- «Әжелер мектебі» жұмысын жандандыру, алдын-ала әзірленген «Ерте, ерте, ертеде....» әжемнің ертегісін тыңдайық челленджі бейнематериалдарын тамашалау;
- «Ертегілер әлеміне саяхат»сүйікті ертегілерді айтқызу;
- «Мен бастаймын, сен жалғастыр», мақал-мәтел айтудан сайыс ұйымдастыру
15.08
«Алуан-алуан кейіпкер бар»
- «Менің сүйікті кейіпкерім», ермексаздан мүсіндеу, суретін салу;
- өзі қолдан жасаған кейіпкерінің образына еніп оның даусымен дыбыстау, сөйлеу;
- ертегі тыңдату, ондағы кейіпкерлер туралы өз ойларын айтқызу.
16.08
«Өнерлі өрге жүзер»
- Ата-аналармен бірлескен әрекетте алдын-ала үйде әзірленген ұлттық оюлардың көрмесін қарастыру және жасалған бұйымдар туралы әңгімелесу;
- тақырыпқа сәйкес жұмбақтар шешкізу;
- бұрыннан білетін әндерді айтқызу, билерді билету.
17.08
«Ел іші – өнер кеніші»
- Педагогтар мен балалардың бірлескен театрландырылған қойылымдар байқауын ұйымдастыру:
- театрландырылған қойылымдар қою үшін атрибуттарды орналастыру;
- қойылым желісін ойластыру;
-рөлдерді ортақ келісіммен бірге таңдау;
- қойылымды қою.
18.08
«Ғажайыптар әлемінде» 21-25.08.2023
«Балабақшам өз үйім»
- «Менің балабақшам», жазғы сауықтыру кезеңінде алған әсерлері туралы балалармен серуенде әңгімелесу;
- тақырыпқа сәйкес асфальтқа ұжымдық сурет салуға жұмылдыру, салған суреттері бойынша өз ойларын айтқызу;
- тәрбиеші, медбике, тәрбиеші көмекшісі, музыка жетекшісі, денешынықтыру жетекшісі, аспазшы және т.б. рөлдерінде бөлініп, рөлдерді өздігінен таңдап, ойнауға мүмкіндік беру