3-тоқсан №2. «Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі38,99 Kb.
#94964
  1   2   3

3-тоқсан №2. «Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау




Оқушының аты – жөні:-----------------------------------------------------------------------------------
Сыныбы:------------------------------------


Мәтін бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
«Биотехнология» деген түсінікті бірінші рет 1917 жылы Венгрия инженері Карл Эреки қолданған. К.Эрекидің айтуынша: «Биотехнология – ол тірі жандардың көмегімен өткізілетін жұмыстар».
Биотехнология дамуын қарастырғанда келесі заңдылықты байқап өтуге болады: ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін көбінесе көбею саласында зерттеулер өткізілген. 60 жылдардың соңында және 70 жылдардың басында биотехнология өз зерттеулерін жасушалардың технологияларының саласында қадағалап өткізеді. Олар келесі зерттеулер: экстракорпоралдық ұрықтандыру, өсіру, гаметалармен жасушаларды төмен температураларда ұзақ уақыт сақтау.
Ал 1973 жылдан бастап биотехнология молекулярлық зерттемелерге қатысады. Биотехнология саласының мақсаты – коммерциялық өнімді дамыту. Сондықтан биотехнологияның негізінде экономика жатыр. Экономика жағдайлары жоғары мемлекеттерде биотехнология дамуы да өте жақсы деңгейде.
Соңғы 10 жыл ішінде еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алды. Содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, алғашқы нәтижелер көп күттірмей қолға да тие бастады. Сондай ғылым салаларының бірі – биотехнология.
Биотехнология кез келген өнімді жасап шығаруда немесе технологиялық өндірісте сапалы әрі таза өнім алу үшін тірі ағзаны қолдану үдерісі дегенді білдіреді. Мысалы, оған сүттің ашуын, қышқыл сүтті өнімдердің алынуын жатқызуға болады. Адамдар осыған дейін бұл үдерістердің принципін түсінбестен қолданып келген. Қазіргі таңда биотехнология мағынасы, әрине, оларға қарағанда әлдеқайда күрделірек. Өміріміздің сан-алуан бағыттарында көрініс табуда.
Заманауи әлем мен дамыған экономикада бұл ұғым таза экологиялық өнімді өндіруде табиғатты ластамайтын жолдармен алу әдістері, ауыл шаруашылығы және түрлі өндірістік үдерісте өнімді алу барысында оған химияны емес, табиғатта кездесетін табиғи өнімдерді қолданудың синонимі десек те болады.
Биотехнология – жарқын болашаққа бастар баспалдақ.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет