№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 issn 2307-0188


«Ақбауыр»  тарихи  ескерткіш  кешені



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата22.01.2017
өлшемі5,17 Mb.
#2423
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

«Ақбауыр»  тарихи  ескерткіш  кешені.  Кімде-кім  ежелгі  тарих,  астрономия, 
ерекше және түсініксіз құбылыстарға қызығушылық танытса, Ӛскемен қаласынан 30 
шақырым  қашықтықтағы  Құржымбай  тауының  етегіндегі  жылғаның  жоғары 
жағында  ашық  аспан  астындағы  «Ақбауыр»  атты  астрономиялық,  археологиялық 
кешеніне  баруына  болады.  Бұл  жерге  түскен  кезде  ерекше  сезімге  бӛленесіз.  Ұлан 
ауданының  Бестерек  елді  мекеніндегі  ғажайып,  ежелгі  табиғат  туындысына  таң 
қаласыз. 
Бұл  кешен  –  неолит  дәуіріне  жататын  ғаламшарымыздағы  ең  кӛне 
ескерткіштердің  бірі.  Ең  алғаш  рет  жүйелі  зерттеу  жұмыстарын  осы  ауылдың 
тумасы,  тарих  ғылымдарының  докторы  Зайнолла  Самашев  жүргізген  екен. 
Зерттеушіні  осы  тау-тастар  арқылы  бір  ауылдан  кӛршілес  ауылға  күнделікті 
мектепке барып жүрген кезде-ақ, бұл тастардың неліктен адам қолымен жасалғандай 
ерекше  болып  жатқаны  қатты  мазалаған.  Сондықтан  да  туған  ӛлкесіндегі  ерекше 
мекенді ең бірінші болып зерттеп, сырын ашқан [5]. 
Шығыс  Қазақстан  ӛңіріндегі  осы  тарихи  орынды  кӛруге  алыс-жақыннан 
туристер  арнайы  келеді  екен.  Тауды  айнала  жүргенде  үңгір  қабырғасында  қызыл 
күрең охрамен салынған суреттер бар. Олар б.з.б. 3-мыңжылдықтың басына жатады. 
Тӛбесі қуыс, іші конус тәріздес күркеге ұқсайтын үңгір, әсіресе, оның кіре берісіне 
қарсы суреттер салынған негізгі қабырғасы кӛп адам табынатын киелі орын болған. 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
156 
Оның  алдындағы  алаңда  жылдың  белгілі  бір  мерзімінде  үлкен  діни  жиындар, 
құрбандық  шалу,  т.б.  рәсімдер  ӛткізілген.  Тасқа  салынған  суреттер  алуан  түрлі. 
Суреттердің мазмұны да ӛте күрделі. Олардың айналасында әр түрлі ирек сызықтар, 
нүктелер,  үшбұрыштар,  тӛртбұрыштар  және  адамдар,  үш-тӛрт  күрке  бейнеленген. 
Энеолит,  қола  дәуірлерінде  салынған  бұл  суреттер  жердің  құнарлы  болуын,  мал-
жанның ӛсіп-ӛрбуін тілеу мағынасын білдіретіні тарих пәнінен белгілі [5]. 
Бұл  жерден  тас  формасын  қайталайтын  рудалардың  сынықтары  да  табылған. 
Үңгір  аймағынан  кейбіреулері  үлкен  емес,  кейбіреулері  аса  зор,  тіпті  олардың 
камераларына  бір-екі  адам  сыятындай  домна  пештерінің  қалдықтары  да  табылған. 
Бұл  жерден  бірнеше  жүздеген  метр  қашықтықтағы  тастарда  жергілікті  аңдар 
маралдар, сібір таутекелері, арқарлар, ешкімүйіз, тау ешкі бейнелеген петроглифтар 
орналасқан. Жол Қалба жоталарының тау сілемдері арқылы ӛтеді [5]. 
Кешен  жеткілікті  кӛлемдегі  тастар  мен  онша  үлкен  емес  петроглифтер  мен 
аңдар бейнеленген суретті  гранитті  жартастардан тұрады. Бірнеше  ғасырлар бұрын 
адамдар  қарапайым  «құрылғылардың»  кӛмегімен  астрономиялық  бақылаулар 
жүргізген  сияқты.  Кешеннің  оң  жағында  сегіз  жүз  метр  қашықтықта  гранитті 
қабырғада  үлкен  емес  үңгір,  оның  тӛбесінде  және  қабырғасында  тас  жазуының 
ережесімен  салынбаған  ежелгі  суретші  қызыл  охрамен  салған  ерекше  жазулар  бар 
[5]. 
Тау  үңгірінде  кӛптеген  кӛне  петроглифтер  сақталған.  80-ге  жуық  сурет 
табылған, соның ішінде адамдардың, таутекелердің бірнеше бейнесі, тұрғындар мен 
арбалардың да суреттері бар, қалғандары – түрлі нышандар мен беллгілер. Үңгірдің 
жүрек түріндегі табиғи қуыс «тӛбесі» ӛңдеу іздерін сақтап қалған, мүмкін, ол түнгі 
аспан  жұлдыздарының  негізгі  қозғалысын  белгілеу  үшін  қарауыл  шоқыны  жасаған 
адаммен  түзетілген  болар.  Үңгірден  500  м  қашықтықта  мегалиттік  құрылыстар  – 
ӛзгеше  амфитеатр  түрінде  құрылған  тас  тақтайшалар  орналасқан.  Амфитеатрдың 
қысаң  бӛлігінде  қолдан  жасалған  қабырға  бӛгеп  тұр.  Ол  қатаң  түрде  ендік  бағытта 
шығыстан  батысқа  қарай  қарап  тұр.  Оның  ортасында  биіктігі  бір  метрге  жуық 
кішкене гранитті бағанаша тұр. Ол кӛрші тӛбеге сілтеп тұр. Оның үстінде де таудың 
шыңына бағытталған бағанаша орнатылған. Егер бұл  сызықты ойша жалғастырсақ, 
ол шолпан жұлдызына кӛрсететіні сӛзсіз [6]. 
Бұл  фактілердің  барлығы  ғалымдарға  Ақбауыр  жұлдызды  аспанды  бақылауға 
арналған  ежелгі  астрономиялық  кешен  деп  санауға  негіздеме  болды.  Бұл  теорияны 
кӛптеген  зерттеушілер  қолдап  отыр.  Осылайша,  З.С.  Самашев  Ақбауыр  үңгіріндегі 
қуыс арқылы Үлкен Аюға бақылау жасалған деп сендіреді. Л.С. Марсадолов зерттеу 
объектілері Күн, жұлдызды аспан, Тауешкі шоқжұлдызы болды дейді. Е.В. Курдаков 
фермаға жақын жердегі табиғи жартасты шыға берістерді «астрокешен» деп атайды, 
ол  мұнда  кӛктемгі  күн  теңесу,  жазғы  және  қысқы  тоқырау  күндері  Күн  ӛтетін  үш 
нүктені бақылауға болатын белгілі бір орын барына сендіреді. 
Басқа зерттеушілер кешеннің діни мақсаты туралы айтады. Мүмкін мұнда тау 
және ӛлілерге табынушылыққа байланысты салт-жоралғы ӛткізілген болар. Бір нұсқа 
бойынша  Ақбауыр  жерлеу  рәсімдерін  ӛткізуге  арналған.  Қай  нұсқа  дұрыс  болған 
жағдайда  да  Ақбауыр  Қазақстан  аумағындағы  ежелгі  мәдениеттердің  қызықты 
ескерткіштерінің бірі болып табылады [6]. 
Кейбір  зерттеушілердің  кӛзқарасынша  Ақбауыр  кешені  ерекше  энергия  мен 
ақпараттың генераторы, кӛкжиектен нақты поляры тәрізді. Мамандардың айтуынша 
бұл таңғажайып сырлы мекенге баратын сәтті күндер 22 наурыз бен 22 қыркүйек [1]. 
«Батыс Алтай» қорығы. Бұл қорық 1992 жылы құрылған. Оның ауданы 56,3 
мың  га.  Батыс  Алтай  мемлекеттік  табиғи  қорығы  Кенді  Алтайдың  солтүстік-батыс 
бӛлігінде  орналасқан.  Жер  бедерінің  формасы  шығу  тегі  жағынан  тектоникалық, 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
157 
мұздықты және сулы-эрозиялы болып келеді екен. Қорық аумағында сулы алқаптар, 
тау  арасындағы  қазаншұңқырлар,  жартастар,  қорымдар,  далалы,  алқаптар,  гүлді 
ӛзендер, сондай-ақ, тасты ӛзендер де кіреді. 
Қорық  аумағында  Қора  және  Ақ  Уба,  Линейчиха,Үлкен  және  кіші  Тұрғысын 
және  ӛзіміз  кӛзімізбен  кӛріп  тамашалаған  Палевая  Разливанка  ӛзендері  ағады.  Бұл 
ӛзендер  қорық  қызметкерінің  айтуынша  Ертістің  Карск  теңізіне  құятын  жоғарғы 
бассейніне жатады екен. Ӛзендер таудың басындағы еріген қар суымен қоректенеді 
[7, 8, 9]. 
Осы  қорықтың  қызметкерімен  біз  экспедициямызбен  осы  керемет  табиғатты 
кӛру үшін орман арқылы тау басына шықтық. Жер бедері тегіс жерден келген біздер 
үшін 2000 метрлік биіктікке шығу оңайға түспеді. Климаттың қатаң-континенталды 
екеніне қарамастан қорықтың табиғаты таңғажайып. Орман ішіндегі тастар мен әлі 
түнде түскен шығы кете қоймаған шӛптерге тайғанақтасақ та берілмей, тау басына 
шықтық.  Бұл  жерге  шығып,  біз  сонша  еңбегіміздің  зая  кетпегенін  түсіндік.  Себебі 
тау басынан қорықтың бүкіл аумағын алақандағыдай кӛріп тамашаладық. Тіпті, бұл 
жерден Ресей Федерациясының шекарасын да кӛрдік. 
Қорықтың ӛсімдіктер дүниесі ӛте бай. Мұнда 800 түрден аса ӛсімдік ӛседі екен. 
Оның ішінде 45 түрі – сирек кездесетін ӛсімдіктер. Сонымен қатар кӛптеген бағалы 
дәрілік шӛптер ӛседі. Қорық аумағында кӛне қарағайлы ормандар – сібір самырсын 
қарағайы орналасқан. Бұл қорықта қорғалатын және күзетілетін ӛсімдіктер әлемінің 
ішіндегі қорықтың негізгі байлығы болып табылады. 
Ӛсімдіктер  дүниесін  ӛз  кӛзімізбен  кӛре  алғанымызбен,  қорықтағы 
жануарларды  кӛре  алмадық.  Тек  қорық  қызметкерлерінің  берген  мәліметімен  ғана 
шектелдік.  Олардың  айтуынша  қорықтың  жануарлар  дүниесін:  бұлан,  марал,  елік, 
қоңыр аю сияқты, кәмшшат, тиін, суыр және әр түрлі кеміргіштер құрайды екен. Ал 
құстардың 100-ден аса түрі кездеседі екен. Бір кездері қорықта тіпті қар барысы да 
мекен еткен. 
Ӛскемен  қаласындағы  ӛнеркәсіп  алпауыттары.  Шығыс  Қазақстан  облысы 
Қазақстанның  ең  ірі  индустриалды-аграрлық  аймағы  саналады.  Шаруашылығының 
басты  саласы  –  ӛнеркәсіп.  Оның  құрамында  кен  ӛндіру,  түсті  металлургия, 
энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар ӛнеркәсібі, ағаш ӛңдеу, тамақ және 
жеңіл  ӛнеркәсіптері  дамыған.  2006  жылы  облыс  ӛнеркәсібінің  барлық  салалары 
399,1 млрд. теңге кӛлемінде ӛнім ӛндірді, бұл бүкіл ел ӛнеркәсібі ӛндірісінің 6,2%-на 
тең [1]. 
Шығыс  Қазақстан  еліміздегі  және  дүние  жүзіндегі  түсті  металл  ӛндірудің 
басты  аудандарының  бірі.  Қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысының  экономикасында 
жақсы  дамыған  ауыр  ӛнеркәсіп,  ӛркендеп  келе  жатқан  аграрлық-ӛнеркәсіптік 
кешенмен  ұштасқан.  Аймақтағы  ӛнеркәсіптің  басты  саласы  –  түсті  металлургия. 
Еліміздегі  қорғасын,  мырыштың  негізгі  бӛлігін  және  титан,  кадмий,  күміс,  галий, 
индий, теллур сияқты сирек металдар ӛнімінің біразын осы облыс береді [1]. 
Облыс ӛнеркәсібінің негізін кен ӛндіру ӛнеркәсібі құрайды. Бұл салада  200-ге 
жуық  нысан  жұмыс  істейді.  Облыс  бойынша  10  млн.  тоннадан  аса  түсті  металл 
кентасы  ӛндіріледі.  Кентасты  негізінен  Риддер  және  Зырянов  полиметалл  кен 
аудандарындағы  «Қазақмырыш»  АҚ-на  қарасты  кеніштер,  Ертіс  маңы  полиметалл 
кенді  ауданындағы  «Қазақмыс  корпорациясына»  қарасты  кәсіпорындар  ӛндіреді. 
Асыл  металл  ӛндіру  саласы  бойынша  Шығыс  Қазақстан  облысында  27  кәсіпорын 
бар.  Оларда  3,5  мыңнан  астам  адам  жұмыс  істейді,  17,3  тонна  алтын  ӛндіріледі. 
Негізгі  алтын  ӛндірушілерге  «Бақыршық»  кен  кәсіпорны,  «ФИК»,  «Алел», 
«Алтынтӛбе» АҚ-ның, «Андас Алтын», «Даңқ», «Жерек», «Іnter Gold Capіtal» ЖШС-
терінің  кеніштері  жатады.  2006  жылы  Ӛскеменнің  титан-магний  комбинатын 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
158 
жергілікті  шикізатпен  қамтамасыз  ететін  (Кӛкпекті  ауданында)  Сәтбаев  атындағы 
ильменит  құмының  кен  орны  іске  қосылды.  Ол  жылына  15,0  мың  тонна  ильменит 
концентратын береді. Облыстағы кӛмір ӛндіру 6 нысан бойынша жүзеге асырылады. 
Ол негізінен «Қаражыра ЛТД» ЖШС-не қарасты Қаражыра, Кендірлік және Алакӛл 
кен орындары [10]. 
Облыс  ӛнеркәсібінің  басты  түсті  металлургиясы  «Қазмырыш»,  «Ӛскемен 
титан-магний  комбинаты»,  «Үлбі  металлургиялық  зауыты»  АҚ-дары,  «Қазақмыс 
корпорациясы»  АҚ-ның  «Шығыс  Қазмыс»  бӛлімшесін,  Қазақстан  Республикасы 
Ұлттық  банкісінің  РМК  «Қазақстан  монета  сарайы»,  «Қазниобий  Ертіс  химия-
металлургия зауыты», «Ертіс сирек элементті компаниясы», «Қазмырыштех» ЖШС-
терін  қамтиды.  Бұл  кәсіпорындар  ӛздерінің  шығарған  сан  алуан,  бағалы  ӛнімдері 
бойынша дүние жүзіне белгілі [10]. 
Ӛскемен  қаласындағы  ӛнеркәсіп  орындарының  туризм  және  спорт 
саласын дамытуға қосқан ҥлесі. Туризмді дамыту үшін аймақ экономикасы жақсы 
болуға  тиісті.  Ал,  экономиканы  кӛтеруде  ӛндірістік  орындардың  алатын  орны 
ерекше.  Шығыс  Қазақстан  облысы  –  Қазақстандағы  экономикалық  тұрғыда  жан-
жақты дамып келе жатқан ӛңірлердің бірі. Туристік кластерді дамытуда инвестиция 
тартудың  да  рӛлі  ерекше.  Ал,  экономика  мен  инвестицияны  кӛтеруде  аймақтағы 
ӛндірістік  орындардың  маңызы  зор.  Себебі  осы  ӛнеркәсіп  орындары  халықты 
жұмыспен  қамтып,  әлеуметтік  жағдайды  жоғарылатуда  үлкен  үлес  қосып  отыр. 
Халықтың  әлеуметтік  жағдайы  жақсы  болса,  ӛңір  экономикасы  да  жақсы  болады. 
Сонымен  қатар  мұндай  алпауыт  кәсіпорындардың  облыстың  мәдени  ахуалын 
жақсартуда  да  үлесі  орасан  зор.  Мәселен,  «ҚазМырыш»  АҚ-ның  спорт  саласына 
қосып жатқан үлесі ӛте зор. «ҚазМырыш» АҚ «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубының 
демеушісі  болып  табылады.  Қазақстандағы  шайбалы  хоккейдің  отаны  –  Ӛскемен 
болып табылады [11]. 
Шығыс  Қазақстан  облысындағы  туризм  саласындағы  проблемалар. 
Туризм  –  бизнестің  ең  табысты  да,  қарқынды  дамып  келе  жатқан  түрлерінің  бірі. 
Шығыс  Қазақстанның  туристік  ресурстары  мол  болғанымен,  сол  ресурстардың  ӛз 
кезегінде  дұрыс  әрі  ұтымды  пайдаланбауы  салдарынан  бұл  ӛңірде  де  туризмді 
қарқынды дамыған деп айта алмаймыз. Бұған себептер жетерлік. Солардың бірі, әрі 
маңыздысы ол инфрақұрылымның ӛз кезегінде дамымағандығы. 
Мәдени,  тарихи  ескерткіштерге  баратын  жолдардың  барлығы  да  күрделі 
жӛндеуді  қажет  етеді.  Туристік  нысандар  жайында  ақпарат  кӛздері  ӛте  аз.  Қала 
кӛшелерінде  немесе  ескірткіштерге  баратын  жолдарда  ақпараттандыратын 
тақтайшалар  жоқ.  Ӛскемендегі,  Шығыс  Қазақстанның  басқа  да  қалалары  мен 
аудандарындағы шипажайлар мен демалыс орындары жайында ақпарат кӛздері жоқ. 
Және  қазіргі  күні  бар  мәдни  ескерткіштер  мен  туристік  орындардың 
насихатталмағандығы және жарнаманың дұрыс деңгейде болмағандығы туристтерді 
осы  ӛңірге  тартуға  кедергі  жасап  отыр.  Тарихи  орындарға  экспедиция  жасайтын 
туроператорлар жоқтың қасы. 
Туризмді  дамыту  мҥмкіндіктері.  Бүкіләлемдік  туристік  ұйымның  болжамы 
бойынша  Қазақстан  Республикасы  тұрақты  туризмді  дамыту  үшін  болашағы  бар 
елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына 
және  ұлттық  мәдениетіне  үлкен  қызығушылық  білдіреді  [12].  Бұл  дегеніміз, 
табиғаты тамылжыған, қойнауы кенге толы Шығыс ӛңірінің туристік аймақ ретінде 
берері кӛптігін білдіреді. 
Республика  кӛлемінде  жүзеге  асырылып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық 
ӛмірді реформалау туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. 
Туризмнің  материалдық  базасының  нашарлығынан  Қазақстан  жыл  сайын 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
159 
миллиондаған долларды жоғалтуда. Бұл туристік салаға күрделі қаржыны сондай-ақ 
аймақтарға  отандық  және  шетелдік  инвесторлар  қаражатын  тартуды  қажет  етеді. 
Ұлттық  туристік  ӛнім  ерекшелігін  ескеріп,  тұрақты  туристер  ағынын  қамтамасыз 
етуге  қабілетті  ӛңірдің  туризм  инфрақұрылымын  дамыту  үшін:  жалпы  пайдалану 
және  туристік  мұқтаждықты  қанағаттандыру  үшін  жол-кӛлік  инфрақұрылымын 
дамыту; ілеспе инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал туристік аймақтарды 
сумен,  электрмен  жабдықтау,  кәріздер  және  қатты  қалдықтарды  жою  жүйесін, 
телекоммуникацияларды 
дамыту; 
тарихи-мәдени 
және 
этнографиялық 
ескеерткіштерді  қалпына келтіру және мұражайға айналдыру; туристік кешендерді, 
этнографиялық  мұражайлардың  жағдайларын  жақсарту  [12];  әлемдік  стандарттарға 
сай  туристік  демалыс  орындарын  салу;  жыл  бойы  пайдаланылуын  ескере  отырып, 
туристік  нысандар  жобаларын,  оның  ішінде  орташа  және  шағын  орналастыру 
құралдарын  жасау  және  салу;  Шығыс  Қазақстандағы  марал  шаруашылығын 
дамытып,  осы  арқылы  туристерді  тарту;  шипалы  сулар  мен  кӛлдердің  туристік 
базаға  айналуына  жағдай  жасау;  қысқы  мерзімге  тау-шаңғы  спорт  түрін  дамытуға 
арналған клубтарды туристік кешендер жобаларын іске асыру; және ең маңыздысы 
осы  ӛңірдің  туристік  мүмкіншілігі  жайында  жарнама  жұмысын  жүргізу,  яғни 
ақпарат  кӛздерін  молайту;  туристік  ақпаратттық  орталықтарды  ашу;  туристік 
ұйымдар мен халықаралық туристер үшін олар жиі болатын орындарға қазақ, орыс 
және ағылшын тілдерінде ақпараттық таблолар мен жазбаларды жасау; шет елдерде 
Шығыс  Қазақстан  табиғаты  мен  мәдени  ескерткіштері,  шипажайлары  туралы 
бейнероликтер шығару және тарату; халықаралық туристік ұйымдармен келіссӛздер 
жүргізу; тұтынушыларға туристік сапар барысында қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету 
қажет. 
Егер  осы  жоғарыдағы  ұсыныстар  қаралып,  орындалатын  болса,  ӛз  кезегінде 
Шығыстағы туризмнің ӛркендеу мүміншілігі артады. 
Қорытынды.  Соңғы  жылдары  туризм  –  әлемдегі  ең  табысты  бизнестің  түрі. 
Туризмнің  маңызы  жылдан  жылға  ӛсуде,  оны  халықаралық  байланыста  және 
валюталық  түсім  кӛзі  ретінде  маңызы  артуда.  Кӛптеген  белгілі  елдер  ӛз 
экономикаларын тек осы туризмнен келетін пайдамен кӛтеріп отыр. Қазақстанда да 
туристік  кластерді  дамытуға  кӛптеген  мүмкіншіліктер,  басымдылықтар  бар.  Ең 
басты  басымдылығына  Қазақстанның  табиғи-географиялық  жағдайы  мен 
орналасуын жатқыза аламыз. 
Қорыта  келе,  Шығыс  Қазақстан  облысында  туризмнің  барлық  түрлері  мен 
формаларын  дамытуға  толық  мүмкіндік  бар.  Туристер  демалуына  тамаша  жерлер 
кӛп.  Шығыс  Қазақстанның  сарқылмас  табиғи  емдік  байлығы,  химиялық  құрамы  әр 
алуан  минералды  бұлақ  кӛздері,  шипалы  балшығы  бар  толып  жатқан  кӛлдері, 
климаты  мен  әсерлі  кӛрікті  жерлері,  тарихи  ескерткіштері  оны  Қазақстанның 
туристік базасына айналдыруға мүмкіндік береді. 
 
Әдебиеттер 
1  Страны  и  народы.  Республики  Закавказья.  Республики  Средней  Азии. 
Казахстан. – 1984. – С. 365-380. – 382 с. 
2 http://visiteast.kz/kz. 
3 http://egemen.kz. 
4 http://www.akimvko.gov.kz. 
5 http://e.gov.kz. 
 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
160 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «ҤЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР» АТТЫ ШЫҒАРМАЛАР 
КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР 
 
МУСАХМЕТОВА Камила Даурқызы, 
Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 8 «А» сынып оқушысы, 
Ақадыр кенті, Шет ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТАМАБАЕВА Бақытжамал Хамзина, 
Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің жоғары санатты 
бастауыш сынып мҧғалімі, Ақадыр кенті, Шет ауданы, 
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
         
 
 
АТЫ ӚШПЕЙДІ СӘРІНЖІП БАБАМЫЗДЫҢ... 
 
Бұл  мақала  –  біздің  «Зерттеуші»  Республикалық  ғылыми-білім  беру 
орталығының  «Ғылыми  зерттеулер  әлемі»  журналында  жарық  кӛрген  «Бабамның 
бай мұрасы» атты жұмысымыздың жалғасы болып табылады  (Ġylymi zertteuler a̋lemì 
–  Mir  naučnyh  issledovanij  –  World  of  scientific  research.  –  №№4-6(82-84),  сәуір-
маусым, апрель-июнь, April-June, 2014. – ISSN 2307-017X). 
Аталған  жобада  Сәрінжіп  ақынның  ӛткен  ӛмір  жолдары  мен  келер  ұрпаққа 
қалдырған ақындық ӛнері жайында баяндалып: «Бір шеті Сарысу ӛзенінің бастауы – 
Тағылы,  Бұғылы  тауларынан  бастап,  сонау  Қашқан  теңіз,  Тасарал,  қазіргі 
Сарышаған  қаласына  шейін  кӛлбеп  жатқан  кеңістікті  мекендеген  Кәрсӛн  Керней 
аталатын  қалың  елдің  бас  қосқан  жиын-тойларда,  бетке  ұстап  барып,  топқа  шығар 
майталман ақыны Сәрінжіп Әзбергенұлы (1870-1934 жж.) болған екен», - деп жазған 
болатынбыз. 
Тӛменде  Сәрінжіп  Әзбергенұлының  «Сарыарқа»  атты  ӛлеңін  оқырмандар 
назарына ұсынып отырмыз. 
САРЫАРҚА 
Кәрсӛннің қалды-ау кейін жайлаулары, 
Балауса шӛбі – шүйгін, суы – дәрі. 
Қозылар қызғалдақты қызыға жеп, 
Жабысқан бүлдіргенге балалары. 
Арқаның тауы биік, сайы аласа, 
Ағады ӛзендері тайталаса. 
Кӛк қасқа таудан аққан бұлақтары, 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
161 
Сылдырап, ыңырсиды жас балаша. 
Сарыарқа, қалғаның ба, қайран мекен, 
Кӛре алмай бір жолата кетер ме екем? 
Үшқойтас, Сарыоба мен Мұқыр ӛзен, 
Сендерді қайта айналып кӛрер ме екем? 
Күн шалған ұшар басын, Қартабайым, 
Шӛбіңнің түгін тартсам, шыққан майың. 
Тоймаушы ем қызығына, қайран мекен, 
Құлпыра түсуші едің әр күн сайын. 
Шӛладыр, шӛбің шүйгін, малға нәсіп, 
Ойнақтап тай-жабағы, тоқты қашып. 
Қатарласа кӛшкен ел, бірге қонып, 
Бірімен-бірі тұрған араласып. 
Киікбай, Желшоқы мен Жер-Қараша, 
Байқасаң басқа таудан кӛп аласа. 
Айналып иісінен мал кетпеген, 
Күн шалған асулар да бар тамаша. 
Басыңнан айналайын, Асқаралы, Арап, 
Тұрады Үйтас, Жүнді оған қарап. 
Қартабай, Шӛладырмен малға жайлы, 
Кетейін Итазуды бірге санап. 
Айыртау, Ешкіӛлмеспен шіркін Ойран, 
Артықша жазғы самал, қысқы пайдаң. 
Шаруақор ел адамы шӛбін шауып, 
Суық қысқа мал қамын сайлап қойған. 
Қос Арап, Босаға мен Шӛл Қараоба, 
Кӛрік беріп тұрсың-ау сар далаға. 
Осындай қызықты жер артта қалды, 
Алдымыз толған адыр, толған оба. 
Шолақтау, қаласың-ау, шіркін Шалтас, 
Тамақтан, еске түссең, ӛтпейді ас. 
Молла әкем мешіт салып, бала оқытқан, 
Әр елден оқысын деп алғызып жас. 
Сарыӛзен, Ұзынжалдың Сары обасы, 
Ала-құла да жердің бір тамашасы. 
Алақұлан, Үшқызыл, Тікенекті, 
Мойынты кӛрші ауылдың шекарасы. 
Таятқан жердің шеті шұнақ екен, 
Қойлыбай бауыры толған бұлақ екен. 
Арғы ӛлке Дуанадан ӛзен ағып, 
Мойынты Сарыбұлаққа құяды екен. 
Қапалтау, қаласың-ау, Келіншегім, 
Жалпақ сенде де жүруші едім. 
Құйрық жалы тӛгілген ат-айғырдың, 
Сұлуын, қыз-келіншек, мінуші едің. 
Бүркітті, Жүнді менен шіркін Кӛсе, 
Құс салдық, ит жүгіртіп әлденеше. 
Арқаның неше түрлі қызықтары, 
Мақтауға жарасады, не десе де. 
Әр жақта сен де қалдың, қайран жайлау, 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
162 
Ӛмір ғой артқа қарап, алдыңды ойлау. 
Ақсуда біз той тойлап, ат шаптырып, 
Әнге сап қайтушы едік күзге таяу. 
Бір тайпа ел, кӛш билігін беріп шалға, 
Секіріп бала мініп құлын-тайға. 
Шалғында керегенің басын жапқан, 
Қуатын қашағанды қызық қайда? 
Арқаның әні – тауы, сазы дала, 
Ӛзені жатады ағып, неше сала. 
Түрлі жемісі піскен кезде, 
Үйіне қызығынан келмес бала. 
Сарыарқа, қош аман бол сайыңменен, 
Сарғайдым түбі терең уайымменен. 
Кір жуып, кіндік кескен шіркін мекен, 
Күдер үзгім келмейді менің сенен. 
Арқаның, қош аман бол, бұлақтары, 
Жайқалған ернеуінде құрақтары. 
Сәлем де бізді іздеген азаматқа, 
Ел алды Шуға барып тұрақтады. 
Арқаның шекарасы Шешенқара, 
Ет жеуші ек бір табақтан екеуара. 
Осындай қызықты жер артта қалды, 
Пешененге жазылса, бар ма шара?! 
Сарыарқа, қалдың кейін Кербетеге, 
Себепсіз мекенінен ел кете ме? 
Қош енді, қайта айналып кӛргенімше, 
Туған жерге жалғанда жер жете ме?! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет