4. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? Қабанбай, Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары
Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі. (қамзол)
Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, камзол, тон жейде, костюм т. б жатады.
4. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Қабанбай, Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары:Қанжығалы Бөгенбей, Кенесары,Наурызбай,Райымбек батыр,Қарасай батыр)
5. Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірін ата? (қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірі — ою — өрнек-үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, -
6. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз үйіне бір жылдан кейін барған. Қалай аталады? (төркіндеу- Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, қалаған затын беріп риза етіп аттандыруға тиіс.
7. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше. (түскиіз-үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Түскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі
8. Босаға майлау салт-дәстүрін түсіндіре өтсеңіз . Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді
9. "Байғазы деген қандай дәстүр?«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
10.Қазақта сәлемді кімге неге салады және сәлем салудан босатқан себебі? (Келінің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі ,ата-енесіне қайынжұртына деген құрметті мен сәлемі.Сәлемді ата-баба салтымениіліп немесе тізесін бүгіп салады.Сәлемге ие болған адам :бақытты болбалам!-деп ықыласын білдіреді немесе қартаталар мен аналар жас келінің маңдайынан иіскеп,бақыт пен берекесін тілейді. Жүкті кезінде және жолдасы бұл дүниеден өткен кезде босатылады.
11. "Есім ханның ескі жолындағы" қызға төленетін қалың малдың кесімді мөлшері бес түрлі болған. "Жүз қырықтың қалыңы" — жүз қой, қырық қара деген кесім байлар мен билердің қызының қалыңы.
2. "Жүз жиырманың қалыңы" — жүз қой, жиырма қара деген кесім одан кейінгі орташа қызының қалыңы.
3. "Қырық жетінің қалыңы" - жеті қара, кырық қой деген кесім (байлардың, билердің "қатын үстіне" алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы).
4. "Он екі қара" — "дөңгелек қалың" (қатыны өлгендердің кедейдің қызын айттырғанда төлейтін қалыңы).
5. "Сегіз қара" (жарлы-кедейлердің бір-бірімен құда болып қызын айттырғанда төлейтін қалыңы). Әйел құны да осы кесімге орай шешіліп отырған.
12.Абайдың қанша қара сөзі бар ? (45 қара сөзі бар)
13.Жылқының жас атауларына сай тізбектеп атап шығыңыз? (Құлын,Жабағы,Тай,Құнан ,Дөнен,Бесті,Айғыр)
14.Қазақ қызына тән мақал-мәтел айтыныз? (Қыз өссе елдің көркі –Гүл өссе жердің көркі Астың дәмін келтірер түз емес пе, елмен жерді қосатын қыз емес пе. Қызға қырық үйден тиым. Қыздың қырық жаны бар.
15
16. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев)