343 топ Aйтпаева Аружан Мерекеқызы Әдістемелік жетекші


Қақырықты әртүрлі зерттеулерге дайындау



бет7/29
Дата24.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#86436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Аружан кунделик

2.Қақырықты әртүрлі зерттеулерге дайындау
ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ
Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
Дайындадым:
- сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін);
- 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы - 370С.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алдым.
2. Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады.
3. Науқастан сұрадым:
- таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;
- тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;
- тік тұруын немесе тік отыруын;
- қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай - бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердей қақырықты контейнерге жинадым;
- қақырығы бар банкіні қақпақпен жаптым.
4. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жібердім.
Ескерту:
- егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;
- қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет.
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ
Мақсаты: диагностикалық: ауру қоздырғыштарын анықтау.Қолдану көрсетілімдері: туберкулез, тыныс алу жолдары аурулары және басқа да жұқпалы аурулар.Дайындадым: сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес, тұнық жабылатын қақпағы залалсыздандырылған арнайы шыны контейнерді, металды биксті, қайнатылған суы бар ыдысты, салфетканы, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.
2. Контейнерді нөмірледім.
3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы толтырдым.
4. Қолымды гигиеналық деңгейде тазарттым. Қолғапты және бет масканы кидім.
5. Науқаспен сенімді қатынас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндірдім.
6. Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргіздім.
7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен контейнердің шетіне тимеуін ескерттім.
8. Науқастан сұрадым:
- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;
- ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;
- тік тұруын немесе тік отыруын;
- контейнердің қақпағын ашуды;
- аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен контейнерге шығаруын;
- қақырық жинайтын контейнерді төменгі еріннің тұсында ұстап, контейнердің шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.
9. Контейнердің қақпағын бұрап жаптым.
10. контейнердің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісінде суландырылған салфеткамен сүрттім.
11. Жиналған қақырықты қарап, контейнерді темірлі бикске орналастырдым.
12. Бактериологиялық лабораторияға 2 сағат ішінде қақырықты апардым.
13. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салдым.
14. Қолды жуып, кептірдім.
Ескерту:
- қақырық бөлу қиындаған жағдайда, қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;
- антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет