4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет26/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Р-жасушалары импульсты өздігінен жүргізетін кардиомиоциттер. Бұлар өсінділі болып келеді. Цитоплазмасында ашық түсті ядросы болады. Р-жасушалары мембранасынан натрий ионын алып жасушаға карай өткізетін, ал жасушадан калий ионын шығарып өздігінен жиырылатын кардиомиоциттер.Бұл жасушалар көбіне жүректегі синаурикулярлы(құлақшадағы) түйінде орналасады.
Аралық жасушалар- жүрекше-қарынш түйінінде орналасады. Бір-бірімен қарапайым және қыстырма дисктер арқылы байланысады. Цитоплазмасында миофибрилалары көп болады. Бұл жасуша бізде тітіркену реакцияларын жұмысшы кардиомициттерге, одан пуркинье талшықтарындағы жасушаларға өткізеді. Жүректің потологиялық сырқаты кезінде нмесе жүрек инфаркт миокарды кезінде Р-жасушалары мен аралық жасушалар арасындағы байланыс үзіледі.Байланыс үзілуі әсерінен ауру адамның жүрек соғуы 30-40 ретке дейін төмендеп, жалпы денесінің қимылға, жұмысқа жарамсыздығы байқалады.Мұндай науқастарға кардиостимуляторларды қолданады.
Пуркинье талшықтарының жасушаларынан Гисс шоғыры мен Пуркинье талшықтары түзіледі.Эндокард астында орналасады. Бұл жасушалар өте ірі, цитоплазмасы ашық түсті, гликоген қосындыларын өте бай болып келеді.Олар өзара бір-бірімен десмосомалар мен нексустар арқылы байланысады.Пуркинье талшықтары бізде нерв импульсін аралық кардиомиоциттерден алып, қарыншадағы жұмысшы кардиомиоциттерге өткізеді.
Жүректің сыртқы немесе сірлі қабықшасы эпикард деп аталады.Эпикард мезотелиймен қапталған,оның астында борпылдақ талшықты дәнекер тін орналасқан. Сонымен қатар эпикардтың құрамында май тіндеріде кездесуі мүмкін.Эпикард жалпы перикардтың висцеральді жапырақшасы болып табылады.
Перикард сырты мезотелиймен қапталған. Жалпы перикардтың париетальді жапырақшасы құрылысы бойынша эпикардка ұқсайды және мезотелий мен висцеральді жапырақшаға қарайды. Мезотелий бұзылыстары болған кезде, мысалы перекардит болса, жүректің жұмысы перикардтың жапырақшалары арасында пайда болған дәнекер тіндің қатпарлар нәтижесінде нашарлауы мүмкін. Сонымен қатар эпикард пен перикардтың париетальді жапырақшасы құрамында көптеген нерв ұштары(бос нерв ұштары) кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет