4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет16/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

1. Эластикалық типті артериялар ортаңғы қабықшада эластикалық құрылымдардың жақсы айқындалуымен сипатталады. Оларға аорта және өкпе артериясы жатады, мұнда қан үлкен жылдамдықпен және жоғары қысыммен ағады. Бұл тамырларға қан тікелей жүректен келеді. Ірі калибрлі артериялар транспорттық қызметті атқарады. Құрамындағы көп мөлшердегі эластикалық құрылымдар (эластикалық талшықтар мен мембраналар) жүрек систоласы кезінде тамыр қабырғасының созылып, ал диастола кезінде бастапқы қалпына келуіне мүмкіндік береді. Эластикалық артерияның мысалы ретінде организмдегі ең ірі тамыры – аортаны айтамыз.
Аортаның ішкі қабықшасы құрамына эндотелий, эндотелийасты қабат және эластикалық талшықтардың өрімі (ішкі эластикалық мембранаға сәйкес) кіреді. Жас ұлғайған сайын ішкі қабықша жұқара түседі.
Аорта эндотелийі базальді мембранада орналасқан жалпақ эндотелиоциттерден тұрады.
Эндотелийасты қабаты борпылдақ жіңішке фибриллярлы дәнекер тіннен тұрады, ол жұлдыз пішінді жасушаларға бай. Бұл жасушалар эндотелийге беріктік қасиетін береді. Эндотелийасты қабатында бойлай орналасқан жекелеген тегіс миоциттер кездеседі.
Эластикалық талшықтардың қалың өрімдері ішкі эластикалық мембранаға сәйкес келеді.
Аортаның ішкі қабықшасы жүректен шығатын жерінде қалтатәріздес - «жартыай қақпақша" – түзеді, артериялардағы жалғыз қақпақша болып табылады. Әдетте бұл құрылымды - аорталық қақпақша деп атайды.
Аортаның ортаңғы қабықшасы оның қабырғасының негізгі бөлігін құрайды, ол бір-біріне ендірілген пішіні цилиндр тәріздес бірнеше ондаған эластикалық мембраналардан тұрады. Олар бір-бірімен эластикалық талшықтар арқылы байланысып басқа қабықшалардағы эластикалық элементтермен біріге отырып ортақ эластикалық каркас түзеді.
Аортаның ортаңғы қабақшасындағы мембраналар арасында қиғаш орналасқан тегіс бұлшықет жасушалары және фибробласттар орналасады. Эластикалық мембраналар, эластикалық және коллагенді талшықтар, тегіс миоциттер барлығы аморфты затқа (гликозаминогликандарға бай) бекітілген. Аортаның ортаңғы қабықшасының мұндай құрылысы оған жоғары созылғыштық қасиетін (систола кезінде) және диастола кезінде тамыр қабарғасының тонусын реттеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет