4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет27/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Жүректің васкуляризациясы: Коронарлы артерияларда ішкі және сыртқы эластинді мембранасы тығыз каркас түзеді. Жалпы жүрек клапандары негізінде қантамырлар қақпашаларға бекітілетін жерінде капиллярларға айналады. Бұлар барып коронарлы веналарға жиналады.
Иннервациясы: Жүрек қабырғасында бірнеше нерв өрімдері мен ганглилері болады. Бұлардың ең тығыз орналасқан жері оң жақтағы жүрекшемен синустық-жүрекше түйіндерінде байқалады. Жүрек қабырғасында бос жатқан және капсулалы нерв ұштары да бар.

17. Қан өндіруші және иммундық қорғаныс ағзалары. Орталық қан өндіруші және иммуногенез ағзалары. Сүйектің қызыл кемігі. Қызметі және құрылысы. Сүйектің сары кемігі. Сүйек кемігінің регенерациясы.
Иммунды қорғаныс жүйесіне қан жасушалары, иммунды компаненті жетік жасушалар жиынтығы және ағзаның гомеостазын сақтайтын мүшелер жатады. Жалпы қан түзетін және иммунды қорғаныс мүшелері Орталық және Шеткі болып бөлінеді. Орталық қан түзетін мүшелерге: сүйектің қызыл кемігі мен тимус жатады. Сүйектің қызыл кемігінде эритроциттер, тромбоциттер, гранулоциттер лимфациттердің алғашқы түрлері түзіледі. Ал тимус лимфопоэздің ортаңғы мүшесі.
Шеткі қан түзетін мүшелерге: көкбауыр, лимфа түйіндері,миндалиналар жатады. Бұлар орталық мүшелерден келген Т және В лимфоциттері көбейіп маманданып,антигендердің әсерінен иммундық қызмет атқаратын эффекторлы жасушаларға айналады. Сонымен қатар осы шеткі мүшелерде тіршілігін аяқтаған қан жасушалары жойылады.
Жалпы қан өндіру ағзаларына тән қасиеттерге тоқталып өтсем: ең алдымен ағзаларының стромасы ретикулярлы тіннен түзілген,тек тимус қана эпителий тінінен түзіледі. Сонымен қатар гемопоэтикалық жасушалардың қалыпты дамуына жағдай жасайды. Ыдыраған жасушалармен олардың қалдықтарын фагоцитоздайтын бос және бекітілген макрофагтар мөлшері көп болады. Және де ерекше синусты капиллярлар мен лимфа тамырлары болады,осы тамырлар қабырғасындағы эндотелиоциттер иммунды функция атқарады.
Сүйек кемігі- қанөндірудің орталық ағзасы болып табылады. Сүйек кемігінің ретикулярлы тінін түзеді және құрамында артериялар, веналар мен синусоидты капилярлар болады. Сүйек кемігінде гемопоэздың бағанды полипотентті жасушалары орналасады. Сүйек кемігі эмбриондық дамудың 2-ші айында бұғанада, 3-ші айынан бастап жалпақ сүйектерде, ал 4-ші айда түтікшелі сүйектерде пайда болады. Ересек адам организмінде 2 түрлі сары және қызыл сүйек кемігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет