Қорытынды. Санитарлық-зоогигиеналық нормаларды, малды күтіп-бағу, жаю
немесе суару ережелері мен қойылатын талаптарды орындағанда ғана, сондай-ақ
фермалардың жай-күйін және аурудың алдын алу шараларының сақталуын үнемі
мал дәрігерлік-санитарлық тұрғыдан қадағалап отырғанда ғана сүт алуға және одан
санитарлық сапасы жоғары қымыз дайындауға болады.
Санитарлық талаптар сақталмаған жерде сауу кезінде сүтке әр түрлі кӛң-қоқыр,
шаң-тозаң, солармен қоса патогенді микроорганизмдер де түсуі мүмкін. Жылқы
фермаларын жақсы санитарлық күйде ұстау үшін шыбын-шіркейлерге қарсы күрес
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
107
жүргізуге ерекше кӛңіл бӛлу керек. Асқазан, ішек аурулары, іш сүзегі, дизентерия,
паратиф және т.б. қауіпті аурулар осы шыбындар арқылы таралады. Шыбындарға
қарсы санитарлық шаралардың ең тиімдісі қи-қоқыстарды дер кезінде тазалау болып
табылады. Мұнда жалпы шаралардан, яғни залалсыздандыру, дезинфекциялау және
дератизациялаумен қоса қораларды үнемі тазалау жұмыстары жүргізіледі, сауын
биелердің үсті щеткамен тазартылады, желіні жылы сумен және дезмол ерітіндісімен
жуылады, сүт және қымыз құятын ыдыстар, сауу аппараттары гипохлорид кальций
немесе дезмол ерітіндісімен жуылып, залалсыздандырылады. Сауыншыларға жеке
гигиенаны сақтап отыру міндеттелген үнемі тазалық күні ӛткізіліп тұрады.
Сүт-қымыз фермалары және қымызханалар үнемі суық және ыстық сумен
қамтамасыз етілуі керек. Сауышылардың әрқайсысының жұмыс орнына қол
жуғыштар, залалсыздандырғыш заттар және ормал қойылады. Флягтарды,
шелектерді, сауатын аппараттарды таза ұстау жауапкершілігі – аға жылқышыға,
фермалардың жалпы санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалап отыру – аға
сауыншыға, жылқы фермасының бригадирі мен бастығына жүктелген, ал
фермалардың санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалап отыру жұмысы
шаруашылықтағы мал дәрігері және зоотехник арқылы жүзеге асырылады. Қымыз
фермаларында жұқпалы аурулардың алдын алуда дезинфекция, дезинсекция және
дератизация шараларының мәні аса зор.
Әрбір медициналық байқаулар мен дәрігерлердің тексеру қорытындылары
қымыз фермасы меңгерушісінің қолында сақталатын сауыншылардың санитарлық
кітапшасына түсіріледі. Меңгеруші болса сауыншылардың сәйкес мерзімге қарай
кезекті медициналық байқаудан уақытылы ӛтулерін қадағалап отырады.
Тазалық – жеке гигиенаның ең негізгі талаптарының бірі. Сүт пен қымызға
жақын жүретін қызметкерлер ең алдымен жұмысқа таза әрі жинақы киініп келулері,
жұмысқа кірер алдында, дәретханадан кейін, ӛндірістік бір операциядан екіншісіне
кӛшер алдында қолдарын мұқият жуып, залалсыздандырып отырғандары жӛн.
Биелерді механикалық әдіспен сауу арзан және сапасы жоғары ӛнімдер алуға
кӛмектеседі. Алайда, биелерді механикалық әдіспен сауу кезінде сауу
машиналарының әрқилы бұзылуы, асау жас биелерді сауу кезінде сауыншылардың
қауіпсіздік техникасын сақтамау жеке тазалық гигиенасын бұзушылықтың,
жарақаттарды және т.б. болуы мүмкін. Қымыз фермаларында мал дәрігерлік-
санитарлық ережелерді, жеке тазалық гигиенасын қатаң сақтау, арнайы
ветеринарлық-санитарлық және шаруашылық шараларын дер кезінде жүргізіп отыру
сауын биелердің ауруын және құлындардың ӛлімін азайтуға, ӛнімді арттыруға, бие
сүті мен қымыздың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
1 Бозымов Қ. Жылқы және түйе шаруашылығы. – Алматы: Қайнар, 1993.
2 Курамшина М.Г. Қымыз. – Алматы, 1951.
3 Дүйсенбаев Қ., Сейітов З., Хасенов Ә. Қымыз. – Алматы: Қайнар, 1968.
4 Садықов Б., Сарыев И., Отарбаев А. Ақ дастарқан. – Алматы: Қайнар, 1987.
5 Әлімжанова Л.В. Сүт ӛнімі. – Астана, 1998.
6 Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары. - Алматы, 1989.
7 Сейітов З.С. Кумыс шубат. – Алматы, 2005. – 288 с.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
108
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ГАЗИЗОВ Бек Ержанҧлы,
дарынды балаларға арналған ҥш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
№8 арнаулы гимназиясының 2 «В» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АЛТАЕВА Кулайхан Майрашқызы,
дарынды балаларға арналған ҥш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
№8 арнаулы гимназиясы «Денешынықтыру» пәнінің мҧғалімі, Алмалыбақ
ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
БІЗ СПОРТТЫ СҤЙЕМІЗ
Менің
мақсатым:
ӛз
сыныптастарыма
спортпен
шұғылданудың
маңыздылығын түсіндіре отырып, салауатты ӛмір салтын ұстана білуге шақыру.
Міндетім: спортпен шұғылданып отыруға қалыптасу; тазалықты сақтай білу
жолдарын үйрену; салауатты ӛмір салты туралы білім алу; денсаулықты қалай
сақтау керектігі жӛнінде мәліметтерді ұғыну.
Жаттығу кезі
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
109
Спорттың адам ӛмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен
айналысқан адамның денсаулығы мықты, ӛзі шыдамды болады. Біздің ата-
бабаларымыз: «Тәні саудың – жаны сау», - деп бекер айтпаған.
Осы саланың мамандары, сондай-ақ, спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр,
ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бӛлген. Денсаулық пен ӛмірді дамыту үшін кем
дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ӛзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық
бағдарламасында халықты салауатты ӛмір салтына ынталандыруды басым бағыттың
бірі ретінде атап кӛрсетті. Сондай-ақ, Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл –
денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің
ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» бағдарламасында
салауатты ӛмір салтын ұстану мемлекеттік маңызы бар мәселелермен тең дәрежеде
екендігі баса кӛрсетілген. Салауаттылық ұғымы – қазақ халқының салт-дәстүрін,
кӛнеден келе жатқан мәдениетін, ӛнерін, әдет-ғұрпын, жас ұрпаққа ұғындыру. Бір
сӛзбен айтқанда, ол – ӛз ұлтының дәстүрін ұстануға үйрету.
Шынықсаң – шымыр боласың
Әрбір адам спортпен айналысуы керек. Ӛйткені спортпен айналысқан адамның
дені сау, кӛңіл-күйі кӛтеріңкі болады. Спорттың кӛп түрі бар: волейбол, баскетбол,
гимнастика, суда жүзу. Денешынықтыру сабағында денсаулықты қалыптастыруды
негізгі мақсат етеді. Барлық оқушы ӛз таңдауымен спорт түрлерімен айналысса, бос
уақытын тек шынығуға арнаса, ондай оқушы ешқашанда ауырмаса керек. Сонымен
қатар адамның таза ауада, табиғат аясында болуы да шаршаған жүйке тамырларын
демалдырады, денсаулығын жүйелейді. Сондықтан да мен спортпен айналысуды
ӛзіме дағдыға айналдыруды мақсат етті.
Жасӛспірімдердің салауаттылық ӛмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек
кӛрушілігі олардың ӛзге адамдармен қарым-қатынасына, яғни әлеуметтік ортаға
тығыз байланысты. Ұрпақты ӛмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
110
бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып
табылады.
Жастар денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру
қабілетінің әлсіздігі, азып-тозуы, тез шаршағыштығы, ӛмірінің қысқа болуы – осы
жайттардың айқын кӛрінісі. Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында дене тәрбие
жұмыстары жұтаңдығының салдары екендігі даусыз. Жастары әлсіз, денсаулығы
нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет
қашанда әлсіз, қорғансыз.
Әдіс жасау кезі
Жастар – елдің болашағы. Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен
жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар – ертеңгі
қоғам иелері.
Азаматтарымыздың ӛз ӛмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған
табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты ӛмір салтына әзірлеу
қажеттігі кӛрсетілген. Бүгінгі таңда, осы бағытта ӛз тәуелсіздігін алған егемен еліміз
Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты ӛмір
салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі», - деп тегін айтылмаған. Егемен
еліміздің болашағы – жастар!
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
111
Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың ӛзі. Осындай жат,
жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, тӛзімділік, табандылық танытып,
адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз мәнді,
еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды,
ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден
бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп,
салауатты ӛмір салтын насихаттайық.
Мектептегі «Дзю-до» үйірме тобы
Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ,
Досың – спорт, таза ауа, ӛсімдік.
Ала жүріп, осылардың сыйлығын –
Жаңа ғасырға біз берейік кӛріктік.
«Бірінші байлық – денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген
даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз ӛзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың
қадірін, маңызын айрықша ұғынып, барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған
орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.
Салауатты ӛмір сүремін десеңіз, ешкім оған қарсы тұра алмайды. Ӛз
денсаулығың – ӛз қолыңда!
Салауатты ӛмір салтына денешынықтыру, спорт, туризм, табиғатқа серуен,
таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып,
ұйықтаудың пайдасы зор.
Халық «Денсаулық – зор байлық» деген ежелгі нақылды есіне сақтап, ертеден
бері ӛмір сүріп келеді. Бірақ «Парасатты пікір – денсаулық кепілі» деген сияқты, ата-
бабамыздың ӛткір нақылдарының бар екенін ескереміз.
Ағзаны шынықтыру және дене еңбегімен шұғылдану денсаулықты сақтап, оны
нығайта түседі. Ол ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттырып, оның қорғану –
бейімделуге ынталандырады. Дене жаттығулары ағзаны алдын-ала сақтандырып
қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі ауруларды емдеуде маңызды рӛл атқарады.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
112
Дене тәрбиесі – тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі, дене
шынықтыру мен сергудің құралы. Кез-келген қазақ халқының ұлттық ойындарының
тәрбиелік мақсаттары бар. Мысалы: «Асық» ойыны бағдарлыққа, дәлдікке,
мергендікке, ептілікке үйретсе, доппен ойын бүкіл дененің тұтас қимылдап,
шынығуына себепші болады. Дене шынықтырумен айналысу кезіндегі ойнаудың
түрлерін: «қауымдасып ойнау, одақтасып ойнау, жеке ойнау» деп, мазмұнына қарай
оларды «тұрмыстық ойындар, шынығу ойындары, кәсіптік ойындар», ал жас
ерекшеліктеріне байланысты «спорттық ойындар» деп бӛледі.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жӛн. Енді
оларға не жататынына тоқтала кетейік. Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге,
есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі
тартудың орнына таза ауада кӛбірек жүр. Жастар есірткіні пайдаланбай, кӛңіл
кӛтеретін мәдени кӛпшілік орындарына баруды әдетке айналдыруы, сонымен қатар
күнделікті дене шынықтырумен айналысуы тиіс.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Ӛзіңізді
қандай кӛрсеңіз, ӛзгелерді де солай кӛріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас,
сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан, жаман ойдан
аулақ болыңыз.
Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайына басты назар
аударуда. Салауатты ӛмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру
формалары мынаны кӛздейді: жауапкершілік, ӛз денсаулығына жауапкершілікпен
қарау; табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру; ғылымилық, тек
тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену; экологияландыру адам
организміне қоршаған орта факторларының әсерін білу; ұлттық аймақтық
ерекшеліктерді ескеру, салауатты ӛмір салты туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен
танысып, оны ұстана білу; үздіксіз оқыту, салауатты ӛмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану; әлеуметтендіру, салауатты ӛмір салтын ұстанған
қоғам мүшесін дайындау.
Қорыта келе, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі
ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған
үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Әрбір
жеке адам денсаулығын сақтау ӛзінің қолында екенін ескерсе, сонда ғана қоршаған
ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және күнделікті
дене шынықтырумен шұғылданып, салауатты ӛмір салттарын тұрақты
қалыптастырсақ болашағымыз жарқын болмақ. Ондағы негізгі мақсат – адамдарды
салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу.
Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар.
Біздер – осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз
уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, ӛмірде ӛз орнымызды адаспай
табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
Ұсыныс: мектепте спорттық үйірмелер кӛп болса; онда жоғарыда аталған
спорттық шаралар үнемі ӛткізіліп тұрса; барлық мектепте оқушыларды салауатты
ӛмір салтын ұстауға дағдыландырса.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
113
ЕРБОЛАТ Сана,
Алматы облыстық №15 мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы,
Тҥрксіб ауданы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ТҦРЛЫҒҦЛОВА Жанар Райқызы,
Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты «Тарих» пәнінің мҧғалімі,
Тҥрксіб ауданы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
ОСПАН СІЛӘМҦЛЫ – ҚАЗАҚТЫҢ АЛТЫН АҢЫЗЫ
Кіріспе. Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (1899-1951) – ХХ ғасырдың алғашқы
жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық
қозғалысының кӛсемі. Алтай қазағы. Ол 1899 жылы Алтай аймағының Кӛктоғай
ӛңірінде туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бӛке батырдың қасына келді.
Оспан батыр 1940 жылы атқа қонып, 1951 жылға дейін, Қытай, КСРО, Моңғол
әскерлерімен 11 жыл соғысқан.
1911 жылы Бӛке батырдың жағында қытайлар және орыстарға қарсы күрес
бастаған Оспан батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістанның қытайлар және
орыстардан азат етілуін мақсат етіп қойды. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында
Қытай үкіметі тарапынан Шығыс Түркістан жеріндегі түркі халықтарына қарсы
қысым күшейгенімен бірге түркі халықтарының жауап әрекеттері де күшейе түсіп,
Оспан батырдың кӛтерілуіне себеп болған жағдай қалыптасты.
Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр 1943 жылы мақсатына
жеткендей болып кӛрінді. 1943 жылы шілденің 22-сінде Бұлғында жасалған жиында
Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды.
1945 жылының басында Шығыс Түркістанда бірнеше қала сыртында бақылау
кӛтерілісшілердің қолына түсті. Жағдай қытайлар үшін бұдан артық тӛзгісіз болып
және одан да қауіпті жағдай қалыптаспайынша Қытай әскерлері ӛлкеде қатаң және
жойқын операциялар ӛткізді. Тарбағатай және Алтайдан шығарылған Оспан батыр
күресті отыз мың кісімен бастаса да, 1950 жылдың басында осы сан шамамен тӛрт
мың ғана болды. Бұл санға әйелдер және бала-шаға да кіреді.
1951 жылы Қанамбалда қоршалған Оспан батыр тұтқын болды, Үрімжіге
жӛнелтілді. Оспан батыр халық арасында жүргізіліп кӛрсетілді және 1951 жылғы
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
114
сәуірдің 29-шы күні үкім бойынша ӛлімге кесілді. Батырды 1951 жылдың 28 сәуір
күні Үрімжіде атты.
Оспан батыр атылғаннан кейін де қудалау тоқтаған жоқ. Кӛп адамдар
жазаланды. Бұл үрдіс батырдың ұрпақтарын айналып ӛтпей қоймады. Үлкен ұлы
Шердиман 1973 жылы Құлжа түрмесінде ӛлді. Екінші баласы Нығметолла 1976
жылы дүниеден ӛтті. 1928 жылы туып, 12 жасында қолына қару алып, соғысқа
қатысқан кіші ұлы Нәби 2002 жылы қайтыс болды.
Нәбидің алты баласы бар. Кенжесі Ӛркенбек Нәбиұлы ата-жұртына келіп,
Түркістандағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін
«Халықаралық
қатынастар»
мамандығы
бойынша
бітіріп,
Қазақстанның
азаматтығын алып, Алматыда тұрақтап қалған еді.
Діні мен ұлты үшін ӛмірден ӛткен Оспан батыр дүниеден озып, арада 60 жыл
ӛткенде немересі Ӛркенбектің баласы дүниеге келді. Батырдың шӛбересіне Нұресіл
деп ат қойды [1].
Оспан батырдың халықтың ортасына шығуына себеп болған қоғамдық
жағдайлар. Қытай елі 1935 жылдың соңынан бастап Алтай ӛңірінде жансыздарын
қалыптасып, сынықтан сылтау іздеді. Осы арқылы жалалы істерді молайтты. 1939
жылы наурызда Шыңжаң ӛлкелік сақшы мекемесі Алтай аймақтық сақшы
мекемесіне бұйрық түсірді. Онда Үрімжідегі Қонажияз, Бұрхан, Баймола сияқтылар
ұйымдастырған жаңа үкіметке қарсы ұйымның Алтайдағы қазақ пен ұйғыр
арасындағы тіректілерін ұстау айтылған.
Бұл кезде Қазақстан жерінде де сталиндік саяси қуғын мен қырғындау торын
барынша кеңге жайған кез еді. Осы зұлматпен тамырласа қастандық сайлаған Шың
Шысай де сорпа бетіне шығарларын шырғасып жайды. Үрімжіден Қожанияз,
Бұрхан, Баймолла бұл құрбандыққа алдымен ілінсе, Алтайдан Әсен бай, Ғопыр
Шаңия, Мұхамедхан дамолла бастаған жиырмаға жуық адамды ұстады.
Осымен қатарлас ойдан жасалған «Қытай Мұсылман мемлекетін» құру
ұйымының мүшесі деп Алтайдан Сәлім, Шабдан Қамбар, Темірғали, Ақмола,
Мәңкей, Халел сияқтылар ілгерінді-кейінді қолға алынды. Іле-шала Алтай халқына
енді. «Мәуленов ісі» деген жабысады да, Алтынбек, Нұртаза, Әділбек, Әбілқасым,
Шерияздан, Нығмет секілді жиырма шақты адам ұсталды. Бұл аз болғандай, «Үш тал
сіріңке» оқиғасымен қатысты деп қырық шақты адам нақақ қамауға алынады.
Тӛменгі Алтайдан Құбыжып, Құрағұл, Ӛнерхан сияқты ел басыларын түрмеге
алады. Сӛйтіп ел басына күн туып, тыныштық шайқалады. Халық қан жұтып,
қаймығыды. Осылайша Оспан сынды ел ұлдарының атқа мінбесіне болмайды.
«Ереулі атқа ер салатын, ереулі найза қолға алатын» кез жетеді.
Осы күндері, яғни 1940 жылдың шілдесінде Оспан 40 жасағымен жон
Алтайдан Жапсар жайлауы арқылы Қуертіс бойына келіп түседі. Ӛзеннен сал байлап
ӛтіп, Кӛктоғай ауданына қарасты Күрті деген жерде тұратын Шын Шысай ӛкіметінің
пошта пунктін ұстап жатқан 7 әскерін тұтқындайды. Сарсүмбе жақтан Кӛктоғай
қалшығына бара жатқан 2 почтальон бұлардың үстіне түсіп қалады, бірі Қытай, бірі
ұлттық екен. Оспан оларды сұраққа тартып, кейінгі жақтарында 40 әскердің
қорғауымен 200 түйеге артқан қоры келе жатқанын, оның ішінде 10 шақты түйеге
артқаны оқ дәрі, қалғандары азық-түлік, киім-кешек сиақты заттар екенін біліп
алады. Аңдып жатып арнайы келгенде тап берген оның қолы еш шығынсыз 200
түйге артқан жау кіресін қолға түсіріп, қосынан толық қаруландырады. Кӛтерілісші
қосынға зор медет беріп, келелі жеңістерге рухани және заттық негіз қалады.
Оспанның тікелей жетекшілігімен ӛріс алған Таршатты, Аршалы, Ащылы,
Ышқынты шайқастары түгелімен қоғадай сындырып, қанға бӛктерді.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
115
Шың әскерлері арт-артынан 1943 жылы қыркүйектің соңында Оспан Ӛр
Алтайдың Бұлғын деген жерінде қосынын ретке салып, Жәнібектің ақ туын алып
шығады. Елдің ұлы жиыны батырды хан сайлауды ұйғарып, ақ киізге отырғызып,
атпен кӛтеріп, хан сайлайды. Алдымен киіздің екі жағына ағаш байлап, ердің қасына
сайлап кӛтереді. Әрі Мұхаметжан, Қыстаубай Кәріп зәңгі, Шақабай Ыдырыш зәңгі,
Ләйтіп сияқты тӛрт ақылшы сайланды. Әскери істерге жауапты болып Сұлубай
белгіленіп, орынбасары Кәмел болды. Молқы жасағына – Қапас, Қарақас жасағынан
– Қаби Халелұлы, Жәнеткей жасағынан – Тексенбай, Қуанышбайлар және Әдірасыл
тағайындалды. Осы науқан тай сойып, бәйге салып, думанмен ӛтті.
Оспан қолы осылайша кемелді әскери түс жариялап, қатаң тәртіп белгілеп,
арнайы соғыс жариялап, қатаң тәртіп белгілеп, арнайы соғыс жүйесін
қалыптастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |