Біліктілік туралы мəліметтер
(əлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)
1. Əлеуеттi өнiм берушiнiң атауы ___________________________________________________________
2. Əлеуеттi өнiм берушi соңғы он жыл iшiнде (бар болса) жеткізген (өндiрген), конкурста сатып
алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемi, теңгемен _____________________________ .
Объектінің атауы
Тапсырыс берушілердің атауы және
олардың телефондарының нөмірлері
Тауар жеткізу орны
мен күні
Шарттың құны, теңге
(көрсетпеуге болады)
3. Бар болса, ұсынымдар туралы мəліметтер. Басқа да заңды жəне (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным
хаттарын, пікірлерін тізбелеу жəне қоса беру керек _______________________________________________.
Бiлiктiлiк туралы барлық мəлiметтердiң дұрыстығын растаймын.
Қолы____________________
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымша
Банк кепілдігі
Банктің атауы:___________________________________________ (банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:____________________ (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
№ _________кепілдік міндеттеме
______________________________ ____ж. «___»______________
(орналасқан жері)
Біз, бұдан əрі «Өнім беруші» деп аталатын,_______________________, (əлеуетті өнім берушінің атауы)
________________________________ұйымдастырған______________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатыны жəне
____________________________________________________________________конкурс (лот/ лоттар)
бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы жеткізуді (жұмыстарды орындауды,
қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екені туралы хабардар етілгенбіз.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі ________ж. «___»_____________ конкурстық құжаттамада
əлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз_______________________осы арқылы Сіздің ақы (банктің атауы)
төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім берушінің:
конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері
қайтарып алғанын не өзгерткенін жəне (немесе) толықтырғанын;
конкурсқа қатысушы деп танылған тұлға белгіленген мерзімде өзінің конкурстық баға ұсынысын
бермегенін не кері қайтарып алғанын;
конкурстың жеңімпазы деп айқындалған тұлға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан
жалтарғанын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын
қамтамасыз етуді енгізу жəне (немесе) енгізу мерзімі туралы конкурстық құжаттамада белгіленген
талаптарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын жазбаша растауыңызды алғаннан соң Сіздің
талап етуіңіз бойынша
_____________________________________________________________ (сома цифрмен жəне жазумен)
тең соманы төлеуге кері қайтарып алынбайтын міндеттемені өзімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне
дейін қолданылады жəне егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына дейін алмасақ, осы
құжаттың бізге қайтарылуына немесе қайтарылмауына қарамастан, толық жəне автоматты түрде күшін
жояды. Егер конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылса, онда осы кепілдік міндеттеме
сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан
Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі
Күні мен мекенжайы
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымша
Берешектің жоқ екені туралы анықтама
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының
қаулысымен бекiтiлген екінші деңгейдегі банктердегі жəне ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік
есептің үлгі шот жоспарына сəйкес осы Банк қызмет көрсететіндердің (заңды тұлғаның толық атауын, тел.,
мекенжайын көрсету керек) банк алдында анықтама берiлген күннің алдындағы үш айдан аса созылған
мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенін растайды.
Күнi
Қолы
М.О.
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымша
Конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы
мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мəліметтер, сондай-ақ
əлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтердің түрлері (конкурстың толық атауын көрсету керек)
Р/с
№
Қосалқы мердігер
(бірлесіп орындаушы)
– заңды тұлғаның
атауы не жеке
тұлға болып
табылатын қосалқы
мердігердің (бірлесіп
орындаушының) Т.А.Ә.
Қосалқы мердігердің
(бірлесіп орындаушы)
бизнес-сәйкестендіру
нөмірі, оның
толық заңды және
пошта мекенжайы,
байланыс телефоны
Техникалық
ерекшелікке
сәйкес
орындалатын
жұмыстардың
(көрсетілетін
қызметтердің)
атауы
Техникалық
ерекшелікке сәйкес
орындалатын
жұмыстардың
(көрсетілетін
қызметтердің)
ақшалай мәндегі
көлемі
Техникалық
ерекшелікке сәйкес
орындалатын
жұмыстардың
(көрсетілетін
қызметтердің)
пайыздық мәндегі
көлемі
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы
теңге
көлемінің %
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы
теңге
көлем %-ы
Қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушы) бойынша жиыны
теңге
көлем %-ы
Осы арқылы конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін əлеуетті өнім
берушінің қосалқы мердігер(лер)і (бірлесіп орындаушы(лар)ы) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету
керек) тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу шарттары туралы өзінің хабардар екенін
білдіреді жəне өзіне əлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларына) қатысты
бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті қабылдайды.
Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) – заңды
тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы
мердігердің (бірлесіп орындаушының) (бар болса) Т.А.Ә.
Қосалқы мердігердің (бірлесіп
орындаушының) уәкілетті өкілінің
(бар болса) Т.А.Ә.
Қолы
Əлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің көлемі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің үштен
екісінен аспайды.
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 13-қосымша
Əлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
_______________________________________________________
(əлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
(лоттың нөмірін көрсете отырып, əрбір лотқа жеке толтырылады)
Р/с
№
Мазмұны
Тауардың, жұмыстың,
көрсетілетін
қызметтердің атауы
1 Қысқаша сипаты
2 Шығарылған елi (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын кезде
алып тасталады)
3 Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын кезде
алып тасталады)
4 Өлшем бiрлiгi
5 _______бiрлiктің бағасы ___________
ИНКОТЕРМС 2000 ___________
шарттарында (межелі пункті)
6 Саны (көлемi)
7 Барлық бағасы =__________
5-бет х 6-бет,
8 _________ИНКОТЕРМС 2000 __________ шарттарында, межелі пункті, әлеуеттi
өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды төлеуге, ҚҚС және
басқа да салықтарға, төлемдер мен алымдарға, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi
қосалқы бөлшектердің құнына, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi
iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарын қоса алғанда, жалпы бағасы
(жеңілдік бар болса, оны есепке ала отырып), басқа да шығыстар
Бiз сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келiсемiз.
________________ (Қолы)
_______________________(лауазымы, Т.А.Ə. (бар болса)
М.О.
Ескертпе: əлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрамдастарын көрсетпеуiне болады, бұл ретте
конкурстық комиссия осы жолда көрсетiлген бағаны əлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын, бар
болса жеңілдікі есепке ала отырып айқындалған ретінде қарайды жəне қайта қарауға жатпайды.
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 14-қосымша
Əлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
_______________________________________________________
(əлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
Лоттың
№
Тауардың,
жұмыстың,
көрсетілетін
қызметтің атауы
Мазмұны
Қысқаша
сипаттамасы
Шығарылған елі (жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып
алатын кезде алып тастау керек)
Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердi сатып
алатын кезде алып тасталсын)
Кестенің жалғасы
Мазмұны
Өлшем
бірлігі
______бiрлiктің бағасы
___________
ИНКОТЕРМС 2000
___________
шарттарында (межелі
пункті)
Саны
(көлемі)
Бағасының
барлығы =
5-бет х 6-бет,
______мен
_________ИНКОТЕРМС 2000 __________ шарт-
тарында, межелі пункті, әлеуеттi өнiм берушiнiң
тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды
төлеуге, ҚҚС және басқа да салықтарға, төлемдер
мен алымдарға, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi
қосалқы бөлшектердің құнына, бiр өлшем бiрлiгiне
пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет
көрсетуге арналған барлық шығыстарын қоса
алғанда, жалпы бағасы (жеңілдік бар болса, оны
есепке ала отырып), басқа да шығыстар
Бiз сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келiсемiз
_______________________
_______________________
(Қолы) (лауазымы,
Т.А.Ə. (бар болса)
М.О.
Ескертпе: əлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрамдастарын көрсетпеуiне болады, бұл ретте
конкурстық комиссия осы жолда көрсетiлген бағаны əлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын, бар
болса жеңілдікті есепке ала отырып айқындалған ретінде қарайды жəне қайта қарауға жатпайды.
Ерекше тəртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша
Банк кепілдігі
Банктің атауы:_________________________________________________________________________
Банктің деректемелері __________________________________________________________________
Кімге:________________________________________________________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы __________________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелері
_____________________________________________________________
_____________________ _______ж. «___» _______________
(орналасқан жері)
№______ кепілдік міндеттеме.
Біз, бұдан əрі «Өнім беруші» деп аталатын,_______________________, (əлеуетті өнім берушінің атауы)
________________________________ұйымдастырған______________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатыны жəне
___________________________________________________________________(конкурс (лот/ лоттар)
бойынша тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы) жеткізуді (жұмыстарды орындауды,
қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екені туралы хабардар етілгенбіз.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі ________ж. «___»____________ конкурстық құжаттамада
əлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз_______________________осы арқылы Сіздің ақы (банктің атауы)
төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ конкурстың жеңімпазы етіп айқындалған не екінші орын
алған Өнім берушінің:
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын
қамта ма сыз етуді енгізу жəне (немесе) енгізу мерзімі туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талап-
тарды орындамағанын не тиісінше орындамағанын жазбаша растауыңызды алғаннан соң Сіздің талап
етуіңіз бойынша
_____________________________________________________________ (сома цифрмен жəне жазумен)
тең соманы төлеуге кері қайтарып алынбайтын міндеттемені өзімізге аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне
дейін қолданылады жəне егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына дейін алмасақ, осы құ-
жаттың бізге қайтарылуына немесе қайтарылмауына қарамастан, толық жəне автоматты түрде күшін жояды.
Егер конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылса, онда осы кепілдік міндеттеме сондай
мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан
Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі
Күні мен мекенжайы
Ерекше тəртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша
Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт
__________________ ______ ж. «___» __________________________ (Орналасқан жері)
Бұдан əрі тапсырыс беруші деп аталатын _______________________ (тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан _____________________________________________________________
(уəкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты (бар болса)
бір тараптан жəне бұдан əрі Өнім беруші деп аталатын_____________________
(өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)
атынан __________________________________ негізінде əрекет ететін_______
(Жарғының, Ереженің жəне т.б.) (уəкілетті
______________________________________________________ екінші тараптан,
адамның лауаымы,тегі, аты, əкесінің аты (бар болса)
2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан əрі – Заң) жəне _____жылғы___ _______ өткен _______________________________ (конкурс, баға
ұсыныстары, бір көзден алу тəсілімен) мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде осы мемлекеттік
сатып алу туралы шартты (бұдан əрі – шарт) жасасты жəне мына төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Өнім беруші (сома цифрмен жəне жазбаша көрсету керек) мөлшердегі сомаға (бұдан əрі – шарттың
бағасы) тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуге міндеттенеді.
2. Осы шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:
1) «шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық
қосымшаларымен жəне толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен
бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) «шарттың бағасы» шарт шеңберінде өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Өнім
берушіге Тапсырыс беруші төлеуге тиіс соманы білдіреді;
3) «тауарлар» нəрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық не-
месе газ тəріздес күйдегі шикізатты, электр жəне жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің
объектіленген нəтижелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес сатып алу-сату
мəмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;
4) «ілеспе көрсетілетін қызметтер» Тауарларды беруді қамтамасыз ететін мəселен, тасымалдау жəне
сақтандыру жəне мəселен, монтаждау, іске қосу, техникалық көмек көрсету, оқыту қамтылатын кез келген
басқа да қосалқы көрсетілетін қызметтерді жəне Өнім берушінің осы шартта көзделген басқа да осыған
ұқсас міндеттерін білдіреді;
5) «тапсырыс беруші» – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік
кəсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу жəне одан
астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар;
6) «өнім беруші» – кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттік сатып алу туралы
жасасқан шартта оның контрагенті ретінде əрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша
бірлестігі (консорциум).
3. Төменде тізбеленген құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы шартты құрайды жəне оның
ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
1) осы шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
4. Өнiм берушi Қағидалардың 121-тармағында көрсетiлген жағдайларда жəне мөлшерде шарттың
орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi
шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы:
1) тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып та-
былатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа
енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
2) банк кепілдігі.
5. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың
енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына əкеп
соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Тапсырыс
берушінің Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер жəне жедел басқару құқығындағы мемлекеттік
кəсіпорындар дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылында
(жылдарында) жеткізуді негіздейтін тауарларды (дайындаушының осындай фактіні растайтын анықтамасы
болуға тиіс) сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу шартын бір қаржы жылынан астам мерзімге
жасасуы мүмкін.
Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан астам мұндай
мемлекеттік сатып алу туралы шартты бəсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу
қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.
7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының
елу жəне одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар
басқару органдары немесе көрсетілген тұлғалардың жоғары органдары бекіткен даму жоспарында (биз-
нес-жоспарда) белгіленген, мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқталатын іс-шараны
орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді
шарт жасасуы мүмкін.
8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспай-
тын мерзімге жасалуы мүмкін.
9. Өнім беруші тауарды сатуға жəне жеткізуге, ал Тапсырыс беруші тауарды осы шарттың ажырамас
бөлігі болып табылатын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен Тапсырыс берушінің конкурстық құжат-
тамасына сəйкес сан мен сапада қабылдап алуға жəне ақысын төлеуге міндеттенеді. Ақы төлеу нысаны
_________________________________________________ (аударым, қолма қол есеп айырысу жəне т.б.)
10. Төлеу мерзімі_____________________________________________ (мысал: тауар межелі пунктте
қабылданғаннан кейін % немесе алдын ала төлеу немесе т.б).
11. Төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:
_______________________________________________________________ (шот-фактура немесе
қабылдап алу-беру актiсi немесе т.б.)
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы
шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздейді.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттiк сатып алу
шарттарының мазмұнын жəне (немесе) өнiм берушiні таңдау үшiн негiз болған ұсынысын өзгертетiн өзгерiс-
тердi Заңның 45-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.
12. Осы шарт шеңберінде жеткізілетін тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға
сəйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
13. Өнім беруші шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс
беруші немесе осы шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа
тұлғалар берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе
ақпаратты Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешкімге ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат
бұл персоналға құпия түрде жəне шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
14. Өнім беруші қандай да бір жоғарыда келтірілген құжаттарды немесе ақпаратты Тапсырыс берушінің
алдын ала жазбаша келісімінсіз шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатқа пайдаланбауға тиіс.
15. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтыл-
са, олардың техникалық ерекшелікке сəйкестігін растау үшін техникалық бақылау жəне/немесе сынақ
жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Техникалық
ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай
жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттарға арналған
өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде жəне уақтылы хабардар етеді.
16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (мердігерлерінің)
аумағында, тауарларды жеткізу орнында жəне/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім
берушінің немесе оның қосалқы мердігер(лер)інің аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспек-
тор ларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға
жəне өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін жəне жəрдем
көрсетілетін болады.
17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке сай кел-
месе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады жəне Өнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады,
не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің
талаптарына сəйкес қажетті өзгерістер енгізеді.
18. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы шарт бойынша кепілдіктерден
немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.
19. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы межелі пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды неме-
се бұзылуды болдырмауға қабілетті орамын қамтамасыз етеді. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз
қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне жəне тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен
жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың əсеріне төзуге тиіс. Оралған жəшіктердің ауқымын жəне
олардың салмағын анықтау кезінде соңғы жеткізу пунктінің алыстығы жəне тауарларды алып жүрудің
барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
20. Жəшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішіндегі жəне сыртындағы құжаттама Тапсырыс беруші
белгілеген арнайы талаптарға қатаң сəйкес келуге тиіс.
21. Тапсырыс берушінің сатып алынатын Тауарлардың тізбесінде айтылған шарттарына сəйкес
Тауарларды жеткізуді Өнім беруші былайша жүзеге асырады:
а) шетелден жеткізілетін Тауарлар үшін:
тауарды түсіргеннен кейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге жəне сақтандыру компаниясына телекспен
немесе факспен шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін жəне
оның күнін, тиеп жөнелтілетін порты мен күнін, түсірілетін портын жəне т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың
барлық мəн-жайлары туралы хабардар етеді:
1) Тауарлардың сипаттамасы, Тауардың санын, бірлігінің бағасын жəне жалпы сомасын көрсете оты-
рып, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) көліктік жүкқұжаттардың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;
3) əрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;
4) сақтандыру Сертификаты;
5) Дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;
6) уəкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау жүргізілгені туралы куəлік, сондай-ақ
Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау жүргізілгені туралы есеп (егер мұндайлар орын алса);
7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге
дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс жəне олар алынбаған жағдайда, Өнім беруші осыған
байланысты барлық шығыстар үшін жауапты болады;
б) Жергілікті Тауарлар үшін:
1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарлардың бір бірлігінің бағасын жəне жалпы
сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
2) көліктік жүкқұжат, теміржол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;
3) дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;
4) уəкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау жүргізілгені туралы куəлік, сондай-ақ
Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау жүргізілгені туралы есеп (егер мұндайлар орын алса);
5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
22. Шартқа сəйкес жеткізілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға
жəне жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валю-
тамен) толық сақтандырылуға тиіс (сақтандырудың қажетті түрін көрсету керек). Сақтандыру полисінде
Тапсырыс беруші Өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталады.
23. Сақтандыру, əскери іс-қимылдар мен көтерілістерге байланысты тəуекелдерді қоса алғанда,
«барлық тəуекелдерден» сақтандыру кезінде «қоймадан қоймаға дейін» шарт сомасының 110 %-ы
мөлшерінде болуға тиіс.
24. Өнім беруші Тауарларды межелі пунктіне дейін жеткізеді. Осы тауарларды межелі пунктіне дейін
тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады жəне ақысын төлейді, ал оған байланысты шығыстар шарттың
бағасына қосылады.
25. Осы шарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген көрсетілетін қызметтерді
ұсынады.
26. Ілеспе көрсетілетін қызметтердің бағасы шарттың бағасына қосылуға тиіс.
27. Тапсырыс беруші Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөлшектер туралы мынадай
ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Өнім берушіден таңдай алатын жəне олар-
ды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасын
беруді Өнім берушіден талап етуі мүмкін.
28. Өнім беруші қосалқы бөлшектердің өндірісін тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушіні өзіне қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін
өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабардар етеді;
б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөлшектерге
жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін ұсынады.
29. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Өнім беруші шарт шеңберінде жеткізілген Тауарлар жаңа,
пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы модификациялары көрсетілген
жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан əрі, осы шарт
бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін əдетте қолайлы жағдайларда берілген
Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланы-
сты ақаулары болмайтындығына кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң
сəйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда,
өзінің (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде Тапсырыс берушінің қателік жібергені үшін Өнім
беруші жауапты болмайды.
30. Бұл кепілдік нақты жағдайға қарай, Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін жеткіз-
геннен жəне оларды шартта көрсетілген соңғы межелі пунктінде қабылдап алғаннан кейін ____________
_____________________________________ішінде жарамды.
(қажетті кепілдік мерзімі көрсетілсін)
31. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық наразылықтар туралы Өнім берушіні жазбаша
түрде жедел хабардар етуге міндетті.
32. Мұндай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бір бөлігін
Тапсырыс берушінің тарапынан ешқандай шығынсыз жедел жөндейді немесе ауыстырады.
33. Егер Өнім беруші хабарламаны алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақау(лар)ды түзетпесе,
Тапсырыс беруші ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды Өнім берушінің есебінен
жəне шарт бойынша Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты иеленуі мүмкін басқа да құқықтарына
ешқандай залалсыз қолдана алады.
34. Жеткізілген Тауарлар үшін Өнім берушіге ақы төлеу осы шарттың ____ жəне________
-тармақтарында көрсетілген нысанда жəне мерзімде жүргізілетін болады.
35. Тапсырыс берушінің шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен
бағаларға сəйкес болуға тиіс.
36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, шарттың құжаттарына ешқандай (сызбалар,
жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау əдістері, жеткізілетін орны жəне т.б.) ауытқуларға
немесе өзгерістерге жол берілмейді.
37. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін жеткізу үшін
қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына əкеп соғатын болса, шарттың бағасы немесе жеткізу кестесі
немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде түзету
жүргізуге Өнім берушінің барлық сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім
беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуге тиіс.
38. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс
берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық, не ішінара бермейді.
39. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы
шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін береді. Қосалқы мер-
дігерлердің болуы Өнім берушіні шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
40. Тауарларды жеткізуді Өнім беруші кестеге сəйкес жүзеге асырады.
41. Өнім беруші тарапынан жеткізудің орындалуын кідірту, оған жүктелетін мынадай санкцияларға
əкеп соқтыруы мүмкін: шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс берушінің
шартты бұзуы не уақтылы жеткізбегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеу.
42. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, егер Өнім беруші шартта көзделген мерзімде Тауарды
жеткізе алмаса, Тапсырыс беруші шарт шеңберіндегі өзінің басқа да құқықтарына залалсыз, өнім беруші
міндеттемені орындамаған жағдайда мерзімі өткен əрбір күн үшін шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде
тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алады не мерзімі өткен əрбір күн үшін тиісінше орындамаған
міндеттеменің 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алады.
43. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін басқа қандай да бір санкцияларға залалсыз, Өнім берушіге
міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, Тапсырыс беруші:
а) егер Өнім беруші Тауардың бір бөлігін немесе барлығын шартта көзделген мерзім(дер)де немесе
Тапсырыс беруші берген осы шартты ұзарту кезеңі ішінде жеткізе алмаса;
б) егер Өнім беруші шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа міндеттемесін орындай алмаса, осы
шартты толық немесе ішінара бұза алады.
44. Егер шарттың орындалуын кешіктіру форс-мажор жағдаяттардың нəтижесі болып табылса, Өнім
беруші өзінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды жəне шарттың талаптары орын-
далмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеу немесе оны бұзу үшін жауапты болмайды.
45. Осы шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Өнім берушінің тарапынан бақылауға бағынышты
емес, Өнім берушінің қателігі немесе ұқыпсыздығына байланысты емес жəне күтпеген сипаттағы оқиғаны
білдіреді. Мұндай оқиғалар əскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин, тауарды
жеткізуге эмбарго сияқты əрекеттерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
46. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар
мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше
жазбаша нұсқаулықтар түспесе, бұл қаншалықты орынды болуына қарай Өнім беруші шарт бойынша өзінің
міндеттемелерін орындауды жалғастырады жəне шартты орындаудың форс-мажор жағдаяттарға тəуелді
емес баламалы тəсілдерін іздестіруді жүргізеді.
47. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлемге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарла-
маны жібере отырып, Тапсырыс беруші шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады
жəне егер шарттың бұзылуы залал келтірмесе немесе Тапсырыс берушінің іс-қимылдар жасауға қандай
да бір құқықтарын немесе оған қойылған немесе кейіннен қойылуы мүмкін санкцияларды қолдануды
қозғамауы шартымен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндетті көтермейді.
48. Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан əрі шартты орындауы
орынсыздығына байланысты Тапсырыс беруші кез келген уақытта оны бұза алады. Хабарламада Шартты
бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ шарттың бұзылуы
күшіне енген күн баяндалады.
49. Шарт жоғарыда көрсетілген жағдаяттарға байланысты күшін жойған кезде, Өнім беруші шарт
бұзылған күнге оны бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
50. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жəрдем көрсеткен жағдайда, мемлекеттік са-
тып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Осы негіздер бойынша шарттың бұзылуына
байланысты болған шығындар үшін ғана Өнім беруші ақы талап етуге құқығы жоқ.
51. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде өздерінің арасында шарт бой-
ынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар
күш-жігерін жұмсауға тиіс.
52. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен
Өнім беруші шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мəселені Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəйкес шешуді талап ете алады.
53. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызмет
көрсетушілермен жасалған жағдайда, шартта алдын ала ақы төлеу жəне тауарларды жеткізгені не
қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы талап қамтылады. Бұл ретте толық ақы төлеу
мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
54. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының салық заңнамасының,
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден
заңнамасының талаптарына сəйкес қосылған құн салығын жəне акциздерді төлеу талаптарын қамтиды.
55. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының бейрезидентімен жасалған
жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік сатып алу
туралы шартты ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.
56. Шарт қазақ жəне/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда
шарттың қазақ жəне/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу жəне
тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сəйкес болуға тиiс.
57. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жасалады.
58. Шартқа сəйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере
отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жөнелтіледі.
59. Хабарлама, күндердің қайсысы кеш болуына қарай, жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену
көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
60. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сəйкес төленуге жатады.
61. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда,
көлемде жəне шарттарда енгізуге міндетті.
62. Өнім беруші жергілікті қамтуды (ол бар болса) конкурстық өтінімге сəйкес қамтамасыз етуге
міндеттенеді.
63. Өнім беруші жеткізілетін тауардың бүкіл (барлық) партиясына (партияларына) тауардың шығарылған
жері туралы CT-KZ нысанындағы сертификатты ұсынуға міндеттенеді.
64. Осы шартта Тапсырыс берушімен Өнім берушімен белгіленген тəртіппен келісілген өзге де
айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар
көзделуі мүмкін.
65. Осы шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық
қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркегеннен
кейін жəне Қағидалардың 121-тармағында көрсетілген жағдайларда Өнім беруші шарттың орындалуын
қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
66. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Тапсырыс беруші
Өнім беруші
_____________________________ ________________________
(толық атауы)
(толық атауы)
_____________________________ ________________________
_____________________________ ________________________
(мекенжайы)
(мекенжайы)
Достарыңызбен бөлісу: |