48. Бүйректің эндокриндік аппаратына сипаттама. Бүйрек – үздіксіз несеп түзіп отыратын несеп шығару жүйесінің несеп түзетін мүшесі болып табылады. Бүйректің эндокринді жүйесіне тоқталатын болсам, ол ренин және простагландин аппаратынан тұрады, сонымен қатар бұл аппарат арқылы бүйректің ішіндегі қан айналымы мен несептің түзілуі сияқты маңызды процесстер реттеліп отырады. Және де бірталай организмдегі су-тұз алмасуы және қанның гемодинамикасына сияқты қосалқы процесстер де осы бүйректің эндокринді аппараты арқылы реттеледі. Енді осы бүйректің эндокринді аппаратының әр бөліміне жеке-жеке тоқталсам:
Юкстагломерулярлы аппарат (ЮГА) – бүйректің шумақ қантамырларына ренин деген белсенді затты бөледі. Ал ренин өз кезегінде қан тамырларының диаметрін тарылтып, гипертензия тудыратын ангиотензин синтезін жүзеге асырады. Сонымен қатар, ренин бүйрекүсті безінің альдестерон атты гормоны және гипоталамустың вазопрессин деген гормондар синтезін белсендіреді. Эритропоэтин сентезін қалыптастырып, юкстагломерулярлы және юкставаскулярлы жасушалар, тығыз дақ сияқты құрылымдардан тұрады. Оларға жеке тоқталсам:
Тығыз дақ - қанды нефрондардың шумағына әкеліп, әкететін артеориолалардың арасында орналасатын нефронның дистальді бөлігінің қабырғасының бір аймағы.
Юкставаскулярлы жасушалары немесе Гурмагтиг жасушалары - қанды нефрондардың шумағына әкеліп, әкететін артеориолалар мен тығыз дақ арасындағы үш бұрышты кеңістікте орнаасады.
Простагландинді аппарат интерстициалді жасушалар және несепті жиятын түтікшелердің қабырғасындағы нефроцит жасушалардан тұрады. Интерстициалді жасушалар бүйректің боз затында орналасатын өсінділі мезенхимадан дамиды. Олар проглатинді синтездеп, антигипертензинді , яғни қан қысымын төмендететін қызмет атқарады.