№3(71)/2013 Серия филология


Кəсіби кодекс өзін-өзі реттеу құралы ретінде



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#7311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Кəсіби кодекс өзін-өзі реттеу құралы ретінде 

Мақалада  кəсіби  кодекс  өзін-өзі  реттеу,  ұйымдастыру  құралы  ретінде  сипатталды.  Қазіргі 

журналистика  тəжірибесінде  заңдық  тұрғыдан  ғана  емес,  этикалық  нормалар  тұрғысынан  реттеуді 

қажет  ететін,  сондай-ақ  мемлекеттік  бақылау  емес,  журналистің  өзін-өзі  реттеу  мəселелері  пайда 

болуда.  Автор  редакция  жұмысын  реттейтін  көптеген  құжаттар  мен  журналистердің  бір-бірімен 

арақатынасын, кəсіби қызмет барысындағы журналистің тəртіп ережелерін нормалайтын құжаттарды 

талдады. 

V.Т.Abisheva 



Professional code as instrument of self-regulation 

The article deals with the process of journalistic practice, which is found more and more areas in need are not 

in the legislative, and ethical standards, not state control, and self-regulation in journalism. The author 

analyzes the numerous documents, normalizing editorial life, the relationship between journalists, the rules of 

conduct for journalists in different situations profession. 

ƏОЖ 070 


Қ.Д.Асанов 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: Kamashke_64@inbox.ru) 

Халық шығармашылығының ақпараттық табиғаты 

Мақалада халық шығармашылығының деректілік, насихатшылдық қырлары нақты мысалдар арқылы 

айқындалды.  Халық  шығармашылығының  көне  түрлеріндегі  наным-сенімдер  мен  сол  уақыттағы 

халықтың  тұрмыс-тіршілігі,  дəстүр-салты  оның  ақпараттық  табиғатын  ашу  арқылы  жан-жақты 

сараланды.  Сөз  өнері  түрлері,  оның  ішінде  айтыс  жырларының  мəтіндік  нұсқаларының  ақпараттық 

сипатына ғылыми пайымдаулар жасалды. 



Кілт сөздер: сөз, өнер, ақпарат, айтыс, халық шығармашылығы, дерек, насихат. 

Кез  келген  рухани  немесе  материалдық  құндылықтардың  алғышарттары  ой-сана  таразысында 

пісіп  жетілгенімен,  оның  өмірге  келіп,  адамзат  кəдесіне  жарауы  сөз  (тіл)  арқылы  қалыптасып, 

ұрпақтан ұрпаққа аманат, жəдігер болып қалатындығы белгілі. 

«Түгел  сөздің  түбі  бір,  түп  атасы — Майқы  би», — деген  халық  даналығы  бекерге  айтылмаса 

керек. «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Сөз — сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жүйелі сөз 

жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», — деп сөз қадірін ертеден 

түйсінген  халқымыздың  өмір  сүру  философиясының  түп  төркіні  де  сөзбен,  тілмен  байланысты 

дамыған. 

Қазақтың  кең  байтақ  даласында  тіл  тұтастығының  сақталуы  да  көшпелі  жұрттың  сөз  өнеріне 

деген өзіндік ықыласын танытса керек. Алтай таулары мен Маңғыстаудың қойнауында қоныстанған 

қазақтың тілі де, ділі де, діні де ортақ. Əрине, тілде аздаған диалект болуы мүмкін, бірақ ол жалпы 

тұтастыққа ешқандай нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Атшаптырым аймақта қоныстанған көптеген ұлт-

ұлыстар  бір-бірін  тілмашсыз  түсіне  алмайтын  жағдайлар  болады.  Еуропаның  бес  бірдей  мемлекеті 

сиып кетердей аумақта отырған қазақ халқының ұлттық болмыс, нақыш бояуларының ғасырлар бойы 

өз  сипатын  жоғалтпай  тұтастығын  сақтауы  таң  қаларлық  құбылыс.  Əрине,  зерттеуші-

ғалымдарымыздың,  тарихшыларымыздың  бұған  айтар  уəж,  пікірлері  мол.  Ең  алдымен,  көшпелі 

жұрттың бір-бірімен қоныстас болып, аралас жүруі — тіл тұтастығы сақталуының негізгі алғышарты, 

— дейді. Бұл уəжді біз де қолдаймыз. Дегенмен де пошта, телеграф сияқты байланысы жоқ көшпелі 


Қ.Д.Асанов 

86 


Вестник Карагандинского университета 

дəуірде  ел  мен  жердің,  тілдің  тұтастығын  сақтап  қалуда,  далалық  ақпарат  таратудың  рөлі  қандай 

болған деген əуестік əркімдерді де қызықтырары хақ. 

Белгілі  журналист-ғалым  Қ.Шамақайұлы  «Азаматтық  журналистика  бізге  жат  емес»  атты 

ғылыми  мақаласында: «...Азаматтық  журналистиканың  дəстүрі,  тарихы  тым  əріде  жатқанын  аңғару 

қиын емес. Мерзімді баспасөз пайда болудан бұрын қоғам өміріне, заман ағымына баға берген, оның 

дамуына  ықпал  еткен  еш  нəрсе  болмады  деуге  келмейді.  Журналистикадан  бұрынғы  кезеңдерге 

жатқызылатын  ауыз  əдебиеті,  жазба  мұралардың  өзінде  қазіргі  журналистиканың  элементі  жоқ  деп 

айта алмаймыз» [1], — деп пікір білдіреді. 

Сондай-ақ  зерттеуші-ғалым  қазақ  халқының  ежелгі  мəдениетінде,  көшпелі  өмір  салтында  да 

адамзаттық журналистиканың классикалық үлгісінің элементі жатқандығын айтады. Бұдан əрі автор 

өз  сөзін: «Алыстан  алты  жасар  бала  келсе,  алпыстағы  шал  барып  сəлем  береді»  деген  сөздің 

түпкілікті  мəнін  сапардан  оралған  жан  мейлі  үлкен  болсын,  мейлі  кіші  болсын  оның  көпті 

көретіндігін,  көрген-білген  адамда  жақсылықтың  (ақпараттың)  болатындығын,  жаңалықты  білудің, 

хабар-ошар алудың маңыздылығын осы бір ауыз сөздің өзі меңзеп тұрған жоқ па? деген ойларымен 

сабақтастырады. 

Зерттеуші-ғалым Гауһар Əлімбек «Сөз мағынасы жəне ақпарат» атты ғылыми еңбегінде сөздің 

ақпараттық сипатын былайша саралайды: 

 «Сөз — ақпарат сақтаушы тілдік бірлік; 

 сөз — ақпарат жеткізу немесе тарату құралы; 

 сөз — ақпарат алу құралы; 

 сөз — ақпарат алмасу құралы; 

 сөздің грамматикалық мағынасы жəне ақпарат» [2]. 

Жалпы, тіл, сөз өнері туралы тереңнен толғап, зерделі ой-пікір білдірген ұлттың ғұлама ойшыл-

дары, ғалым-жазушылары көптеп саналады. 

Белгілі  тілші-ғалым  Х.Нұрмұқанов  өзінің  «Сөз  жəне  шеберлік»  атты  зерттеу  еңбегінде  осы 

жайға жан-жақты тоқталған. 

«Сондай-ақ бұл проблема «Сөз өнері», «Өрелі өнер», «Жазушы жəне сөз мəдениеті», «Сөзстан», 

«Стиль  сыры», «Журналист  жəне  өмір», «Қаламгер  жəне  уақыт»  жинақтарымен  белгілі  ақын, 

жазушыларымыздың,  сыншыларымыздың,  ғалымдарымыздың  (мəселен,  Ғ.Мүсіреповтің  «Суреткер 

парызы»,  Ғ.Мұстафиннің  «Ой  əуендері»,  Ə.Тəжібаевтың  «Өмір  жəне  поэзия», «Жылдар,  ойлар», 

Т.Нұртазиннің  «Шеберлік  туралы  ойлар»,  Б.Кенжебаевтың  «Шындық  жəне  шеберлік», 

З.Қабдоловтың  «Жебе»,  Қ.Мырзалиевтің  «Сөз  сиқыры»,  М.Балақаевтың  «Қазақ  тілі  мəдениетінің 

мəселелері»,  Н.Уəлиевтің  «Сөз  мəдениеті»  т.б.)  еңбектерінде  қаралып,  əсіресе  «Қазақ  əдебиеті» 

газетінің «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Шеберлік туралы əңгімелейміз» рубрикалары желісінде ұзақ 

жылдар бойы үзілместен сөз болып келеді» [3; 7]. 

Бұл келтірілген деректер 1987 жылға дейінгі уақыттың кейбір еңбектерін қамтыса, 1985 жылғы 

сəуір  самалынан  кейінгі  қазақ  тілінің  тағдыры  туралы  тереңнен  қаузап,  ашық,  батыл  жазылған 

шығармалар қаншама? 

Сөз, тіл өнері, оның тағдыры туралы жазылған, айтылған толғақты пікірлер жүздеген Х томдарға 

жүк болары сөзсіз. 

ХІХ  ғасырда  қазақтың  ойшыл  ақыны  Абай: «Сөз  түзелді,  тыңдаушы  сен  де  түзел»  десе,  ХХ 

ғасырдың  басында  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  С.Сейфуллиндер  ұлт  тіліне,  сөз  өнеріне  қатысты 

ұрпаққа ұлағат болар толғамды пікірлер айтқан болатын. Алыптар тобының бұл аманатын М.Əуезов, 

С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафиндер тереңдете түсті. 

Қазақ  əдебиеті  мен  өнерінің  көрнекті  қайраткері,  ұлт  зиялысы  А.Байтұрсынов  өзінің  «Əдебиет 

танытқыш» (1926) еңбегінде сөз өнері, тіл қисыны, сөз өнерінің ғылымы туралы теңдессіз теориялық 

қағидалар жазды. 

«Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді. Əлдеқашан қайтыс 

болған прототиптерді тіл жасаған ұлттық образдар тірілтіп  көз алдыңа  əкеледі. Жалғанда  не терең? 

Сөз терең. Не сұлу? Сөз сұлу. Не өткір? Сөз өткір. Сөз құдіреті ғажап: алтынды мыс, мысты алтын 

етіп  көрсете  алады.  Тас  жүректі  қорғасындай  балқытып,  балқыған  қорғасынды  тастай  ете  алады. 

Кірлі көңілді тазартып, кірсіз көңілді кірлей алады. Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын бер-

се, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бəрінен сенімді байлық. Мұралардың ең 

қымбаттысы — сөз. Сөз Күн шалмас қараңғы көңілді шалады, Күн жылытпас суық көңілді жылыта-

ды. Сөз құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам да, асыл нəрсе де тозады, жоғалады. 



Халық шығармашылығының ақпараттық табиғаты 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

87 

Асыл сөз мəңгі жасайды» (Ғ.Мұстафин) [3; 14]. Адамзаттың асыл қасиеті — сөз өнерін осылай деп 



бағалайтын болсақ, сөздің асылы мен жауһарының алтын қазынасы саналатын айтыс ақындарының, 

жыраулардың шығармашылық жəдігерлері халық үшін таптырмас құнды дүние болмақ. 

Халық  публицистикасының  қалыптасу,  даму  жолдарын  тереңнен  қаузап,  зерттеген  ғалым 

Б.Жақып  бұл  туралы  өз  еңбегінде  былай  көрсеткен: «Мемлекеттің  пайда  болуымен  бірге  қоғамдық 

өмір де күрделене түсті, түрлі саяси құрылымдар мен кəсіби саясаткерлер орын алды. Дəл осы кезде 

қоғамдық  ақпаратты  таратуда  қалың  бұқараның  ішінен  өзінің  көсемдігімен,  ақыл-ой, 

парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды» [4]. 

Қазақ ауыз əдебиеті тарихын зерделер болсақ, сөз өнерінің тізгінін ұстаған би-шешендер, ақын-

жазушылар  өздері  өмір  сүрген  қоғамның  саяси-əлеуметтік  жағдайынан  немесе  халық  мүддесінен 

тысқары  болмаған.  Қайта  олар  сол  қоғамның  барлық  қайшылықтары  мен  мақсат-мұраттарын 

өздерінің рухани шығармашылығына арқау еткен. 

Атадан балаға мирас болып, ғасырдан ғасырға ауысып фольклор үлгісінде қазіргі заманға жет-

кен  халық  шығармашылығының  асыл  жəдігерлері  əр  кезеңнің,  əр  қоғамның  болмыс-бітімінен  сыр 

шертіп,  бүгінгі  ұрпақты  белгілі  дəрежеде  ақпаратпен  қамтамасыз  етті.  Мəселен, «осыдан  шамамен 

ХХХ ғасырдай бұрын Еділдің шығысындағы ұлы Тұран жерінде, мал баққан спитама жұртында, киіз 

туырлықты  көшпелі  Порушоспаның  отбасында  дүниеге  келген,  адамзат  тарихындағы  тұңғыш 

пайғамбар, ақын Заратуштра: 

Біз тұлпарлары қанатты, 

Мəңгілік жарыққа, 

Күнге, сиынамыз. 

Күн жарық шашқанда, 

Күн жылу шашқанда, 

Жүз мыңдағандар 

Құдіретті сезінеді, 

Содан соң Мазданың 

Сыйлаған жерінде 

Жарық-нұр салтанаты үшін 

Бақытын табады əркім, 

Бақыт сыйлайды əркім [5; 14]. 

Көне түркі тегін, тарихын, дəстүр-салтын зерттеуші-ғалымдар осыдан отыз ғасырдай бұрын өмір 

сүрген Заратуштра ақынның осы мұралары арқылы, қажетті ақпарат, мəлімет алары сөзсіз. Сондай-ақ 

Заратуштра  заманындағы  бағзылық  бабалардың  діни  наным-сенімдері  тұрғысынан  да  біраз  сырды 

аңғаруға болады. 

Екі  мың  жылдық  дала  жырын  зерделей  отырып,  халқымыздың  тұрмыс-тіршілігін,  наным-

сенімін,  қоғамдық  болмыс-бітімі  мен  ой-өрісінің  кемелдігін  тануға  жетерлік  мол  ақпарат  қоры  бар 

екендігіне көз жеткіземіз. 

Сөз  (тіл)  қарым-қатынас  құралы  ғана  емес,  ол  сондай-ақ  насихат  жыршысы  да.  Жоғарыда 

келтірілген  Заратуштра  ақынның  жырынан  біз  тек  ақпарат  қана  емес,  сол  заманның  идеологиялық, 

яғни, насихатшылдық бояуын да байқаймыз. 

Біздің  заманымызға дейінгі 760 жылдар  шамасында өмір  сүрген Қарлұқ  Кегменер Үлгеұлынан 

қалған мұраға зер салып көрелік: 

Шығыстан келген қорқаулар тонауда туған жұртымды, 

Құтқарар шара таба алмай, жүрегім менің бұлқынды. 

Сүліктей сорып қандарын, өшірді талай түтінді, 

Ұмытқалы қашан, бауырым, тамаша менен күлкіні. 

Үстінде лыпа, қамбада түйір дəні жоқ, 

Сонда да қиын боп тұр-ау толтыру апан-құлқынды. 

Ерте ме, кеш пе, сенемін, бізге де бір таң атар, 

Көрерме ем сонда тіріліп, «менменсінген шіркінді [5; 18]. 

Есте жоқ ескі дəуірден бүгінге жеткен осынау жыр-жəдігер қадым заманның қатыгез тарихынан 

сыр шертіп, бабалардың зар-мұңынан хабардар етіп тұрған жоқ па? 

VІІ–VІІІ ғасырларда тасқа таңбаланған бабалар аманаты сол дəуірдің тарихи тұрпатын ғана ба-

яндап  қоймайды,  сондай-ақ  бағзылық  бабаларымыздың  адами  болмыс-бітімі,  ақыл-ой 


Қ.Д.Асанов 

88 


Вестник Карагандинского университета 

кемеңгерлігінен де мол мағлұмат береді. Орхон ескерткіштері деп аталатын «Күлтегін», «Тоныкөк» 

жазбалары бүгінгі ұрпаққа жетіп отырған рухани құндылықтарымыздың асыл жəдігерлері емес пе?! 

«Жақсының  аты,  ғалымның  хаты  өлмейді»  демекші,  сөз  өнерінің  өшпейтін  құдіретіне  тағы  да 

куə болып, риясыз бас иесің. 

«Дала поэзиясы — қазақи дүниетануды түсінудің, халықтың өзін-өзі тануының қайнар бұлағы. 

Мұнда дүниенің қазақы ұлттық түсініктегі бейнесі, философиялық жəне поэтикалық астары қабыса, 

асқан  көркемділікпен  кестеленген.  Халқымыздың  кемел  ойы,  пəк  гуманизмі,  асыл  мұраты,  терең 

сезімі, ұлт болып ұйысу тарихы, өкініштері мен сүйініштері — бəрі оның поэзиясында сайрап жатыр. 

Қазақ поэзиясы — қазақ халқының рухани эволюцияның шежіресі іспетті» [5; 7]. 

ХІІ ғасыр өкілі əйгілі Қожа Ахмет Иассауи заманына зер салып көрелік: 

...Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбаған, 

Ғазиз жаның — аманаты Алланың. 

Харамдықпен, ұқ, жиған мал — жалғанын, 

Қарыш атты жылан қылар малыңды. 

Дəурішпін деп жұрт алдында дəрпілдеп, 

Жүз құбылып зар жүгірер əркімге. 

Құдай үшін құлдық ұрмай нарқың не, 

Шын дəуріштің тау мен шөп қой мекені... [5; 49, 50]. 

Қожа  Ахмет  Иассауи  заманы  ежелгі  қазақ  даласында  өзін  исламның  кең  қанат  жаюымен 

қарастырылатыны да сол уақыттардан жеткен рухани жəдігерлердің ақпараттық, насихатшылдық си-

патынан деп түсінгеніміз ойымызды қуаттай түседі. 

Кеңестік  идеология,  коммунистік  көзқарас  аз  ұлттарды  бұратана  халық  деп  есептеп,  олардың 

жазу-сызу  өнері,  ғылым-білімі  болмаған,  жабайы  көшпенділер  деп  қарауы  тəуелсіздік  таңы  атқанға 

дейін  жалғасты.  Шовинистік  пиғылдағы,  кеудемсоқ  Еуропа  зиялыларының  кейбір  «ғалымдары» 

Шығыс  жұртына,  оның  ішінде  Орта  Азия  халықтарына  менсінбеушілікпен  қарау  əдеті  əлі  де 

салқынын сездіруде. Заман түбегейлі өзгеріп, ақ дегенің адал, қызыл дегенің қаныпезер болып жатқан 

тұста, ұлт тарихын əділдік таразысына қайта тартып таразылайтын ақиқат заман туды. Ел тəуелсіздігі 

түп-тамырымызға терең үңіліп, оны ақиқат тұрғысынан тануға мүмкіндік беріп отыр. Тегіміздің текті 

болғанын енді танып, біліп жатырмыз. Білім мен ғылымның адамзат үшін қандай қажет екендігін ба-

баларымыз  ертеден-ақ  айтып,  насихаттағанын  көнеден  жеткен  рухани  жəдігерлеріміз  арқылы  біліп, 

байыптай бастадық. 

«Ахмет  Жүйнеки  ХІІ  ғасырдың  аяғы  мен  ХІІІ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  ақын.  Өз 

заманының  білімпаз  оқымыстысы  болғандықтан,  ақынды  «Əдиб  Ахмет» (əдиб — оқымысты,  жазу-

шы) деп атаған. Толық аты-жөні — Əдиб Ахмет ибн Махмут Жүйнеки. Жасынан зағиптың мехнатын 

тартқан. Туып өскен елі — Түркістан қаласының маңындағы Жүйнек деген жер. 

Ақынның «Ақиқат сыйы» атты кітабы — тəлім-тəрбие, адамгершілік, білім, имандылық туралы 

ақыл-кеңестер  беретін  дидактикалық  үлгідегі  шығарма.  Небəрі 466 жол  өлеңнен  тұрады.  Жиырма 

шақты тақырыпқа бөлінген. Аруз өлең өлшемімен, түркі тілінде жазылған» [5; 51]. 

«Бақыт жолы білім арқылы білінеді», «Білімсіз надан — құны жоқ бақыр», «Білімді мен білімсіз 

қашан тең болып еді?», «Білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік сияқты» [5; 52]. 

Міне,  бұратана,  білімсіз,  ғылымға  ықыласы  жоқ  деген  халықтың  өкілі  ХІІ  ғасырдың  өзінде-ақ 

осылай ой толғап, халықты білім мен ғылымға шақырады, насихаттайды. 

Екі  мың  жылдық  тарихы  бар  дала  поэзиясының  бетін  парақтаған  сайын,  мұндай  ақпарат, 

мағлұматтарға  барынша  қаныға  түсеміз.  Бағзы  дəуір  адамдарының  ой-санасы,  адами  болмыс-бітімі, 

əлеуметтік жағдайы, көзқарас-пайымдарының барлығы сөз өнері арқылы бедерленіп, рухани жəдігер 

ретінде бүгінгі күнге жетіп отыр. 

ХХІ  ғасырдағы  озық  ойлы  адамзат  өркениеті,  ғылыми-технологиялық  прогрестің  барынша 

жетілген тұсында осыдан жүз мыңдаған жылдар бұрын жер қойнауында қалған затты немесе сүйекті 

зерттеп,  ғылыми  байлам  жасап,  жаңалық  ашып  жатады.  Тіпті  сол  кездегі  жер  беті  климатын,  жан-

жануар, тіршілік əлемі туралы нақты зерттеулер жүргізіліп, ғылыми тұжырым жасалынады. 

Ал  ғасырлар  керуенін  көктей  өтіп, бүгінгі күнге жетіп  отырған  рухани  жəдігерлерге (сөз  өнері 

үлгілеріне) экспонат немесе өткеннің бедері ретінде немқұрайды қарау саяздықтың белгісі болар еді. 

Белгілі  əдебиеттанушы-ғалым  Ə.Қоңыратбаев: «...Қазақ  фольклорында  мал  бағу,  бала  асырау, 

қыз ұзату, жаназалау, бақсылық нанымдары, діни əдет-ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдері көп. 


Халық шығармашылығының ақпараттық табиғаты 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

89 

Орыстар  «бытовые  песни»  десе,  біз  оларды  «тұрмыс-салт  өлеңдері»  дейміз.  Бұлардың  көпшілігі 



анонимдік  түрде  туып,  халық  аузында  сақталған.  Кейбіреулерінде  тотемизм,  мифологиялық  ойлау, 

бақсылық ұғымдар мен діни əдет-ғұрыптардың да ізі бар» [6; 32], — дей келе, қазақтың бақташылық 

жырларының  мəні мен  мазмұндық  ерекшелігіне  жан-жақты  тоқталады: «Төрт  түлік мал  жайындағы 

жырлардың өзі тілек-бата түрінде айтылады: 



Шаруаның бір түлік пірі — Шопан, 

Келтірмей қу, пір ата, қойға топан. 

Қойды аңдыған бəленің бəрін құртып, 

Бықпырт тиіп, үні өшсін қасқыр апан. 

Мал бағу қамынан туған бұл жырлардың енді бірі жыр формасында айтылған: 



Мен бір тілек тілейін, 

Ай мүйізді, шоқпақтай, 

Шүйделері тоқпақтай, 

Тегене құйрық қошқарлы, 

Малды берсең қойды бер! 

Ұлды берсең бойлы бер, 

Ақылы ортақ ойлы бер. 

Халық жылқының етін, түйенің күшін, сиырдың сүтін дəріптеген... Əрбір түліктің бабы болған. 

Сиыр  қалың  нуға,  қоры  үзілген  буға  бітем  десе,  қой  қара  тасқа,  жабағы  жеген  насқа  бітем,  жылқы 

бетегелі  белге,  найза  ұстаған  ерге,  түйе  ащы  көп  сорға,  ел  ішінде  зорға  бітемін  деген.  Бұл  қандай 

малға қандай қоныс жайлы дегенді білдірмек» [6; 32, 33]. 

Біз  ауыз  əдебиеті  үлгілеріндегі  тұрмыс-салт  өлеңдеріне  жататын  төрт  түлік  малға  қатысты 

бақташылық жырлардан бірді-екілі ғана мысал келтіріп отырмыз. Ойымызды осы мысал төңірегінен 

өрбітер  болсақ,  тұрмыс-салт  жырларының  өзі  байырғы  ата-баба  тұрмысынан,  халықтың  мал 

шаруашылығы  жөніндегі  таным-түйсігінен  мол  ақпарат  беретіндігіне  көз  жеткіземіз.  Алдымен 

«Келтірмей қу, пір ата, қойға топан», — деген сөйлемге назар аударалық. Бұл жердегі пір сөзі діни-

наным  сенімді  білдіреді.  Пірге  сиыну  ислам  дінінде  сопылық  (суфизм)  ағымына  жатады. «Менің 

пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай», — дейді Жамбыл ақын. Яғни, пірге сыйынып, тілек тілеу 

сол уақыттың діни көзқарасын айғақтайтын ақпар. Екіншіден, төрт түліктің қандай адамдарға лайық 

екендігін  білдіретін  ойлары — халықтың  тұрмыс-тіршілігіне  байланысты  айтылған.  Əр  түліктің 

адамға  əкелетін  пайдасы,  береке-ырысы  турасында  мегзейді.  Мұның  астарында  үлкен  мəн,  малмен 

көзін ашқан халық үшін аса құнды ғибраттың жатқандығы шүбəсіз. 

Рухани  құндылықтар  бастауының  қайнар  көзі — айтыс  өлеңдері. «Айтыс — халық  өмірін 

бейнелейтін  көркем  əдебиет  саласының  бірі.  Одан  халықтың  қуанышы  да,  қайғысы  да,  саяси-

шаруашылық  тұрмысы  да,  мəдениет  дəрежесі  де,  замана  идеологиясы  да,  əдет-ғұрпы  да,  жалпы, 

əлеуметтік  жəне жеке адамдардың  қарым-қатынастары  да,  заманына  лайық  өрбіген  тартыстың  фор-

малары  да  көрінеді.  Сондықтан  айтыс  жанрының  тақырыптары  əлденеше  тарау  болып  бұтақталып 

кетеді, сол бұтақтардың бəрі халық тұрмысының шындығын біршама дұрыс та, дəл бейнелей алады» 

[7; 5]. 

Академик, жазушы С.Мұқановтың бұл пікірі толығымен айтыс өнерінің публицистикалық сипа-

тын айқындап тұр деп айтуға болады. Зерттеу барысында келтіргеніміздей, азаматтық журналистика 

функцияларын  өнер  өкілдері,  оның  ішінде  əсіресе  ақын-жыраулар  атқарғандығын  М.Əуезов, 

С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сияқты жазушы, ғалымдардың пікіріне жүгіне отырып, көз жеткізуге бола-

ды. Бұл ойымызды М.Əуезовтың: «Айтыс əр заманда күнделікті тіршілікке төтелей қатысы бар жанр 

болатын» [7; 12], — деген сөзі қуаттай түседі. 

Сонымен, бағзы дəуірлерден бері халықпен бірге жасасып, қалыптасып, дамып келе жатқан ай-

тыс  өнері  де  əр  заманның  бедерін,  уақыт  тынысын  айшықтайтын  рухани  жəдігерлеріміздің  ең 

маңызды  саласы  болып  саналады.  Айтыстың  даму  жолдарын  зерттеуші-ғалым  М.Жармұқамедов  өз 

еңбегінде  өнердің  осы  түрі  туралы  толғамды  пікір  білдірген  үш  зерттеушінің  ойын  салыстырмалы 

түрде төмендегіше саралайды: «С.Мұқанов өз зерттеулерінде қазақ айтыстарын топтастырады: 

1. Əдет-ғұрып.

2. Қайымдасу.

3. Жұмбақ айтысы.

4. Дін айтысы.

5. Ақындар айтысы.


Қ.Д.Асанов 

90 


Вестник Карагандинского университета 

Бұл жерде автор жұмбақ айтысы мен дін айтысын жеке түр есебінде ақындар айтысынан бөліп 

алып,  оны  тудырушылардың  да  бір  кезде  ақындар  болғанын,  бұл  айтыстардың  мазмұн-сипаты  мен 

жалпы ақындар айтысының бір түрі екенін ескере бермеген тəрізді. 

Орта мектепке арналған «Қазақ əдебиеті» оқу құралында Қ.Жұмалиев айтысты жетіге бөледі: 

1. Бəдік айтысы.

2. Жар-жар.

3. Мал мен адамның айтысы.

4. Өлі мен тірінің айтысы.

5. Жұмбақ айтыс.

6. Салт айтысы:  а) қыз бен жігіт айтысы;

б) ру айтысы. 

7. Осы күнгі айтыстар.

Мұнда  ақындар  айтысы  салт  айтысына  қосылып  талданып,  өзіндік  беті  айқын,  өзекті  сала — 

ақындар айтысының ара-жігі дараланып ашылмай қалған» [8; 13,14]. 

С.Мұқанов пен Қ.Жұмалиев пікірлерімен толық келіспеген М.Жармұқамедов «қазақ айтыстарын 

жіктеп топтастырудағы кейбір даулы мəселелер М.О.Əуезов зерттеулерінде ғылыми дұрыс шешімін 

тапқандығын» [8; 14] айтады.  Ол  өзінің  «Қазақ  əдебиеті  тарихының»  алғашқы  кітабы  мен  соңғы 

басылуындағы  айтысқа  байланысты  жазған  тарауларында  айтыс  өлеңдерін  ірі  екі  топқа  бөліп 

қарастырған. Олар: 

1. Əдет-ғұрып айтысы.

2. Ақындар айтысы. Автор əдет-салт айтысына «Бəдік» пен «Жар-жарды», ал ақындар айтысына

рушылдық, жұмбақ, дін айтыстарын жатқызады [8; 14]. 

Осы  жерде  пікірлері  келтірілген  үш  зерттеуші  де  (С.Мұқанов,  Қ.Жұмалиев,  М.Əуезов)  оларға 

өзіндік  ғылыми  байлам  жасаған  М.Жармұқамедовтың  жазбасында  да  бір  анықтаушы  сөз  жетпейтін 

сияқты.  Біздің  пікірімізше,  қазақ  айтыстарын  топқа  емес,  түрге  бөлген  дұрысырақ  болар  еді. 

Топтастыру  жекелікті  біріктіру  ұғымына  саяды.  Ал  түрге  бөлу,  бүтіндіктің  реңк  сипатын  білдіріп 

тұрады.  Мұны  айтып  отырғандағы  себебіміз — айтыс  өнері  біреу.  Уақыт,  қоғам,  дəстүр  аталмыш 

өнерге (немесе рухани құндылыққа) əр түрлі өң сипат, өзгеріс беріп отырған. Халықтық сипатқа ие 

болған,  күй,  өлең-жырдың  да  авторы  бар.  Тарихта  қалған  жалғыз  шумақ  жырдың  да  авторы  бар. 

Жазу-сызудың болмауы салдарынан көптеген рухани құндылықтар халық еншілігіне айналған. 

Сондықтан  да  айтыс  өлеңдерін  мазмұндық,  пішіндік  өзгешеліктеріне  орай,  ғалымдарымыз 

келтіргендей, үш түрге бөліп қарастырғанның еш сөкеттігі жоқ. Мысалы: 

1. Əдет-ғұрып,  салт  айтысы:  а) «Аужар»;  ə) «Бəдік»;  б) «Жар-жар»;  в) «Мал  мен  адамның

айтысы»; г) «Жан-жануар, хайуанаттар айтысы»; ғ) «Өлі мен тірінің айтысы». 

2. Қайымдасу айтысы: а) «Жұмбақ айтыс»; ə) «Дін айтысы»; б) «Қыз бен жігіт айтысы».

3. Əлеуметтік айтыс: а) «ХХ ғасырға дейінгі елдік-əлеуметтік айтыс»; ə) «Қазіргі кездегі ұлттық

сипаттағы айтыс». 

Айтыс  өлеңдерін  мазмұн,  пішініне  қарай  осындай  үш  түрге  бөліп  қарастырсақ,  ештеңеден 

ұтылмайтын сияқтымыз. Керісінше, ғасырлар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан төл өнеріміз — 

айтыстың  болмыс-бітімі  бөлшектенбей,  өзінің  тұтастығын,  тамыры  тым  тереңде  екендігін  таныта 

түсері хақ. 

Əдебиеттер тізімі 

1  Шамақай Қ. Сөз бостандығы жəне MASS-MEDIA: — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. — 92, 93-б. 

2  Əлімбек Г. Сөз мағынасы жəне ақпарат. — Алматы: Атлас, 2006. — 164-б. 

3  Нұрмұқанов Х. Сөз жəне шеберлік. — Алматы: Ғылым, 1987. — 288 б. 

4  Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасып даму жолдары. — Алматы: Білім, 2004. — 8-б. 

5  Екі мыңжылдық дала жыры. — Алматы: Қаз. энцикл., 2000. — 752 б. 

6  Қоңыратбаев Ə. Қазақ эпосы жəне түркология. — Алматы: Ғылым, 1987. — 368 б. 

7  Айтыс. — Алматы: Жазушы, 1988. — 1-т. — 288 б. 

8  Айтыс. — Алматы: Жазушы, 1966. — 3-т. — 620 б. 


Халық шығармашылығының ақпараттық табиғаты 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

91 

К.Д.Асанов 



Информативная природа народного творчества 

В  статье  рассмотрена  информативная  природа  народного  творчества.  Приведены  древние  виды  и 

формы народного творчества, такие как поверья, жизнь и быт, традиции и обычаи и др. Автор статьи 

раскрыл информативную природу названных явлений на материале айтысов. 

K.D.Asanov 

Informative nature of folk art 

In the article the informative nature of folk art. Listed species and ancient forms of folk art, such as beliefs 

and everyday life, traditions and customs, and more. The author tries to uncover the informative nature of 

these phenomena on the material aytys. 



92 

Вестник Карагандинского университета 



АВТОРЛАР  ТУРАЛЫ  МƏЛІМЕТТЕР 

СВЕДЕНИЯ  ОБ  АВТОРАХ 

Абишева В.Т., профессор кафедры журналистики доктор филологических наук, Карагандинский го-

сударственный университет им. Е.А.Букетова. 



Асанов Қ.Д.,  журналистика  кафедрасының  профессоры  филология  ғылымдарының  докторы, 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. 



Əділова А.С.,  қазақ  тіл  білімі  кафедрасының  профессоры  филология  ғылымдарының  докторы, 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. 



Bencic S., PhD in Linguistics, Associated Professor of Intercultural communication, Linguistics and 

Forensic linguistics in the Janko Jesenský Faculty of Law of the College in Sládkovičovo, Slovakia and 

Janos Selye University, Komárno, Slovakia. 

Витковская Т.Н., магистрант кафедры классической и русской филологии, Карагандинский государ-

ственный университет им. Е.А.Букетова. 



Жүнісова М.Қ., қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының доценті филология ғылымдарының 

кандидаты, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. 



Какжанова Ф.А., доцент кафедры теории английского языка кандидат филологических наук, Кара-

гандинский государственный университет им. Е.А.Букетова. 



Каренов Р.С.,  маркетинг  кафедрасының  профессоры  экономика  ғылымдарының  докторы, 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. 



Қабанов М.Ш.,  қазақ  тіл  білімі  кафедрасының  магистранты,  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 

мемлекеттік университеті. 



Омашева Ж.М.,  магистрант  кафедры  теории  английского  языка,  Карагандинский  государственный 

университет им. Е.А.Букетова. 



Пак М.К., профессор кафедры классической и русской филологии доктор филологических наук, Ка-

рагандинский государственный университет им. Е.А.Букетова. 



Рахимова Б.М.,  филология  факультетінің 3-курс  студенті,  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 

мемлекеттік университеті. 



Рүстемова Ж.А.,  қазақ  əдебиеті  кафедрасының  доценті  филология  ғылымдарының  кандидаты, 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. 



Сатова З.К., мұғалім, № 16 жалпы білім беретін орта мектебі, Қарағанды.  

Шəкірова Қ.М.,  қазақ  əдебиеті  кафедрасының  магистранты,  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 

мемлекеттік университеті. 



Эвертовски Т., аспирант, Университет им. Адама Мицкевича, Познань, Польша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет