4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет19/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

1)Талшықты вена (бұлшықетсіз)
Локализациясы: плацента,сүйек,жұмсақ және қатты ми қабықшалары, көздің торқабығы, көкбауыр веналары. Құрылысы : Н.А. бірде-бір қабықшалары құрамында бұлшықетті элементтері болмайды.
Бұл веналар қабырғасын 2 қабықша қалыптастырады:
1) ішкі қабықша (t. intima) – базалды мембранада орналасқан эндотелиоциттер қабаты
2)сыртқы қабықша (t. externa) – борпылдақ талшықты дәнекер тіннің жұқа қабаты. Ортанғы қабықшасы болмайды.

2.а)Бұлшықет элементтері әлсіз дамыған веналар
Локализациясы: бұл дененің жоғарғы бөлігінің барлық дерлік – ұсақ және ірі калибрлі веналары. Адамның тік жүру қабілетіне байланысты, жоғарыдан төмен қарай қан өз салмағымен оңай жылжитындығын ескеру керек. Бұлшықет компоненті әлсіз дамыған венаға мысал ретінде, жоғары қуыс венасын айта аламыз.
Жоғары қуыс вена құрылысы Н.А. тек t. мedияда тегіс миоциттері бар.
1)ішкі қабықша (t. intima) – эндотелий және әлсіз жетілген эндотелийасты қабатынпн тұрады.
2)ортаңғы қабықша (t. мedia) –дәнекер тінінде оналасқан тегіс миоциттері (шиыршықты бағытталған) бар. Олар аз мөлшерде тек қана осы қабатында ғана болады.
3) сыртқы қабықша (t. externa) – бұл үш қабықша ішіндегі қалыңдау қабаты болып табылады.
Тамырлардың тамыры бар борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады. Аяқ пен дененің төменгі бөлігінде орналасқан ұсақ осы типті веналарда қақпақшалары (клапаны) болады.

2.б) Бұлшықет элементтері
орташа дамыған веналар Локализациясы: иық және аяқтың орташа веналары.
Құрылысы: Н.А. t. media и t. еxterna-да тегіс миоциттері бар.
1)ішкі қабықша (t. intima) – эндотелий және әлсіз жетілген эндотелийасты қабатынан тұрады. Көптеген веналарда осы қабықша қақпақшаларды түзеді.
2)ортаңғы қабықша (t. мedia) – бірнеше қатар шиыршықталып орналасқан миоциттерден тұрады.
3)сыртқы қабықша (t. externa) – алдыңғы қабықшаларымен салыстырғанда 2-3 есе қалыңдау болады және құрамында тегіс миоциттері (ұзына бойлық бағытталған) бар борпылдақ талшықты дәнекер тіннен қалыптасқан. Барлық үш қабықшада эластинді талшықты құрылымдары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет