, ойында туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін дамыту. Балаларды отбасы бейнеленген фотосуреттерді қарауға, отбасы мүшелерін, олардың іс-әрекеттерін атауға, өзінің отбасы, отбасылық қарымқатынас туралы әңгімелеп беруге, жақындарына қамқорлық танытуға баулу. Дербестікті қалыптастыру: киіну, жуыну, тісін тазалау.
157. Заттық әлем. Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттардың сапалары мен қасиеттерін: сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру. Заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Әртүрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін түсіну, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгеру. Қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
158. Көлік, байланыс құралдары. Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру. Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.
159. Еңбекке баулу. Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау. Қарапайым тапсырмаларды өздігінен орындауға, түрлі балалар әрекетіне қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды дайындауға, қолданып болған соң ойыншықтарды, кітаптарды, заттарды орнына жинауға баулу. Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.
160. Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор, ұқыпты) аудару, жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін қалыптастыру.
161. Менің Отаным – Қазақстан. Балалар тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен таныстыру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Балалардың жалпы қабылданған ережелер мен нормаларды меңгеруіне ықпал ету. Балабақшада, үйде, көшеде тәртіп сақтауға баулу. Балаларды әдепті қарым-қатынасқа үйретуді жалғастыру (амандасуға, қоштасуға, көмек көрсеткені үшін алғыс айтуға үйрету). Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тәртіп пен тазалық сақтауға үйрету. Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру.
162. Өсімдіктер әлемі. Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау, өсімдік бөліктерін тану.
163. Жануарлар әлемі. Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.
164. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу.
165. Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау (саңырауқұлақтар мен жидектерді жемеу, жануарларға тиіспеу, қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау), топта (терезенің алдына шықпау, розеткаларды ұстамау, баспалдақпен көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау), серуенде (отпен ойнамау, жолға шықпау) ойын алаңында және құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет