3-тарау. Ортаңғы топ (3 жастағы балалар) 1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту



бет3/7
Дата10.12.2023
өлшемі42,24 Kb.
#136109
1   2   3   4   5   6   7
сурет салу бойынша:
сурет салу техникасының бастапқы дағдыларына ие;
сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана біледі;
негізгі түстерді дұрыс атайды;
қарапайым сюжеттік композицияларды құрайды;
тұтас қағаз бетіне бейнені орналастыра алады;
пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген;
сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады;
сурет салуда салуда ұқыптылық танытады, қауіпсіздікті сақтайды;


мүсіндеу бойынша:
заттарды мүсіндеуге қызығады;
сазбалшықтың және ермексаздың қасиеттерін біледі;
мүсіндейтін затты зерттейді;
мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;
мүсіндеуге қажетті негізгі техникалық дағдыларды игерген;
бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндейді;
қазақ халқының әшекей бұйымдарын біледі;
заттар мен бұйымдарды өз бетінше мүсіндей алады;
жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіреді;
мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтайды;
жұмысты ұқыпты жасауға тырысады;

жапсыру бойынша:
желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игерген;
бейнеленетін заттарға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдай алады;
ересектер даярлаған ірі және ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді; оюдың әсемдігін, оның орналасуын байқайды, олардың элементтерін бөліп көрсетеді;
қазақ халқының ыдыс-аяқтары мен тұрмыстық заттарын біледі;
ұжымдық жұмыстарға қатысады және оларды қызығып жасайды;
геометриялық фигураларды ажыратады, оларды ою-өрнектермен безендіреді; желім қалдықтарын сүрту үшін майлықты пайдаланады;

құрастыру бойынша:
құрастыруды қызығушылықпен орындайды;
құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап, зерттейді;
құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды;
әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар тұрғызады; ұжымдық құрылыс жасауға қатысады;
өзі құраған құрылысымен ойнайды;
ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыра алады; ойнап болған соң құрылыс бөлшектерін жинайды;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет