Неологизм – грек тіліндегі «жаңа сӛздер» деген ұғымды білдіретін термин.
Шынында да неологизмдер деп жаңа ғана пайда болған сӛздерді айтады. Мысалы:
компьютер, экология, бизнес, ғаламдастыру, ӛркениет, несие, зейнеткер, зейнетақы
т.б.
Неологизм деп ӛндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың
түрлерімен байланысты тілде жаңадан пайда болған және әзірше кӛпшіліктің
арасында толық қалыптаспаған жаңа сӛздерді айтады. Жаңа сӛздер үнемі жаңа
болып тұрмайды, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер жаңа сӛз
ағынының негізі. Жаңа ұғым, зат пайда болған соң жаңа атау қажеттілігі туады.
Жаңа сӛздің, жаңа атаудың мазмұны да, формасы да жаңа болуға тиіс. Мысалы:
коммерсант, бизнес, бартер, валюта, менеджер, компьютер т.б. [1].
Бұлардың бәрі нарықтық экономикаға байланысты жаңа мазмұнда, жаңа
формада тілімізге енген. Кӛпшілік қауым бұл сӛздерді меңгерген кезде, олар жалпы
халықтық сипатқа ие болады да, халық тәжірибесінде жүріп ерекшеленгеннен кейін
қолданыла келе неологизм болудан қалады. Мысалы, ғарышкер, жердің жасанды
серігі, ӛткен ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ тілінде қызыл отау, қызыл керуен,
басқарма, шаруашылық, бесжылдық т.б; Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда
оқулық, оқырман, ескертпе, сілтеме, балмұздақ, суреткер, еңбеккер т.б; 1917 жылғы
қазан тӛңкерісінен кейін енген: совхоз, комсомол, совет, қосшы, колхоз сияқты
сӛздердің бәрі жаңа сӛздер – неологизмдер болған еді. Бұл таңда олар архаизм
сӛздердің қатарына жатады. Бұдан шығарлық қорытынды: неологизмдер дегеніміз
ӛте шартты ұғым, бүгінгі таңда халыққа жаңа сӛз болып кӛрінсе, ертең-ақ сіңісіп
кетеді, ұғынықты болады. Олай болса, сӛздер неологизмдіктен қалады да, жалпы
халықтық тӛл сӛзге айналады.
Қазақ тілі біліміндегі зерттеу еңбектерінде неологизмдердің жасалу жолдарын
бірде 8 түрге (аффистік, мағына ауысу, бірігу, қосарлану, сӛз тіркесі, орыс тілінен
дайын күйінде қабылдау, калькалау, қысқартып алу) [2], бірде 5 түрге (мағына
жаңару, аффистік, бірігу, орыс тілінен ауысу, калькалау) бӛлінеді [3].
Кӛріп отырғанымыздай, осы ұсынылып отырған түрлердің ішінен «Орыс
тілінен дайын күйінде қабылдау» жасалу жолын жаңа сӛзге қатысты бӛліп алсақ,
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
133
қалған түрлері жасалу жолы емес, жаңа қолданысқа түскен сӛздердің қолданылу
формаларын кӛрсетер еді.
Жаңа сӛздердің жасалуы қазақ тілінің сӛзжасам жүйесіне бағынады. Қазақ
тілінің лексикалық құрамына енетін сӛздердің бәрі – туынды мағыналы сӛздер
жасалу жолдарына қарай топ-топқа сараланып, сӛзжасам тәсілдеріне жіктеледі.
Жаңа сӛздердің жасалу жолының үш тәсілі бар. Олар:
1. Синтетикалық немесе морфологиялық тәсіл – түбірге мағына тудыратын
жұрнақтың жалғануы арқылы жасалады.
2. Аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл – сӛздердің тіркесуі, бірігуі,
қосарлануы, қысқаруы арқылы мағына тудыру жолы.
3. Лексика-семантикалық тәсіл – сӛз мағыналарының кеңейіп, тарылып
отыратындағы [2].
Қазіргі қазақ тіліндегі жасалып жатқан жаңа сӛздерді осы тәсілдер арқылы
топтастыруға болады. Мысалы, жал / аренда/, ұлан /гвардия/, құжат /документ/,
алқа /коллегия/, бәсеке /конкуренция/, несие /кредит/, даңғыл /проспект/, аймақ
/регион/, көлік /транспорт/, кеден /таможня/, індет /эпидемия/, ұлпа /ткань/ сияқты
жаңа сӛздер лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалса, төреші /орбитр/, төрелік
/арбитраж/, қауымдастық /ассоциация/, зейнеткер /пенсионер/, ерітінді /раствор/,
демеуші /спонсор/, тежеуші /супрессор/, қадауша /стояк/ сияқты жаңа сӛздер
синтетикалық тәсілді пайдалану жолымен жасалған.
Ал ішперде /брюшина/, гүлшанақ /бутон/, тікұшақ /вертолет/, сенім хат
/доверенность/, көлтабан /лиман/, нарықтық экономика / рыночная экономика/, іс
жүргізу /делопроизводство/, аманат ақша / вклад/ тәрізді сӛздер аналитикалық тәсіл
арқылы туындауда.
Ал, жаңа сӛз қолданыстар – жаңа сӛздер емес. А. Алдашева: «Неологизмді,
оккозиональді сӛздерді, жеке авторлық сӛздерді, потенциалды сӛздердің бәрін
біріктіріп, «лексикалық жаңа қолданыстар» дейміз дейді [5].
Жаңа сӛз қолданыстардың ӛзіне тән екі түрлі сипаты бар.
Біріншісі, жаңа сӛз қолданыстар ескі мағынада, жаңа формадағы сӛздер.
Мысалы: ғарышкер, ұшақ, мұражай, бағдарлама, кеңшар, ұжымшар, құжат, әуежай,
құқық, т.б. Жаңа қолданыстары ұзақ уақыт «неологизм» болып келген «космонавт,
самолет, музей, программа, совхоз, документ, аэропорт, право» сӛздерінің жаңа
қолданысқа түсуі.
Екіншісі, жаңа сӛз қолданыстар – жаңа мағына ескі формадағы сӛздер.
Мысалы: нарық, бәсеке, әкім, іскер, т.б. сӛздер бұрынғы мағыналарынан әлдеқайда
кең кӛлемдегі жаңа мазмұнға ие болып, жаңа қолданысқа түсті.
Осы кӛрсетілген пікірлерге, теорияға сүйене отырып, жаңа сӛз бен жаңа сӛз
қолданысының айырмашылығын саралап кӛрейін.
Жаңа сӛз: 1. Жаңа сӛздің мағынасы да жаңа болу керек; 2. Жаңа сӛздің түр-
тұлғасы да жаңа болу керек; 3. Жаңа сӛздердің нұсқалары болмайды; 4. Жаңа
сӛздердің жасалу жолдары болмайды, ол тілімізге дайын күйінде келеді, яғни, жаңа
сӛз = жаңа мазмұн, жаңа форма.
Жаңа сӛз қолданыс: 1) ескі мазмұн, жаңа форма; 2) жаңа мазмұн, ескі форма.
Ендеше тіліміздегі, мектеп бағдарламасындағы жаңа сӛзге берілген мысалдың
бәрін жаңа сӛз емес, жаңа сӛз қолданыстардың да болатыны айқындалып кӛрсетілсе.
Түрлі әдістермен жаңа сӛздер жасалмайды, керісінше, тілімізде бұрыннан бар сӛздер
бірнеше тәсілдер арқылы жаңа сӛз қолданысына түседі.
Жаңа сӛз қолданыс – неологизмнің бір тармағы. Жаңа сӛз қолданыс тілдің ішкі
заңдылығынан туындайтын құбылыс. Тілдік амал-тәсілдерді қолдану арқылы
ӛзімізде бар сӛздерді жаңа сӛздердің орнына қою – жаңа қолданыс үдерісі. Тілімізде
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
134
бұрын болмаған қазақша сӛзді ойлап табу – нәтиже бермейді. Осы күнге дейін
зерттеу еңбектерінде ұсынылып келе жатқан әдістер – жаңа сӛздің емес, жаңа сӛз
қолданыстардың жасалу жолдары.
Ендеше байырғы лексикалық қорымыздағы сӛздердің жаңа қолданысқа түсу
тәсілдері: түбір күйінде, қосымшалар арқылы, байырғы сӛздердің бірігуі немесе
жаңа сӛз бен байырғы сӛздердің бірігуі, байырғы сӛздердің тіркесуі немесе жаңа сӛз
бен байырғы сӛздердің тіркесуі арқылы, қысқарған сӛздер арқылы, үлгі сӛздер
арқылы болып 6 түрге бӛлінеді [7].
Байырғы лексикалық сӛздік қорымыздағы сӛздердің бүгінгі таңда жаңа
қолданысқа түсу жолдары ӛте қарқынды дамып келеді. Ӛмір ағымынан туған кез
келген жаңа атауға ана тілімізден балама жасау сӛздік қорымыздың мол екендігін
танытса керек.
Байырғы сӛздердің тҥбір кҥйінде жаңа қолданысқа тҥсуі. Бұл тәсіл қазіргі
қазақ тілінің лексикасында кеңінен қолданылуда. Жаңа сӛздердің қазақша
баламасын табуда байырғы сӛздеріміз түбір күйінде-ақ ерекше қызмет атқарады.
Сӛздердің түбір күйінде жаңа сӛз қолданысқа түсуі екі түрлі қағидаға сүйенеді.
Бірінші – бұрын қолданылып, қазір «кӛнерген сӛздер» қатарына жатқызылған
сӛздердің қайта жаңғыруы. Мысалы:
...Мүсірепов музейі кеңесінің тӛрағасы С. Шаймерденов экспозициялардың
дайын екенін, бірақ, бұрын да сан мәрте айтылып келе жатқандай, пәтердің жазушы
жәдігерліктерін жинақтауға тарлық еткенін ескертті («Егемен Қазақстан»,
11.02.2011 ж.).
Екіншісі – тілімізде қолданысқа түсіп жүрген сӛздердің кӛп мағыналық
/полисемиялық/ сипат алуы. Байырғы түбір сӛздерден жаңа сӛздердің баламасы
болғанымен, бастапқы мағынасынан алшақ кетпейді [4].
...Президент мінген мойылдай қара мерседес Сүйінбай даңғылымен астананың
әуе қақпасына бет алып зымырап бара жатты («Халық кеңесі», 14.XII.2004 ж.).
Осы қағидаға сүйене отырып, тәуелсіздік алғаннан кейінгі тіліміздегі байырғы
сӛздердің түбір күйінде жаңа сӛз қолданысына түскендерін газет-журналдардан
жинастырдым:
даңғыл – проспект,
сапар – визит,
ағза – организм,
ғимарат – здание
жиек – бордюр,
құжат – документ,
транспорт – кӛлік,
гвардия – ұлан,
коллектив – ұжым,
документ – құжат,
кредит – несие,
финанс – қаржы,
статья – бап,
территория – аумақ,
пенсия – зейнет,
проспект – даңғыл,
визит – сапар,
космос – ғарыш,
принцип – қағида,
протокол – хаттама,
заложник – кепіл,
долг – борыш,
расход – шығын,
поступление – түсім,
потеря – ысырап,
символ – нышан,
заем/займ – қарыз,
ткань – ұлпа,
регион – аймақ,
конкуренция – бәсеке,
текст – мәтін,
операция – ота,
процент – пайыз,
символ – рәміз,
церемония – рәсім,
воин – сарбаз,
командир – сардар,
грамота – сауат,
класс – сынып,
участок – телім,
иммунитет – тӛтем,
коллектив – ұжым,
матица – ұстын,
тенденция – үрдіс,
палата – шатыр,
шлем – дулыға,
эпидемия – індет,
коллегия – алқа.
Жаңа сӛз қолданыстардың ӛзіміздің байырғы сӛздік қорымыздан болғаны
тиімді.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
135
Сӛздердің бірігуі арқылы жаңа қолданысқа тҥсуі. Байырғы сӛздердің бірігуі
тәсілі арқылы жаңа қолданысқа түсу жаңа сӛздердің баламасын табуда ӛнімді
қызмет атқаруда.
Біріккен сӛздердің құрамындағы сыңарлары бұрынғы мағыналық реңктен
айырылмайды. Мағыналары ұқсас болғандықтан, олар жаңа сӛздердің орнына
қолданылады.
Екі сӛз бірігіп, үшінші мағыналы сӛз жасап тұрған жоқ, екі сӛз бірігіп үшінші
бір мағынасы ұқсас жаңа сӛздердің (жаңа сӛз түбір күйінде ме, біріккен күйінде ме,
бәрібір) қазақша баламасы ретінде қолданысқа түсуде. Осы тұрғыдан қарағанда
бұрынғы біріккен сӛз қалпындағы неологизмдерден қазіргі жаңа сӛз
қолданыстарының бірігу тәсілдерінде айтарлықтай ӛзгешеліктер бар. Яғни,
сӛздердің бірігуі арқылы тілімізге енген жаңа сӛз қолданыстарының компоненттері
тӛрт түрлі болып келуде.
Біріншісі – байырғы сӛздердің ӛзара бірігіп жаңа қолданысқа түсуі [4].
Мысалы: «Нұрлы кӛш» бағдарламасын жүзеге асыру үшін директорлар кеңесі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжайлар құрылысын қаржыландыру үшін
арнайы ақша болуге қатысты ӛзгерістер енгізді («Айқын», 22 сәуір, 2009 ж., №70),
Айдарбелгісі әзір болды («Егемен Қазақстан», 2008 ж.)
Екіншісі – байырғы сӛздер мен жаңа қолданысқа түскен сӛздердің бірігуі
арқылы жаңа сӛз қолданыстардың жалпы тілдік сипат алуы. Бұл жағдайда біріккен
сӛз компоненттері: байырғы сӛз + жаңа қолданым немесе жаңа қолданыс +
байырғы сӛз қалпында ауысып кездеседі [4].
...Сенаторды зейнетақы мӛлшері алаңдатады.
...Бүгінгі таңда әуежайдың маңыздылығы арта түсуде («Жаңа атаулар сӛздігі»,
1992 ж.).
...Жаңа тӛлқұжат қолданысқа енгізілуге дайын [8]. Келтірілген мысалдарға
зейнетақы, әуежай, тӛлқұжат сӛздерінің бірінші сыңарлары жаңа сӛз қолданыстарда
да (пенсия, аэро сӛздерінің баламасы) тӛлқұжат сӛзінің екінші сыңарлары жаңа сӛз
қолданыс (документ сӛзінің баламасы) болып табылады.
Ҥшінші – жаңа сӛз қолданыс пен жаңа сӛздердің бірігуі арқылы сӛздердің жаңа
қолданысқа түсуі [4]. Мысалы:
Қазір республикамыздың кез келген бейнесалонында Брюс Ли ойнаған
кинолардың бейнетаспасы кӛрсетіледі.
...Халықтың елімізде небір порнографиялық, жалған меддициналық әдебиеттің,
эротикалық бейнефильмдердің және басқа да осындай басылымдардың таралуына
алаңдаушылық білдіре отырып...
Қарамен берілген біріккен сӛздердің алғашқы сыңарлары видео жаңа сӛздің
тілімізде енді ене бастаған жаңа қолданысы. Екінші сыңарлары әлі баламасы жоқ
жаңа сӛздер. Жаңа сӛз қолданыс пен жаңа сӛздердің бірігуі – тілімізде бұрын
болмаған құбылыс. Сондықтан мерзімді баспасӛз беттерінде, сӛйлеу тілінде сирек
кездеседі.
Тӛртіншісі – жаңа сӛз бен байырғы сӛздердің немесе жаңа сӛз бен жаңа сӛз
қолданыстарының бірігуі арқылы сӛздердің қолданыстық мәнге ие болуы [4].
...Бортсерік мамандығына кандидат саяси сауатты, реңді түрі және қызмет
кӛрсету саласына икемді болуы керек.
Газқағар – противогаз, бортсерік – бортпроводник.
Мысал ретінде келтірілген біріккен сӛздердің бірінші жартысы – жаңа сӛздер,
екінші жартысы – жаңа сӛз қолданыстар. Ал фотокӛщірме (фотокопия), фототерім
(фотонабор), радиоқондырғы (радиоустановка), т.б. біріккен жаңа қолданыстарының
алғашқы сыңарлары – жаңа сӛздері де, келесі сыңары – байырғы сӛздеріміз. Бұл
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
136
тәсілдің алғашқы компоненттері барлық уақытта «тірек немесе үлгі» сӛз қызметінде
жұмсалады. Сӛздердің бірігу тәсіл арқылы жаңа қолданысқа түсу кезінде олардың
құрамындағы компоненттері бастапқы мағыналарынан алшақтамайтынына кӛз
жеткіземіз.
Бұрынғы зерттеу еңбектерде неологизмдерге немесе жаңа қолданыстар
байырғы сӛздердің бірігуі арқылы ғана кӛрініс тапса, кейінгі тәуелсіздік алған 5-6
жылдың
кӛлемінде
сӛздердің
бірігуі
арқылы
жаңа
қолданысқа
түсу
құбылыстарының бірнеше түрде сипат алғанын дәлелдей аламын.
Берілген сӛйлемдердегі қарамен берілген біріккен сӛздер құрамындағы
компоненттер тілімізде бұрыннан бар сӛздердің жаңа қолданысқа түсуінің бір қырын
кӛрсетеді. Байырғы сӛздеріміздің ӛзара бірігуі арқылы жаңа қолданысқа түсуі жаңа
сӛздердің баламасын табу үрдісіндегі ӛнімді тәсіл екенін айта аламыз. Мысалы:
айыппұл – штраф
аққайнар – шампанское
аспашам – люстра
дәнсепкіш – сеелка
желаяқ – бегун
қаптӛсек – спальный мешок
мерейтой – юбилей
саяжай – дача
пікірсайыс – дискуссия
пікірталас – диспут
ұлутас – ракушечник
әнұран – гимн
іссапар – командировка
жолсерік – проводник
жеделхат – телеграмма
жәрдемақы – пособие
айыппұл – штраф
айдарбелгі – эмблема
ақорда – резиденция
айыптұрақ – штрафная автостоянка
ақуыз – белок
алқаби – заседатели
аяқдоп – футбол
әдепнама – этика
әдіснама – методика
әскербасы – военноначальник
әуедоп – волейбол
әуежай – аэропорт
әуесерік – стюардесса
басқосу – саммит
бейнебақылау – видеонаблюдение бейнебаян – видеоклип
бейнежазба – видеозапись
бейнекӛрініс – видеосюжет
бейресми – неофициальный
белгітас – памятник
бетқалқа – маска
бетмай – крем
жақпамай – мазь
ғаламтор – интернет
ғаламшар – планета
ғұмырнама – мемуар
дереккӛз – источник
Елбасы – Президент
Елорда – столица
елтаным – страноведение
елтаңба – герб
жанартау – вулкан
жолақы – плата за проезд
жолайырық – развязка
жолқапшық – рюкзак
жӛргекпұл – пособие для новорожденного
зейнетақы – пенсия
зертхана – лаборатория
кеңшар – совхоз
келіссӛз – переговоры
келісімшарт – контракт
күнтізбе – календарь
құлтемір – робот
мекенжай – адрес
мӛлтекаудан – микрорайон
оққағар – телеохранитель
ӛсімпұл – пения
ӛтемақы – конпенсация
сапаржай – автовокзал
тӛлемақы – оплата
тӛсбелгі – нагрудной знак
тұсаукесер – презентация
тұрақжай – стоянка
шайтанарба – велосипед
хатқалта – конверт
шәкіртақы – степендия
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
137
Жаңа сӛздер мен жаңа сӛз қолданыстарындағы қосымшалардың қызметі.
Жаңа сӛз бен жаңа сӛз қолданыстарды жасау процестерінде қосымшалардың
атқаратын қызметі зор.
Жаңа сӛздер мен жаңа сӛз қолданыстар кӛбінесе зат есім тұрғысында келеді.
Сол арқылы басқа сӛз таптарына қосымшалар арқылы түрленеді. Тілімізде
айтарлықтай ӛнімді емес жұрнақтар сӛз қолданысында ӛнімділік және реңктік мәнге
ие болады. Байырғы лексикалық қорымызда кездесетін «саудагер, айлакер, даугер,
құныкер, айыпкер, сайыпкер, мұрагер» сӛздерінің құрамындағы -гер, -кер
қосымшалары арқылы реңктік жағынан жағымды және жағымсыз қызметі жағынан
ӛнімсіз болып есептеледі. Бұл қосымшалармен кездесетін сӛздердің тобы араб-парсы
тілінен.
Адамға қатысты ұғымдық атауларды білдіретін -гер, -кер жұрнақтары жаңа сӛз
бен жаңа қолданыстар жасауда ӛнімді қызметке кӛшті. Бұрын жағымды, жағымсыз
реңк тудыру қызметіне ортақ болса, қазір тек қана жағымды мен тудыратын
қасиетке ие екенін кӛреміз.
Жаңа сӛздер: қаламгер, майдангер, ардагер.
Жаңа сӛз қолданыстар: заңгер/юрист, иегер/ковалер ордена, зияткер,
зейнеткер/пенсионер/ т.б.
Сонымен -гер, -кер қосымшалары жаңа сӛз бен жаңа қолданыстар жасау
процесінде тӛмендегідей сипаттама алатынын аңғарамыз:
1) Тек қана жағымдық реңк беру;
2) Сӛз жасау қызметіне қарай ӛнімді жұрнақ.
Қосымшалар зат есім тұлғасындағы жаңа сӛз бен жаңа қолданыстар басқа сӛз
таптарын тудырған кезде жаңа сӛз тіркестерінің жасалуына ұйытқы болады.
Тіліміздегі есім сӛздерден зат есім де, сын есім де тудыратын -лық, -лік, -дық, -дік, -
тық, -тік жұрнақтары жаңа сӛз бен жаңа сӛз қолданыстарға жалғанғанда екінші
қызметке лайықтау екенін танытып тұр [9].
Жаңа сӛздер «экономика мен экология», жаңа сӛз қолданыстар «нарық пен
құқық» сӛздерінің осы қосымшалармен түрленіп, жаңа сӛз тіркестерін жасау
ерекшеліктеріне назар аударайық.
Экономикалық сауығу, экономикалық былық, экономикалық тиімділік,
экономикалық еркіндік, экономикалық кеңістік, нарықтық экономика, нарықтық
психология, нарықтық сана, нарықтық қатынас, экологиялық сауатсыздық,
экологиялық сауықтыру, экологиялық апат, экологиялық ауыртпалық, экологиялық
қасірет, құқықтық идея, т.б.
Мысалдардың бәрі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы –
қоғамның идеялық негізінде» кітабынан алынды.
Жаңа сӛз тіркестері жасалады деуіміздің ӛзі – аталмыш қосымшалардың сӛз
тіркесі құрамында ғана белгілі реңкке ие болатындығы қолданысқа түсу
құбылыстарының бірнеше түрде сипат алғанын дәлелдей аламыз.
Сонымен қатар тіркес қалпындағы сӛздердің бірігуінде үш түрлі әдіс арқылы
жаңа сӛздер жасалып жатқанын ғалымдарымыз зерттеуде. Олар:
изафеттік байланыстағы тіркестердің бірігуі: елтаңба (елдің таңбасы),
жолсерік (жолдың серігі);
анықтауыш+анықталушы байланыстағы тіркестердің бірігуі: аспашам,
желаяқ, мерейтой, бейнесалон;
жалғаулықсыз тіркестегі жеке мағыналы сӛздердің бірігуі: қаптӛсек,
пікірталас, пікірсайыс.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
138
Соңғы жылдарда жаңа сӛздердің жаңа қолданысқа түсу барысында табыс
септігі арқылы байланыста тұрған сӛз тіркестерінің бірігу партиясы пайда болуда:
құқықтану (құқықты тану), дәнсепкіш (дәнді сепкіш) т.б.
Біріккен сӛздердің сыңарлары аралас қалпында келгенімен, жаңа сӛз +
байырғы сӛз, жаңа қолданым + байырғы сӛз, жаңа қолданым + жаңа сӛз сияқты
түрде келгенмен, оларды жаңа тұрғысынан қарай алмаймыз.
Күрделі жаңа сӛздердің телеканал, фотонабор сӛздерінің жартылай баламасын
табудың ӛзіндік де телеарна, фототерім сӛздерінде жаңа қолданыстық мән жатыр.
Жаңа сӛздер мен жаңа сӛз қолданыстарындағы жарыспалылық немесе
калькалау. Тілімізде белгілі дәрежеде ұшырасатын жаңа сӛздер мен жаңа сӛз
қолданыстар халықаралық және ұлттық негіздегі калькалау тәсілі негізінде
туындайтынын кӛруге болады. Бір ғана жаңа ұғымның бірнеше баламалармен
берілуі – қазіргі қазақ тілінің қалыптасу үрдісіндегі құбылыстардың бірі. Мысалы:
сауалнама – пікіртерім /анкета/
тілашар – тілдескіш – тілдесулік /разговорник/
айыппұл – айыпақы /штраф/
өтемақы – қарымақы /компенсация/
күнпарақ/күнтізбе – күнтізбек – жыртпалы каленьдар /отрывной календарь/
демеуші – демеуірін – медетші /спонсор/
кәдесый – сыйкәде – қолүзік /сувенир/
омарталы телефон – ұялы телефон
сезікті – күдікті – күмінді /подозреваемый/
сияқты қатарлар кезінде жарыса қолданысқа түссе, қазіргі кезде халықтық
қолданысқа түскен бұқаралық ақпарат құралдары тілінде тұрақтала бастаған
нұсқалары ретінде ұялы телефон, күнпарақ, кәдесый, демеуші, айыппұл, ӛтемақыны
айтуға болады.
Ең алдымен бір жаңа ұғым үшін бірнеше баламалардың ұсынылуы кез келген
тілде кездесетін жағдай. Бұл, әсіресе, қазіргі қазақ тіліміздің бүгінгі ӛмір талабына
сай қалыптасу процесінде айқын байқалады. Ӛзге тілдегі жаңа сӛздердің, сӛз
тіркестердің қазақ тіліндегі баламасын қалыптастыруда қазіргі кезде бірнеше
лексикалық единицалар ұсынылып, қолданысқа түсіп жатыр.
Әдеби тілдегі осындағы сипат жарнама мәтіндерінде кӛрініс тапқан. Мәселен,
жарнамаларда «зубной налет» жаңа сӛзі тіс қағы, тіске қақ тұру, тіс дағы жарыспа
қатарлары қолданылады. Аудармада налет – қақ, ӛңез, таңдақ. Тіс тазаланбай
қалғанда қызыл иек қабынғанда, тіс ауырғанда пайда болатын түзіліс. Сол сияқты
кариес те бірнеше баламалармен беріледі: тіс жегі, тіс бүлінуі. Жарнама
мәтіндерінен кӛріп отырғандай, зубной налет, кариес терминдері бірнеше
баламалармен жұмсалып жүр. Бұлардың ішінде симантикалық эксплекация, яғни
түсіндіріп беру – тіске қақ тұру /қақ, кір, салтақ, сауыс – ҚТТС, 2, 23 б./
семантикалық жағынан сәйкес келетін балама тіс дағы. Дақ – мін, кір /ҚТТС/.
Кез келген тілдегі жаңа сӛздер мен жаңа сӛз қолданыстарының қалыптасу
кезеңінде жарыспалы қатарлардың сұрыпталуы үшін бірнеше ұстанымдар керек.
Сӛздің әдеби тіл нормасына ену үшін үш принцип ұсынылып жүр: актуалдық меже,
сәйкестік меже, эстетикалық меже. Бұл принциптер бойынша лексикалық жұп
қатарларының кең қолданысқа түсіп, жалпы халықтық сипат алған нұсқасы
нормаланған тілі элементіне айнала алады, тілімізге енген жаңа сӛз сӛз жасамдық
және стильдік заңдылықтарға бағынуы керек [10].
Жүйелілік бір ізге түсіру мәселесін сӛз еткенде ең алғаш жаңа сӛздер мен
олардың баламалары қажет. Жаңа сӛздер мен жаңа сӛз қолданыстар әр түрлі салада
кӛптеп шығып жатқанымен әлі күнге дейін олардың баламаларының ала-құлалығы,
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
139
бір қалыпқа түспей келе жатқандығын тілімізде байқалады. Мысалы: протокол –
хаттама, мәжілісхат; квитанция – түбіртек – ресми қолхат; конституция –
негізгі заң, ата заң; манифест – жарғы, үндеу; устав – жарғы, жарлық; квота –
үлес, бөлім, норма; подписка – жазылыс т.с.с.
Соңғы жылдары тілімізге еніп, тілдік қолданыста орын алып отырған осындай
жаңа сӛздер мен тіркестерді, бұған қоса жаңа мазмұн мен атауға ие болған бұрынғы
сӛздер мен сӛз тіркестері күнделікті баспасӛзден, кӛпшілікке арналған ғылыми және
кӛркем әдебиеттен іздеп тауып, тіркеуді және түсіндіріп беруді қолға алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |