Студент: Қонысбай Аружан



Дата25.11.2023
өлшемі20,77 Kb.
#125949
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


Қ.Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жануарларда сана бар ма?


Психология ББ топ 101


Студент: Қонысбай Аружан
Тексерген:Утеуова.А.А.
Жоспар
1. Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері
2. Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы
3. Жануарлардың құбылмалы дара мінез-құлқы
4. Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы
5. Қонртынды
6. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері


Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.

Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі-маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда «құрал» қолдануынан көрінеді. Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумен бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қажетіне қолданады. Ал жануарлар «құралды» тек нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайларда жануарлар «құралды» қажет болар-ау деп тани алмайды. Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғаиа белгілі бір мәнге ие болады. Олардық заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін: Бірақ олар ешқашан біріне-бірі көмектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.

Жануарлардың инстинктивтік мінез-құлқы
Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі кезеңі жоғары омыртқасыздарда, әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі болатын ганглиозды жүйке жүйесінің (алғаш рет құрттарда) пайда болуына әкеледі. Ганглиозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты, соның көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру да тіршілік эволюциясындағы маңызды көтерілісті білдіреді.
Неғұрлым қарапайым омырткасыздардан (құрттардан), өткен кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке жүйесінің мүлдем жана принцип бойынша ұйымдасқанын байқауға болады. Бастың алдыңғы шетінде химиялық және тактильді рецепторлар мен барлық талшыктар жинақталған жүйке орталығы болады. Бұл аппараттар химиялық, термикалық, жарық өзгерістерін, сондай-ақ сыртқы ортадағы ылғалдылық өзгерістерін қабылдайды. Бұл сигналдар бас ганглиесында өңделеді және қозғаушы серпілістер түрінде пайда болатын мінез-құлық «бағдарламалары», әрбіреуі дененің жеке бір сегментіне сай келетін, жүйке ганглиеларының тізбегі бойымен таралады. Диффузиялы жүйке жүйесінің құрылысының принципінен өзгеше, жаңа принцип - жүйке жүйесінің орталықтануы пайда болады. Құрттың бас жағы жетекші рөлге ие болады, ал сегментарлық ганглиелар автономдығын сақтайды. Құртты екіге бөлген кезде мұны оңай байқауға болады: алдыңғы жартысы қалыптасқан қозғалысын сақтай отырып, топыраққа көміле бастайды, ал артқы жағы кескінсіз ирелендей бастайды.
Мінез-құлықтың кейінгі эволюциясы сыртқы ортадан арнайы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда болуымен және ортаның тұрақты күрделі жағдайларына жануарлардың бейімделуіне көмектесетін күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады. Яғни, жәндіктердің күрделі фоторецепторы, кейде мыңдаған жеке ұяшықтардан тұратын, фасетті көз сипатында болады. Ал омыртқалылардың фоторецепторы заттың бейнесін қабылдауға және бейнелегіш аппараттың- хрусталиктің көмегімен бейненің тұнықтығын өзгертуге мүмкіндік беретін, бізге белгілі, біртұтас көз пішінінде болады.
Сонымен инстинктивтік әрекеттердің бағдарламалары түрлі тітіркендіргіштердің көпшілігін қарастыра алмайды, осылайша жануарлардың қабылдау мүмкіншіліктері шектеледі. Бұл жағдайдағы шындықты қабылдау жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді. А.Н.Леонтьевтің ұсынысы бойынша, психика дамуының бұл кезеңін жануарлардың бірқатар түрін қарастыратьш қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды.

Жануарлардың құбылмалы дара мінез-құлқы


Қоршаған ортаға беймделудің қиындауы, ортаның құбылмалылығына жеке бейімделу мүмкіншіліктерінің, бейімделудің жеке құбылмалы түрлерінің пайда болуы эволюция үрдісі барысында жаңа жүйке аппараттарының қалыптасуына әкеледі. Олар сырттан сигналдарды қабылдап және туа біткен мінез-құлықтың жобаланған бағдарламаларын іске қосып қана қоймай, сонымен қатар алынған ақпараттарды талдап, мінез-құлықтың жаңа құбылмалы дара түрлерін тудыратын жаңа байланыстарды жасайды. Мұндай аппарат ретінде, құрылысы өткен эволюцияның ұзақ жолын білдіретін, бас миын айтады. Жануардың бас миы бір-бірінің үстінде тұратын деңгейлер немесе қабаттар қатарының түрінде кұрылған. Ми өзегінде орналасқан төменгі деңгейлер ағзанын ішкі күйін реттейді және олар жүйке түйіндері (ганглиелар) түрінде құрылған. Төменгі омыртқалыларда көбірек болатын бейімделудің ең қарапайым туа біткен бағдарламаларып жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұл деңгейлер инстинктивтік әрекегген аз ғана өзгеше болады. Мұндай ми құрылысының мысалы ретінде, инстинктивтік және аз құбылатын мінез-құлық түрлерінің орындалуын қамтамасыз ететін. бақа миын айтуға болады.
Неғұрлым жоғары денгейде ұйымдасқан жануарларда өзек аппаратының үстіне, қабықасты түйіндері мен көне қабыршықтан тұратын, күрделі құрылымдар, ал жоғары омыртқалыларда - көбірек дамитын және төменірек денгейдегі құрылымдарды толығымен қалыпты басқара бастайтын, үлкен жарты шарлардың жаңа қабық құрылымы орналасқан. Қабықасты құрылымдарының аппараттары құстар мен жорғалаушыларда басым бола бастап, кейінірек мінез-құлықтың туа біткен қарапайым түрлерімен байланыстағы дара құбылмалықтың сипатына ие болатын жеке мінез-кұлықтың жұмсақ түрлерін қамтамасыз ететін көне қабыршықтың аппараттары қалыптасады. Олар, әзірше, жануарға туа біткен және оның экологиясынын ерекшеліктерін білдіретін бейімділік әрекеттер түрлерінде болады.
Кейде жануарлар өмірінің қалпын кескіндейтін, өте күрделі туа біткен мінез-құлық бағдарламалары қарапайым ынталандырулар салдарынан болу мүмкіндігін талдау көрсетеді. Мысалы, жаңа туылған жануардың күрделі ему икемділігі, оның биологиялық тіршілік етуін білдіретін әр түрлі сигналдардың салдарынан болады: күшіктің ему икемділігі жұмсақ жүннің ықпалынан, қозыда -шүйдесінің қараюынан және т.б. Бұл мысалдар, бас мидың жоғары бөлігінің аппараттары жүзеге асыратын табиғи мінез-құлықтың негізгі түрлері, жануарлардың тіршілік ету жағдайларының әсерінен эволюция барысында қалыптасқан, туа біткен мінез-құлық бағдарламаларымен тығыз байланысын сақтайды.

Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы


Эволюция баспалдағының шыңындағы омыртқалыларда «интеллектуалдық» мінез-кұлық деп атауға болатын мінез-құлықтың жаңа құбылмалы-дара түрлері пайда болады. Сонғысының ерекшелік мәні мынада: тапсырмаларға бсйімдслу, қозғалыс сынақтары болмай, мәселе шешімінің үлгісі қалыптаса бастайтын олардың қосымша алғы шарттары болады. Бұл уақыттағы қозғалыстар аталған күрделі әрекеттің орындаушы бөлігі ғана болады. Сонымен, эволюцияның жоғары кезеқдерінде ерекше күрделі мінез-құлық түрлері қалыптаса бастайды. Олардың күрделі кұрылымына мыналар енеді:
-мәселе шешімінің нүхқасын жасауға әкелетін бейімделуге бағытталған зерттеуші әрекет;
-мақсатқа жетуге бағытталған мінез-құлықтың құбылмалы бағдарламаларын қалыптастыру;
-орындалған әрекеттерді бастапқы ниетпен ұштастыру.
Жануарладың мінез-құлқының бұл түрін екі маңызды құбылыс ерекшелейді: экстраполяциялық рефлекс және естін күрделі түрлерінің дамуы. Кейбір жануарлар мінез-құлқынан олардың заттың тікелей қабылдануына бағынбай, оның қозғалыстарын қадағалап, күткен объектінің орын ауысуына бейімделуі эксперимент жузінде анықталған. Экстраполяциялық рефлекс құбылмалы-дара мінез-құлықтың жоғарырақ интеллектуалдық түрлерін қалыптастырудағы маңызды бастаулардың бірі болып табылады.
Жоғары жануарлардың (маймылдардың) иителлектуалдық мінез-құлқын жүйелі түрде зерттеулерін белгілі неміс психологы В.Келлер бастады. Мінез-құлықтың бұл түрін зерттеу үшін, Келлер маймылдарға мақсатқа тікелей жетуге мүмкіндік бермейтін, қиын жағдайлар жасады. Маймыл тамағын алу үшін не айналмалы жолды пайдалануы, не бұл мақсатқа арнайы құралды қолдануы керек болды. Мәселен, маймылды үлкен темір торға кіргізіп, оның жемін сыртқа, қолы жетпейтін жерге қояды. Оны ол тек тордын артқы қабырғасындағы есік арқылы ғана ала алатын болады.
еллер жасаған зерттеулер келесі көріністі байқауға мүмкіндік берді. Алдымен, маймыл тамақты тікелей алғысы келіп, оған қарай созылады немесе секіреді. Содан соң маймыл бұл табыссыз ұмтылыстарды тоқтатып, қозғалмай отырып, жағдайды бақылай бастады. Мәселе шешімі тікелей болатын сынақтар кезеңінен бакылау ұмтылыстары жағдайларының кезеңіне ауысып, маймылдың козғалысы алдын ала жасалған «шешім жобасының» орындалуы ғана болады.

Қонртынды


Өмірдің дамуы жануардың физикалық құрылымының өзгеруіне және оларды қоршаған болмыстарды бейнелеу қызметін атқаратын мүшелердің пайда болуына әкеледі. Бұл қызмет неге кейбір жағдайларда, мәселен, жеке қасиеттердің бейнеленуі түрінде, ал басқа жағдайларда - біртұтас нәрселердің бейнеленуі түрінде болады? Бұл жануарларды қоршаған ортамен байланыстыратын жануар әрекетінің объективтік құрылымына тәуелді болады. Тіршілік жағдайлары өзгергенде, жануардың құрылымы мен әрекеті де өзгереді, осылайша, психикалық бейнеленудің жаңа түрін тудыратын, қайта қалыптасқан мүшелері мен олардың қызметтерінің қажеттілігі пайда болады. Жануарлардың психикасын қарастыра отырып, біз алдымен, онын түрлері арасындағы айырмашылықтарды атап көрсеттік. Енді жануарлардың сапалың айырмашықтары мен әрекетгерін және олардың психикасын адам әрекеті мен санасымен байланыстыра қарап, осы әр түрлі формаларды сипаттайтын ортақ нәрсені анықтау керек.
Жануарлардың барлық әрекеттерінің адам іс-әрекетінен бірінші айырмашылығы мынада: ол тікелей биологиялық әрекет. Басқаша айтқанда, жануар әрекеті тек затқа, биологиялық кажеттілікке ғана қатысты больш, табиғатқа инстинктивтік, биологиялық қатынастары шеңберінде қалады. Бұл - жалпы заңдылық. Осыған байланысты жануарлардың қоршаған болмысты психикалык бейнелеу мүмкіншіліктері де олардың биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын нәрселердің қасиетгері мен ерекшеліктерінен ғана тұратын болғандықтан, бул мүмкіншіліктер шектеулі болады. Сондықтан, адамға қарағанда, жануарларда болмысты объективтік нәрсе ретінде бейнелеу болмайды. Сонымен қоршаған болмыстың кез келген нәрсесі, жануарға, оның инстинктивтік қажеттілігімен бірге көрінеді. Жануар нсихикасының адам санасынан айырмашылығының мәні, ол жануарлардың өзі сияқтыларға қатынасы олардың басқа сыртқы объектілерге қатынасынан өзгеше болмайды, яғни жануарларда қоғам болмағандықтан, бұл қатынастар да олардың инстинктивтік-биологиялық қатынастарына жатады. Кейбір авторлар жануарларда еңбек бөлінісі болады деп санай отырып, ара, құмырсқа және басқа «қоғамдық» жануарлар өмірлсрінен мысалдар келтіреді. Ал адам өмір тіршілігінде еңбектің маңызы зор екендігі бәрімізге мәлім. Өткені, еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалык жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек — адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырады, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Пайдаланылған әдебиеттер



1. Немов Р.С. «Психология» Т 1,2,3.
2. Алдамуратов Ә. «Жалпы психология». Алматы 1996ж.
3. Намазбаева Ж.И. «Психология» Алматы 2005ж.
4. Жарықбаев Қ. «Психология» Алматы 1993ж.
5. Климов Е. «Основы психологий» Москва 1997ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет