№3(26), қыркүйек 2015 1 «математика» БӨліміне қош келдіңіздер!



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата03.03.2017
өлшемі6,31 Mb.
#5892
1   2   3   4   5   6   7   8   9

36 

  ¥

  Х И М И Я   Н Е Г І З Д Е Р І   Ж Ә Н Е    

Қ Ы З Ы Қ Т Ы   Т Ә Ж І Р И Б Е Л Е Р  

 

БУРАДАН АЛЫНҒАН ШЫНЫ «МАРЖАНДАР» 



ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

  

 



Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;   

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы 

 

Металдарды  жылдам  аңғару 



әдістерінің  бірі  бурадан  алынатын 

шыны «маржандарды» түзуге негіз-

делген.  Кейбір  металдар  қоспа-

ларын  бурамен  Na

2

B

4



O

7

 · 10H



2

бірге  балқытқан  кезде,  боялған 



шынылар  түзіледі.  Шынылардың 

түсі  бойынша үлгіде қандай метал-

дардың  бар  екендігін  анықтауға 

болады. Қарапайым процедура, ал 

алынған  шыны  маржандар  әдемі  болады,  сондықтан  қазіргі  кезде  бураның  шыны 

маржандарын  түзуі  сапалық  химиялық талдау үшін емес, қарапайым және әдемі химиялық 

тәжірибе ретінде пайдаланылады.  

Тәжірибе үшін платина сымын алады, оның ұшына кішкене ілмекше (алынатын маржан-

ның  өлшеміндей)  жасайды.  Мысалы,  ескі  термопараның  платина  сымын  пайдалануға 

болады.  Егер  платина  жоқ  болса,  нихром  сымын  алады  (нихромнан  электрлік  қыздыру 

аспаптарының  шиыршықтарын  жасайды,  ол  тапшы  болмауы  тиіс).  Ілмекшені  жандырғыш 

жалынында қыздырады (асхана плитасының конфоркасы жарайды, спиртшамды пайдалану-

ға болады), содан соң ілмекшемен біраз бураны іліп алып, қайтадан жалынға ұстайды. Бура 

балқиды  және  мөлдір  тамшы  –  шыны  маржан  түзеді.  Бұл  тамшыны  мыс,  кобальт,  никель, 

хром  немесе  бірқатар  басқа  металдар  тұздарының  (кестені  қараңыз)  ерітіндісіне  салады. 

Сондай-ақ  қатты  тұздың  ұнтағын  алуға  да  болады,  оған  балқыған    маржанды  абайлап 

тигізеді  (ұнтақ  жабысып, бірақ маржан суып қалмайтындай). Содан соң тамшыны қайтадан 

жалында  қыздырады.  Нәтижесінде,  қандай  металдың  тұзын  алғанымызға  байланысты, 

шыны  маржан  әртүрлі  түстерге  боялады.  Шыны  маржанның  түсі  тотықтыру  немесе 

тотықсыздандыру  жалынында  алынғанына,  сонымен  қатар  шыны  маржан  ыстық  немесе 

суып қалған болуына байланысты. Бояуының қарқындылығы және шыны маржанның түсіне 

ондағы металдың сапасы да әсер етеді.  

Мысалы,  кобальт  –  көк,  мыс  –  көк,  жасыл  немесе  қызыл,  хром  –  меруерт  жасыл  түс, 

сары  немесе  қою  қызыл  түсті  маржандар  береді.  Никель  тұздарымен  алынған  маржандар 

жандырғыш  жалынында  қызыл  қоңыр  түске  боялады  да,  суытқан  соң  алтын  сары  түске 

өзгереді (кестені қараңыз). 

Бура маржандары әртүрлі металдар тұздарымен боялған натрий метаборатынан NaBO

2

 



тұратын  шынылар  болып  келеді.  Шынында,  ол  –  суытылған  балқыма,  әдеттегі  силикаттық 

шыныға  (бөтелке  шынысы,  терезе  әйнегі  және  с.с.)  ұқсас,  айырмашылығы  –  біздің  шыны 

силикаттық емес, бораттық, осыған сәйкес олардың балқу температуралары біршама төмен 

болады.  

Маржандармен сынақтар келесі ретпен жүргізіледі: 

1.

 



Сымды  тазартады.  Сым  жалынды  боямауы  тиіс. Сондықтан жұмыстың алдында оны 

тұз қышқылына батырып алады және тотықтыру жалынында қатты қыздырады. Егер жалын 

әлі  боялатын  болса,  онда  операцияны  қайталау  қажет,  кейде  сымды  енгізген  кезде 

жалынның боялуы тоқтағанша бірнеше рет қайталайды.   

2.

 

Маржанды  дайындау.  Сымның  бос  ұшын  тотықтыру  жалынында  қатты  қыздырады 



және реактиві бар сауыттан сағат шынысына алдын ала салынған бураның біразын сыммен 

алады. Қатты қызған сымға жабысқан реактивті жалынға енгізеді. Қыздырған кезде маржан 

сымның бойымен жалыннан кері жаққа жылжиды; сондықтан оны кезекпен жалынның біресе 

бір жағынан, содан соң келесі жағынан қыздырады.   



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

37 

3.

 



Басында  бура  ісінеді,  бірақ  көп  ұзамай  тыныш  балқи  бастайды  да,  түссіз  шыныға 

айналады.  Бураны  диаметрі  1,5  –  2  мм  шыны  маржан  алғанша  сымға  қосып  отырады. 

Маржан толық түссіз және мөлдір болуы тиіс.   

4.

 



Сынақты  жүргізу.  Заттық  немесе  сағат  шынысына  зерттелетін  үлгінің  ұнтағын 

саламыз,  оған  балқыған  маржанды  абайлап  тигіземіз.  Маржан  суып  қалмауы  үшін  жылдам 

әрекет  жасаймыз,  бірақ  ұнтақты  алған  кезде,  күрт  қимылдамаймыз.  Зерттелетін  үлгі 

маржанға ең аз мөлшерде салынады (ұнтақтың бір ұсақ түйіршігі жеткілікті) және содан соң 

тотықтыру  жалынына  енгізіледі.  Маржандағы  үлгі  балқиды  және  оны  бояйды.  Егер  үлгі өте 

көп  мөлшерде  алынса,  онда  маржан  аса  қаныққан  болады,  ал  оның  түсі  анық  болмайды. 

Онда зерттеуді қайталау қажет.  

5.

 



Маржанның  түсін  қатты  қыздыру  кезінде,  ыстық  күйінде  және  оны  суытқан  соң 

бақылау қажет, себебі ол әртүрлі болуы мүмкін. Маржанды тотықтыру жалынында сынауды 

аяқтаған  соң,  маржанның  бақыланған  түстерін  жазамыз.  Содан  соң,  тотыққан  маржан 

тотықсыздандырылады,  ол  үшін  жалынның  ішкі  тотықсыздандыру  бөлігінде  ұсталады. 

Алдындағыдай тотықсызданған маржанның ыстық және суыған күйлеріндегі  түстерін тіркеп 

жазамыз. 

 

Бура  маржандарының әртүрлі элементтермен боялуы 



 

Элемент


 

Тотықтыру  

жалынындағы түсі 

Тотықсыздандыру  

жалынындағы түсі 

Ыстық күйінде 

Суыған соң 

Ыстық күйінде 

Суыған соң 

Хром Cr


 

Сарыдан қою 

қызыл түске 

дейін 


Сары жасылдан 

жасылға дейін 

Меруерт жасыл

 

Кобальт Co



 

Қою көк


 

Мыс Cu 


Жасылдан  

қою жасылға 

дейін 

Көгілдірден 



жасылтым 

көгілдірге дейін 

Түссізден 

жасылға дейін 

Мөлдір емес 

қызыл 


Темір Fe 

Сарыдан 


қызылға дейін 

Түссізден 

сарыға дейін 

Ашық  


құба жасыл 

Құба жасыл 

Марганец 

Mn 


Күлгін 

Қызыл 


күлгіннен 

қараға дейін 

Түссіз 

Түссізден 



ашық сарыға 

дейін 


Молибден 

Mo 


Сарыдан  

қою қызылға 

дейін 

Түссіз 


Сарыдан 

қоңырға дейін 

Қоңырдан 

қою қоңырға 

дейін 

Никель Ni 



Қызыл күлгін 

Қызылқұба 

Түссіз 

Сұрдан 


қабыршақ 

түсіне дейін 

Титан Ti 

Түссізден 

сарыға дейін 

Түссіз 


Түссізден 

сарыға дейін 

Сары  

қоңыр 


Уран U 

Сарыдан 


қызылға дейін 

Түссізден 

сарыға дейін 

Қою жасыл

 

Ванадий V 



Түссізден ашық 

сарыға дейін 

Жасылтым 

сары 


Ашық құба 

Жасыл 


Вольфрам 

Түссізден 



сарыға дейін 

Түссіз 


Түссізден 

сарыға дейін 

Сары  

қоңыр 


 

 

 



  

 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

38 

¥

  Б Е Л Г І Л І   Ж А Й Т Т Ы Ң   Қ Ұ П И Я Л А Р Ы

 

 

ЙОД ЖӘНЕ ҚАЛҚАНША БЕЗ 



 

Материалды дайындағандар: Наталья Серая,  

химия ғылымдарының кандидаты, доцент;   

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және  

байыту кафедрасының аға оқытушысы 

 

Қалқанша без – ішкі секрецияның ең ірі бездерінің бірі, үлкен адамда оның салмағы 15-



20 г болады және ұзындығы 4 см, ені 2 – 2,5 см, мойнақпен жалғасқан екі бөліктен тұрады. 

Оның  атауы  қалқан  пішінді  болып  келген  өңеш  шеміршегіне  анатомиялық  жақын 

орналасуына байланысты. Кей кезде қалқанша без шеміршек астында емес, мысалы, тілдің 

түбінде  немесе  төс  сүйектің  астында  орналасуы  мүмкін.  Кейбір  адамдарда  ол  мүлдем 

болмайды.  Егер  бұрын  қалқанша  безсіз  туылған  жас  сәбилер  ауыр  халге  душар  болатын 

болса,  қазір  синтетикалық  гормондық  дәрі-дәрмектер  қанда  табиғи  тиреоидтық 

гормондардың орнын толық баса алады.  

Бездің  міндеті  – тиреоидтық гормондар: тироксин мен трийодтиронинді өндіріп шығару. 

Қалқанша  без  дұрыс  жұмыс  істеуі  үшін  йод  өте  қажет,  себебі  ол  гормондардың  құрамына 

кіреді: тироксинде йодтың төрт атомы, ал трийодтиронинде екі атомы бар. 

 

 

 



Адам ағзасы йодты өзі синтездей алмайды, біз оны тек тағамдық өнімдерден аламыз.  

Егер тамақта йод жеткіліксіз болса не болады?  

Йодты көбірек алу үшін, қалқанша без өсе бастайды – тиреоидтық жасушалардың саны 

мен  көлемі  өседі  –  зоб  түзіледі.  Осылайша  ағза  йодтың  жеткіліксіз  мөлшерін  толтырады. 

Егер йодтың жетіспеушілігі ұзақ уақыт сақталса, онда без көлемінің өсуі йодты пайдалануды 

қалыпқа келтірмейді және йод тапшылығының белгілері пайда бола бастайды.  

Тиреоидтық  гормондар  жасушаның  өсуі 

мен  дамуын,  орталық  және  шет  аймақтық 

жүйке жүйелерінің, бұлшық ет, ұрпақ жаңғыр-

ту  қызметі,  сүйек,  жүрек-тамыр,  тыныс  алу 

және  ағзаның  басқа  жүйелерінің  жұмысын 

реттейді.  Ең  бастысы,  ақуызды  синтездеу 

үрдістерін басқара алады.  

Тиреоидтық  гормондардың  басқа  да  өте 

маңызды  әсер  етуі  –  митохондрияларда 

жасушалық  және  тіндік тыныс алуды жақсар-

ту  қабілеті.  Сондықтан  йодтың  тапшылығы 

ауыр  зардаптарға  соқтырады:  ақыл-ой  қабі-

летінің  төмендеуі,  селсоқтық  және  ұйқышыл-

дық  пайда  болады,  зат  алмасу  бұзылады. 

Қалқанша  без  мойынның  алдыңғы  бетінде, 

қалқанша  шеміршектен  сәл  төмен  орналас-

қан. Ол пішіні бойынша көбелекке ұқсайды. 

Адам бүкіл өмірінде бар-жоғы 3-5 г йодты 

тұтынады  екен.  Йод  микроэлемент  ретінде 

көптеген табиғи органикалық қосылыстардың 



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

39 

құрамына  енеді  немесе  йодид-анион  түрінде  бейорганикалық  тұздарда  болады.  Ағзаға 

түскен йодтың жалпы мөлшерінің 10-20 %-ын таңдамалы түрде қалқанша безі сіңіреді, онда 

йодтың  6000-8000  мкг  шоғырланған.  Қанда  500-600  мкг йод айналымда болады. Қалқанша 

без  күн  сайын  75  мкг  йодты  ағзаның  қажеттілігіне  жұмсайды.  Тұтас  ағзаның  тәуліктік 

қажеттілігі  адамның  жасы  мен  денсаулығына  байланысты  100-200  мкг  йодты  құрайды. 

Эндокринолог-дәрігерлер йодты тұтынудың келесі нормаларына кеңес береді:  

– 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға - 90 мкг,



 

– 7-ден 12 жасқа дейінгі балаларға - 120 мкг,



 

– 12 жас және одан үлкендерге - 150 мкг,



 

– жүкті және бала емізетін әйелдерге – 200 мкг,



 

Демек,  йодтың  ең  көп  мөлшері  жүкті  әйелдерге  қажет  екен.  Бұл  таңғаларлық  емес, 

себебі  баланың  өсуіне  тиреоидтық  гормондар  қажет.  Іштегі  баланың  қалқанша  безі 

жүктіліктің  12-ші  аптасынан  бастап  жұмыс  істей  бастайды,  сондықтан  алғашқы  үш  айда 

эмбрион  тек  қана  анасының  тиреоидтық  гормондары  есебінен  дамиды.  Егер  ол  жеткіліксіз 

болса,  онда  болашақ  баланың  бүкіл  ағзасы  және  ең  алдымен  оның  миы  зардап  шегеді. 

Сонымен  қатар  йодтың  тапшылығы  анасы  үшін  де  қауіпті,  себебі  жүктілік  кезінде  ағзаның 

йодты  тұтыну  мөлшері  өседі,  яғни  жүкті  әйелдің  тағамында  оның  жеткіліксіз  болуы  зобтың 

жылдам өсуіне әкеледі.  

Қазақстанның  теңіз  жағалауларындағы  тұрғындардан  басқа  барлық  тұрғындар  дерлік 

йодтың жеңіл, орташа және ауыр табиғи тапшы аудандарында тұрады. Бірақ бұл қалқанша 

без  ауруы  дамуының  жалғыз  себебі  емес.  Шаршыгүлділер  тұқымдастарына  жататын 

көкөністерде  құрамында  SCN-тобы  бар  органикалық  қосылыстар:  тиоцианаттар  және 

изотиоцианаттар  болады.  Бұл  тұқымдастарға  ақ  қауданды,  брюссель  және  гүлді 

қырыққабат,  брокколи,  шалқан,  ақжелкек  және  кресс-салат  жатады.  Тиоцианаттар  мен 

изотиоцианаттар  –  зобтың  дамуына  мүмкіндік туғызатын заттар – зобтық гендер. Тағамдық 

зобтық  гендердің  басқа  тобын  құрамында  тиоцианаттардың  негізін  құраушылары  бар 

өнімдер  құрайды.  Оларға  маниока,  жүгері,  тәтті  картоп,  бұршақтар,  маис  жатады. 

Зобтыгендік  қасиеттіге  көмір,  тақтатастар,  тұрмыстық  және  өнеркәсіптік  қалдықтар, 

химиялық  тыңайтқыштар  және  пестициттер  де  ие.  Тиоцианаттар  темекіде  де  бар.  Бұл 

өнімдердің  бәрі  де  йодтың  табиғи  тапшылығын  одан  әрі  шиеленістіріп,  тиреоидтық 

гормондарды синтездеу үрдісін бұзады. 

Йодтың  жетіспейтін  мөлшерін  әртүрлі  әдістермен  толтыруға  болады.  Ең  тиімді  және 

үнемді  әдіс  –  ас  тұзы  мен  нанды  йодтау.  Алдын  алудың  бұл  әдісі  «мылқау»  деп  аталады: 

адам  көбінесе  тамаққа  йодпен  байытылған  тағамдық  өнімдерді  пайдаланғанын  білмейді. 

Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа стандарт қабылданған, ол бір килограмм ас тұзына 40±15 мг 

йод  қосуды  қарастырады.  Йодталған  ас  тұзын  қолдану  көптеген  жағдайларда  йодтың 

тапшылығын  жоя  алады.  Бірақ  өмірдің  белгілі  кезеңдерінде  (балалық  және  жасөспірімдік 

шақтар,  жүктілік,  бала  емізу  кезеңдері)  ағза  йодтың  физиологиялық  мөлшерін  үнемі 

қосымша  қабылдауды  қажет  етеді.  Мұндай  жағдайларда  калий  иодидінің  физиологиялық 

мөлшері  бар  дәрі-дәрмектерді  тағайындайды,  мысалы  «Йодомарин»,  оның  бір 

таблеткасында йодтың бір күндік мөлшері бар. 

Йодтың  мөлшерін  басқа  жолдармен  қалыпқа  келтіруге  бола  ма?  Әрине  болады,  егер 

күн  сайын  тамаққа  жапондықтар  сияқты  устрицалар,  трепанг,  кальмар,  теңіз  қырыққабаты 

және  теңіз  гребешоктарын  тұтынатын  болса.  Олар  күніне  1500  мкг  дейін  йодты  тұтынады 

және  зобпен  ауырмайды.  Біздің  жағдайымызда  ең  тиімдісі,  ауыр  табиғи  йод  тапшылығы 

шарттарында  өмір  сүретін  австриялықтар,  швейцарлықтар,  француздар  сияқты,  үнемі 

йодталған тұзды пайдалану және «Йодомарин» қабылдау. 

Сіздерге мықты денсаулық тілейміз!  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

40 

¥

  А Л Ғ Ы Р Л А Р   Ү Ш І Н    

 

«СИҚЫРЛЫ САН "7"» СӨЗЖҰМБАҒЫ 



Материалды дайындағандар: Наталья Серая, химия ғылымдарының кандидаты, доцент;   

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және байыту кафедрасының аға оқытушысы 

 

Білімқұмарлық – білімге бастайтын жол. Оқушыларды оқытудың 

дәстүрлі емес формалары мен әдістерінің ішінде ойын түрінде оқыту 

үлкен  маңызға  ие  болуда.  В.А.Сухомлинский:  «Ойын  –  білімқұмар-

лық  пен  ізденгіштіктің  отын  жағушы  ұшқын»,-  деп  жазған.  Иә,  тек 

ойын  кезінде  ғана  бала  белсенді  ойланады,  сезінеді  және  істі  еркін 

жасайды.   

Ойын  бұрыннан  белгілі    және  үйреншікті  заттарға  басқа көзбен 

қарауға,  бұрын  алған  білімі  мен  ептілігіне  сүйенуге көмектеседі. Біз 

балалардың  бас  қатырғыштар,  ребустар,  сөзжұмбақтар,  чайнворд-

тарды қағазға шешіп отырғандарын жиі байқаймыз.  

Көптеген  мұғалімдер  өздерінің  іс-тәжірибелерінде  білімді  тексеруді  ұйымдастырудың 

ойын  түріндегі  формаларын  жүйелі  түрде  пайдаланады  және  мұның  оқушылардың 

оқылатын  материалға  деген  қызығушылығын  арттыратындығын  байқайды.  Көптеген  ойын 

түріндегі тапсырмаларды орындау, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды талап етеді, ол 

білімді өздігінен алудың тұрақты дағдысын қалыптастыруға әкеледі.  

Балалардың сабаққа өздерінің сөзжұмбақтары мен бас қатырғыштарын әкелетіндігі өте 

қуанышты.  Мұны  жоспарлай  алмайсың.  Бұл  –  шығармашылық,  білім  алуға  деген  қызығу-

шылықтың  бір  көрсеткіші.  Және  мұнда  маңыздысы  жай  баға  қою  емес,  қалған  балаларға 

олардың жолдастарының не жасағанын көрсету қажет.  

Әрбір  санның  жанындағы  жеті  бөліктердегі  жеті  әріп,  сәйкес  сұраққа  жауап  болатын 

сөзді құрайды. 

1.  Табиғи  каучуктың  және  басқа  да  табиғи 

қосылыстардың мономері. 2. Молекулалардағы 

химиялық  реакциялар  кезінде  бір  химиялық 

қосылыстан  келесі  химиялық  қосылысқа  өзге-

ріссіз  өтетін  атомдардың  тұрақты  тобы.  3.  Ба-

лауыз  тәрізді  ақ  зат,  қаныққан  жоғарымолеку-

лалық  қатты  көмірсутектердің  қоспасы.  4.  Ең 

бастысы, моторлық отындарды алуға, сонымен 

қатар өнеркәсіптің химиялық саласы үшін шикі-

зат  алу  үшін  мұнай  мен  оның  фракцияларын 

өңдеу  үрдісі.  Жоғарымолекулярлық  қосылыс.   

6.  Оттегінің  қатысынсыз  қыздырған  кезде  күр-

делі  органикалық  заттардың  ыдырау  үрдісі.             

7.  Өзінің  атымен  аталған  каталитикалық  реак-

цияны  ашқан  орыс  химик-органигі.  8.  Форму-

ласы  С


4

Н

9



ОН  болатын  заттың  аты.  9.  Тізбектік 

химиялық  реакциялардың  механизмін  зертте-

гені  үшін  1956  ж.  Нобель  сыйлығы  берілген 

Совет  физигі  және  физикохимигі.  10.  Көптеген 

ақуыздардың  құрамына  кіретін,  ауыстыруға 

болмайтын  амин  қышқылы.  11.  Д.И.  Менде-

леевтің периодтық жүйесінің VII тобының негізгі 

топшасындағы  элементтің  жалпы  аты.  12. 

Жүзім қанты. 13. Құрамында 20 көміртегі атомы 

бар  алкиннің  аты  14.  Бутадиен.  15.  Д.И.  Менделеевтің  периодтық  кестесіндегі  бірінші 

химиялық  элемент.  16.  Төрт  көміртек  атомы  бар  моносахаридтер.  17.  Жалпы  формуласы 

5



Н

8

)



n

,  эфир  майларына  кіретін  табиғи  көмірсутектер.  18.  Амин  қышқылдары 

қалдықтарынан  тұратын  органикалық  қосылыстар.  19.  Күкірттің  басқа    химиялық 

элементпен қосылысы. 

  


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

41 

КОНКУРС 


 

 

 

Материалды дайындағандар: Наталья Серая,  

химия ғылымдарының кандидаты, доцент;   

Ләзат Жанұзақова, химия, металлургия және  

байыту кафедрасының аға оқытушысы 

 

І тур 

 

1.  25  г  8%  AlCl



ерітіндісіне  25  г  8%  натрий  гидроксиді  ерітіндісін  қосады.  Түзілген 

қалдықты сүзеді және қатты қыздырады. Оның салмағы мен құрамын анықтаңыз.   

 

2.  Хлорлысутек  және  күкірт  қышқылы  ерітінділерінің  химиялық  қасиеттерін  салыс-



тырыңыз. Бұл қосылыстардың ортақ қасиеттері қалай байқалады және олардың принциптік 

айырмашылығы неде?   

 

3.  А,  В,  С  заттарын  үш  мольден  араластырады.    2А  =  В  +  С  тепе-теңдігі  орнаған  соң, 



жүйеде С затының 3,5 моль екендігі анықталады. Тепе-теңдік тұрақтысын анықтаңыз.   

 

4.  Мырыш  сынамасын  20



0

С-та  тұз  қышқылында  еріту  27  минуттан  соң  аяқталады,  ал 

40

0

С-та  металдың  осындай  сынамасы  3  минутта  ериді.  Мырыштың  осы  сынамасы  55



0

С-та 


қанша уақытта ериді? 

 

5. Келесі сұлбаға сәйкес келетін реакция теңдеуін жазыңыз: 



 

2

2



1

2

CuBr



X

X

CuBr











 

 



Белгісіз заттарды анықтаңыз. Екі жағдайды қарастыру қажет:  

а) барлық реакциялар – алмасу рекциялары; 

б) барлық реакциялар – тотығу-тотықсыздану реакциялары. 

 

 



 

¥

  Ж А У А П Т А Р   М Е Н   Ш Е Ш І М Д Е Р  



 

Журналдың 2015 жылғы №2(25) санында  

жарияланған есептердің жауаптары

 

 



Химиялық ребустар 

(орыс тілінде)

 

 

1. Дистиллят. 2. Платина. 3. Йод. 4. Мочевина. 5. Окись.  6. Свинец. 7. Цинк. 8. Целлю-

лоза.

 

 



 

 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

42 

«ИНФОРМАТИКА» БӨЛІМІНЕ ҚОШ 

КЕЛДІҢІЗДЕР! 

 

Сәлеметсіздер ме біздің тұрақты  

және жаңа оқырмандарымыз! 

Сіздерді жаңа  оқу жылдарыңызбен құттықтап, 

жаңа  оқу жылында  жаңа  жетістіктер  мен  жеңіс-

тер тілейміз! 

Сіздердің  әрқайсыларыңыздың  өміріңізге  ақпа-

раттық  технологиялардың  әсер  ететіндігі  құпия 

емес.  Бағдарламалау  мектеп  оқушысының  өміріне 

ешқандай әсер етпейді деген қате қалыптасқан пікір 

бар,  себебі  көп  адамдар  үшін  бағдарламалау  –  бұл 

информатика  сабақтарында  шешетін  тапсырма-

лар. Ал, шындығында, бұл олай емес. Бағдарламалау 

үшін  бірінші  сұрақты  талқылап  және  оның  мәнін 

ұғу керек. Егер сіз тапсырманың мәнін ұғып, нақты 

алгоритмді  құра  алсаңыз,  сіз  математика,  физика 

және  химиядан  кез  келген  есепті  бағдарламалау 

арқылы шеше аласыз.  

«Жауаптар  мен  шешімдер»  айдарында  біз  сіз-

дерге  наурыз  айында  жарық  көрген  жоғары  сынып 

оқушылары  арасындағы  Республикалық  олимпиада-

ның 3 тур есептерінің шешімін ұсынамыз. Біз сіздер 

есептерді  шешіп  қойды  деп  үміттенеміз,  енді  өз  шешімдеріңізді  ұсынылған  шешім-

дермен  салыстырып  көріңіздер.  Бұл  есептерді  өз  беттеріңізбен  шешу  –  өздеріңіздің 

жинақтаған  білімдеріңізді  қолдану  мен  қабілеттеріңізді  бағалау  мүмкіндігі. 

Алдыңғылар сияқты сіздер де бұл олимпиадаларға қатыса аласыздар.  

«Бағдарламашы клубы» айдарында  Шерлок  Холмстың электронды картотекасын 

құруды жалғастырамыз. Бұл мақалада  сіздерді  құжатты құруға үйретіп, құжаттың 

басты  қасиеті  –  жүргізумен  таныстырамыз.  Сіздер сонымен  қатар  баспалық  форма, 

яғни құжаттың макетін құруды үйренесіздер. 

Біздің мекенжайымыз:  070010,  Өскемен  қаласы,  Серікбаев  көшесі,  19, Д. Серікбаев 

атындағы  ШҚМТУ,  ақпараттық  жүйелер  кафедрасы,  тел.:  8  (7232)  54-03-56,  элек-

тронды мекенжай: 

VKlimenko@ektu.kz

. 

 

 

 

 

 



«ИНФОРМАТИКА» БӨЛІМІНДЕ 

 

БАҒДАРЛАМАШЫ КЛУБЫ 

Шерлок Холмстың электронды картотекасына  

«Оқиғалар» құжатын әзірлеу ........................................................................ 43 

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР 

Журналдың 2015 жылғы №1(24) санында жарияланған 

2015 жылғы информатика пәні бойынша, 9-11 сынып оқушылары үшін, 

Республикалық олимпиаданың 3-ші кезеңі есептерінің шешімдері ............ 47 

 

 

 

 

 

Лаура Сүлейменова, 



ақпараттық жүйелер 

кафедрасының аға оқытушысы  

 

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

43 

@

БАҒДАРЛАМАШЫ КЛУБЫ 



 

 

 

 

Материалды дайындағандар: Людмила Латкина, Лаура Сүлейменова 

ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушылары 

 

Алдыңғы сабақтарда біз күдіктілер мен олардың қылмыстары туралы деректерді сақтай-



тын  бірнеше  анықтамалар  құрып,  қолда  бар  ақпаратты  басып  шығаруды  ұйымдастырған 

болатынбыз.  Болған  оқиғалар  туралы  ақпаратты  сипаттауға  арналған құжатты  құру  уақыты 

келді (1-сурет). 

Кұжат  конфигурация  объектісіне  тән  ерекшелік  –  қолданушы  жұмыс  барысында  өз 

бетімен осы құрылымның жаңа объектілерін – жаңа  құжаттарды құра алады. 

Құжаттардың  жай-күйі  деректер  базасының  басқа  барлық  объектілерінің  жай-күйінен 

ерекшеленеді.  Құжатта  жүргізу  мүмкіндігі  бар.  Құжатты  жүргізу  фактісі  құжатта  көрсетілген 

оқиға есепке алудың жай-күйіне әсер етеді дегенді білдіреді. Құжат жүргізілгенге дейін есепке 

алудың  күйі  өзгеріссіз  болады  және  ол  жай  дайындама  ғана  болып  табылады.  Құжат 

жүргізілген  соң,  есепке  алуға  енгізілген  өзгерістер  күшіне  енеді  және  есепке  алу  мәртебесі 

өзгеретін болады. 

Құжат  есепке  алуға  өзгеріс  енгізетін  болғандықтан,  ол  әрқашан  уақыттың  нақты  бір 

мезетіне  «байланған».  Бұл  деректер  қорында  оқиғалардың  нақты  ретін  көрсетуге  мүмкіндік 

береді. 


Екі  алдыңғы  фактіден  туындайтын  тағы  бір  маңызды  факт  –  «1С:  Предприятие» 

жүйесінде  есепке  алу  күйінің  дұрыстығын  бақылау  тетіктері  бар.  Мысалы,  біз  алдында 

жүргізілген құжаттардың бірін өзгертіп және оны қайтадан «өткен күнмен» жүргіздік делік. Бұл 

жағдайда «1С: Предприятие» жүйесі біз енгізген өзгерістер келесі жүргізілген құжаттарға әсер 

ете  ме,  жоқ  па  екендігін  тексеріп,  егер  әсер  ететін  болса,  жүйе  қажетті  құжаттарды  қайта 

жүргізуге қабілетті. 

Әрбір  құжатта,  әдетте,  осы  құжатты  толығырақ  сипаттайтын  ақпараттар  бар.  Осындай 

ақпараттар жиынтығы бір типтегі барлық құжаттар үшін бірдей және бұл сияқты ақпараттар 

жиынтығын сипаттау үшін Құжат конфигурация объектісінің тәуелді конфигурация объектілері 

болып  табылатын  реквизиттері  қолданылады.  Құжат  конфигурация  объектісінің  реквизит-

терінің басым көпшілігін әзірлеуші өзі құрайды, бірақ әрбір Құжат конфигурация объектісінде 

«үндемеу» бойынша екі жол болады: дата және құжат нөмірі. Дата деректер типі құрамында 

дата  мен  секундқа  дейінгі  дәлдікпен  уақыт  бар  болғандықтан,  бұл  реквизит  негізінен 

құжаттың уақыт осіндегі жағдайын айқындайды. 

Сонымен қатар әрбір құжатта, әдетте, әртүрлі құжаттар үшін құрылымдары бірдей, бірақ 

саны әртүрлі ақпараттар жиыны бар. Осындай ақпаратты сипаттау үшін Құжат конфигурация 

объектісінің кестелік бөлігі қызмет етеді. 

Құжаттың «визуализациялау» үшін  бірнеше негізгі формалары бар: Құжат формасы; Бір 

түрлі құжаттар тізімі формасы; Бір түрлі құжаттар тізімінен таңдау формасы. 

Құжатты  жүргізу  фактісі  мен  оқиғалар  осінде  құжаттардың  белсенді  ағымдағы  ретін 

сақтау қажеттілігі құжаттарды жүргізудің екі түрлі жолын қалыптастырады: жедел және жедел 

емес жүргізу. 

Құжатты жедел жүргізу мен уақытты жедел белгілеу түсінігі байланысты. Уақытты жедел 

белгілеу жүйе қалыптастыратын – Дата типті мән. Уақытты жедел белгілеу жүйемен құжатты 

оперативті  жүргізген  сайын  құрылады.  Оның  мәні  ағымдағы  уақыт  пен  соңғы  құрылған 

уақытты  жедел  белгілеу  мәндеріне  байланысты  қалыптасады.  Егер  соңғы  жедел  белгілеу 

ағымдағы уақыттан кіші болса, онда жаңа жедел белгілеу ретінде ағымдағы уақыт алынады. 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

44 

Егер  соңғы  жедел  белгілеу  ағымдағы  уақытқа  тең  немесе  үлкен  болса,  онда  жаңа  жедел 

белгілеу ретінде бұрынғы ескі мәнінен бір секундқа үлкен мән алынады.  

Сонымен,  Құжат  конфигурация  объектісінде  жедел  жүргізу  қасиеті  орнатылса,  онда 

жүйенің әрекеттер реті төмендегідей болады:  жаңа құжатты құрған уақытта жүйе ағымдағы 

дата мен «нөлдік» уақытты орнататын болады. 

Осындай    құжатты  жүргізу  барысында  (ағымдағы  датамен),  жүйе  құжат  датасы  ретінде 

уақытты  жедел  белгілеуді  орнатады.  Егер  құжатты  жүргізуді  болдырмаса,  одан  кейін  оны 

қайтадан  жүргізсе  (датасын  өзгертпей),  жүйе  құжатқа  жаңа  уақытты  жедел  белгілеуді 

орнатады. 

Егер  құжатты  қайта  жүргізуге  тырыссаңыз,  онда  құжатты  жүргізу  түрі  туралы  сұралады 

(жедел немесе жедел емес). Жедел жүргізген жағдайда, жүйе жаңа уақытты жедел белгілеуді 

орнатады, ал жедел емес жүргізгенде құжат уақыты өзгеріссіз сақталады. Ағымдағы датадан 

өзгеше даталы жедел жүргізілетін құжатты жүргізген (қайта жүргізген) уақытта жедел жүргізу 

мүмкін  еместігі  туралы  хабарлама  беріледі  және  құжатты  жедел  емес  (яғни  құжаттың 

қолданыстағы датасы мен уақыты сақталып) жүргізу ұсынылады. 

 

 

 



1-сурет  

 

Құжат  жаңа  конфигурациясы  объектісін  құрайық.  Құжаттың  атауын  –  «Оқиғалар»  деп 



береміз.  Объект  редакторы  терезесінде  «

Подсистемы

»  бетінде  «

Шерлок_документы

»  және 

«

Данные



»  ішкі  жүйелерін  көрсетеміз,  «

Данные


»  бетінде 

«Преступления_Преступников» 

кестелік бөлімін құрамыз және оған сегіз реквизитті қосамыз: 

 



«Кодировка»  типі СправочникСсылка.Алфавитный, 

 



«N» типі Жол, ұзындығы 2, 

 



«Преступник» типі СправочникСсылка.СписокПодозреваемых, 

 



«Состояние» типі ПеречислениеСсылка.Тип_состояния, 

 



«Преступление» типі СправочникСсылка.СписокПреступлений, 

 



«Город»  типі СправочникСсылка.Города, 

 



«Количество» типі Сан, ұзындығы 2, дәлдігі 0, оң сан, 

 



«СтепеньОпасности» типі ПеречислениеСсылка.СтепеньОпасности. 

«Құжат формасын» құру үшін «Свойства:Документ» терезесінде «представления» бөлімі-

нің  енгізу  өрісі  жанындағы  ұлғайтқышқа  басамыз.  Жүйе  форма  конструкторын  шақырады. 

Форма  типін  «Форма  документа»  деп  көрсетіп,  «Готово»  батырмасына  басамыз.  Форма 

редакторының  терезесі  ашылады,  мұнда  «Элементы»  бетінде  басқару  элементтерін  2-

суретте көрсетілгендей етіп топтастырамыз.  



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

45 

 

 



2-сурет  

 

Форма  модулінде  төмендегідей  коды  бар  «Преступления_ПреступниковПреступникПри-



Изменении» оқиғасының өңдеушісін құрамыз.  

&НаКлиенте 

Процедура Преступления_ПреступниковПреступникПриИзменении(Элемент) 

тч=Элементы.Преступления_Преступников.ТекущиеДанные; 

Эл=тч.Преступник;  

тч.N=ПриИзмененииСервер(Эл); 

тч.СтепеньОпасности=ПриИзмененииСервер2(Эл); 

тч.Состояние=ПриИзмененииСервер3(Эл); 

КонецПроцедуры 

 

 



&НаСервере 

 Функция  

ПриИзмененииСервер(Эл) 

 

 номер=Эл.Код; 



 

 возврат номер; 

КонецФункции 

 

&НаСервере 



 Функция  

ПриИзмененииСервер2(Эл) 

 

 СтьОп=Эл.СтепеньОпасности; 



 

 возврат СтьОп; 

КонецФункции 

 

 



&НаСервере 

 Функция  

ПриИзмененииСервер3(Эл) 

 

 Сост=Эл.Состояние; 



 

 возврат Сост; 

КонецФункции 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

46 

Декорация1 басқару элементі үшін «Шерлок» суретін таңдап аламыз. «1С:Предприятие» 

режімін іске қосып, нәтижені қараймыз (1-сурет).  

Бар ақпаратты баспаға шығаратын уақыт та жетті. Ол үшін «Макет» конфигурация объек-

тісін  қолданамыз.  Конфигураторда  «Оқиға»  Құжат  конфигурация  объектісінің  редактрлеу 

терезесін  ашамыз.  «Макеты»  бетіне  өтіп,  баспа  конструкторын  іске  қосамыз.  Автоматты 

түрде құрылған кодты толықтырамыз.  

… 

 



ОбластьПодвал=Макет.ПолучитьОбласть("Подвал"); 

 

сумма=0; 

 

ВставлятьРазделительСтраниц = Ложь; 



 

Пока Выборка.Следующий() Цикл 

 

 

Если ВставлятьРазделительСтраниц Тогда 



 

 

 



ТабДок.ВывестиГоризонтальныйРазделительСтраниц(); 

 

 



КонецЕсли; 

 

 



ТабДок.Вывести(ОбластьЗаголовок); 

 

 



Шапка.Параметры.Заполнить(Выборка); 

 

 



ТабДок.Вывести(Шапка, Выборка.Уровень()); 

 

 



ТабДок.Вывести(ОбластьПреступления_ПреступниковШапка); 

 

 



ВыборкаПреступления_Преступников = Выбор-

ка.Преступления_Преступников.Выбрать(); 

 

 

Пока ВыборкаПреступления_Преступников.Следующий() Цикл 



 

 

Сумма=Сумма+ВыборкаПреступления_Преступников.Количество

ОбластьПреступле-

ния_Преступников.Параметры.Заполнить(ВыборкаПреступления_Преступников); 

ТабДок.Вывести(ОбластьПреступления_Преступников, ВыборкаПреступле-

ния_Преступников.Уровень()); 

 

 

КонецЦикла; 



         ОбластьПодвал.Параметры.Количество1=Сумма; 

         ТабДок.Вывести(ОбластьПодвал); 

… 

 «1С:Предприятие» режімінде нәтижені қараймыз (3-сурет). 



 

 

 



3-сурет  

 

Келесі  сабақта  біз  құрған  «ПреступленияИПреступники»  жинақтау  регистрін  толық-



тырамыз.  Ол  деректер  қорында    әрі  қарай  талдауға  ыңғайлы  түрде  ақпаратты  жинақтауға 

арналған деректер құрылымын құруға мүмкіндік береді. 



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

47 

 @

ЖАУАПТАР МЕН ШЕШІМДЕР 

 

Журналдың 2015 жылғы №1(24) санында жарияланған 2015 жылғы 



информатика пәні бойынша, 9-11 сынып оқушылары үшін, 

Республикалық олимпиаданың 3-ші кезеңі есептерінің шешімдері 

 

Материалды дайындағандар: Василий Никифоров,  

ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры; 

 Лаура Сүлейменова, ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы 

 

ІІ тур 

 

D-есебі. Мұз айдыны 

 

Енгізу файлының аты: 



D. in 

Шығару файлының аты: 

D. out 

Уақыт шектеу: 



2 seconds 

Жадыға шектеу: 

64 megabytes 

 

Андрей  мұз  айдынында  сырғанауды  жақсы  көргені  соншалықты, қысқы  демалыста  оны 



кез  келген  күні  сол  жерде  кездестіруге болатын.  Сондықтан  оның  достарының  жаңа  жылды 

мұз  алаңында  тойлау  шешімін  ол  қуанышпен  қарсы  алды.  Бірақ  ата-аналары  балаларына 

шарт  қойды:  егер  олар  ұзақ  уақыт  қалғылары  келсе,  әрқайсысы  өзімен  бірге  қарындасын 

алып баруы керек. 

Балалар  мұз  алаңында  жұптасып  билейді.  Мұз  айдынына    бала  барады  (Андреймен 

бірге), әрқайсысы өзімен бірге қарындасын алып келеді. Ұлдар тек қана қыздармен билегісі 

келеді.  Қыздар  да  тек  қана  ұлдармен  билеуді  қалайды.  Сонымен  қатар  қыздар  өзінен  биік 

ұлдармен  ғана  билегісі  келеді.  Соңғы  шарт  –  жігіттердің  ешқайсысы  өзінің  қарындасымен 

билегісі келмейді. 

Берілген ұлдар мен қыздардың бойларына қарап, қанша барынша көп жұп құрастыруға 

болатынын табыңыз. 

Енгізу файлының форматы 

Кіру файлдың бірінші жолында жалғыз N саны – ұлдар саны берілген. Келесі N жолдың 

әрқайсысында екі бүтін сан – ұлдың бойы және оның қарындасының бойы берілген. Берілген 

сандардың барлығы 10

5

 аспайды. 



Шығару файлының форматы 

Шығу  файлына  тек  бір  сан  шығарыңыз  –  есептің  жауабы,  яғни  есептің  шартын  бұзбай 

максимал қанша жұп мұз айдынына бір уақытта шыға алады. 

Мысалдар 

 

D. in 

 

D. out 

 

4 

1   2  



 

5  2  



 

2  1  



 

3   3  



 

5  1  

 

 



2  2  

 

1   2  



 

2  1  

 

1   2  



 

4  4  

 

 



3   2  

 

4  5  



 

3   3  

 

1   4  



 

1   4  

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

48 

Ескерту 

N

   500 – 30 % тест үшін. 

 

Шешімі. Бір есепті шешудің бірнеше алгоритмі болады, бірақ біз ең тиімдісін емес, түсі-



нікті және жақсарта түсуге болатын алгоритмді таңдадық.  

Мәліметтер md қыздар мен mm ұлдар үшін Nх4 массиві түрінде  ресімделеді. Массивтің 

құрылымы бірдей: 

0 баған – ұлдың бойы; 

1 баған – қыздың бойы; 

2 баған – бастапқы жұптың нөмірі; 

3 баған – қосымша, мұнда қыздар немесе ұлдардың таңдалғандығын (бірлік жазба арқы-

лы) белгілейміз.  

Сонымен, шешу алгоритміне келесі қадамдар кіреді: 

– ұлдар мен қыздардың бойы бойынша кему ретімен сұрыптау; 

– мүмкін болатын жұптарды іздеу. 

Мүмкін  болатын  жұптарды  іздеу  сұрыпталған  массивте  барлық  ұлдарды  таңдап  көру 

арқылы циклде ұйымдастырылған. Әрбір «ұл» үшін «қызды» таңдап көру циклі іске қосылып, 

төмендегі шарт тексеріледі: 

if(mm[i][0]>md[j][1] && mm[i][2]!=md[j][2] && mm[i][3]==0 && md[j][3]==0) 

(ұлдың бойы қыздың бойынан ұзын) және (олар аға мен қарындас емес) және (олар әлі 

жұпқа  таңдалмаған).  Егер  шарт  орындалатын  болса,  мүмкін  болатын  жұптардың  саны  (kol 

айнымалысы) бірге өседі. 

Бағдарлама кодында монитор  экранына  аралық  ақпаратты  шығару  бар,  оларды  N  мәні 

үлкен болған жағдайда өшіріп қоюға болады. 

Бағдарламаның бастапқы коды:  

#include "stdafx.h" 

#include "stdlib.h" 

#include "iostream" 

#include "fstream" 

 

using namespace std; 



 

int main() 

 setlocale(LC_ALL, "rus"); // корректное отображение Кириллицы 



 ifstream vodf; 

 ofstream zapf; 

 int n=0,i,j,c,kol=0; 

 

 



 int mm[100][4], md[100][4]; 

 vodf.open("D.IN",ios::in); 

 zapf.open("D.OUT",ios::out); 

 vodf>>n; 

 cout<<"n="<

 for (i = 0; i < n; i++) 

 { 

  vodf>>mm[i][0]>>mm[i][1]; 



  md[i][0] = mm[i][0]; md[i][1] = mm[i][1]; 

  mm[i][2] = md[i][2] = i; 

  mm[i][3] = md[i][3] = 0; 

 } 


 cout<<"Исходный массив"< for (i = 0; i < n; i++) 

  cout<

//Сортировка массивов мальчиков и девочек в убывающем порядке 

 for(i=0;i

  for(j=i+1;j

   if (mm[i][0]


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

49 

   { 


    c=mm[i][0];mm[i][0]=mm[j][0];mm[j][0]=c; 

    c=mm[i][1];mm[i][1]=mm[j][1];mm[j][1]=c; 

    c=mm[i][2];mm[i][2]=mm[j][2];mm[j][2]=c; 

    c=mm[i][3];mm[i][3]=mm[j][3];mm[j][3]=c; 

   } 

 cout<<"Массив мальчиков после сортировки"<

 for (i = 0; i < n; i++) 

  cout<

for(i=0;i

 for(j=i+1;j

  if (md[i][1]

  { 


   c=md[i][0];md[i][0]=md[j][0];md[j][0]=c; 

   c=md[i][1];md[i][1]=md[j][1];md[j][1]=c; 

   c=md[i][2];md[i][2]=md[j][2];md[j][2]=c; 

   c=md[i][3];md[i][3]=md[j][3];md[j][3]=c; 

  } 

 cout<<"Массив девочек после сортировки"<

 for (i = 0; i < n; i++) 

  cout<

cout<<"Поиск возможных пар катания"<

 kol=0; 


 for(i=0;i  for(j=0;j

   if(mm[i][0]>md[j][1] && mm[i][2]!=md[j][2] && mm[i][3]==0 && md[j][3]==0) 

   { 


    kol++; mm[i][3] = 1; md[j][3] = 1; 

    cout<

   } 

 cout<<"Количество возможных пар катания = "<

 zapf<

 vodf.close(); 

 zapf.close(); 

 system("PAUSE"); 

 return 0; 

Работа программы: 



n=5 

Исходный массив 

1       2       0       0 

5       2       1       0 

2       1       2       0 

3       3       3       0 

5       1       4       0 

Массив мальчиков после сортировки 

5       2       1       0 

5       1       4       0 

3       3       3       0 

2       1       2       0 

1       2       0       0 

Массив девочек после сортировки 

3       3       3       0 

5       2       1       0 

1       2       0       0 

2       1       2       0 

5       1       4       0 

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

50 

Поиск возможных пар катания 

5       1  -    3       3 

5       4  -    2       1 

3       3  -    2       0 

2       2  -    1       4 

Мүмкін жұптар саны = 4 

Жалғастыру үшін кез келген пернені басыңыз ... 

 

Е-есебі. Үшбұрыштар 

 

Енгізу файлының аты: 

Е. in 

Шығару файлының аты: 



Е. out 

Уақыт шектеу: 

2 seconds 

Жадыға шектеу: 

64 megabytes 

 

Ауданы  √ а  тең  және  де  жақтары  бүтін  санға  тең  әртүрлі  үшбұрыштардың  санын 



табыңыздар.  Үшбұрыштың  ауданы  үшін  Герон  формуласы:

 









,

c

p

b

p

a

p

p



  мұндағы  

   

     


 

а, b, с – үшбұрыш қабаттарының үзындықтары.  



Енгізу файлының форматы 

Берілгеннің бірінші жолында бір бүтін сан 1 ≤ Т ≤4 – тестілердің саны берілген. Келесі Т 

жолда бір бүтін саннан 1 ≤ S ≤ 10

18

 берілген. 



Шығару файлының форматы 

Т жолға әр тестінің жауабын шығарыңыз. 

Мысалдар 

Е. in 


E.out 



13 



60 


 

 

Ескерту 



S ≤ 100 – 10% тест үшін  

S ≤ 1000 – 20% тест үшін  

S ≤  10

е

 – 30% тест үшін  



S ≤  10

9

 – 40% тест үшін  



S ≤ 10

12

 – 50% тест үшін 



 

Шешімі. Бұл есепті шешудің бірнеше алгоритмі бар, мысалы: үшбұрыштың ауданын және 

оның бір қабырғасын біле отыра, үшбұрыштың биіктігін табуға болады. Үшбұрыштың биіктігін 

білетін қабырғаға қатысты (солға немесе оңға) жылжыту арқылы есептің шартын қанағаттан-

дыратын басқа екі қабырғасын табуға болады. 

Авторлар  бұл  қарапайым  сияқты  есепті  шешудің  бірнеше  әртүрлі  алгоритмдерін 

зерттегенін  айта  кеткен  жөн.  Бірақ  ұсынылған  алгоритмдердің  ешқайсысы  S-тің  1000  үлкен 

мәнін 2 секунд ішінде өңдеуге мүмкіндік бермеді, есепте берілген 1 ≤S   ≤  10

18

 есеп шартын 



айтпағанда.  Және  әсіресе  тестілер  санын  берудің  қажеті  не?  Кейде  олимпиада  есептерін 

әзірлеушілер  есеп  шешіміне  қойылатын  талаптарды  басқа  есептерден  көшіріп  алатындай 

болып көрінеді. 

Біз  тек  бір  тестілік  есепке  ғана  арналған үш  циклдің көмегімен  үшбұрыш  қабырғаларын 

таңдап көру және үшбұрыштың ауданы үшін Герон формуласына сәйкестікті тексеру шарты 

бар алгоритм таңдадық. Ұсынылған алгоритмді цикл жұмыстарын аяқтау шарттарын анықтау 

арқылы жетілдіруге болады. 

Бағдарламаның бастапқы коды 

#include "stdafx.h" 

#include "stdlib.h" 

#include "iostream" 

#include "fstream" 

#include "math.h" 

using namespace std; 



 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015

 

51 

int main() 

 setlocale(LC_ALL, "rus"); // корректное отображение Кириллицы 



 ifstream vodf; 

 ofstream zapf; 

 long i,j,k,n,kol=0,pp; 

 double p; 

 vodf.open("E.IN",ios::in); 

 zapf.open("E.OUT",ios::out); 

 vodf>>n; 

 cout<<"n="<

 kol=0; 

 if (n<200) pp = n; 

  else  pp =  sqrt(n);  

 cout<<"pp="<

 for (i=1;i<=pp;i++) 

  for (j=i;j<=pp;j++) 

   for (k=j;k<=pp;k++) 

    { 


     p=(i+j+k)/2.0; 

     if(p*(p-i)*(p-j)*(p-k) ==n)  

     { 

      kol++; 



      cout<

     }   

    } 

 cout<<"kol="<

 zapf<

 vodf.close(); 

 zapf.close(); 

 system("PAUSE"); 

 return 0; 

Работа программы: 



n=180 

pp=180 


1   4 - 7 - 7 p=9  180 

2   4 - 7 - 9 p=10  180 

kol=2 

Для продолжения нажмите любую клавишу . . . 



 

Ғ есебі. Жануарлар баспанасы 

 

Енгізу файлының аты: 

F. in 

Шығару файлының аты: 



F. out 

Уақыт шектеу: 

2 seconds 

Жадыға шектеу: 

64 megabytes 

 

Animal-Planet-те  жануарларға  арналған  жаңа  ғимарат  салынды.  Бұл  ғимарат  N  тізбекті 

кіреберістен  түрады.  Әр  кіреберіс  қанша  қабаттан  тұратыны  белгілі.  Әр  кіреберістің  әр 

қабатында нақты бір пәтер орналасқан. Әр кіреберісте қабаттар саны әртүрлі болуы мүмкін. 

Мадиярдың жануарларының кейбіреулері К қабатынан төмен өмір сүре алмайды. Мадияр 

өзінің  болашақ  пәтері  ретінде,  бірнеше  тізбекті  кіреберістерінде  К  қабатынан  төмен  емес, 

бірнеше бірдей қабаттарын сатып  алғысы келеді.  Сонымен бірге  ол  таңдалған  әр кіреберісте 

бірдей пәтерлер санын сатып алу керек және ол пәтерлер бірдей қабаттарда орналасуы керек. 

Нәтижесінде  барлық  сатып  алынған  пәтерлер  X×Ү  тіктөртбұрышты  қалыптастыру  керек,  бұл 

жерде X – таңдалған кіреберістер саны, aл Ү – әр кіреберісте сатып алынған пәтерлердің саны. 

Таңдалған пәтердің елшемі деп осы тіктөртбұрыштың ауданын айтамыз. 

Мадиярға  оны  қанағаттандыратын  пәтерлердің  арасынан  ең  үлкен  өлшемін  табуды 

сұрайды. 

 


 

ЕЛ ЕРТЕҢІ-KZ 



№3(26), қыркүйек 2015 

52 

Енгізу файлының форматы 

Енгізу  деректерінің  бірінші  жолында  екі  оң  бүтін  сандар  N  және  К  (1≤  N≤10

5

,  1≤К≤10



9

беріледі. Келесі жолда N натурал сандар – i-ші сан – i кіреберістегі қабаттар саны беріледі. 



Қабаттар саны 10

9

 аспайды. 



Шығару файлының форматы 

Бір санды – есептің жауабын шығарыңыз. 



Мысалдар 

Ғ. in 

Ғ. out 

4 2 

3 4 13 

4 



 

Ескерту 

1 ≤N ≤ 1000 – 40% тест үшін. 

 

Шешімі.  Есепті  шешу  үшін  mm  матрицасын  құрамыз,  оның  көмегімен  ғимарат  туралы 



кіріс мәліметтерді «Ғимарат матрицасы» түрінде көрсетеміз – бағандар ғимараттың кіреберіс-

теріне, ал «1» – кіреберісте пәтерлердің бар екендігіне сәйкес келеді (бағдарлама жұмысы-

ның баспасына  қараңыз  – Матрица  здания). Шешу алгоритмі  ғимарат  матрицасында баған-

дарды солдан оңға қарай және төменнен жоғары қарай таңдап көру және ауданы бойынша 

пәтерлердің, k қабатынан төмен емес, ең үлкен тіктөртбұрышын іздеуге негізделген. Мысалы, 

i=0 кіреберісі үшін екінші қабатта (k=2) екі пәтер i=0 kol=2 және үшінші қабатта тағы екі пәтер 

бар  i=0  kol=4.  Одан  әрі  i=1  кіреберісін  зерттейміз  және  пәтерлер  саны  3-ке  тең  екенін 

табамыз әрі олардың барлығы бір кіреберісте орналасқан. i=2 кіреберісі қарастырылмайды – 

берілген  k  қабаттан  төмен  орналасқан  барлық  пәтерлер  қарастырылмайды.  Және  т.с.с. 

тіктөртбұрыш  құрайтын  және  2-қабаттан  жоғары  орналасқан  пәтерлер  саны  –  8.  Бұл  – 

есептің шешімі болып табылады. 

Бағдарламаның бастапқы коды: 

#include "stdafx.h" 

#include "stdlib.h" 

#include "iostream" 

#include "fstream" 

 

using namespace std; 



 

int main() 

 setlocale(LC_ALL, "rus"); // корректное отображение Кириллицы 



 ifstream vodf; 

 ofstream zapf; 

 int n,k,kol,max,i,j,x,y,hm,kn; 

 int mm[100][100]; 

 int mp[100]; 

 vodf.open("F.IN",ios::in); 

 zapf.open("F.OUT",ios::out); 

 vodf>>n; 

 vodf>>k; 

 cout<<"n="<

 hm=0; 

 for (i = 0; i < n; i++) 



 { 

  vodf>>mp[i]; 

  if(mp[i]>hm) hm=mp[i]; //находим самый высокий подъезд 

 } 


 cout<<"hm="<

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет