№3(71)/2013 Серия филология


Слова-обращения в казахских толгау



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#7311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Слова-обращения в казахских толгау 

В  статье  рассмотрены  особенности  употребления  слов-обращений  в  поэзии  казахских  жырау. 

Авторами статьи они определены как арнау и дана классификация слов-обращений, встречающихся в 

виде  имен  ханов  и  других  деятелей  того  времени.  В  текстах  толгау  проанализированы  слова-

обращения абстрактного значения и обозначающие окружающий мир. 

A.S.Adilova, M.Sh.Kabanov 



Words appeal to the Kazakh tolgau 

The article discusses the features of word-of references in the poetry of the Kazakh bard. The authors define 

them as arnau and classify word-treatment, occurring in the form of names of Khans and other figures of the 

time, by the use in the works of Kazakh akyns and bard. Analyze the word-handling abstract, represent the 

world in texts tolgau. 


М.Қ.Жүнісова, Б.М.Рахимова 

34 


Вестник Карагандинского университета 

ƏОЖ 81`42 

М.Қ.Жүнісова, Б.М.Рахимова 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: zhunusovamk@mail.ru) 

Əңгіме жанрының бастапқы жəне соңғы сөйлемдерінің  

авторлық баяндаумен берілуі 

Мақалада  əңгіме  жанрының  бастапқы  сөйлемдеріндегі  авторлық  баяндауда  нақ  осы  шақ  формасы 

жиірек жəне сөйлемге экспрессивті реңк бере қолданылатындығы айтылды. Етістік баяндауыштардың 

сөйлемді шартты  түрде аяқтап,  мағыналық  жағынан əлі айтары  бар  болып  түзілуі əңгіме жанрының 

бастапқы  сөйлемдерінде  жиі  кездесетіні  дəлелденді.  Соңғы  сөйлемдердегі  баяндауыштар  əңгіменің 

соңғы  шегінің  мазмұнына  сай,  белгілі  бір  стильдік  мағынада  қолданылса,  ал  бастапқы  сөйлемдерде 

табиғат құбылысын суреттеуге арналатындығы қарастырылды. 

Кілт сөздер: əңгіме жанры, бастапқы сөйлем, соңғы сөйлем, авторлық баяндау. 

Əңгіме жанрының бастапқы, не соңғы сөйлемдердерінде авторлық баяндаумен берілетін табиғат 

құбылысына қатысты баяндау-сипаттаулар əңгіме мазмұнына өзек болып қана қоймай, шығарманың 

əсерлі басталып, əсерлі аяқталуына ықпал етеді. 

Əңгіме  жанрының  бастапқы  сөйлемдеріндегі  үшінші  жақтық  авторлық  баяндауда  нақ  осы  шақ 

формасы жиірек жəне сөйлемге экспрессивті реңк бере қолданылады: 1. Той дүрілдеп жүріп жатыр 

(К.Жүністегі. Жетімнің оралуы). 2. Операция сəтті жүріп жатыр (С.Ғаббасов. Алғашқы махаббат). 

Бұлардағы етістік-баяндауыштарды дүрілдеп, сəтті сөздері бейнелеуіш амал ретінде пысықтап, 

оқырманға  іштей  «Бəрекелді!»  дегізіп,  оның  көңілінде  үлкен  ризашылық  туғызғандай  əсерлі  ретте 

тұр. 


Сондай-ақ  тұр  қалып  етістігінің  əңгімені  аяқтаушы  соңғы  сөйлемдерде  де  жиі  қолданылып, 

оқырманға  əңгіменің  финалын  əсерлі  жеткізуде  де  елеулі  қызмет  атқарады:  1. Ал  дəл  ауыл  үстінен 



өткен жоғары вольтты бағаналар телефон сымындай емес, уілдеген мұңлы үн де шығармай, серейіп 

тұр  (О.Бөкей. 200 грамм  энергия). 2. «Шіркін!»  Жүрек  əлдеқайда  алып-ұшып  елеуреп-ақ  тұр 

(Т.Нұрмағамбетов. Қайықшы). 3. Ернияз жарты жолда шолақ жеңі бұлғалақтап, жападан-жалғыз 



көзі жасаурап селтиіп тұр (М.Қаназов. Ескі қыстау). 4. Құлашаның шоты адалбақанда əлі ілулі тұр 

(О.Бөкей. Құлашаның шоты еді). 

Келтірілген  бастапқы  сөйлемдердегі  осы  шақтағы  іс-қимылды  білдіріп,  негізгі  етістікпен 

тіркесіп  келген  тұр  етістігінің  оқырман  көз  алдына  бейнеленген  жай-күй,  іс-əрекет,  құбылыстарды 

қазір  болып  жатқандай  елестетін  əсерлі  сипатқа  ие.  Демек,  Бағаналардың  серейіп  тұрғаны;  Ерекең 

қарттың  жүрегінің  алып-ұшып  елеуреп-ақ  тұрғаны;  Ернияздың  селтиіп  тұрғаны  əңгіменің  соңғы 

шеніндегі авторлық баяндауды ашымды етіп, нақтылай түседі. 

Ғалым Г.Əзімжанова жедел өткен шақ тұлғасының -ды қосымшасымен келген түрінің қолданыс 

аясының  кең  екеніне  көңіл  аудартады [1]. Мысалдарды  көрейік:  1. Қоңыржай,  жұмсақ  көктемнің 

жазға  ауысар  уағы-ды  (К.Ахметбеков.  Жасаулы  жасыл  дүние). 2. Хасекеңнің  ит  жүгіртіп,  құс 

салып,  мылтық  атып  жүргенде  айтатын  шынға  бергісіз  өтірігі  ел  арасына  кең  тараған-ды 

(Ғ.Оралбаев.  Хасекеңнің  əңгімесі). 3. Əңгіме  қымыздан  басталып  кеткен-ді  (Ғ.Сланов.  Жылқышы). 



4. Серкеш,  таңсəріден  түрегеп  бір  сағаттай  жүгіріп,  жаңа  ғана  ішке  кірген-ді  (Е.Əкімқұлов.

Кішкентай тарақан). 

Алғашқы  мысалдан  басқасында  -ды  қосымшасы  есімшелі  етістік  арқылы  берілген.  Бірінші 

бастапқы сөйлемде -ды қосымшасы сөйлемге модальдылық сипат беріп тұрса, екінші мысалда басты 

кейіпкердің  іс-əрекетін  бірыңғай  мүшелермен  (ит  жүгіртіп,  құс  салып,  мылтық  атып  жүргенде) 

тізбектей  беріп,  оның  шынға  бергісіз  өтірігінің  кеңінен  жайылғанын  білдірсе,  үшінші  мысалда 

əңгіменің бір нəрсе жайынан тез басталып кеткенін, соңғы мысалда кейіпкердің бір істен екінші іске 

ауысуын  білдіріп  сөйлемдерге ерекше  стильдік  əр  беріп  тұр. Ғалымдар  Р.Əмір, Ж.Əмірова: «Жедел 

өткен  шақ  етістіктен  жасалған  баяндауышты  стильдік  ая  таңдамай  еркін  жұмсалатын  негізгі  форма 

деп есептейміз», — деп атап көрсетеді [2; 122]. 

Бастапқы  сөйлемдердің  синтаксистік-стилистикалық  құрылымына  стильдік  реңк  беруде 

-тын, -тін, -ті  қосымшалары  да  жұмсалады:  1. Совхоздың  бас  бухгалтері  баласын  үйлендіріп, 

кешелі-бері  бұл  ауыл  той  дүрмегімен  қапылуда-тын  (Б.Шаханов.  Сырнай  сазы). 2. Түс  мезгілі-тін 


Əңгіме жанрының бастапқы жəне соңғы  ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

35 

(С.Асылбеков.  Əке). 3. Жансейіт  пен  Бексейіт  аттары  ұйқас  жандар  болғанымен,  бір  селоның 



жерін  жерлеп,  суын  сулағанымен,  жас  мөлшерлері  де  жиырма  бестен  не  əртін,  не  бертін 

түйісетіндей  межелес  келгенімен,  ара-тұра  «сəлем»  деп  қолдарын  əуелете  селтеңдетіскендері 

болмаса, ет-бауыр жақын, етене таныс емес-ті (Е.Қонарбаев. Көршілер). 

Сөйлем  мағынасы  бұл  қосымшаларсыз  бұлдыр,  əрсіз  қабылданатын  сияқты,  ал  -тын, -тін, -ті 

қосымшалары  бастапқы  сөйлемдердің  семантикасына  бір  өзгеше  үн  қосып  тұрғандай  қабылданады. 

Автор  бұларды  болып  жатқан  оқиғаларға,  баяндауларға  модальдық  мағына  үстейтін  стильдік  əдіс 

ретінде пайдаланған. Ғалымдар Р.Əмір, Ж.Əмірова -ған, -ген тұлғалы баяндауыштар туралы: « -ған, 

-ген тұлғалы баяндауыштардың қызмет ерекшелігі — есімшеден жасалуына байланысты. Есімше іс-

қимылды  статикалық  қалыпта,  субъектіге  тəн  қалып,  сапа  тұрғысынан  атайды», — деп 

тұжырымдайды [2; 122]. Ғалым  Ж.А. Жақыпов  -ған/ген, -қан/кен  қосымшалары  туралы:  «-ған/ген, 

-қан/кен  тұлғалы  есімшенің  өткен  шақтық  мағынада  қолданылатыны  белгілі.  Ал  контексте  мұның 

осы  шаққа  айналуында  теориялық  заңдылықтар  бар.  Ол  заңдылықтар  функционалды-

коммуникативтік  тұрғыдан  түсінікті  бола  алады.  Шақ  категориясы  грамматикада  екі  деңгейде 

қолданылады: 1. Морфологиялық  шақ. 2. Синтаксистік  шақ.  Морфологиялық  шақ  етістіктің 

формасына  ғана  сүйенеді, контекст  ықпалы  шарт  емес,  ал  синтаксистік  шақта  контекст  басты  шарт 

болып есептеледі», — [3] деп  тұжырымдайды.  Əрине, ғалымның шақ  категориясын  грамматикалық 

тұрғыдан осылай жіктеп қарауын соны да орынды айтылған пікір деп қабылдаймыз. 

1. Тұқат  оянғанда,  сағат  тілі  тоғызды  көрсетіп  тұрған  (Ө.Кəріпов.  Мейрам  сөзі). 2. Бір

бөлмеде тұратын төрт жігіттің үшеуі той жабдығымен ертелеу кетіп қалған (Т.Нұрмағамбетов. 

Таңғы  жауын). 3.  Алматының  тымырсық  түні маужырай  толықсып, артынан  тысырлап  жаңбыр 



жауған (Г.Сəрсенова. Тағдыр үкімі). 

Бастапқы  сөйлемдердегі  есімшелі  баяндауыштар  статикалық  қалыптағы  жай-күйді 

оқырмандарына таныстырудан бастайды. Автор баяндауындағы бастапқы сөйлемдерде шиеленіскен 

оқиға  жоқ.  Ал  мына  мысалдардағы  бастапқы  сөйлемдерінің  есімше  баяндауыштары  өзінен  кейін 

болатын оқиғаға жол сілтейді: 1. Жолаушылар поезы екпіндей кеп, бүйірін соға тоқтаған бетте-ақ, 

Жуатəлі  де  таласа-тармаса  ішке  енген  (М.Сқақбаев. Қайыркеш). 2. Оқып  жүрген  кезіндегі  жазғы 

практикада  Гурьевте  болғанда,  Ақтай  сондағы  балық  комбинатында  Гүлжəміш  деген  қызбен 

танысқан  (Б.Аманшин.  Адасқан  хат).  Басты  кейіпкердің  басынан  өтетін  жағдай  əрі  қарай  ішке 

енгеннен  кейін  басталатынын  сөйлем  семантикасынан,  есімшелі  баяндауышқа  аяқталған  сөйлем 

мазмұнынан  түсінеміз.  Екінші  мысалда,  бірінші  мысалдағыдай,  есімшелі  баяндауыш  сөйлемді  тек 

шартты  түрде  аяқтағанымен,  сөйлемде  əлі  айтылмаған  ойдың  ұшығы  жатыр.  Оқырмандарын 

жалықтыратын  бірсарындылықпен  бастамай  авторлар  өзіндік  стильдік  əдісті  тиімді  пайдаланған. 

«Есімшенің  -ған  жұрнақты  өткен  шақ  формасынан  жасалған  баяндауыштар  оқиғаның  болып 

өткендігін ғана емес, қазіргі уақытқа да жалғасты, сабақты болатынын да аңғартады» [4]. 

Өткен  шақ  мəнмəтінде  осы  шақ  қызметінде  жұмсала  алады:  1.  Əркім  өзінің  үйленгенін  айтып 

жатты  (Б.Соқпақбаев. Мен  қалай  үйлендім). 2.  Аудандық партия  комитетінің  бірінші  секретары 

асығыс жиналып жатты (Н.Қапалбеков. Қара жол). 3. Кезінде ұзақ жыл облыс басқарған, министр 

тағына  да  отырып  көрген  Аймағамбет  Есқараев  пенсияға  шыққан  соң,  Алматының  тау  жақ 

бөктеріне  саяжай-коттедж  салдырып,  өзінің  ең  соңғы  зейнетті  өмірін  өткізіп  жатты 

(Қ.Жұмаділов.  Дөңгеленген  дүние-ай)  деген  бастапқы  сөйлемдердің  етістік-баяндауыштары  жедел 

өткен  шақ  (-ты)  тұлғасында  (негізгі  етістікпен  тіркестіре)  берілсе  де,  олар  осы  шақтағы  оқиғаны 

білдіріп  тұр.  Бұлардан  оқырман  автор  баяндап  отырған  оқиғаны,  жағдайды  анық  көріп  отырғандай 

сезімде  болады.  Бұл  етістік  информемалардың  өздерінен  кейін  айтары  мол:  əңгіме  желісі  осыларға 

жалғаспақ. 

Етістік  баяндауыштардың  сөйлемді  шартты  түрде  аяқтап,  мағыналық  жағынан  əлі  айтары  бар 

болып түзілуі əңгіме жанрының бастапқы сөйлемдерінде жиі кездеседі. Өзінен кейін айтары бар бұл 

құбылыс  əңгіменің  соңғы  шеніндегі  аяқтаушы  бірліктердің  соңғы  сөйлеміне  де  тəн  құбылыс  екені 

байқалды.  Демек,  автор  əңгімесін  аяқтаса  да,  соңғы  сөйлем  мазмұны  жағынан  да,  етістік 

баяндауыштарының  грамматикалық  мағынасына  қарай  да  айтылатын  ойдың  əлі  де  жалғасы  барын 

байқатып  тұрады.  Əңгіме  автор  үшін  тəмамдалады  да,  оқырман  үшін  ол  (көркем  шығарма) 

толығымен  аяқталмағандай  ыңғай  танытады.  Мұндайда  əңгіме  финалын  оқырман  кейде  өз 

топшылауы, өзіндік дүниетанымы, өмірден түйгендері т.б. бойынша қорытуы да мүмкін. 



1. Ақпанның  сақылдаған  сары  аязында  ақын  жігіт аңыратып  көктем  туралы  жыр  оқып  келе

жатты (Т.Нұрмағамбетов. Бұлақ). 2. Ой мен қырды елер емес, əкесінің қиялы жетіп, қолы тимеген 

М.Қ.Жүнісова, Б.М.Рахимова 

36 


Вестник Карагандинского университета 

сүбелі  тыңға  тартып  барады  (Ж.Кейкин.  Мұрагер). 3. Осы  күйдің  бəрін  сезіп  ішіне  бүккендей 

«Қазотының»  кең  жазығы  тым  бұйығы  қарауытып,  тылсым  мүлгиді.  Ал  «Абайкөк»  əлі  айтылып 

келе  жатқан  (Б.Шаханұлы.  Аяштың  Абайкөгі). 4. Қараңдаған  екеу  ақырындап  клубтың  сыртына 

қарай жүре бастады (С.Мұратбеков. Жанболат). 

Авторлар  əңгімелерінің  шешімін  ашық  қалдырған,  демек  оқиғаға  қатысты  нақты  нəтиже 

айтылмай,  оқырманның  өз  қалауы  бойынша  топшылауына  мүмкіндік  берілген.  Мəселен,  сыншы 

Б.Майтанов  «Психологизм — прозадағы  жаңашыл  арна»  деген  ғылыми  мақаласында  соңғы 

мысалымыз  С. Мұратбековтың  «Жанболат»  əңгімесінің:  «Клубта  ағасы  мен  жеңгесіне  бос  орын 

тауып  отырғызған  Жанболат  өзі  ептеп  сытылып  сыртқа  шығып  кетті.  Кешікпей  «Жəмила!» — 

деген  даусы  естілді  оның. «Мен  мұндамын!», — деді  қыз.  Қараңдаған  екеу  ақырындап  клубтың 

сыртына қарай жүре бастады» деген соңғы жолдарын (абзацын) келтіріп: «Шығарма осымен бітсе 

де,  баяндаушының  жас  серігіне  арнар  таза  ықыласы,  ақ  пейілі  үзілмей  жалғаса  беретіндей», — деп 

жазады [5]. Осы  тəрізді  жыр  оқып  келе  жатты,  сүбелі  тыңға  тартып  барады, «Абайкөк»  əлі 

айтылып  келе  жатқан  тіркесімдері  де  оқырманға  жанды  сурет  келбетін  көрсетіп  қана  қоймай, 

оқиғаның əрі қарай əлі де жалғасы барын жəне оның қалай аяқталуға тиіс екенін аңғартады. Соңғы 

сөйлемдердегі  етістік-баяндауышқа  байланысты  айта  кететін  тағы  бір  жайт — баяндауыштар 

есімшенің  келер  шақ  жасайтын  -ар, -ер  жұрнағын,  көсемшенің  ауыспалы  осы  шақ  жасайтын   

қосымшасында тұрып, «болашақтан үміт күтеді». Соңғы сөйлем əңгімені қорытып, тұжырымдамай, 

кейіпкердің  мақсат-тілегінің  қалай  орындалатынын  болжауды  оқырман  еншісіне  қалдырады. 

Ғалымдардың  «істің  болашақта  болу,  болмауы  кесіп  айтылмай,  болжау,  шамалау  мəні  -ар  тұлғалы 

есімшелермен беріледі», — деуі де сондықтан [6; 163]. 

Мысалдар: 

1. Кім  білген,  сол  бір  атаусыз  да,  арзымсыз  жылдар,  аты  жоқ  адамдар  туралы  қариялар,

мүмкін,  енді  шешіліп,  енді  ағытылар  (М.Есламғалиұлы.  Аты  жоқ  адам). 2. Қой-қырқым  науқаны 

өтер. Ел пунктен көшер. Сонда келер бір жылдары Қамбар қасқаның сүйегі қалған жұртқа бұрын-

соңды  ешкім  көріп-білмеген  ғажайып  қарақасқа  гүлдер  өсіп  шығар...  (Ш.Мұртаза.  Көкемарал 

гүлдегенде). 3. Биыл өткен жылдағыдан екі есе көбейген қой отарлары Бұйрат құм өзектерін қойға 



толтырар (С.Беғалин. Қой ұйытқысы қоныс). 

Есімшенің  -ар  жұрнағы  соңғы  сөйлемдерге  эмоционалды-экспрессивті  рең  жамап,  істің 

орындалуын  алдағы  күндерге  мегзейді.  Бірінші  мысалдағы  модальдік  сөздер  (кім  білген,  мүмкін) 

баяндаушының  мақсат-тілегінің  болашақта  іске  асуын  -ар  жұрнағы  жалғанған  есімше  баяндауыш 

арқылы  білдіріп  тұр.  Екінші  мысалдағы  соңғы  абзац  баяндауыштары  (өтер,  көшер,  өсіп  шығар) 

қатарынан  есімше  тұлғасында  келіп  оқырманына  ерекше  əсер  етіп,  стильдік  қызмет  атқарып  тұр. 

Баяндауыштардың  бір  формалы, тұлғалас  келуі  мəнмəтінге  ерекше  сипат  беріп  тұр. Ғалымдарымыз 

есімшенің бұл жұрнағының қызметі туралы: «Қазақтың халық тілінде -ар тұлғалы есімшелер əр қилы 

мағынада, неше түрлі қисында жұмсалады. Соның бір көрінісі — мақал-мəтел құрамында жəне ауыз 

əдебиеті мен бұрынғы ақын-жазушылар тілінде қолданылу ерекшеліктері», — деп жазады [6; 164]. 

Соңғы  мысалдағы  келер  шақ  тұлғасындағы  етістік  баяндауыш  тілек-мақсатты  білдіріп  тұр. 

Бұндай  құрылымды  соңғы  сөйлемдер  оқырмандарды  да  ағысты  арманға  елітіп,  өзімен  бірге 

ойландырады,  алдағы  өмірдің  тамаша  болатындығына  үміт  артқызады,  оған  оқырмандарын  да 

сендіргісі келетіндей. 

Соңғы  сөйлемдерде  -п  бара  жатты  аналитикалық  форманты  жиі  қолданылып,  іс-қимыл,  оқиға 

оқырманның  көз  алдына  болып  жатқандай  əсерде  қалдырады:  Ойыннан  өрт  шықты.  Осыны  енді 



ғана  пайымдаған  ол  Сандалкөкті  кілт  бұрып,  Мітісбектің  ауылына  қарай  шауып  бара  жатты. 

Бурыл  тартқан  жусанды  далада  Сандалкөк  теңбілденіп,  бірте-бірте  қарайып  бара  жатты 

(Т.Əлімқұлов.  Қаралы  қызық). 2. Осы  бір  лағынет  атқан  жалғыздық  кебін  ол  қалай  да  үзе  алмай 



кетем бе деп күрсінсе, көкірегі қарс айрылатын... Өмір деген зымырап ағып жатты (К.Рақымжан. 

Жалғыздық). 

Мысалдардағы  -ып, -іп  бара  жатты  аналитикалық  форманты  іс-əрекеттің  өтілу  барысын,  дəл 

қазір болып  жатқандай, іс-қимылдың осы шақтағы көрінісін, баяндаушы дəл қазір  айтып тұрғандай 

мағынаны  білдіреді.  Əңгіме  аяқталса  да,  авторлар  оқырманын  əсерлі  сезімде  қалдырып,  жанды  бір 

көріністі  елестетеді.  Соңғы  сөйлемдердегі  -ып, -іп  бара  жатты  күрделі  аналитикалық  форманты 

біртұтас  грамматикалық  мағынада  тұрып,  іс-қимылдың  нақ  қазір  болып  жатқандай  өтілуімен, 

көрсетуімен  экспрессивті.  Соңғы  сөйлемдерде  автор  баяндауындағы  -дай, -дей  қосымшасымен 

берілген  баяндауыштар  да  сөйлемге  айрықша  бір  сипат,  интонациялық  жағынан  өзіндік  бір  əуен 


Əңгіме жанрының бастапқы жəне соңғы  ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

37 

үстеп  тұрғандай  болады:  Табиғаттың  жазықсыз  шетінеген  шерлі  перзенттері  шалғайда  сыңсып 



жатқандай (Т.Əлімқұлов. Сары  сыбызғы). 2. Ал, туы, сонау  шырқау  биікте  қара ноқат қалықтап 

жүр. «Ол қыран» дейміз барлығымыз да бір ауыздан. Қанат қақпайды, көк жүзінде еркін жылжиды. 

Бүкіл  даланы  үстінен  шолып  жүргендей  (С.Мұратбеков.  Қыран  құс  көк  жүзін  шарлап  кетті).  Бұл 

мысалдардағы  -дай, -дей  тұлғалы  баяндауыштар  автордың  негізгі  ойын,  əңгіменің  идеялық  түйінін 

нақты  көрсету  үшін  жұмсалған.  Ал  мына  соңғы  сөйлемдердегі  -дай, -дей  формалы  есімше 

баяндауыштар  авторлық  тұжырымды,  қорытылған  ойдың  бір  белгісін  білдіреді:  1.  Хадиша  Валяны 



қолынан жетектеп, қыстай құлыптаулы тұрған өз үйіне қарай осыға адымдады. Асықпаса, адасып 

барып  тапқанынан  айрылып  қалатындай  (Ш.Мұртаза.  Бір  нəзік  сəуле). 2. Жиналыс  біткен  соң, 

Женяны қолтықтап үйіне дейін əкелдім. Ешқайсымыз лəм демедік. Жұлдызды аспан, хош иісті ауа 

бой сергіткендей (Б.Тоғысбаев. Операция). 

Бірінші,  екінші  мысалдардағы  -дай, -дей  тұлғалы  баяндауыштар,  автордың  негізгі  ойын, 

əңгіменің идеялық түйінін нақты көрсету үшін жұмсалған. 

Бұл  -дай, -дей  тұлғалы  есімше  баяндауыштың  қолданылуы  соңғы  сөйлемдерде  жиі  болса, 

бастапқы  сөйлемдерде  аса  сирек:  1.  Тас  төбеге  тырмысып  шыққан  күн  тапжылмай  тұрып 

қалғандай (К.Жүністегі. Тұлпар тағдыры). 2. Үп еткен желі жоқ, түстік жақтың қапырық түні бір 

жұтым салқын самалға зар қылғандай (К.Жүністегі. Кездесу). 

Соңғы  сөйлемдердегі  сөз  болып  отырған  тұлғадағы  баяндауыштар  əңгіменің  соңғы  шенінің 

мазмұнына  сай,  белгілі  бір  стильдік  мағынада  қолданылса,  ал  бастапқы  сөйлемдерде  табиғат 

құбылысын суреттеуге арналған. 

Əдебиеттер тізімі 

1  Əзімжанова Г. Көркем проза тіліндегі етістіктің стилистикасы: Филол. ғыл. канд. ... дис. — Алматы, 1998. — 40-б. 

2  Əмір Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. — Алматы: Санат, 1998. — 192-б. 

3  Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. — 143,144-б. 

4  Əбдуова Б. Тарихи романдар тілінің көріктеуіш амалдары. (І.Есенберлин шығармалары бойынша): Филол. ғыл. канд. 

... дис. — Астана, 2000. — 76-б. 

5  Майтанов Б. Психологизм — прозадағы жаңашыл арна // Уақыт жəне қаламгер. — Алматы, 1980. — 201-б. 

6  Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. — Алматы, 1966. — 205-б. 

М.К.Жунусова, Б.М.Рахимова 

Представление начальных и конечных предложений жанра рассказа  

в авторском повествовании 

В  статье  рассмотрено  частое  употребление  форм  собственно-настоящего  времени  в  начальных 

предложениях  авторского  повествования  в  жанре  рассказа.  Доказано  частое  функционирование  в 

начальных  предложениях  жанра  рассказа  глагольных  сказуемых,  оканчивающих  предложение  в 

условном  виде,  как  бы  показывая  незавершенность  в  смысловом  отношении.  Кроме  того,  раскрыта 

следующая  особенность:  если  сказуемые  в  конечных  предложениях  в  соответствии  с  содержанием 

последнего  предложения  рассказа  используются  в  определенном  стилистическом  значении,  то  в 

начальных предложениях они служат для описания природных явлений. 

M.K.Zhunusova, B.M.Rakhimova 

Presentation of the initial and final proposals story genre in the author's narrative 

This article refers to the more frequent use of forms of property present in the initial proposals of the author's 

narrative in the genre of the story, as well as giving them the suggestion of expressive color. Proved a 

frequent operation in the initial proposals of the genre narrative verbal predicates graduating proposal in the 

form of a conditional, as if to show a semantically incomplete.The paper also addresses the following feature: 

if predicates in the final proposals in accordance with the contents of the last sentence of the story used in a 

certain stylistic value, the initial proposals are intended to describe natural phenomena. 


38 

Вестник Карагандинского университета 



ƏДЕБИЕТТАНУ  ЖƏНЕ  ФОЛЬКЛОРТАНУ 

ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ  И  ФОЛЬКЛОРИСТИКА

 

ƏОЖ 81’255.2 

Р.С.Каренов 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: 22gulim1988@mail.ru) 

А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты саласы — 

 ақындық, аудармашылық еңбектері 

Мақалада Ахмет Байтұрсыновтың аударма ісінің майталман шебері екендігі көрсетілген. Ең алдымен, 

ол ұлы орыс жазушысы И.А.Крыловтың мысалдарының негізгі бөлігін қазақ тіліне аударып, оларды 

«Қырық  мысал»  кітабында  жариялады.  Байтұрсынов  өзінің  еңбектерінде  өз  замандастары  бойында 

кездесетін  əділетсіздікті,  қаталдықты,  сараңдықты,  надандықты  жəне  тағы  басқа  кемшіліктерді 

əжуалап  сынағаны  дəлелденген.  Оның  орыс  ақындары  С.Я.Надсонның  жəне  Ю.В.Жадовскаяның 

бұрын  жарияланбаған  өлеңдерін  асқан  шеберлікпен  аударғаны  айтылған.  Байтұрсыновтың  еркіндік 

пен  əділдікті  жыр  еткен,  ақ  патша  үстемдігіне  қарсылық  танытқан,  демократиялық  қоғам  құруға 

шақырған тамаша поэмасына ерекше көңіл аударылған. 

Кілт сөздер: аударма, кітап, мысалдар, ақын, рухани мұра, ғибрат, күрес, қоғам, үлес. 

Ахмет Байтұрсыновтың көркем аударма дамуына қосқан үлесі 

А.Байтұрсынов  қалдырған  бай  мұраның  бір  саласы — оның  көркем  аударма  дамуына  қосқан 

үлесі.  Жиырмасыншы  ғасырдың  алғашқы  жылдарында  бір  топ  ақын-жазушылар  (А.Байтұрсынов, 

М.Жұмабаев,  М.Дулатов,  т.б.)  көркем  аударма  ауқымын  кеңейтіп,  Шығыс  пен  Батыс  елдері 

əдебиеттері  үлгілерін,  орыс  классиктерінің  шығармаларын  қазақ  тіліне  аударып,  көркем  қазынаның 

бұл саласын байытуға қызмет етті. 

А.Байтұрсынов орыстың жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, 

«Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп жарыққа шығарды. 

«Қырық  мысал» — 1909 жылы  Петерборда 116-бетпен, 1911 жылы — Орынборда, 1922 жылы 

Қазанда 96-бетпен  басылым  көрген.  Орыс-қазақ  мектебінде  дəріс  алған  А.Байтұрсынұлы  орыс 

əдебиетімен  жақсы  таныс  болса  керек.  Ол  мысал  жанрына  көңіл  бөліп,  шағын  көлемді  өлеңдер 

арқылы  маңызды  ойлар  айта  білудің,  оны  астарлап  сөйлетудің  мүмкіншілігі  зор  екендігін  терең 

түсінген.  Жəне  патша  саясатының  ұзын  құрығынан  құтылудың  жолын  əлеуметтік  ортаға  мысал-

өлеңді  тəржімалау  арқылы  насихаттауды  мақсат  еткен.  Ақын 1922 жылы  қайта  басылым  көрген 

туындысының  мұқабасының  ішкі  бетіне  «Орысшадан  қазақшаға 1901–1904 жылдары  тəржімалаған 

Ахмет Байтұрсынов» деп жазған [1]. 

Ахмет  Байтұрсынұлының  мысалдары  көлемі  жағынан,  сюжеттік  дамуы  барысынан  басқа  сөз 

зергерлері туындыларынан дараланып тұрады. Оның мысалдарында халықаралық сюжеттік жүйенің 

мазмұны қазақ өміріне бейімделеді. Алуан-алуан ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», 

«Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қайыршы мен Қыдыр», «Ат пен есек», «Қасқыр мен 

Тырна», «Қасқыр  мен  Қозы», «Аңдарға  келген  індет», «Қасқыр  мен  Мысық»,  тағы  басқа 

мысалдарында  əлеуметтік-қоғамдық  жағдайларды  мегзейтін  оқиғалар,  адамдар  психологиясымен 

сарындас  əуездер,  тағылымды,  ғибратты  тұжырымдар  мол  орын  алған.  Ақын  мысалдарының  үлкен 

тобы — озбырлықты, зорлықты, аярлықты əшкерлейтін туындылар. Енді осы мысалдардың біразын 

салыстырмалы  түрде  талдап,  Ахмет  мысалшылдығының  өзіндік  сарынына  тəн  қасиетін  айқындап 

көрелік. 



А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

39 

Аудармашы  «Қырық  мысал»  жинағына  жазған  «Замандастарыма»  деген  кіріспеде [2; 28] 



аударманың мəн-мақсаты, оны қандай қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады: 

Орыстың тəржіме еттім мысалдарын, 

Əзірге қолдан келген осы барым. 

Қанағат азға деген, жоққа — сабыр, 

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым! 

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық, 

Күй қайда үздік шығар топты жарып? 

Ат тұрмас аяғында желі болса, 

Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып. 

Бар болса сондай жүйрік қызар деймін, 

Естілсе құлағына дүбір барып. 

Əйтпесе арық шауып оңдыра ма, 

Жүргенге қамыт басып, қажып-талып?! 

Ақын қазақ оқығандарына құлақ қағыс жасай отырып, олардың ұлттық санасының оянуы үшін 

намысын қамшылайды. 

Ахмет  Байтұрсынұлы  мысал  жанрына  өзіндік  қолтаңбасымен  келді.  Мəселен,  ол  Крыловтың 

шығармасында он жолақтан тұратын «Шымшық пен Көгершін» атты мысалды отыз екі жолға дейін 

ұлғайтты. Сондықтан осы мысалды [2; 29,30] мүлдем басқа туынды деңгейіне көтерді: 



Бір шымшық торға түсті соры қайнап, 

Барды ма, кім біледі, ажал айдап. 

Пəлені қаза менен қайда деме, 

Ғаріп боп, отыр сорлы көзі жайнап! 

Жанына жас көгершін ұшып келді, 

«Не қара басты торға түсіп? — деді, 

Тал түсте торды көрмей, соқыр ма едің, 

Есалаң! ақылың жоқ, күшік, — деді. 

Түсер ме есі дұрыс күндіз торға?! 

Ақылың жоқтығынан қалдың сорға. 

Мысалы, мені алдап еш уақытта, 

Тор түгіл, түсіре алмассың онан зорға. 

Кім күлмес бостығына сен жаманның, 

Алдырған айласына бір наданның? 

Мен саған қол берейін түспесіме, 

Қайласы саған ғана мол адамның». 

Десе де, ақыл серік қонған баққа, 

Ем болмас бастан бағың таяр шақта. 

Пысықсып көгершінім отырғанда 

Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа. 

– Ақылың қайда кетті, данышпаным?

Серт айтып түспеске қол алысқаның? 

Біреуге күлсең, келер өз басыңа, 

Табалап мұнан бұлай күлме, жаным! 

Ақын  өз  жанынан  қосқан  ойлары  арқылы  бұл  мысалды  қазақтың  төлтума  рухани  мұрасына 

айналдырды. 


Р.С.Каренов 

40 


Вестник Карагандинского университета 

Осындай ерекшелік «Өзен мен Қарасу» мысалына [2; 83–85] да тəн. Осындағы: 



Мысалы, үлкен өзен тынбай аққан — 

Халықтар мехнат шегіп, рақат тапқан. 

Жетісіп ғылым, өнер баршасына, 

Толып тұр ханасына қонған бақтан. 

Мегзеймін Қарасуды, қазақ, саған, 

Талпынбай талап ойлап, қарап жатқан. 

Барады қатар жұрттың бəрі озып, 

Ілгері жылжымайсың жалғыз аттам. 

Оянып, жан-жағыңа сал көзіңді, 

Түбіңе жетпей қалмас қамсыз жатқан. 

Өткізіп уақытты өкінерсің, 

Пəледен, басқа келмей, деймін сақтан. 

Қазағым, сал құлағың нақылыма, 

Түсініп айтқан достық ақылыма. 

Сөз емес еріккенде ермек еткен, 

Айтамын жаным ашып жақыныма. 

Козғалмай бұл күніңмен жата берсең, 

Боларсың Қарасудай ақырында, — 

деген жолдар ақын тарапынан ұлтына айтылған ғибрат екенін түсіндіріп жатудың өзі артық. 

А.Байтұрсынов  мысалдарының  көлемді  болуына  олардың  əрқайсысына  ғибратнамалы-түсінік 

шумақ беруі себеп болған. Мысалы, алты шумақты «Малшы мен Маса» мысалының [2; 50,51] соңғы 

бөлімі екі шумақтан құралған: 

Бір малшы көлеңкеге келіп жатып, 

Қасқырдан иттеріне сеніп жатып, 

Үстінде көк шалғынның, самал жерде 

Тырайып қалды сабаз ұйықтап қатып. 

Келеді қара жылан шағайын деп, 

Қапысын ұйықтағанда табайын деп. 

Малшыны сол уақытта Маса шақты, 

Оятып, бұл пəледен қалайын деп. 

Ұйқысын малшы оңды ашпай тұрып, 

Өлтірді шағып тұрған Масаны ұрып. 

Көтеріп жерден басын біраздан соң, 

Қарады жан-жағына мойнын бұрып. 

Жыланды көрген шақта малшы өкінді, 

Достығын Сарымасаның сонда ұғып. 

Сөзімнің сөкпеңіздер шолақтығын, 

Демеңдер сөз жазуға олақтығын. 

Жыланды малшы көріп болғаннан соң, 

Келмеді бір-біріне жолатқызғым. 

Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан, 

Жыланды пəле делік аңдып баққан. 

Пəленің түрін көрген мен — Сарымаса, 

Халықты оянсын деп сөзбен шаққан. 

Ойлаймын осы сөз де жетеді деп, 

Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп. 

Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді 

Қорқамын Сарымасадай етеді деп. 


А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

41 

Бұл мысалда басты ой соңынан түйінделіп, ғибрат ретінде ұсынылған. Жеті шумақтан тұратын 



«Екі бөшке» мысалының [2; 45] төрт шумағы да ғибрат болып табылады: 

...Созбайын сөз аяғын көп мылжыңдап. 

Билігін өздеріңіз айтыңыздар, 

Бөшкенің қайсысының пұлы қымбат? 

 

Құр бөшке салдыры зор, бағасы кем, 

Бағасыз құр даурыққан адаммен тең. 

Алыстан əлдеқандай болса-дағы 

Жай мəнін жақындасаң білерсің сен. 

 

Екінші толық Бөшке мысалы сол, — 

Адамдар көп даурықпас ақылы мол, 

Сарп етпей босқа сөзін жұртқа жарлап, 

Үндемей жүріп ісін істейді ол. 

 

Байқамас оны ешкім жақындаспай, 

Істес боп ой сынасып, ақылдаспай. 

Бөшкеде не зат барын білеміз бе, 

Қақпағын я бір жерін тесіп ашпай? 

А.Байтұрсыновтың  «Қасқыр  мен  Тырна»  атты  мысалында [2; 76–78] оқиға  ұзақ  кіріспеден 

басталады: 

Бір қасқыр сапар шекті елден жырақ, 

Неше күн таппай азық, қалды жарап: 

Жемтіктің жақын жерде иісін сезіп, 

Қасекең келе жатыр, соған қарап. 

 

Қасқырдың кім білмейді қомағайын, 

Көңілден, жемтік көріп, кетті уайым. 

Келді де бір сүйекті салды ауызға 

Шетінде бөлегірек жатқан дайын. 

 

Кемірмей, сол қалпынша жұтып қалды 

Тамақта жүрмей сүйек тұрып алды. 

Қақалып, дем ала алмай, сасқанынан 

Алақтап, жан-жағына көзін салды. 

 

Қақалды, сүйек жүрмей тамағына, 

Болмады əр түрлі еткен амалына. 

Сүйекке  қақалып  өлгелі  тұрған  жерінен  өзін  құтқарған  тырнаға  қасқыр  алғыс  айтудың  орнына 

оны бас салып жемтік қыла қоймақ болады: 

Бұрынғы мықтылықты былай қойып, 

Тырнаға сөз сөйлейді кішілікпен: 

«Шырағым, дүниеде ұмытпайын, 

Құтқарсаң мені қазір осы дерттен. 

 

Танысып, сеніменен дос болмаққа — 

Жүруші ем кез келгей деп, тілеп көптен. 

Білуші ем əкеңді де, тырна, сенің, 

Дүниеде кім бар еді онан өткен?! 

 

Ежелден олқылық жоқ нəсілінде, 

Көз салып қарап тұрсам арғы түптен. 

Баласы алтайының сен бір асыл, 

Сыртыңнан жүрміз əлі зор үмітпен. 


Р.С.Каренов 

42 


Вестник Карагандинского университета 

Біле алмай не қыларын, сасқалақтап, 

Алдында ағаң отыр есі кеткен. 

Тырнажан, неғылсаң да енді өзің біл, 

Айдынның сарқыны едің жұртқа жеткен». 

Тырна естіп мына сөзді, судай тасты, 

Қасқырдың тамағына тықты басты. 

Суырып сүйекті алып тастап еді, 

«Уа!» — деп қасқыр сонда көзін ашты. 

Құтқарған зор пəледен тырнасына 

Ол бірақ көрсетеді ықыласты. 

Еңбегін бер деп тырна сұрап еді, 

Қасекең сау күндегі əнге басты. 

«Не дейсің, ойын ба осың, шын ба, тырна? 

Қажауға мəжнүн жоқ саған мұнда. 

Ақы алып өзгелерден дəндеп қапсың, 

Қой, Тырнам, ойнап мені əуре қылма! 

Мен саған олжа болар серің бе едім, 

Құтқардың сөзім сыйлап, ерінбедің. 

«Сыйға — сый» дегендейін, таз басыңды 

Аузыма салып тұрған кемірмедім. 

Көрінбей, жоғал шапшаң, көзіме енді, 

Түсініп айтқан достық сөзіме енді. 

Аш бөрі неше күндей дəм татпаған, 

Ұялмас тап беруге өзіңе енді. 

Бұл — ежелгі  Эзоптың  осы  аттас  мысалынан  жалғасын  тапқан,  мысалшыларды  көп 

қызықтырған желінің бірі. Бұл желіні орыс əдебиетіне алғаш əкелген А.П.Сумароков. 

«Аққу, Шортан һəм Шаян» атты мысалында [2; 28,29] ақын оқырманына қатысты жаңа ой, соны 

пікір, толғаулы сөзді өз жанынан қосады. 

Жүк алып шаян, шортан, аққу бір күн, 

Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. 

Тартады аққу көкке, шаян кейін, 

Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. 

Бұлардың машақаты аз болмады, 

Жұмысы орнына кеп мəз болмады. 

Тартса да бар күштерін аямай-ақ, 

Асылы, жүк орнынан қозғалмады. 

Онша ол жүк артық ауыр емес, 

Құр сырттан пəлен деу де тəуір емес. 

Жүк бірақ əлі күнге орнында тұр, 

Бірыңғай тартпаған соң бəрі тегіс. 

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, 

Əуелі бірлік керек болсақ жолдас. 

Біріңнің айтқанына бірің көнбей, 

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, — 

деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. 

Ахаң елдің азып-тозуына байланысты сарындарды жұмбақтап жеткізеді. Ал, «Қасқыр мен Қозы» 

атты мысалында [2; 35–37] осы мəселеге байланысты ойларын ашық айтады: 



…Алыпсың жаман əдет қарсыласып,

Сенімен тұрам ба мен мылжыңдасып. 

А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

43 

Айтайын, білгің келсе, Қозым саған, 

Кінəң сол — жегім кеп тұр қарным ашып». 

Шоршиды қозы байғұс құлқын танып, 

Құтылар білгенменен онан неғып?! 

Болсын ба қозы жұмыс қасекеңе, — 

Жөнелді иығына салып алып. 

*** 

Орманға қасқыр кетті қозыны алып, 

Белгілі етер ісі алып барып. 

Осындай жазықсызды жазғыратын 

Əр жерде күштілер де бар ғой қалып. 

Қасқырдың зорлық болды еткен ісі, 

Ойлаймын — оны мақтар шықпас кісі. 

Нашарды талай адам талап жеп жүр, 

Бəрінен артық дейміз оның несі. 

Көп  аудармаларында  ақын  көркем  ойға  ой,  суретке  сурет  қосуға  талпынады.  Сондықтан  пікірді 

ұштап, жаңа сарын-əуез тудырып отырады. Мысалы, «Қартайған арыстан» деген мысалында [2; 43–45]: 

…Дариға! Ол заманның бəрі өтті,

Кəрілік деген пəле келіп жетті. 

Тіс түсіп, тырнақ мұқап, əл кеткен соң, 

Сорыма бəрі мұның ер боп кетті. 

«Тебем» деп келіп тұрған мынау Есек, 

Аяқта жатушы еді болып төсек. 

Кешегі дəурен баста тұрған шақта 

Мұны кім айтушы еді жан деп есеп. 

Көп шығар, жоқ демеймін, кінəм менің, 

Ризамын бақ, пəлеңе бірдей сенің. 

Тұяғың бұл жаманның тигізбей ал — 

Қорлықтан, мұнан көрген, жеңіл өлім». 

*** 

Айтылған бірдей емес осы аңдар, 

Ішінде жақсы, жаман, осалы бар. 

Арыстан, Жылқы, Өгіз, Есекке ұқсас 

Ойласақ, табылмай ма неше адамдар. 

Ерлер бар заманында дəурен сүрген, 

Дұшпанын ерегіскен жалғыз бүрген. 

Қартайған Арыстандай əлі кетіп, 

Қаруы бұл уақытта азып жүрген. 

Бақ қонса сыйлар Алаш ағайын да, 

Келе алмас жаман батып маңайыңа. 

Басыңнан бақыт құсы ұшқан күні 

Құл-құтан басынады малайың да, — 

деген жалғасты түйін жасайды. 

Енді Ахаңның «Үлес» атты өлеңін [2; 68,69] оқып көрелік. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі 

кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы аудармасында ақын өз позициясын ашық көрсетеді. 



Қосылып, бірнеше адам ортақтасып, 

Үй салып, ортасынан дүкен ашып. 

Саудасы жұғымды боп байып əбден, 

Шат болып көңілдері судай тасып. 

Р.С.Каренов 

44 


Вестник Карагандинского университета 

Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып, 

Үлесіп отыр еді шуылдасып. 

«Үй жанып барады!» — деп хабар берді, 

Жүгіріп келіп біреу түсі қашып. 

«Жүріңдер, — біреуі айтты, — барайық, — деп, — 

Есепке қайтып келіп салайық», — деп. 

Айтады екіншісі: «Мың сомым кем, 

Тоқтаңдар, соны əуелі санайық», — деп. 

«Кем, — деді, — екі мыңым, — жəне бірі, — 

Қараңдар, ап-анық тұр кемі, міні!» 

«Қой», — десті өзгелері, — бұл өтірік, 

Болмаса керек қате ондай ірі». 

Тауыса алман сөздерінің бəрін теріп, 

Əйтеуір зор жанжалдың кірді түрі. 

Бірталай ерегіспен мезгіл өтті, 

Ұмытты, жанжалдасып, бəрі де өтті. 

Есептің бітуіне от қарар ма, 

Олдағы түтіндетіп келіп жетті. 

Шығарға жол жоқ, жалын қамап алған, 

Бəрі де мал-мүлкімен күйіп кетті. 

Ойласақ, уақиға емес болмайтұғын, 

Ел қайда өзін даудан қорғайтұғын? 

Қазіргі пайдасына бəрі жетік, 

Адам аз алдын қарап болжайтұғын. 

Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман, 

Ойласам, ел белгісі — оңбайтұғын. 

Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан, 

Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан. 

Алданып арадағы дау-шарына, 

Қатерден қапері жоқ келер сырттан, — 

деп терең маңызы бар əлеуметтік ой толғайды. 

Ахаң  «Ала  қойлар»  атты  мысалында [2; 62–64] отаршылдық  саясаттың  бет-пердесін  сыпырып, 

зұлым  саясаттың  сырын  ашады.  Ақ  патшаның  отар  елдерді  қандай  айлалы  тəсілмен  қанап 

отырғандығын суреттейді. Онда Арыстан (орыстың ақ патшасы), Аю мен Түлкі (жақын кеңесшілері), 

Ала қойлар (бұратана халық). «Əділ» патша «Ала қойларды» көргенде көңілі бұзылатынын, оларды 

көргенде көзі ауратынын айтып, олардан құтылудың жолын «кеңесшілерімен» ақылдасады. Өз ойын 

оларға ашық айтып, өзінің беделіне көлеңке түспейтіндей болуын сұрайды: 



Жазықсыз қан төкті деп айтпастай 

ғып, 

Əр түрлі бұған керек амал таппақ», — 

дейді. 


Сонда «күшке мықты, ойға олақ» аю: 

Бəрін де ала қойдың қырсаң, тақсыр, 

Тұқымын не бар құртып, жоймайтұғын?! — 

деп өзінің жауыздық ойын жеткізеді. Аюдың бұл ойын Арыстан құп ала қоймайды. Сонда саясатқа 

шебер  сұм  түлкі  оңай  жолды  таба  қояды.  Ол  қойларды  қасқырға  бақтыруды  ұсынады. «Табылған 

ақылды» Арыстан тез қабыл алады [3]. 

Мысалдың соңында Ахмет: 

…Арыстан Түлкі ақылын қабыл алды,

Бөріден өңшең көкжал қойшы салды. 


А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

45 

Қойларды қасқыр бағып оңдырар ма? 

Ала түгіл, ағы да аз-ақ қалды. 

Ал сонда не деп айтты өзге аңдар, 

Қойлардың таусылғанын көрген жандар? 

«Жарықтық Арыстаннан еш кінə жоқ, 

Бұзықтар қасқырлар ғой, ант ұрғандар! 

*** 

Бұл сөзге дегенім жоқ жылар-күлер, 

Адам аз алдын болжап анық білер. 

Көкжалдар қойшы болса, кім біледі, 

Береке ала қойға кірсе кірер… — 

деген  салмақты  ой  тастайды.  Өйткені  кезінде  Ахаңды  Крылов  мысалдарының  ішінде  ең  бір  қатты 

қызықтырған да, назарын аударған да осы «Ала қойлар» тағдыры еді. 

«Қырық  мысалда»  Пушкиннен  аударылған  «Ат», «Данышпан  Аликтің  ажалы», «Балықшы  мен 

балық», «Алтын  əтеш»,  Крыловтан  аударылған  «Сорлы  болған  Мұжық», «Қаздар»,  Лермонтовтан 

аударылған  «Мцыри» (поэмадан  үзінді)  шығармалары  да  берілген.  Бұлардан  басқа  А.Байтұрсынов 

орыстың  лирик  ақыны  С.Я.Надсонның  «Шайылған  көз  жасымен…»  атты  өлеңін [4; 30] қазақшаға 

аударған: 



Шайылған көз жасымен жердің бетін, 

Өткізіп тым өлшеусіз өкіметін, 

Жауыздық жалғандықпен қаптағанға, 

Адал жоқ, ақ ниетті арам жеңіп, 

Жазықсыз жанды қинап, қанды төгіп, 

Бұзықтық түзуіңді таптағанға. 

Қиналып, кім болсаң да, талыққандар, 

Түңіліп, үміт үзіп, жабықпаңдар! 

Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып, 

Жарқырап жақсылыққа атар таң бар. 

Еңкейіп еңсесіне бейнет артпай, 

Шөгер тəж шынжыр киіп, азап тартпай. 

Жақындық келер күшті сəулетінде, 

Көз жасы — тірі мола, құлдық, қорлық, 

Дар ағаш, қылыш, қанжар, өштік, зорлық, — 

Бірі жоқ жақындықтың дəулетінде. 

Жанға жұт, жарық сəуле, жоқ мұқтаждық, 

Сырт берер адамзаттың əулетіне. 

Артықша тасқан қайтып, толған солып, 

Құритын кез келмекші нəубетіне. 

Демеңдер, жақсылық — таң, жай үміт құр, 

Заман тар, жауыздық зор, тым қысып тұр. 

Айналаң қараңғы түн тым түнерген, 

Қиналып, талар дүние азап шегіп, 

Қалжырар жалмауыздар қанға бөгіп. 

Болдырар алыс-жұлыс жолына ерген. 

Жүре алмай, демі құрып сонда əрі, 

Соқпалы, содыр жолдан шығар бəрі. 

Талған күш, қиналған тəн, ауырған жан 

Дертіне жақындықты етер дəрі. 

Кезінде  Надсон  өлеңдерін  Шəкəрім  де  аударған.  Қазақ  ақындары  Надсонның  Петербургта  əр 

кезде  жарық  көрген  шығармаларымен  таныс  бола  отырып,  оған  зор  ынта,  ықылас  қояды.  Көп 


Р.С.Каренов 

46 


Вестник Карагандинского университета 

жағдайда олар одан өз ой-толқындарына, ізденістеріне, сезім дүниелеріне ықпал ететін үйлесімділік, 

сəйкестік  тапқан  деуге  болады.  Надсонның  таланттылығы,  сүйкімді  бейнесі,  аянышты  өмірі,  небəрі 

25  жыл  ғана  ғұмырында  соншалықты  маңызды  да  қомақты  мұра  қалдыруы,  одан  адам  өмірінің  сан 

алуан күй сырлары шеберлікпен шертілуі, қоғамға өзіндік қатынасының айқындығы, философиялық 

ой-толғаныстары,  т.б.  қадір-қасиеттері  зерделі  жастарды  қызықтырғанға,  еліктіргенге  ұқсайды.  Бұл 

да болса, сол кездегі бір топ қазақ ақындарының томаға-тұйықтықтан аулақ болып, көршілес елдерде 

не игі іс бар, соған көңіл аударып, оларды өз халқының қажетіне жаратып, үнемі рухани ізденістерде 

болғанын байқатады [5]. 

А.Байтұрсынов орыс ақыны Ю.Жадовскаядан аударма жасаған. Юлия Валериановна Жадовская 

Ярославль  губерниясының  Любимов  уезіндегі  Субботино  селосында  дворян  отбасында  дүниеге 

келген.  Ю.Жадовскаяның  баспа  бетін  көрген  алғашқы  екі  өлеңінің  бірі — «Лучший  перл  таится...» 

туындысы [6]: 

Лучший перл таится 

В глубине морской; 

Зреет мысль святая 

В глубине души. 

Надо сильно буре 

Море взволновать, 

Чтоб оно, в бореньи, 

Выбросило перл! 

Надо сильно чувству 

Душу потрясти, 

Чтоб она, в восторге, 

Выразила мысль. 

Ахаң Жадовская жырын таза қазақы өлеңге былай айналдырған: 



Мінсіз таза меруерт 

Су түбінде жатады. 

Мінсіз таза асыл сөз 

Ой түбінде жатады. 

Су түбінде жатқан зат 

Жел толқытса шығады. 

Ой түбінде жатқан сөз 

Шер толқытса шығады. 

Өлеңнің басында «Жадовскаядан» [4; 129] деген жазу тұр. 

Ю.Жадовскаяның «Лучший перл таится...» атты өлеңі 1843 жылы «Москвитянин» журналының 

12-санында  жарияланған  екен.  Қазақтың  ұлы  тұлғасының  қолынан  шыққан  Жадовская  жырының 

қазақ  нұсқасы  əбден  қырланып,  сырланып  тұр. «Мінсіз  таза  меруерт...»  деп  басталатын  жауһар 

жырдың  иесі,  аудармашы  Ахмет  Байтұрсынов  өлеңді  барынша  ширатқан,  жұмырлаған,  ақыры 

афористік айшыққа жеткізген. Бірер оқығанда жатталады да қалады. 

Ахмет Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты саласының бірі — оның ақындық еңбегі 

Ахаң — ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиетін бостандық пен тəуелсіздік жолындағы күрес 

идеясымен байытқан ақын. Қазақ əдебиетінде Хакім Абай үлгісін жалғастырған Ахмет поэзиясынан 

заман мұңы, халық трагедиясы, ақынның дүниетанымы, терең философиялық толғамдары, азаматтық 

аңсаған  арман-мақсаты  айқын  байқалды.  Оның  ең  өткір,  ең  үздік  өлеңдері  үкімет  тарапынан  қуғын 

көріп отырды. 

А.Байтұрсынұлының азаматтық  арман-мақсаты  бейнеленген  өлеңдері  «Маса»  деген  атпен 1911 

жылы Орынборда жеке кітап болып жарық көрді. Деректерге сүйенсек, ұлт ұстазының «Тіл құралы» 

жиырма  бес  рет, «Əліпбиі»  жеті  рет  басылып  шыққан  екен.  Сондай-ақ  қазақ  мұғалімдері  үшін 

жазылған  «Баяншы»  оқулығы  сегіз  мың  таралыммен, «Оқу  құралы»  елу  мың  данамен, «Тіл  құрал» 

бірінші жылдық — отыз бес мың, «Тіл құрал» екінші жылдық — жиырма бес мың, «Маса» кітабы бес 

мың данамен таралған екен [7]. 



А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

47 

«Масаның»  негізгі  идеясы — жұртшылықты  оқуға,  өнер-білімге  шақыру,  еңбек  етуге  үндеу. 



Ақын  халықты  қараңғылық,  енжарлық  сияқты  кемшіліктерден  арылуға  шақырды.  Оның 

отандастарының  бойында  жоғары  сезімді  оятуға  ұмтылысы  зор  болды.  Сондықтан  Ахмет  жинаққа 

қойған атына едəуір ой, салмақты жүк артты: 

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, 

Сап-сары аяқтары ұзын маса, 

Өзіне біткен түсі өзгерілмес, 

Дегенмен қара яки қызыл маса. 

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, 

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. 

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, 

Қоймастан құлағына ызыңдаса? 

Ақынның  «Сөз  иесінен»  деген  осы  өлеңінде [2; 5] «ызыңдап  ұшқан...  маса» — сергектікті, 

серпіліс  пен  ізденісті  сəулелейтін  астарлы  дүние.  Ол  «үстінде  ұйықтағанның  айнала  ұшып», 

қоғамның жалқау, ұйқыдағы күйінен оянуына қызмет етеді. 

Ахмет бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, 

ойланып өседі. Сондықтан ол айналаны тану, білу, сезіну қалпын поэзия тілімен, өлеңмен жеткізуге 

ден  қояды.  Өлеңді  өзінің  ағартушылық  идеясына  пайдалануды  көздейді.  Жас  Ахмет  «Жазушының 

қанағаты» деген туындысында [2; 5]: 



Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, 

Құлағын біреу салмас, біреу салар. 

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес, 

Кейіне жарамаса, кейіне жарар. 

Қайсысы ықыласын салып тыңдар, 

Жаратпай қайсыбірі теріс қарар. 

Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар, 

Солардан аз да болса белгі қалар, — 

дейді. 


А.Байтұрсыновтың  біліктілігін,  ойлау  жүйесінің  кеңдігін,  оның  тіршілікке  деген  көзқарасын 

«Тілек батам» атты өлеңінен [2; 13,14] аңғаруға болады: 



Я, Құдайым! Аққа жақ! 

Өзіңе аян — мен нахақ. 

Аққа деген жолымның, 

Абыройын ашпай жап. 

Аят пенен хадисте, 

Адал ниет, ақ іске, 

Жаңылмасам жоқ еді 

Жаза тартсын деген бап. 

Мені ұстатып, айдатып, 

Зығырданды қайнатып, 

Масайрасып, мəз болып, 

Қуанғанды өзің тап! 

Аз күндікке алданып, 

Аз нəрсеге жалданып, 

Адасқанын Алаштың 

Түзу жолға түсір, хақ! 

Жақын жерден жау шығып, 

Мақұл сөзден дау шығып, 

Дұшпан ұстап қолымнан, 

Иттер тістеп тонымнан, 

Маған тосу болған шақ. 

Тұтқын болып тарығып, 

Жалғыз жатып зарығып, 

Р.С.Каренов 

48 


Вестник Карагандинского университета 

Ашу қысып ойды алып, 

От жайылып бойды алып, 

Дерт жүрекке толған шақ. 

Қатты айтты деп кектемей, 

Сиынғанды тек демей, 

Он екі имам əулие, 

Жиырма сегіз əнбия, 

Қолда өңшең аруақ. 

Қара палуан Жəнібек, 

Қаздауысты Қазыбек, 

Жетім қалған халқыңа, 

Тұлға болып артыңа, 

Кім тиянақ қазық ед? 

Құнсыз болып еріміз, 

Жесір болып жеріміз, 

«Жан менікі» дей алмай, 

«Мал менікі» дей алмай, 

Ит пен құсқа азық ек. 

Барын салып таласқа, 

Арын салып қалашқа, 

«Жұрт болалық» деген жоқ, 

Жұрт қайғысын жеген жоқ, 

Іріп, шіріп азып ек. 

Мұны көріп көзіміз, 

Бірігер деп сөзіміз, 

Кен болар деп балшықты, 

Көл болар деп шалшықты, 

Біз үмітпен қазып ек. 

Дəреті жоқ аяқтар, 

Қорсылдаған саяқтар, 

Былғамасын қасыңды, 

Қасиетті басыңды, 

Дегеніміз болмаса, 

Қазаққа не жазып ек? 

Байлаттырған қолымды, 

Бөгеттірген жолымды, 

Жақыным бар, жатым бар, 

Хабарлана жатыңдар, 

Мен сендерге жүгіндім, 

Төресі əділ қазы деп. 

1905–1907  жылдардағы  бірінші  орыс  революциясы  жеңіліске  ұшырағаны  тарихтан  белгілі. 

Сондықтан  елде  реакция  кезеңі  басталды.  Полицейлік  озбырлық  орнады.  Шерулерге,  митингілерге, 

тіпті қалаларда топтасып серуен құруға да тыйым салынды. Патша үкіметінің басшысы Столыпиннің 

аграрлық  саясаты  белсенді  түрде  жүзеге  асырылды.  Столыпин  заңдары  күшіне  кіргеннен  кейін 

Қазақстанға қоныс аударғандар толқыны одан сайын күшейді [8]. 

Ресейдегі  революциялық  қозғалыстың  өріс  алуының  əсерінен  Қазақстанда  ұлттық  сана  өрлеу 

үстінде  болды.  Қазақ  қоғамындағы  ұлттық  қозғалыс  бүкіл  халықтық  сипат  ала  бастады.  Ұлттық 

қозғалыстың əр түрлі ағымдары қалыптасты. Оның негізгі күші ұлттық интеллигенция болды. 

Сол тарихи кезеңде Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі ерекше маңызға ие болды. 

Ақынның  ел  күйін  өзгертудің  ағартушылық  жолдан  басқа  бір  арнасын  іздеп  сезіне  бастағаны 

байқалды.  Ол  ізденіс 1905–1907 жылдар  оқиғаларына  байланысты  туды  деуге  болады.  Мысалы, 

«Бақ» деген өлеңінде [2; 16] Ахаң: 

Бұлттар басып жасырған, 

Жаңа түсіп басылған, 

Таң шапағы сөніп тұр. 


А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

49 

Жаңаланған өмірден, 

Жаңа шығып көрінген, 

Гүл қамауда семіп тұр. 

Балалықтан басталып, 

(Тастаймын аз жасты алып, 

Есім нағыз енгенше). 

Көрдім қызық, көрмедім? 

Көрсем — баға бермедім, 

Бозбала жас келгенше. 

Құстай түлкі алатын, 

Жайып алтын қанатын, 

Уылжыған от лепті 

Жігіттік жас келді де, 

...ойды біраз бөлді де, 

Тұрағы жоқ ол өтті. 

Қудым бақты, іздедім, 

«Табамын ғой тез», — дедім. 

Азап шекті тəн-жаным. 

Қарап жақын-жырақты, 

Жақтым түрлі шырақты, 

Таптырмады қуғаным, — 

дейді. Мұндағы, «Жаңа түсіп басылған, таң шапағы сөніп тұр», «Жаңа шығып көрінген, гүл қамауда 

семіп тұр» деген символдық бейнелер жаңа ғасыр көгіндегі көрініс-құбылыстар əкелген бағыт-бағдар 

мен реакция жылдар елесі екені сөзсіз. 

Ақын ізденуден, үміттенуден, ұмтылудан жалықпайды. Өз толғауында ол былай армандайды: 

Үміт сүйрер жыраққа, 

Жетесің деп мұратқа, 

Талықсам да ізденіп. 

Қашан көңіл жасарар, 

Арқа-басың босанар, 

Рақатты жаз келіп? 

Қашан жанып шамшырақ, 

Сəуле беріп жарқырап, 

Болар жарық төрт тарап? 

Қашан маған іздеген, 

Күліп жылы жүзбенен, 

Болар серік бақ қарап? 

Бұл  тамаша  өрнектер  тек  бір  ақынның  жан-күйі  ғана  емес.  Ол  төңкеріс  алдындағы  қазақ 

қоғамының рухани ізденістерінің белгісі, алда жанар шамшырақты, бостандық кезді армандап күту, 

аңсау əрі сену сарыны. 

Ахаң  Қарқаралы  маңында  мұғалім  болып  тұрғанында  патша  үкіметіне  қарсы  əрекет  жасағаны 

үшін түрмеге қамалып, оның артынан жер аударылғаны көпшілікке мəлім. Бұл оның патша түрмесін 

алғашқы көруі болған. Осы уақытта ақын «Қа... қаласына» деген өлеңін [2; 17] шығарған: 

Қош, сау бол, Қа... жуылмаған, 

Айдай бер қалса адамың қуылмаған. 

Əдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ, 

Жасырын дыбыс шықты шуылдаған. 

Бүркеніп арсыздардың шайнауына, 

Жем тапты пісірмеген, қуырмаған. 

Шыққан соң талғамайтын доңыздардың, 

Қасыңа қиын болар жуу маған. 

Ахмет бұл өлеңін М.Ю.Лермонтовтың «Прощай, немытая Россия...» деген туындысының ізімен 

жазғаны  белгілі.  Орыс  поэзиясын  жақсы  білетін  ақынға  өзімен  мұңдас  Лермонтовтың  осы  өлеңі 

көңіліне ұнаған болса керек. 



Р.С.Каренов 

50 


Вестник Карагандинского университета 

Ақын бесік жыры үлгісімен жазылған «Жұбату» өлеңін [2; 17–19]: 



Қайран еркін 

замандарың! 

Тарлыққа жоқ 

амалдарың! 

Еркін дала, 

Еркің қайда? 

Еркіңдегі 

Көркің қайда? 

Нулы, нулы 

Жерің қайда? 

Сулы, сулы 

көлің қайда? 

Еркін көшкен 

Елің қайда? 

Ел қорғаны – 

Ерің қайда? 

Тура айтатын 

Биің қайда? 

Би бардағы 

Күйің қайда? 

Адал көңіл 

Ақтық қайда? 

Жалған анттан 

Сақтық қайда? 

Бауыр тартқан 

Жүрек қайда? 

Намыс қызған 

Сүйек қайда? — 

деген жолдармен бастайды. Алты ауыз алауыздықтың салдарынан өзге елге бодан болған елін: 



Малың алдау, 

Талауда тұр. 

Жаның арбау, 

Қамауда тұр. 

Аяғыңды тұсау 

Қысты. 

Жақтарыңды 

Құрсау қысты — 

күйінде көреді. Ұлықтарың «біз тұрғанда қам жеме, ұйықтай бер» деп, «əлдилейді», ондай «əлдиге» 

сеніп қалма деп, халқын қырағылыққа үгіттейді. 

«Жұртыма» деген өлеңінде [2; 17] ақын қазақтың тағы бір тиімсіз мінезіне қадалады: 



Бірлік қып іс етуге шорқақ, жұртым, 

Табылса оңай олжа ортақ, жұртым. 

Сияқты қара қарға шуылдаған, 

Үрейсіз, қоян жүрек қорқақ, жұртым. 

Білмейсің жөнің менен терісіңді, 

Ел болып іс етпейсің келісімді. 

Үміт қып бəйге атындай талай қосып, 

Байқадық шабыс түгіл, желісіңді. 

Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса, 

Шығасың қолыңа ала керісіңді. 

Батырап бет-бетіңе жөнелгенде, 

Көрдік қой жайылатын өрісіңді. 

А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

51 

Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар, 

Қайтейін, өзге десе көнгішіңді. 

Сықылды сынық бұтақ төмендесең, 

Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?! 

Ақындардың  бір-біріне  жазған  арнау  өлеңдерінде  олар  өмір  сүрген  дəуірдің  тыныс-тіршілігі, 

бет-бейнесі  бар.  Мысалы,  А.Байтұрсынов  халық  бостандығы  жолындағы  күрес  жылдарында  да, 

əдебиет  саласында  да  онымен  қатар  жүрген  серігі  М.Дулатовқа  арнап  жазған  «Ақын  ініме»  атты 

өлеңінде [2; 20, 21]: 

Азырақ құлағың сал, ақын інім, 

Ойымыз рухымыз жақын, інім. 

«Ағалық правосын қолыма алып, 

Келемін айтайын», — деп ақыл, інім! 

«Өзімді ағаңмын», — деп үлкейтемін, 

Онымды көремісің мақұл, інім. 

Адасқан ағаңыздың жері болса, 

Тілеймін ете гөр деп ғафу, інім. 

Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың, 

Күресте кім кетпейді ғапыл, інім. 

Ат қойған аз-көбіне қарамастан, 

Ақылға біздер жарлы пақыр, інім. 

Доңыздай талғамай жеп семіргендер, 

Саналып ақылдыға жатыр, інім. 

Сүйікті миллəтіңе болам десең, 

Нашардың көбірек же хақын, інім. 

Сыйласын десең жұртың қадір тұтып, 

Айғырсып момындарға ақыр, інім. 

Білімді ел ішінде болам десең, 

Шешенсіп, жоқты сөйлеп лепір, інім. 

Қолыңнан мұның бірі келмес болса, 

Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім. 

Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа, 

Ет асып табақ-табақ шақыр, інім. 

Аузымен орақ орып, бəрін де етер, 

Қымызды шара-шара сапыр, інім. 

Ет пенен қымыз беріп сөйлеп көрсең, 

Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім. 

Ақылың Аплотондай болса-дағы, 

Қымыз бен ет жоқ құр татыр, білім, — 

деп  патша  заманының  қулық-сұмдығын  келемеж-кекесінмен  жеткізеді.  Сүйікті  болғың  келсе, 

«нашарлардың хақын көбірек же», сыйласын десең «айғырсып момындырға ақыр», білімді боламын 

десең, «шешенсіп жоқты сөйле, лепір», — дейді Ахаң. 

А.Байтұрсыновтың  ақын  інісіне  айтқан  осы  «ақылы»  қазір  де  құнын  жойған  жоқ.  Ел  қамын 

жеген болып, трибуналардан көлгірсіп, көсемсіп сөйлеу, əлсіздерге күш көрсету, күле кіріп, күңірене 

шығу əлі де бар екенін жасыра алмаймыз. 

Ахмет  Байтұрсынұлы  ақындығына  тəн  бір  сипат — ол  өз  поэзиясы  арқылы  ХХ  ғасырдың  бас 

кезіндегі  қазақ  əдебиетіне  ел  азаттығы  жолындағы  күрескер-қаһарман  бейнесін  əкелді [9]. Оның 

«Досыма хат» өлеңіндегі [2; 7, 8]: 



Қырағы қия жазбас, сұңқарым-ай,! 

Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай! 

Үйілген өлексенің өрге сүйреп, 

Шығармақ қыр басына, іңкəрім-ай! 

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр, 

Түнерген төбемізден бұлт арылмай. 

Көк етті, көн терілі көніп қалған, 

Р.С.Каренов 

52 


Вестник Карагандинского университета 

Сықса да шыдай беру жұрт жарылмай. 

Кім біліп ер еңбегін сезіп жатыр? 

Кім шыңдап жолдастыққа төзіп жатыр. 

Сасық ми, салқын жүрек санасыздар, 

Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр. 

Сынайтын жақсы менен жаманды өлшеп, 

Құлдықтың қолдарында кезі жатыр. 

Кешегі кеңшілікте керек қылған, 

Бостандық болмаған соң безіп жатыр. 

Айтқанмен таусылар ма оны-мұны? 

Талайдың таңдамалы түпкі сыры: 

Жанасқан шын көңілмен жақындық аз, — 

Көбінің іші салқын, сырты жылы. 

Ақшаға абыройын, арын сатып, 

Азған жұрт адамшылық қалмай сыны. 

Жаны ашып, жақыны үшін қайғырар ма, 

Жаны мал, жақыны — мал, малдың құлы?! — 

деген жолдардағы «сұңқар», «тұлпарға» теңелгендер бостандық пен тəуелсіздіктің жоқшысы. Қиын-

қыстау  күндерде  мақсат  пен  тілек  біріктірген  серіктестердің  қайраткерлік  тұлғасының  бедерлі 

бейнесі.  Егер  «Қырағы  қия  жазбас,  сұңқарым-ай,  Қажымас  қашық  жолға,  тұлпарым-ай»  деген 

метафоралық  өрнектер  бұрыннан  көркемдік  арсеналда  болса, «Үйілген  өлексенің  өрге  сүйреп, 

Шығармақ  қыр  басына,  іңкəрім-ай»  ақынның  өзі  тапқан  көркемдік  тіркесі.  Мұның  өзі  айтылмыш 

ойды үдете, үстемелей жеткізу қызметін атқарып тұр. 

Ахаңның кез келген өлеңі елінің тағдыры, мұңы, оның бүгінгі мен ертеңін толғауға арналған: 



Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, 

Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ. 

Жел соқса, құйын қуса жылжи беру, 

Болғандай табан тіреу еш нəрсе жоқ. 

Бұл күйге бүгін емес көптен кірдік, 

Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік. 

Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, 

Алалық алты бақан дертпен кірдік. 

Бейне бір құдіретті сынағандай, 

«Сақтар деп сақтар болса» сертпен жүрдік. 

Жат жақты жаратқанға күзеттіріп, 

Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік. 

Білдірдік елдің сырын, ердің құнын, 

Еліріп ерегіске екі-үш күндік. 

Кіреді тентек есі түстен кейін, 

Мүшкілін халқымыздың жаңа білдік. 

Əлі де саңылаусыз салтын бағып, 

Түрі жоқ іс ететін пəлен дерлік. 

«Ұлы той көппен көрген» жалғыз мен бе, — 

Деп отыр, не болса да жұртпен көрдік, — 

дейді Ахмет тебіреніп. Осы «Қазақ қалпы» өлеңінде [2; 6, 7] елшілдік туын көтерген ақын позициясы 

айқын таңылады. 


А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

53 

А.Байтұрсынұлының  Мəскеуде  жарық  көрген  «Ер  Сайын»  жыры  Шоқан  Уəлихановтың  досы, 



əйгілі  орыс  ғалымы  Г.Н.Потанинге  тарту  ретінде  шығарылған.  А.Байтұрсынов  «Г.Н.Потанинге» 

деген арнау өлең де [2; 24–25] жазған. Бұл туынды: 



Атақты Сібір ұлы қарт Потанин, 

Ер сүйсе, сендей сүйсін ел — Отанын. 

«Қазақсың, қалмақсың», — деп алалау жоқ, 

Отанның тең көресін барша жанын. 

Қазаққа Потаниннің аты ардақты, 

Иəміштің біліп отыр қанша шалын?! 

Сексенді сен атқардың жұмыспенен, 

Күндерде қарлы жаңбыр жүріспенен. 

Өзіңді көзіңе айтып мақтау емес, 

Бізсіз де ісің айғақ тұр істеген. 

Ұл туып ұлы жолда қызмет етсе, 

Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?! 

Ергенге жолың сара лақпайтын, 

Туың зор атын оқпен құлатпайтын. 

Сырыңды жыр ғып сөйлеп жеткізуге, 

Көп сөзді көршілер тұр ұнатпайтын. 

Жаз келер, жадыраған күндер туар, 

Жыр жырлап ту түбінде шуақтайтын, — 

деп басталды да, былай аяқталады: 



Біз едік қадірі жоқ ұл əкеге, 

Көп жатқан мешел болып келекеде. 

Əл бітіп, жаңа ғана аяқ басып, 

Іліндік біз де жетіп мерекеге. 

Тойыңа шашу алып шаттанамыз, 

Білдіріп жүрек лебін Грекеңе!!! 

Алдында Алаш тарту ұсынып тұр, 

Қорының сыйы нашар қысылып тұр. 

Жағдайсыз шаруаға шарт туғызған, 

Алаңды зор «соғыстың» тұсы боп тұр. 

«Орамал тонға емес, жолға» — деп ал, 

Əзіргі ат-шапаны осы боп тұр. 

Алты Арыстың ардақты жанашыр көсемі 1932 жылы Ақтеңізде айдалып жүрген кезінде Шығыс 

Қазақстан  облысы,  Қатонқарағай  ауданынан  Серікбай  Мамырханов  деген  азаматпен  кездеседі. 

Серікбай — Найман  елінде  Мамырхан  деген  бидің  баласы,  арабша  оқып  зеректікпен  хат  таныған, 

Əбдікерім Ережепұлы деген белгілі болысқа хатшы болған, сөз ұғар, сауатты жігіт. Ол 28 жасында он 

жылға кесіліп, Беломор-Балтық каналының тоңын қазуға барады. 

Ахаң  да  сол  каналдың  тоңын  қазушылардың  арасында  екенін  білген  Серікбай  бір  қолы  қалт 

еткенде сəлемдесіп, Ахметтің жатқан барағына барып, жөнін айтыпты. Семейде болған Ахаң, сауатты 

Əлихан  Бөкейхановпен  Орман  академиясының  дайындық  курсын  бірге  бітірген  Қаратай  елінің 

Əбдікерім болысын танып біледі екен. 

Ахаң: «Қарағым,  сөз  білетін  жігіт  екенсің,  қойын  дəптерің  болса,  бес-алты  ауыз  сөз  жазып 

берейін», — дегенде, қуанып кетіп, сиялы қарындашы мен дəптерін ұсынады. Сонда қазақтың Ахмет 

ағасының жазған «Елге сəлем» атты 10 шумақ толғауы [2; 25–26] келесідей: 

Талапты жастың бірі — сен бір балам, 

Келіпсің дəмің айдап Қаратайдан. 

Қаңбақтай жел аударған ажырапсың, 

Ел жұрттан, туысқаннан кейін қалған. 


Р.С.Каренов 

54 


Вестник Карагандинского университета 

Басынан ер жігіттің нелер кетпес, 

Қажыма, қайратты бол, ешнəрсе етпес. 

Бейнетің көрген түстей болар ұмыт, 

Шығарсың азаттыққа ерте иə кеш. 

Басың жас, қызығың көп көрер алда, 

Мұңайма бақсызбын деп бүгін таңда. 

«Ұлы той көшпен көрген», — деген бар ғой, 

Байқасаң аман қалған адам бар ма?! 

Не білгір, не данышпан бəрі келген, 

Жас та көп, бұл арада кəріменен. 

Танысып талай жұрттың жайын біліп, 

Жолдас боп жүрсің, міне, бəріменен. 

Осының үлкен олжа өзі саған, 

Не көрді елде қалған басқа адам. 

Өкінбей мұнда өткен өміріңе, 

Өрге жүз, өрнек алып осыларды. 

Күн туар, есен-аман үйге қайтар, 

Қызықтың бастан кешкен бəрін айтар. 

Ысылып тең құрбыңның алды болсаң, 

Көргендер, көріскендер басын шайқар. 

Ақыры сергелдеңің болмай теріс, 

Өзіңе қайырлы боп мұнда келіс. 

Ел-жұртты бізден бұрын көре қалсаң, 

Сəлем айт алты арысқа бізден тегіс. 

Айтарсың: Ақ теңіздің аралында, 

Айдалған ағаларым қамауында. 

Баяғы көксегені сенің бағың, 

Жүрсе де бақтаушының қарауында. 

Кеш жатып, ерте тұрып жабығады, 

Кеттік деп сенен алыс қамығады. 

Сарыарқа сайран еткен қайран мекен, 

Ерте-кеш соны ойлап сағынады. 

Ызғарлы Ақ теңіздің күні тұман, 

Бар екен ағаларда үлкен шыдам. 

Бел байлап тəуекелге жүріп жатыр, 

Басқа сөз айтқаны жоқ дерсің бұдан. 

Кейін С.Мамырханов Архангел облысындағы Ақтеңіз аралдарының бірінде орналасқан лагерден 

аман-есен қайтқан көрінеді. Ол 1988 жылы «Біздің Отан» газетінде Ахаңның оған жəдігер етіп жазып 

берген өлеңін жариялайды [10]. 

1937 жылы тұтқындалған А.Байтұрсынов түрмеде отырып, өзінің соңғы өлеңін жазады [11]: 

Не жазып ем, құдай-ау мен қазаққа, 

Мұншама ғып салғандай 

бұл азапқа?! 

Адамшылық есебіне кірісіп, 

Қолы жетсін дегенім бе азатқа? 

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа, 

Жол сілтедім жақын емес, алысқа. 


А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

55 

«Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, — 

дедім, — сен де қатарыңнан қалыспа!» 

 

Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? 

Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? 

Аштан өлген аталарың бар ма еді, 

Тамақ үшін сатқан иттер иманын. 

 

Көң тасыған көк есектер, бəріңе, 

Қалдырмастан жағалай жас-кəріңе, 

Үрім-бұтақ нəсіліңе қалғандай 

Нық басылар кетпейтін мөр тəңіне. 

 

Бəріңді де іздеп қарап көрермін, 

Тапқанымды тастамаспын, терермін. 

Миллат үшін еңбектері сіңген деп, 

Өсиет қып, кейінгіге берермін. 

 

Асықпаңдар, артымызда қазы бар, 

Тергеп талай, сүйектерің қазылар. 

Пайғамбарды сатып отыр тілла алған, 

Яһудамен бірге аттарың жазылар. 

 

Қинамайды абақтыға жапқаны, 

Қиын емес дарға асқаны, атқаны. 

Маған ауыр осылардың бəрінен, 

Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны. 

Ахмет  Байтұрсынұлының  «Туған  тілім», «Дағдарыс», «Қоян»  деген  үш  өлеңінің  мəтіні  ақын 

есімі ақталғаннан кейін (1989, 1992 жж.) баспасөз беттерінде жарияланды [12]: 

1. «Туған  тілім».  А.Байтұрсынұлының  бұл  өлеңі 1916 жылы  қазақ  елінің  жазу  тілінің  тарихи 

таласқа түскен тұста жазылып, 1916 жылы «Қазақ» газетінің 31 қаңтар № 167 санында жарияланған. 

2. «Дағдарыс»  атты  өлеңі — «Қазақ»  газетінде 1915 жылғы  желтоқсан  айының 16-сы  күнгі 

№ 116  санында  «Оқшау  сөз»  айдарымен  жарияланған.  Өлең — сол  тұстағы  əділетсіздік  жайлаған 

билеуші  топқа  көңілі  қалып,  əділеттілік  күткен  қоғами  ортамен  бірге  дағдарған  кейіпкердің  бір 

құдіретке зарлай арнаған толғауы іспетті. 

3. «Қоян» 1915 жылдың 31 желтоқсанындағы № 163 санында («Қазақ») жарық көрген. Бұл өлең 

ақынның 1922 жылғы өлеңдер жинағына енбеген. Аталған өлеңде мұсылманша жыл қайыру атауына 

ие болған «Қоян» жылының қашанда елге жайсыз тигені жырланады. 

Ахаңның бұл еленбей келген жырлары ғалымның бес томдық жинағының бесінші томына алғаш 

рет енді [13]. 

Қорыта  айтқанда,  А.Байтұрсыновтың  өлеңдер  топтамасы — көп  ғасырғы  қазақ  поэзиясының 

дəстүрлерін,  демократтық-ағартушылық  əдебиет  үлгілерін,  жаңа  тарихи  жағдайда  дамытып, 

жалғастырған идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. 

Ахметтің азаматтық сарыны басым «Жиған-терген» өлеңі 

Отаршылдықтың  езгісін  көріп  отырған  қазақ  елінің  басқа  жұртпен  теңдігін,  ғылым-біліммен 

көзінің  ашылуын  армандаған  Ахаң  өз  шығармаларында  соны  өзек  етеді.  Сондықтан  ол  халқына 

«Жиған-терген»  деген  тамаша  толғауын [2; 8–11] ұсынады.  Бұл  өлең  ұлы  Абайдың  «Сегіз  аяғы» 

үлгісімен,  əсерімен  жазылған  шығарма.  Осы  еңбегінде  А.Байтұрсынов  қазақ  қоғамының  көптеген 

көкейтесті мəселелерін көтерген: 

1. Мына өлең жолдары ақынның қоғам қалпы туралы ойланғанын көрсетеді: 

Əр жолды ойлап, 

Ойыма бойлап, 

Ұқтым тайыз, тереңді. 

Сайраған тілмен, 

Зарлаған үнмен, 


Р.С.Каренов 

56 


Вестник Карагандинского университета 

Құлағы жоқ кереңді — 

Ұқтыра алмай сөз əуре, 

Тек тұра алмай біз əуре. 

2. Мына  өлең  жолдары — қоғам  мен  тұлға  арақатынасы  күрделілігінің  көрінісін,  азаматтық

лириканың  үлгісін,  яғни  автордың  əлеуметтік  ортаға  деген  көзқарасы  Абай  көтерген  қоғамдық 

ойлармен қабысатынын, бейнелейді: 



Салып дауға, 

Сатылып жауға 

Болыстықты алысты. 

Қазық боп жұртқа, 

Қорған боп сыртқа, 

Кім ойлады намысты?! 

Мақтады ұлық, — болды мəз, 

Қауым үшін қайғы аз. 

Оқытты жасын, 

Өсіріп шашын, 

Мал табуға салынды. 

Қаламнан, хаттан, 

Жауаптан айтқан 

Білді жалғыз алымды. 

Кейбірі шен алмақта 

Дінін шаншып қармаққа. 

.............................................. 

Балалық қалып, 

Ес біліп анық, 

Ер жеткелі жиырма жыл, 

Баяғы қалпы, 

Баяғы салты, 

Бұ неткен жұрт ұйқышыл?! 

Болсын кедей, болсын бай, 

Жатыр бейғам, жым-жырт жай. 

3. Мына  өлең  жолдары  аңқау  адамдарды  алдап,  мал  жинап,  кəсіп  етіп  жүрген  арамза

молдаларды, халық бойындағы енжарлық, бейқамдық мінездерді сынға алады: 

Басында — сəлде, 

Аузында — алла, 

Молдаларда не ғамал. 

Көздерін сүзіп, 

Жүздерін бұзып, 

Алдап жұртты жимақ мал. 

Жұмақ молда қолында, 

Сауда-саттық жолында. 

Бергенге жұмақ, 

Бермесе — дозақ 

Деп үйретер халыққа. 

Жұмақтың кілтін, 

Алланың мүлкін, 

Арендаға алып па? 

Молда сатса тиынға, 

Ол алла емес, сиынба?! 

Шалқаңнан жатып, 

Алланы сатып, 

Аламын деп қорлама! 

Еңбексіз ит жер, 

Бейнетсіз бит жер, 


А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің салмақты ... 

Серия «Филология». № 3(71)/2013 

57 

Берсеңдер, бер молдаға! 

Өзіңді, бірақ алдама! 

Ақшаға жұмақ жалдама! 

4. Мына  өлең  жолдары  қазақ  ауылындағы  əлеуметтік  теңсіздіктің  бəрін  көріп  толғанған

ақынның ойлы тұжырымын білдіреді: 

Ұлғайып қайғы, 

Уытын жайды, 

Айтпасыма болмады. 

Қабағын түйіп, 

Қаһарын жиып, 

Көкті бұлт торлады. 

Жаңбыр жаумай, жауса қар, 

Жұрт жұтайтын түрі бар. 

5. Мына өлең жолдары — озбырлық, үстемдік ету үшін жүргізіліп отырған саясаттың нəтижесін

баяндайды: 

Ұйқышыл жұртты, 

Түксиген мұртты 

Обыр обып, сорып тұр. 

Түн етіп күнін, 

Көрсетпей мінін, 

Оятқызбай қорып тұр. 

Обыр болса қамқорың, 

Қайнағаны сол сорың! 

6. Мына  өлең  жолдары — ел  ішіндегі  азын-аулақ  зиялы  азаматтар  сөзіне  құлақ  қоюдың

аздығына күйінуден туған: 

Оянған ерге 

Ұмтылған жерде, 

Еруші аз да, серік кем. 

Қас білген досты, 

Дос білген қасты, 

Мұндай елді көріп пе ең? 

Қыс ішінде бірер қаз, 

Келгенімен, қайда жаз. 

7. Мына өлең жолдары — өзінен-өзі мəтелге сұранып тұрған түзілімдер:



Қиыннан қиып, 

Қиырдан жиып. 

Немесе: 


Ашынса етің, 

Ашылмақ бетің. 

Немесе: 


Иланбасам айтпаймын, 

Иманымнан қайтпаймын. 

8. Мына  бір  астарлы  екі  жол  нақыл  кітабына  немесе  мақал-мəтел  жинағына  əбден  қосуға

татитындығы даусыз: 

Бір күн тойса есектер, 

Ми жоқ алдын есептер. 

Шынында, «есектер» деген атаудың астарында есірек пенденің қаншасы жүр?! 

Сонымен, Ахмет өз туындысында сөз ұғар, көңіл көзі сергек қауым алдына нелер келеңсіз көріністер 

сырын ашқан. Ақын жырын былай аяқтаған: 



Қазағым — елім, 

Қайқайып белің, 

Сынуға тұр таянып. 

Талауда малың, 

Қанауда жаның, 

Аш көзіңді оянып. 

Р.С.Каренов 

58 


Вестник Карагандинского университета 

Қанған жоқ па əлі ұйқың, 

Ұйықтайтын бар не сиқың. 

Бұл сөздерді патша цензурасы кезінде жарыққа жібермей тастаған. 

Əдебиеттер тізімі 

1  Имаханбетова Р. Ахаң жəне аударма мəселесі // Жұлдыз. — 2006. — № 11, 12. — 179–181-б. 

2  Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінер? — Алматы: Қазақстан (А.Байтұрсынұлы атындағы қор), 1994. — 112-б. 

3  Əбдіманов Ө. Азаттықты ту көтерген туынды // Жұлдыз. — 1993. — № 7. — 194-б. 

4  Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. — Алматы: Жазушы, 1989. — 320 б. 

5  Сəтбаева  Ш.  Ахмет  Байтұрсынов (1873–1937) / ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  əдебиеті. (Қазан  төңкерісіне 

дейінгі дəуір). — Алматы: Ғылым, 1994. — 144-б. 

6  Əбдірахманов С. Жадовскаядан // Егемен Қазақстан. — 2011. — 3 маус. — 5-б. 

7  Мəметқазыұлы Қ. Ұлтымыздың ұлы ұстаздары // Қазақ. — 2010. — № 38, 39 (499–500). — 17–24 қырк. — 4-б. 

8  Рысбай  К.  Қазақстан  Республикасының  тарихы. — Алматы: «Жедел  басып  шығару  баспаханасы»  ЖШС, 2005. — 

151-б. 

9  Əбдиманұлы Ө. Ұлттың рухани көсемі // Ақиқат. — 2006. — № 5. — 23-б. 



10  Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда: Естеліктер мен тарихи деректер. — Алматы: Жалын, 1996. — 34-б. 

11  Сəрсекеев  Қ.  Ұлт  ұстазы,  немесе  Алаштың  Ахметі  (Ахмет  Байтұрсынов  жайлы  ой  түйін) // Жұлдыз. — 2003. — 

№ 12. — 104-б. 

12  Иманханбетова Р. Ахмет Байтұрсынұлының еленбей келген еңбектері // Қазақ əдебиеті. — 2007. — № 32 (3036). — 

10 тамыз. — 6-б. 

13  Имаханбетова Р. Ахаңның тың туындылары һəм оның бүркеншік аты хақында // Ақиқат. — 2008. — № 11. — 230-б. 

Р.С.Каренов 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет