Байланысты: 4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org
Сары дене. Овуляцияға себепші болған лютеин гормонының эсер етуі нетижесінде пісіп-жарылған овоциттің қабырғасындағы қабықтары бездің құрамында қалып, өзгерістерге ұшырайды да, бұдан бездің құрамындағы уақытша қосымша эндокринді қызмет атқаратын - сары дене қалыптасады. Пайда болған сары дененің құрамына біртіндеп қан тамырлары еніп, кейбір бұзылған тамырлардан қан құйылады. Дамыған сары дененің ортасындағы дәнекер тіні тез өсіп ұйыған (құйылған) қанның орнын басады. Осылай пайда болған немесе қалыптасқан сары дененің дамуы төрт сатыға бөлінеді. Бірінші сатысы - пролиферация мен васкуляризацияның барысында жасушалары көбейіп бұлардың арасында капилляр пайда болады. Екіншісі - бездің метаморфоз сатысы. Жасушалары өсіп, оларға липохромдары бар сары пигмент (лютеин) жиналады. Осы кезеңнен бастап сары дене гормон бөледі. Ол гормон - прогестерон. Осыдан үшінші сатысы – толысусатысы басталады. Бұл сатының ұзақтығы әртүрлі. Егер ұрықтану жүзеге аспаса, онда бұл дененің толысу кезеңі 12-14 күнмен шектеледі. Ал анада жүктілік байқалса, сары дене ұзағырақ сақталады. Бұл жүктіліктің сары денешігі деп аталады. Жүктіліктің жөне менструальді циклдің сары денелерінің арасындағы айырмашылық тек даму кезеңінің ұзақтығы мен мәлшерінде: жүктіліктің сары денесінің d =1,5-2 см, ал менструальді дененің d>5 см астам. Жүктіліктің және менструальді циклдің сары денелері әз қызметін атқарған соң инволюцияға ұшырайды. Осының нәтижесінде бұрынғы сары дененің орнына дәнекер тінді - ақ зат пайда болады. Бұл зат аналық безде бірнеше жылға дейін сақталады да, біртіндеп солып, жойылады.
Атрезия. Бездегі фолликулдардың біразы пісіп-жетілу кезеңіне жетпейді де, ыдырап, қайта өзгеріп - атрезияға ұшырайды. Мұнда ең альдымен овоцит жойылады да, одан қатпарланған, біршама тығыздалған дене түзіледі. Бездің құрамындағы интерстициальді жасушалары ерекше дамып, өзінің пішіні мен түрі жағынан сары денеге немесе оның құрамындағы лютеин жасушаларына ұқсайды. Бұл пайда болған құрылым атрезиялықнемесе атретикалықдене болып табылады. Кейіннен бұл дене де инволюцияға ұшырап, бұлардың орнына интерстициальді жасушалар жиынтығы қалады. Интерстициальді жасушалар овариальді циклдің гормондарын түзуге қатысады деп ұғынған жөн.
53. Жатыр түтікшелері, құрылысы қызметі. Жатыр қабырғасының құрылысы және қызметі. Овариальді- менструальді цикл және оның сатылары. Қынап. Жатыр қабырғасының овариальді- менструальді циклге байланысты құрылысы. Жасқа байланысты өзгерістері. Сүт бездері.