Шаштеңге. Күміс, алтын сөлкебай теңгелерді тесіп, бау өткізіп, шашқа қосып
өретін қарапайым шолпы түрін осылай атаған. Шаштеңге шашбауға немесе
бұрымның ұшына тағылған. Шаштеңге тиындары да сыңғырлаған дыбыс шығарып,
қыздың келе жатқанынан хабар беріп тұратын болған.
Бұдан өзге бұрымның арқа тұсына тағатын жалпақ қынама бұйымды арқалық,
шүйде маңынан тағылатынын желкелік деп атаған. Бұлардың бәріне қойылатын
басты талап – бұйымның эстетикалық сұлулығы болған.
Қазақ қыздары мен келіншектерінің, егде әйелдерінің тұрмыстағы түрлі
жағдайлары оның шаш қою үрдісіне, шаштың үстінен басатын бас киім киюіне
қарап анықталатындығын байқадым. Мысалы, жас қыздар тұлым, бұрым өсіріп,
үкілі тақия кисе, бойжеткен қыздар білектей бұрым өсіріп, басына үкілі бөрік киетін
болған. Тұрмысқа шығар алдында үкілі сәукеле киіп, желек жамылған.
Келін болған соң самай шашын бөгде адамдарға, әсіресе басқа еркектерге
көрсетпеу үшін кимешек киіп, орамал (жаулық) тартқан.
«Ақ жаулықты ана» деген сөз осыдан шықса керек. Сәукелелі жас келін
күнделікті тұрмыста сәукелесін шешіп, бір жыл бойы жаулықтың сыртынан желек
жамылып жүрген. Бір жылға дейін қайын жұртының жақын-жуығынан әлдебіреу
өмірден өтсе, желегін алып тастайтын болған. Ал бір жылға дейін амандық болса,
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
139
арнайы шағын той жасап, келіннің желегін сыпыратын болған. Сондықтан да қазақ
«келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп ырымдаған екен.
Қазақ қыздары шашын көбінесе жұп етіп өрген. Ежелден жеткен наным-сенім
бойынша, бұрымның жұп болатын сыры: бір жағынан бұрымның әрі ұзын, әрі тоқ
екендігін көрсетіп көзді сүріндіру, көргендерді тамсандыру. Екіншіден, қыз
жұбайлы, яғни жұптасып өмір сүруге тиісті дегенді меңзеген. Бұрымның бірі –
өзінікі болса, екіншісі – болашақ жарынікі. Кейде: «Бұрымы көп болса, күйеуі де көп
болады» - деп, қос бұрымнан артық бұрым қойдырмайтын дәстүр де кездесетін
көрінеді.
Қазақ әйелдерінің шашы ешқашан дудырап жайылмаған. Тек қаралы жағдайда
ғана жайылған. Өмірден өткен адамның әйелі, қыздары, туған анасы, қарындастары,
келіндері шаштарын жайып жіберіп, бүйірлерін таянып, қара жамылып, жылаумен
болған. Ежелде өлген адамның, әйелінің, туған қыздарының шаштарын ауыл
әйелдері тарқатып, жаяды да жетісі өткен соң қайтадан өріп беретін болған екен. Ал
келіндері болса, олар шаштарын жетісіне дейін өздері тарқатып, керек болғанда
өздері өріп алатын салт болыпты. «Қара жамылды» дейтін осыдан болса керек.
Сонымен қатар, екі ер адам өзара төбелескен немесе екі рулы ел, халық өзара
майдандасқан кезде қазақ аналары басындағы жаулығын жұлып алып, екі ортаға
тастайтын болған. Мұндай жағдайда ерегес тоқтатылуы тиіс. Өйткені, ақ жаулық –
ананың ақ сүтінің символы болып есептелген. Бәріміз жақсы білетін «Қыз Жібек»
фильмінде осы салттардың бәрі анық көрініс тапқан.
Қазақ арасында шаш пен бұрымға қатысты ырымдармен қатар, тыйым сөздер,
қарғыстар да көп ұшырасады. Мысалы: «шашты қима», «шашпен ойнама», «шашты
жұлма», «шашыңды жайма» т.б. тыйым сөздері болса, «бұрымың қырқылғыр»,
«тұлымдың тұл болғыр», «айдарлысы құл болғыр, тұлымдысы күң болғыр»,
«бұрымың кәпірдің қолында кеткір» деген сияқты аса ауыр қарғыстар жеткен.
Мұның бәрі де тарихи өмірден алынса керек. Қазақтарда Алтыншаш, Сұлушаш,
Қарашаш, Ақтұлым, Тұлымшақ, Айдар, Бегайдар, Шаштыбай, Самай, Кекілбай,
Додабас, Қырыққанбас т.б. шашқа байланысты есімдер кездеседі. Шашқа
байланысты қою шаш, сұйық шаш, селдір шаш, кірпі шаш, қолаң шаш, ұзын шаш,
қысқа шаш, сары шаш, қара шаш, ақ шаш, жирен шаш, қоңыр шаш, бурыл шаш,
бұйра шаш, жалбыр шаш, келте шаш деген тіркестер бар. Сонымен қатар шаш пен
басқа қатысты қырау самай, үрпек бас, таз бас, дода бас, тақыр бас, бояу бас, ақ бас
т.б. тіркестерді білеміз. Ал бұрымға, оны өруге қатысты білектей жуан бұрым, тоқ
бұрым, жіңішке бұрым, келте бұрым, жалғыз бұрым, қос бұрым, көп бұрым, ит
қабырға, африкандық бұрым т.б. ұғымдар барлығын теріп, жинақтадық.
Қазақ халқы қыздың бұрымын сұлулықтың символы ретінде санап, оған сансыз
көп ән мен жырлар, күйлер арнаған. Батырлық жырларда қазақ қызының әсем
бұрымын кереметтей жырлағандығын білеміз. «Шаштарын бес күн тарап, он күн
өрген» деген халық әніндегі тіркес бекер емес.
Бұған қоса, кейінгі кезеңдерде шыққан авторлық өлеңдер мен әндер де көп.
Олардың барлығында да қазақ қызының қолаң шашы туралы жырланады. Мысалы,
Абай атамыз «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? – дейді. Ал қазақтың тағы бір тамаша
ақыны Мағжан Жұмабаев шолпысын сылдырлатқан қазақ қызы туралы «Шолпы»
өлеңінде былай деп жырлайды:
Сылдыр, сылдыр, сылдыр...
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
140
Өзекті өртеді құрғыр.
Әдейі іргеден жүреді,
Сұлу қыз санадан солғыр! – деп құлаққа шолпының сылдырын елестеткендей
болса, ақын Құдайберген Қазыбаев пен сазгер Марат Омаровтың әйгілі «Қыз сыны»
әні нағыз біздің жұмысымыздың тақырыбын ашып тұрғандай:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашың төгіліп жерге,
Күмістен шашбау жарасып белге.
Біз жоғарыда келтіргендей, қазақ ақын-жыршыларының, композиторларының
қазақ аруларының қолаң шашын жырламағаны жоқ шығар. Қазақ қыздарының
ғажайып сұлулығын, қолаң шашы мен үкілі кәмшат бөркі мен сылдырлаған
шолпысын, шашбауын әнге қосып, өлең жазған ақындар мен композиторлар
тізімінің өзі бірер бетті алары анық. Мұның өзі қазақ халқының бұрымды, оның
сұлулығын, әсемдігін қаншалықты қадірлегенін танытады.
Шаш қоюға қатысты сауалнама, зерттеу. Шаш қою туралы мәліметтерді
әлемдік, ұлттық деңгейлерде зерттеу барысында мен өз мектебімдегі құрбы-
құрдастарыммен жұмыс жасаған болатынмын. Яғни оларға сауалнама тарату арқылы
шаш қоюға деген өз көзқарастарын білу мақсаты жүзеге асырылды. Сауалнамаға
сыныптағы 18 оқушы, мұның ішінде 10 қыз, 8 ер бала қатысқан. Оларға мынадай
сұрақтар қойылды:
1. Шаштың сиқырлы қасиеті бар дегенге сенесің бе?
2. Сен өз шашыңды қысқартып, қимай, ұзын айдар (бұрым) қылып өсіруге
тырысасың ба?
3. Шаш қоюда өзіңнің еліктейтін тұлғаң бар ма?
4. Шашыңды көбінесе кімге қидырасың?
5. Саған қандай шаш (ұзын немесе қысқа) шаш ұнайды?
6. Орамал тағу немесе тақия киюге көзқарасың қандай?
7. Тақия немесе орамал тартып жүрудің қандай пайдасы бар?
8. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне сай шаш қою үлгілерін білесің бе және
оған көзқарасың қандай?
9. Шаш қоюда арнайы бір шектеу, тыйымдар салуға қалай қарайсың? Мұндай
шектеулер туралы естігендерің бар ма?
Жоғарыда берілген сұрақтарға оқушылардың берген жауаптарының басты
мағыналары мынадай:
1-сұрақ. Ер балалардың 60 пайызы сенбейді. Қыздардың 30 пайызы ғана
сенбейді.
2-сұрақ. Қыздардың 80 пайызы, ер балалардың 20 пайызы өсіруге
тырысатындықтарын айтып жауап берді.
3-сұрақ. Қыздардың 80 пайызы ешкімге еліктемейтінін, ал ер балалардың 50
пайызы қандай да бір өнер мен спорт жұлдыздарының шаш қою мәнеріне
еліктейтіндіктерін айтты.
4-сұрақ. Қыздардың 50 пайызы анасы мен таныстарына, туыстарына, 50
пайызы шаштаразға қидырады екен. Ал ер балалар 100 пайыз жергілікті шаштаразға
барып қидырады екен.
5-сұрақ. Қыздардың 80 пайызы ұзын шашты ұнатады. Ер балалардың арасында
біреуі ғана ұзын шаш ұнайтынын білдірген.
6-сұрақ. Орамал тағуға, тақия киіп жүруге сынып оқушыларының жалпы
көзқарасы дұрыс. Әркімнің жеке шаруасы деген мағынада жауап берген. Тақияны
діни адамдар (моллалар) немесе мешітке барарда ер балалар мен үлкендер киеді.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
141
7-сұрақ. Бұл сұраққа оқушылар әр түрлі жауаптар берген. Олардың негізгілері
мынадай.
Біріншіден, шашты ашық ұстап жүруге болмайды, шашты шаң-тозаң жылдам
басады, тез кірлейді.
Екіншіден, шашты ашық-шашық ұстау діни жолмен алғанда дұрыс емес.
Үшіншіден, шашты ашық ұстау – денсаулыққа зиянды. Төбе ашық жүрсе адам
жазда ыстыққа ұрынады, қыста басы тоңады.
Оқушылардың берген жауаптарының бәрі де дұрыс деп есептелді. Өйткені,
шынында да аталған ой-пікірлердің барлығында да шындық айтылған.
8-сұрақ. Қазақ халқының ұлттық шаш қою үлгісі туралы қыздардың 60 пайызы,
ер балалардың 30 пайызы ғана түсінікке ие. Оқушылардың көбі заманауи шаш қою
үлгісін таңдайтынын білдірді.
9-сұрақ. Оқушылар шаш қоюға шектеу, тыйым салынғанын қаламайды. Олар
ата-аналарынан, ата-әжелерінен өз заманына сай шаш өсіріп, қиып жүру туралы
шектеулер болғанын естіп білген. Сонымен қатар Солтүстік Корея, Куба секілді
елдерде балалар мен жастардың шаш үлгілерін мемлекет қатаң бақылайтындығын
оқып білген оқушылар болды.
Шаш өру бойынша арнайы маман шақырылып, шеберлік сыныбы өткізілді.
Осы арқылы өз сыныбымдағы, қатарлас сыныптардағы қыздардың шашын ұзын
өсіріп, әсемдеп өріп жүруіне ықпал жасалды.
Біздіңше, сыныбымыздағы, жалпы Көкшетау қаласындағы көптеген оқушылар
қазақ халқының ұлттық шаш қою үлгілері туралы кең көлемде түсінікке ие емес.
Сауалнаманы қорытатын болсам, олар мұны телеарналардан, кітаптан, оқулықтан
т.б. көріп білгендері болмаса, күнделікті өмірде қолданып жүрген жоқ деуге болады.
Қорытынды. Шаштың адам өмірінде үлкен маңызға ие екендігін дәлелдеу
үшін біздің жүргізген ғылыми жұмысымыз барысында мынадай қорытынды
жасалды:
- шаш қою және оны әсемдеу, сәндеу – адамзат баласының өте ертеден келе
жатқан дәстүрлі әдеті, қазіргі мектеп оқушылары біздің ата-әжелерімізге, ата-
аналарымызға қарағанда шаш қоюда еркіндікке ие;
- қазіргі күні қазақ халқының шаш қою дәстүрі, бас киімдерді пайдалану
әдеттері біздің жасымыздағы мектеп оқушыларына соншалықты танымал емес,
сондықтан мұны лайықты деңгейде насихаттау керек;
- шашты әркімнің жасына, жүрген ортасына, климаттық жағдайларға қарай
дұрыс қоя білу керек.
Жалпы қорытындылай айтқанда, «шаш – адамның көркі». Алланың бізге
берген осы көркін шамамыз келгенше қидырмай, күткеніміз дұрыс. Оны күтіп қана
қоймай, шаш қоюдың ұлттық, діни сипаттары бар екендігін біз күнделікті өмірде
бір-бірімізге насихаттап, айта жүруіміз керек. Сонда біз тәуелсіз Қазақстанымыздың
патриот қыздары, ұлдары ретінде өзгелерге Отанымызды танытатын боламыз.
Менің ғылыми жұмысымның басты түйіні де осы болып табылады. Өйткені
ұлтымыздың өткені мен бүгінін дұрыс насихаттай алсақ, болашағымыз жарқын
болмақ.
Әдебиеттер
1 Сейдімбек А. Қазақ әлемі. – Астана, 2001.
2 Аюбайұлы Қ. Қазақнама. – Көкшетау, 2006.
3 Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы. – Алматы, 1996.
4 Қазақ энциклопедиясы. – 8 т. – Алматы, 2004.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
142
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҚАЗАҚ ТІЛІ – МӘҢГІЛІК ТІЛ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
ҚАЗЫБЕКОВ Бибарыс,
Т. Айтбаев атындағы №132 орта мектебінің 8 сынып оқушысы,
Нағи Ілиясов ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы,
Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ДОСАЙ Құралай,
Т. Айтбаев атындағы №132 орта мектебі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің
мұғалімі, Нағи Ілиясов ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы,
Қазақстан Республикасы
ЗЕЙНОЛЛА ШҮКІРОВТІҢ ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ
ИЗАФЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ЖҰМСАЛУЫ
Аңдатпа. Бұл ғылыми жобада қазақ тіл білімі синтаксисіндегі изафеттік
тіркестердің құрылысы туралы айтылған. Негізгі бөлімде изафеттік құрылыстардың
зерттелуі, басқа тіркестерден ерекшеліктері көрсетіліп, Зейнолла Шүкіровтің
поэзиялық шығармасындағы изафеттердің құрылымдық жүйесіне талдау жасалған.
Қорытынды бөлімде изафеттік тіркестің табиғаты жөнінде жүргізілген зерттеу
материалдарын грамматика және синтаксис курсын оқыту жүйесінде, практикалық
сабақтарда, ғылыми дидактикалық принципте меңгертуде нақтылы материал ретінде
пайдаланса деп қорытындыланған.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ тіл білімі саласындағы изафеттік құрылымның
ерекшелігін анықтап, «Мәдени мұра» бағыты негізінде жерлесіміз, қаламгер З.
Шүкіров шығармасындағы аталмыш құрылымның жұмсалуын анықтау.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімі өзінің қалыптасуы барысында ұзақ
тарихи даму жолынан өтіп, іргесі бекіп, үлкен ғылым саласына айналды. Оның
негізін салушы ғалымдардың еңбегі қазақ тіл ғылымының ірге тасын қалап берсе,
одан кейінгі әр буын өкілі тарихи дәстүрдің әрі қарай жалғасуына ықпалын тигізді.
Соның нәтижесінде қазір қазақ тіл білімінің жекелеген салалары іргесін көтеріп, өз
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
143
беттерінше даму жолына түсті. Бүгінде сондай салалардың бірі синтаксис болса,
оның да зерттеу нысандары айқындалып, іштей жіктеліске ұшырады. Соның бірі –
сөз тіркесі синтаксисі.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Жұмыста қарастырылған
изафеттік тіркестің тілдік материалдары қазіргі қазақ тілінің грамматика саласын
тарихи тұрғыдан кеңіте зерттеуге нақты пайдасын тигізіп, қол жеткен
тұжырымдардары мен түйіндері изафеттік тіркестің кейбір басы ашылмаған
мәселелерін шешуге білгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады.
Изафеттік тіркестің сипаты және даму тарихы. Қазіргі қазақ тілінің тікелей
ерекшеліктеріне қатысты мәселелерін зерттеу күн тәртібінде тұр. Жай сөйлем
синтаксисі шеңберінде қаралып келген сөз тіркесі соңғы 50-55 жылдың ішінде
арнайы зерттеу нысанына айналды. Бірнеше монографиялық еңбектер мен
оқулықтар, оқу құралдары жарық көрді. Кейбір мәселелердің одан әрі зерттелуіне
жол ашылды.
Алайда, сөз тіркесі төңірегінде әлі де болса шешімін таба қоймаған, арнайы
зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – изафет. Изафет – арнайы зерттелмеген,
тың мәселе. Сондықтан да болар, оқулықтар мен оқу құралдарынан орын алмай
келеді.
Изафет дегеніміз – зат есімдердің бір-бірімен тіркесіп, анықтауыштық
қатынастағы тобы. «Изафет» тіркесіне анықтама берген, изафетті алғаш
зерттеушілердің бірі – орыс түрколог ғалымы Соломон Сергеевич Майзель болды.
Оның пікірінше, изафеттік тіркестер – зат есімдердің бір-бірімен тіркесіп,
анықтауыштық қатынаста болу түрі.
Изафеттік тіркестердің құрылыстарының зерттелуі. Түркі тілдерінде
изафеттік құрылымдарға арналған көптеген зерттеулер жүргізілген. Орыс түрколог
ғалымдары В. Аракин, Б. Серебренников, Н. Баскаковтың еңбектерінде және қазақ
тіл білімінде М. Балақаев, Е. Ағыманов, Т. Сайрамбаев т.б. ғалымдардың
еңбектерінде талданады [1].
Қазақ тілінде «парсы изафеті» және «түрік изафеті» бар. «Парсы изафеті» –
араб, парсы тілінен енген сөздермен байланысты айтылатын сөздер. Мысалы:
«мәдени табыс», «ғылыми еңбек» т.б. «Түрік изафеті» – қазақ тілінде жиі кездесетін
сөздер.
Парсы изафеті
Түркі изафеті
Араб, парсы тілінен енген сөздер
Қазақ тілінде өте жиі кездесетін сөздер
Қазақ тіл білімінде изафеттік тіркесті тұңғыш зерттеуші М. Балақаев болды. Ол
изафеттік тіркесті екі түрге бөледі. 1. Қабыспалы (күміс қасық, қамыс құлақ, қазақ
тілі). 2. Матаулы (қойдың жүні, баланың киімі). Профессор М. Балақаев зат
есімдердің әр сыңарда жұмсалуын сөз ете келіп, зат есімдерден құралған сөз
тіркестерінің мазмұны бір жағынан, басыңқы сөздің мағынасымен байланысты
болса, екінші жағынан, оның анықтауышы болған басыңқы сөздің мағынасымен де
байланысты болатынын айтады [2].
Қазақ тіліндегі изафеттік құрылыстар
Қабыспалы
Күміс көбік
Қамыс құлақ
Темір тостақ
Матаулы
Абайдың досы
Жусанның иісі
Жердің беті
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
144
Анықтауыштар – сөйлемде зат есімнен болған мүшелердің әр түрлі сапасын
білдіретін бағыныңқы мүшенің бірі. Дегенмен, зат есімдерден болатын
анықтауыштарды анықтауыш болу амалына қарап, негізгі екі топқа бөлуге болады.
1. Изафеттік құрылыстағы анықтауыштар. 2. Зат есімдерге жұрнақтар жалғану
арқылы болған анықтауыштар. С. Майзель пікірінше, анықтауыштық қатынастар әр
түрлі мәнде көрінеді: сапалық (ешқандай қосымшасыз); қатыстылық (бір
қосымшалы), меншіктілік (екі қосымшалы) [3].
Қазір изафеттің үш түрі мынадай ретпен беріледі: изафеттің бірінші түрі –
жалғаусыз түрі. Мысалы: ағаш күрек; екінші түрі – бірінші сыңары жалғаусыз,
екінші сыңары ІІІ жақтағы тәуелдік жалғауы. Мысалы: егіс басы; үшінші түрі –
алдыңғысы ілік жалғауында, соңғысы тәуелдік жалғауының ІІІ жағында келген түрі.
Мысалы: Саматтың дәптері.
Қазақ тіліндегі изафеттің үш түрі
Жалғаусыз
Бірінші сыңары
жалғаусыз, екінші сыңары
ІІІ жақ тәуелдік жалғау
Алдыңғысы ілік
жалғауында, соңғысы
тәуелдік жалғауының ІІІ
жақ түрі
Ағаш күрек
Егіс басы
Саматтың дәптері
Изафеттік құрылыстың І түрі анықтауышты қатынасты құрайтын зат есімдер
бір-бірімен атау тұлғада қабысады. Мысалы: күміс қасық, тас жол, жер үй, ас бөлме,
ағаш ожау, ақын жігіт, т.б. Бұл тіркестер – қабыса байланысқан зат есімді тіркестер.
Изафеттің бұл түрі тарихи жағынан ең көне, басқа түрлерінен бұрын шыққан [4].
Изафеттік құрылыстың І түрінің дамуындағы бір бағыт – құрамындағы сөздер
мағыналық жағынан бір-бірімен бөлінбейтін түйдекке айналып, изафеттік тіркес
күрделі сөздер тобына ауысып отыратындығы. Мысалы: сужылан, көлбақа, басқұр
тәрізді күрделі сөздер изафет үлгісімен жасалған.
Изафеттердің басқа тіркестерден ерекшелігі. Сондай-ақ осы ретте тағы бір
көтеретін мәселе – изафеттік тіркестердің еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз
тіркесінен өзіндік ерекшелігін білу. Ол жөнінде мына кестені беріп отырмыз.
Изафеттік тіркес
Еркін тіркес
Тұрақты тіркес
а) орын тәртібі тұрақты
(арасына сөз
салынбайды);
ә) бір бүтін мағынада
қолданылып, сөйлем
мүшелері бойынша
бөлшектеніп талдауға
көнбейді;
б) заттың, құбылыстың
атауы (атаулық мағына);
в) ауыспалы мағынасы
жоқ, мағынасы дәл, тура,
нақты болады;
г) синонимдері болмайды
(сөздердің мағынасы
мүлде алшақ кетпейді).
а) сөздер ауыса береді;
ә) Баланы мұзға
отырғызба – әр сөз өз
мағынасында
қолданылады (қатқан су
үсті).
а) орын тәртібі тұрақты;
ә) сөйлем мүшелері
бойынша бөлшектеніп
талдауға көнбейді;
б) көркемдік, бейнелік
мақсатта қолданылады.
Мұзға отырғызу: 1.
фразеол. тіркес; 2.
ауыспалы мағынада
алдап кету, жерге
қаратып кету;
г) мағынасын екінші
сөзбен, я тіркес арқылы
жеткізуге болады: тауы
қайту – беті қайту.
д) ұйтқы сөзді айқындау
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
145
Мысалы: аяқ киім (әрі
аяқ, әрі киім);
д) басыңқы сөзі не тіркес
құрауға ұйтқы сөзі
көрініп тұрады (ұйтқы сөз
– «жол») анықталушы сөз
анықтауыш сөздермен
қосыла береді.
Заттың атын білдіретін
атауларға көшкен.
Мысалы: теміржол.
«қара жүрек», «жүрек
жұтқан», «жүрек
жалғады», «жүрегі
елжіреді» дегендерде
«жүрек сөзі» деп айтуға
болмайды.
Изафеттік құрылыстың ІІ түрінің бірінші сыңары жалғаусыз, екінші сыңары
тәуелдік жалғауының ІІІ жағында келеді. Мысалы: «Бір баладан» басталған ән әуені
көп ұзамай мұңға ауысты. Залымдық – адам баласының дұшпаны (Абай).
Изафеттің ІІ түрінің білдіретін негізгі мағыналарының бірі – анықтауышы сөз
меншік иесі затты білдіріп, анықталушы сөз заттың өзінен туындайтын құбылысты
білдіреді. Осы мағыналық қатынастың тікелей көрінісі іспетті қазақ тілінде аға
ықыласы, іні ілтипаты, әке сөзі, ай сәулесі, күн нұры, ақын өлеңі, т.б. көптеген сөз
тіркестері болды. Қазір осы үлгімен жасалған тіркестер бұрынғысынан да жандана
түсті. Оның бірден-бір себебі, қоғамдық өмірдегі өзгерістер, еліміздің шаруашылық,
өнер-білім және ғылым мен техника саласындағы жетістіктеріміз, адам ойының
кеңейіп жетілуі, дүниетанымның артуы болды. Осы факторлардың бәрі тілге, ең
алдымен оның сөздік қорының дамуына әсер етті.
Изафеттік құрылыстың ІІІ түрі матасу арқылы құрылған. Басыңқы сөз тәуелдік
жалғаулы тұлғада тұрып, бағыныңқы сөз ілік септікті тұлғада тұрады. Бағыныңқы
сөз басыңқы сөз атаған заттың, құбылыстың меншіктілік сапасын білдіреді. Сондай-
ақ изафеттік құрылыстағы екінші сыңардың, яғни ІІІ жақ тәуелдік жалғауының
түсірілуі ертеректегі нұсқалар мен ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Мысалы:
«Қобыланды» жырында:
Қамыстының қазды көл (і)
Қоғалының қулы көл (і)
Шегендінің желді көл (і)
Қызғыштың қызды көл (і)
Бәрінен өтіп жөнелді, - деген құрылымды кездестіреміз.
Матасулы сөз тіркестеріндегі тәуелдік жалғауының ІІІ жағының түсірілуі
эпостық және тұрмыс-салт жырларынан басқа тарихи жырлардан да біраз орын
алған.
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың со бүркіт (і)
Ылдидың аңын шалар ма (Шалгез жырау).
Матасулы сөз тіркестеріндегі тәуелдік жалғауының түсірілуі – поэзия
синтаксистеріне тән ерекшелік болып табылады.
Изафеттің бұл түрінде айрықша көңіл аударатын септік жалғауы – ілік септік.
Септік жалғауы қолданыста бірде айтылады да, бірде айтылмай түсіп қалады. Бұл
тек грамматикалық құбылыс қана емес, сөз қолданыспен ұштасатын ерекшелік.
Мысалы: мемлекет қаржысы, гүл иісі, қой еті, Қазақ мемлекеттік Абай атындағы
университет, т.б.
№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014 ISSN 2307-0250
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
146
Достарыңызбен бөлісу: |