4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет57/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Иректелген ұрық түтікшелері – аталық жыныс безінің құрылымдық қызметтік бірлігі болып табылады. Олардың жалпы ұзындығы 160-640 метр шамасында болады. Олардың сырты үш қабаттан тұрады:
  1. Ішкі талшықты немесе базальді қабаты – коллаген талшықтарының тобынан түзілетін, ішкі бетін сперматогенді эпителий қабатын базальді мембрана тыстайтын қабат болып табылады. Оның құрамында аталып өткен базальді мембранаға тікелей бекінетін сустентоциттер немесе Сертоли жасушалары, сонымен қатар дамудың әртүрлі сатысындағы жыныс жасушалары орналасады.


Сертоли немесе сустентоцит жасушалардың морфофункциалдық сипаттамасына тоқталатын болсам, бұл жасушалар – үшбұрыш пішіндес, жалпақтау табаны арқылы базальді мембранаға бекінеді.


Ашық түсті, ірі және қатпарланған, эухроматині басым ядролы болып табылады, сонымен қатар белок синтезіне қатысатын тұйіршікті ЭПТ, Гольджи кешені, митохондриялар сияқты бірқатар органеллалары ажыратылады.
Сертоли немесе сустентоцит жасушаларының функциялары:
  • Трофикалық қызмет – даму барысында жыныс жасушаларын қоректендіреді;


  • Тіректік қызмет;


  • Қалыптасу кезеңіндегі сперматозоидтердің ақаулары бар түрлерін фагоцитаздау арқылы жояды;


  • Бірқатар гормоналды және секрециялық қызметтері- АББ, антимюллер гормонын, трансферринді синтездейді;


  • Гематотестикулярлы барьерді түзуге қатысады;


  • Тасылдау қызметі.


  1. Миоидты қабат – иректелген ұрық түтікшелерінің диаметрін қысатын миоидты жасушалардан тұрады.


  2. Сыртқы талшықты қабат жеке екі бөліктен тұрады. Біріншісі – миоидты жасушалардың базальді мембранасынан, ал екіншісі – коллаген талшықтары және фиброциттерден қалыптасады.




Сперматогенез – аталық жыныс жасушалары, яғни сперматозоидтардың дамуы болып табылады. Оның көбею, өсу, пісіп жетілу және түрлену деген 4 сатысы ажыратылады.
А. Көбею сатысы – сперматогенді эпителий тінінің азальді мембранасында өтеді. Бұл сатыда сперматогонийдің екі түрі пайда болады: Біріншісі – бағаналы немесе А-типті сперматогоний , ол өз кезегінде бағаналы ұзақ тіршілік ететін және жартылай бағаналы тек бір рет бөлінетін екі субпопуляциядан тұрады. Екіншісі – дифференцияланатын А және В типті сперматогонийлер болып табылады.
Бағаналы немесе А-типті сперматогоний ашық және күңгүрт түсті құрылысты болып табылады. Күңгірт түсті жасушалар резервтегі жасушалар болғандықтан , баяу көбейеді. Ашық түсті жасушалар, керісінше, белсенді жаңарып отырады.
В. Өсу сатысында – ашық және күңгірт жасушалар көбейіп, бір-бірімен байланысу арқылы тізбек түзіп, бірінші реттік сперматоциттерге айналады. Сперматогонийлердің көлемі артып, мейоздың редукциональді бірінші реттің бөлініуі жүзеге асырылады. Мейоздың профазасы – лептотен, зиготен, пахитен, диплотен, диакенез сатыларынан тұрады.
С. Пісіп-жетілу сатысы - мейоздың редукциональді бірінші реттің бөлініуінен кейін басталып, қалыпты митозды жолмен жүзеге асады, яғни нәтижесінде сперматогонийлердің құрамында гаплоидты хромасомалы 4 сперматиді ажыратылады.
Д. Түрлену сатысында - сперматиділердің бөлінбей пісіп жетіліп сперматозоидтарға айналады.
Сперматогенез процессі ер адамдарда 75 тәулік аралығында жүреді, бұл процесс ұрық түтікшесінің иректелген түрінің ішінде толқын тәрізді өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет