4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет59/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Ұрық шығару өзегі – аталық жыныс бездерінің басында орналасады. Ұрық шығару өзектерінің қабырғалары: кілегейлі, бұлшықетті, адвентициальді болып табылады. Оларға жеке тоқталсам:
  • Кілегейлі қабық – эпителийдің 2 қатарлы жасушалардан , яғни кірпікшелі және қыстырма жасушаларынан тұрады. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасы – БТДТ-дан тұрады.


  • Бұлшықетті қабық – сыртқы және ішкі бойлық және ортаңғы айналмалы қабықтартардан түзіледі.


  • Адвентиция қабығы – БТДТ-дан құралады.


Ұрық көпіршіктері, қуық асты безі және бульбоуретралды бездер аталық жыныс жүйесінің қосымша мүшелеріне жатады. Оларға жеке жеке тоқталатын болсам:


Ұрық көпіршіктері – жұп без. Спермаға секрет бөлу арқылы оны сұйылтады, бұл секреттің құрамында сперматозоидтердің белсенділігін арттыратын және оларды қоректендіретін фруктозаны бөліп, простагландинді синтездейді. Қабықтарының құрылысына келетін болсам: Кілегейлі қабық – эпителийдің 2 қатарлы жасушалардан , яғни кірпікшелі және қыстырма жасушаларынан тұрады. Кілегей қабықтың құрамында қарапайым құрылысты альвеолярллы бездер орналасады. Бұлшықетті қабық – ішкі циркулярлы, сыртқы – бойлық миоциттер жиынтығынан тұрады. Адвентиция қабығы – БТДТ-дан құралады.
Қуық асты безі – қуықты қоршап жатқан безді және бұлшықетті мүше болып табылады. 30-50 шамасында түтікшелі альвеолярлы бездер осы қуық асты безінде орналасады. Осы альвеолярлы бездердің 3 тобы ажыратылады:
А. Периуретралді бездер – қуықтың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасында орналасады;
В. Аралық бездер – кілегей асты негізінде орналасады.
С. Негізгі бездер – қуықасты безінің негіінде орналасады.
Қуық асты безінің секреторлы бөліктерінің құрамында секреторлы және қыстырма жасушалары болып, олар қатарынан орналасады. Ал қуық асты безінің өзектерінде эндокринді жасушалар мен 50%-дай миоциттер де болады.
Қуық асты бездерінің функцияларына тоқталатын болсам:
  • Экзокринді функциясы – секреттің құрамындағы сперматозоидтардың белсенділігін арттыратын және қоректік заттар арқылы жүзеге асыралады.


  • Эндокринді функциясы – бездің құрамындағы диффузды орналасатын эндокриноциттердің простагландин, нервтерді өсіретін факторлар, серотонин, соматостатин, пептидтерді синтездеуі арқылы жүреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет