18 ақпан 2016 жыл
www.egemen.kz
10
Жағымды жаңалық
Солай ма?
Сіз білесіз бе?
Дода
Масқара!
Мəселенің мəнісі
www.egemen.kz
10
Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №32 ek
Меншік иесі:
“Егемен Қазақстан”
республикалық газеті”
акционерлік қоғамы
Президент
Сауытбек АБДРАХМАНОВ
Вице-президент – бас редактор
Жанболат АУПБАЕВ
Вице-президент
Еркін ҚЫДЫР
МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.
БАЙЛАНЫС:
Астанада: факс (7172) – 37-19-87
Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru
Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:
Астана – 8 (717-2) 37-54-21;
Ақтау – 8 (701) 593-64-78;
Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;
Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;
Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;
Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;
Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31;
Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15;
Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;
Орал – 8 (775) 336-47-57;
Өскемен – 8 (778) 454-86-11;
Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;
Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;
Шымкент – 8 (701) 362-63-76;
Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.
ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:
Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48,
egemen_adv@mail.ru
Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru
Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.
А
Газетті есепке қою туралы
№01-Г куəлікті 2007 жылғы
5 қаңтарда Қазақстан Республи касының
Мəдениет жəне
ақпарат министрлігі берген.
«Егемен Қа зақ стан» республикалық
газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009
Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»
талаптарына сəйкес сертификатталған.
Индекс 65392.
Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 11 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921
Таралымы
210 932 дана.
Газет мына қалалардағы:
010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,
050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,
100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,
110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,
120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,
130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,
030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС,
060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,
160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,
140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,
080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,
090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,
040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-
Болашақ» АҚ,
070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство
Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.
Нөмірдің кезекші
редакторы
Талғат РАЙЫМБЕК.
Теледидар терезесі
Ұлы ақын болашаққа мол мұ-
ра қалдырып, қазақ əдебиеті мен
мəдениетіне елеулі үлес қосты. Жам-
был көп қырлы тұлға. Ақын дығымен
қатар, айрықша шешен дігімен де
жұртқа танылып, аты аңызға айналған.
Поэзиясының əр дайым қарапайым
халық пен сабақтастығы үзі лмеген.
Фильмде оның шығар ма шылығы мен
өмір жолы то лықтай көрсетіледі.
Шығармашылық топ басты рөлд і
сомдауға көп уақыт бойы ірік теу-
лер жүргізіп, нəтижесінде таны-
мал актерлер арасынан Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері, «Дарын» мемлекеттік
жастар сыйлығының лауреаты, ак-
тер Байғали Есеналиевке таңдау
жасаған.
Байғали Есеналиевтің айтуынша,
ұлы тұлғаның бейнесін сомдау оңай
емес. Басқа себептерін айтпағанда,
жауапкершілігі де өте үлкен. Түсірілім
кезінде де, фильм экранға шыққан
соң да басты назарда тұрады, баға
да бас кейіпкер келбетінің сом-
далуы бойынша беріледі. «Ұлы
ақының рөлінде ойнауға ұсыныс
түскенде, бір сəт ойланбаппын.
Кастингке келсем, Жамбылдың об-
разын жамылған көптеген танымал
үміткер-актерлердің фотолары ілулі
тұр екен. Іштей, «Олардан озып жүлде
алу қайда?», – дегем. Десем де барған
соң бағымды сынап көруге бел будым.
Мен үшін сəтті күн болды, өтіп кеттім.
Режиссер сырт келбетіме қарап «біраз
салмақ тастау керек деді», деп еске
алды Байғали Есеналиев.
Картинада сонымен қатар Айгүл
Үлкенбаева (Дина Нұрпейісова),
Ілияс Тұрманов (Лаврентий Бе рия),
Əйгерім Сəменова (Күлəш Бай-
сейітова), Жоламан Əміров (Жабай),
Ергенбай Əбуов (Сүйінбай), Нұрбек
Мұқыш (Кенен Əзірбаев), Боранбай
Молдахметов (Мұхтар Əуезов), Қанат
Жүнісов (Сəкен Сейфуллин), Кентай
Ақүр пеков (Темірбек Жүргенов),
Жыр алыбыныѕ
жарќын бейнесі
Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойы-
на орай «Қазақстан» телеарнасы 4 сериялы та-
рихи драма əзірледі. Фильм «Қазақстан» арна-
сында 28 ақпанда, яғни ақынның туған күнінде
көрермендер назарына ұсынылады.
Бақыт Беделхан (Бауыржан Мо мыш-
ұлы) жəне тағы да басқа белгілі актер-
лер ойнайды.
Телесериалдың негізгі көріністері
табиғаты əсем Алматы облысының
Үш қоңыр баурайында, Жамбыл об-
лысы мен Мəскеуде түсірілді. Фильм-
де тарихи тұлғаның өмірбаяны ғана
емес, ХХ ғасырдың өзі өмір сүрген
тұсындағы ел жағдайы да сурет-
телген. Сонымен қоса, бұған дейін
көп айтыла қоймаған, ақын өмі-
рінен алынған қызықты деректер де
көрсетіледі. Соның бірі – Жамбыл
мен Бұрымның бір-біріне деген ма-
хаббаты жайлы. Түсірілім тобы
декорацияларға, актерлердің кос-
тюмы мен образдарына баса назар
аударған. Сол арқылы Жамбыл өмір
сүрген дəуірдің толықтай шындығын
көрсетуге тырысқан.
«Лавэ», «Жеңіс семсері», «Қазына»
жəне тағы басқа кинотуындыларымен
танымал фильмнің режиссері Əнуар
Райбаев: «Біз түсірген «Жамбыл» атты
көркем фильм 4 бөлімнен тұрады.
Қазақ сөз өнерінің «суырыпсалма»
үрдісін жаңа арнаға бұрып, жаңаша
мазмұн дарытқан Жамбыл атамыз,
қарапайым қара сөздің майын тамы-
зып, талай айтыста жеңіске жеткен,
ел алдында беделді еді. Жұдырықтай
жүрегіне Жетісу мен Алатауды бы-
лай қойғанда, бүкіл əлемді сыйдыра
білген дана ақынның елге қалдырған
аталық, даналық сөздерін туған
халқы қашанда аузынан тастамай-
ды. Жүз жасаған əулиенің «мың
өліп-мың тірілген» қазақ баласына
жүрген жерінде берген батасы жай
кетпепті. Оған арманы мен ой өрісі
көкке өрлеген қазіргі ұрпақ – біздер
жəне біздің өміріміз куə! Мақсат –
Жамбыл атамыздың «адами» тұлғасы
мен қадір-қасиетін басқа қырынан
көрсетіп, өнеге тұнған бейнесін сом-
дау», дейді осы орайда.
Аян ƏБДУƏЛИ.
127 жылдық тарихы бар,
іші-тысы бірдей жалтыраған
жақсы қағазға басылып, көркем
безен дірілген «NATIONAL
GEOGRAPHIC Қазақстан» журна-
лының алғашқы саны осы ақпан
айында қолымызға тиді. Қызыға
қарап, ақтара шолып шықтық.
Өрнегі бөлек, өресі биік басы-
лым екендігі бірден білініп-ақ
тұр. Сыртқы мұқабасына «Тұмса
табиғат. Ол бізге не үшін керек?» де-
ген сауал тартылыпты. Журналдың
ішкі мазмұны сұраққа сай екендігін
аңғардық. Осы нөмірдегі «Əлемдік
серуен», «Саябақтар қасиеті»,
«Жұ қарған мұзға беталыс» сынды
əлемдік табиғаттың тылсымдарына
бойлаған жарияланымдармен қатар
«Арал тағдыры – адам тағдыры»
атты мақалада қазақ жеріндегі
табиғат қасіреті сөз етіліпті.
Иə, Аляскадан Австралияға
дейінгі аумақта əлемнің 80-
нен астам еліне таралатын
жур нал, енді міне, Алтай мен
Атырау арасына қадам басып
отыр. Орталық Азияда тұңғыш
рет қазақ оқырмандарымен
қауышқан баспа брендінде ең
мықты ғалымдар мен журналис-
тер ізденісі, фотографтардың
таңдай қақтырар туындылары
жарияланып тұрмақ. Журналдың
əлемдегі 60 миллионнан ас там
оқырманына енді қазақ оқыр-
мандары да қосылды.
«NATIONAL GEOGRAPHIC»
журналының бас редакторы
Сюзан Гольдберг алғашқы нөмірге
арнаған ақжолтай тілегінде: «Ай
сайын Вашингтондағы штаб-
пəтер ұжымы Қазақстандағы
əріптес терімізбен бірлесіп,
«NATIONAL GEOGRAPHIC
Қазақ стан» журналының беті-
не қызықты зерттеу мақалалар
ұсынатын боламыз. Біздің мақса-
тымыз айқын, біз NATIONAL
GEOGRAPHIC-тің əлемдегі ең
танымал, əрі көптілді журнал
болуын қалаймыз», деп ағынан
жарылған екен.
Олай болса, 38-ші тіл бо-
лып осы қатарға қазақ тілінің
де, сондай-ақ, бұл басылым-
ды шығаратын елдер қатарына
Қазақстанның да қосылғанын
қуана сүйіншілейміз.
Назар ҚАСЫМ.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».
Бірінші жаттығу – қысқа бағ-
дарламадан кейін 16 жастағы
қаршадай қазақ қызы 59,11
ұпаймен екінші орында тұрғанын
атап өткен жөн. Алайда, еркін
бағдарламадан кейін ол бір саты
төмен сырғуға мəжбүр бол-
ды. Нəтижесінде Олимпиада
«алтыны» 186,04 ұпай жиған
ресейлік Полина Цурскаяға
бұйырды. Ал күміс жүлде 169,50
ұпайға ие болған оның отандасы
Мария Сотсковаяның еншісінде
кетті.
Бүгінде ересектер арасында бақ
сынап, отандық жанкүйерлерге
танылып қалған Элизабет Тұр-
сынбаева аталған Олимпиадада
бұдан да жоғары орынға лайық
болған еді. Жасыратыны жоқ,
одан көбіміздің тек «алтын» күт-
кеніміз де рас. Десек те, бұл жолы
бұйырғаны «қола» болды.
Осы жеңісті жол 2018 жылы
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан
қала сында өтетін қысқы Олим-
пиадада жалғасын тапсын деп
тілейік.
Айта кетейік, Лиллехаммердегі
жасөспірімдер Ойыны басталғалы
Қазақстан қоржынына үш жүлде
түсті. Нақты айтар болсақ, дүбірлі
доданың үшінші күні биатлоннан
6 шақырымдық спринттік жарыс-
та сынға түскен Арина Пантова
Олимпиаданың қола медалін мой-
нына тақты. Ал кеше конькишіміз
Əнуар Мұхамəдиев аралас коман-
да сапында спринттік сайысқа қа-
тысып, екінші орын алды.
Зика вирусы
Ресейге де жетті
Вашингтон қаласында өткен
Америка бірлескен ғылым ды
дамыту ассоциациясында ға-
лымдардан құралған зерт теуші
топ қатерлі ісіктің жаңаша ем-
деу жолын таныстырды.
Онкологиялық зерттеу ор-
талығының дəрігері Стэнли
Рид делдің айтуынша, адам ағ-
засында генетикалық өзге ріс-
терге ұшырап, қатерлі дертті
жеңе білетін Т-лимфоциті бо-
лады. Міне, сондықтан да нау-
қас өз дертімен күресе білсе,
аталған жасушалар ағзадағы
ісік пайда болған жасушаларды
жойып жібереді.
– Науқасты дертінен айық-
тыратын жаңа жол гендегі жа-
сушалар биосинтездік сүзгіден
өткенде, ағзадағы онкологиялық
ісік өздігінен жойылады. Ол
үшін науқас өз өмірімен күресуі
керек дегенді ұсынамын, – деді
дəрігер.
Айта кетейік, Ридделдің
тобы ұзақ зерттеу жүргізу бары-
сында жаңашыл емнің нəти-
жесінде науқастың ағзасындағы
қатерлі ісіктің 94 пайызы жойы-
лып кеткен. Сондай-ақ, қа-
ра лушылардың 80 пайызы-
на жақсы деген қорытынды
шығарылған.
– Менің пайымдауымша,
жаңашыл терапияны қабылдап,
өз дертімен күрескен науқастың
өмірі айтарлықтай ұзарады.
Ол үшін 4-5 ай мерзімде
клиникалық сынақтан өтіп,
дəрігердің емін алуы керек,
– деді Риддел. Сондай-ақ, ол
медициналық терапияда науқас
Т-лимфоцитін қабылдап, ішкі
түйсігіне ісік жасушалары жой-
ылады, дертіме ем болады деген
ойды сіңіруі тиіс. Сонда адам
ағзасы үлкен өзгеріске ұшырап,
қатерлі дерттен айығады, деді.
Милан қаласындағы сынақ
клиникаларының бірінде 10
науқас жілік майына транс-
плантация жасату үшін имму-
нитетті күшейтетін ем ретінде
Т-лимфоцитін қосқан. Ал ағ-
задағы аталған жасуша 14 жыл
бойы өзінің күшін жоймай ке-
леді. Қорыта келгенде, бұл ге-
не тикалық иммунитетті артты-
ратын жасушалар онко логиялық
дертті жеңуге қауқарлы екенін
медицинада дəлелдеді.
Ғалымдар дəстүрлі химия-
терапияның орнын жаңашыл
Т-лимфоциті болашақта алмас-
тырады деп үміттенеді.
Төребек ТҰРМАНОВ.
Қайрат ƏБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
Сұлулық шіркін, көздің
құрты. Жақсы бұған сүйсініп
қараса, жаман көзінің сұғын
қадайды. Сонан соң, қарау жан-
дар сұлулыққа сұранысы жоғары
тауар ретінде қарайды. Иə, тəн
саудасы бүгінгі күнде нəн биз-
неске айналған. Қарағандыдағы
жаға ұстатқан оқиға осылай деп
айтпасқа лаж қалдырмайды.
Кеншілер астанасындағы мо-
дель агенттігінің директоры ай
десе аузы бар, күн десе көзі бар
аруларды апта сайын топ-тобымен
Бахрейн корольдігі мен Біріккен
Араб Əмірлігіне жіберіп отырған.
Араб елдеріне аттанған қыздардың
ішінде осалы жоқ екен. Шетінен
қарасаң көз тоймайтын көріктілер
көрінеді. Араларында кəмелет
жасына тол мағандары да бар.
Мəселен, 15 жас тағы бір қызға
анасының өзі сенімхат жазып
беріпті. Шашы ұзын, ақылы қысқа
бала да ол жақта тек қана суретке
түсіп, сəн бизнесімен айналысамын
дегенге имандай сенген ғой...
Енді бұл қыздар алыстағы
А р а б и я д а н е ж о ғ а л т т ы
десе ңізші?! Сөйтсе, модель бо-
луды мақсат еткен қыздарды жат
жердегі ниеті теріс қылмыстық
топ жезөкшелікпен айналысуға
мəжбүрлеп отырған.
Таяуда шетелге қызда ры мыз-
ды арбалап аттандырып отырған
24 жастағы алаяқ қыз – модель
агенттігі директорының соты
бас талды. Сот белгілі себепте р-
ге байланысты, жабық есік жағ-
дайында өтуде.
Онда айыпталушы айылын
жимай, өзін ақтауға тырысып
жатыр. «Мен ешкімді де еркінен
тыс ешқайда баруға мəжбүрлеген
жоқпын. Қыздардың бəрі шетел-
ге өз еріктерімен кетті. Олар ды
ұшаққа ешкім де күштеп отыр-
ғыз ған жоқ. Келген жерінде олар
модель болуды немесе жезөкше лік
жолды өз еріктерімен таң дады», –
деп айтқанынан қайтпады.
Өзі де кезінде талай сəн бай-
қауларына қатысып, бұл саланың
қулық-сұмдығына əбден төселіп
алған күдікті қызға Қылмыстық
кодекстің 128-бабының 3-тар мақ-
шасы бойынша «Адам саудасы»
қылмысы бойынша айып тағылған.
ҚАРАҒАНДЫ.
Ресей ғалымдары Марс қа ұшу мə-
селесін уақыт ша тоқтату керек деп са-
найды. Ресейдің жер маг нетизмі, ионос-
фера жəне радиотолқындарды тара ту
институтының ғалы м дарының айтуынша,
Күн жүйесіндегі галактикалық ғарыштық
сəуле шығару көбейген сайын Марсқа
ұшу адам өміріне қауіпті.
«Қазір біз Күн жүйесінің ішкі бөлігінде
магнит өрісінің белсенділігінің азаюына
байланысты галактикалық сəуленің 15-
20%.-ға көбейіп жатқанын байқап отыр-
мыз. Бұл адамның өміріне қауіпті. Оған
ғарыш кемесі жақындаса жанып кетуі
мүмкін. Сондықтан əзірге Марсқа ұшуды
ойламас бұрын алдымен қауіпсіздік
жағын ескеру керек», дейді олар.
2009 жылы Күн жүйесінің 11 жылдық
кезеңі басталғаны белгілі. Осыған бай-
ланысты күннің айналасында неше түрлі
өзгерістер болып тұрады. Мысалы, төрт
жылда бір рет күнде дақтар көбейіп, оның
белсенділігі артады. Одан кейін күннің
дақтары азайып, магниттік өрісі қайта
тарылады.
Рүстем ЖҰМАН.
Əлемге əйгілі «NATIONAL GEOGRAPHIC»
тўѕєыш рет ќазаќ тілінде шыєа бастады
Єалымдар ќатерлі ісіктіѕ
емдеу жолын тапты
Жас спортшыларымыз жарап тўр
Бұрнағы күні Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп
жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпия ойын-
дарында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Атап айтқанда, мəнерлеп сырғанаудан сынға түскен отан-
дасымыз Элизабет Тұрсынбаева екі жаттығу қорытындысы
бойынша 167,88 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Марсќа ўшу ќауіпті екен
Арулар Арабияда не жоєалтты?
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».
Ресейдің бір азаматының Зика
ауруын жұқтырғаны анықталды.
Ол Мəскеу емханаларының біріне
дене қызуы көтеріліп, денесіне
бөрте пайда болғаны туралы
шағымданады. Дəрігерлер одан
анализ алып, тексергеннен кейін
əйелдің Зика аурумен ауыратынын
анықтайды.
Зика ауруы былтыр Африка
мен Азия елдерінен шыққан. Қазір
онымен жер жүзінде бірнеше мың
адамның ауыратыны анықталып
отыр. Олардың көбісі Африка
мен Азия құрлығында. Кейінірек
Оңтүстік жəне Солтүстік Америка
елдеріне де тарала бастаған. Енді,
міне, Еуропаны аттап өтіп, Ресейге
де жетіп отыр. Бұл елде ауруға
шал дыққан əзірге жалғыз адам.
Сондықтан дəрігерлер оны дереу
ауруханаға жатқызып, ешкіммен
араласпауын талап етті. Науқастың
айтуынша, бəрі аяқ астынан бол-
ған. Ол ауруды жұқтырғанын өзім
де білмей қалдым, дейді.
Қазір əйел ауруханада тиіс-
ті дəрілерді алып жатыр. Ал
дəрігерлер алдын алу үшін əйел-
дің отбасын тексерді. Абы рой
болғанда, ешкімнен ештеңе та-
был ған жоқ. Содан кейін дəрі-
герлер əйел мінген ұшақты да
тексеріп көрді. Ол жерде де адам-
ның денсаулығына қауіпті бо-
латындай ештеңе табылмады.
Мамандардың айтуынша, Зика ау-
руын Aedes aegypti деген масалар
жұқтырады.
Қолда бар мəліметтерге қара-
ғанда, Зика ауруына қарсы емді
Ресей дəрігерлері тапқан. Олар
жақында бұл жабдықты Женевада
таныстырды.