4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет55/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Калликреин-кининді аппарат бүйректегі қан тамырларының қабырғаларының диаметрін кеңейтіп, натрицурез бен диурезді сияқты процесстерді күшейтеді.


49. Несеп шығару жолдары. Бүйрек тостағаншалары, бүйрек түбегі қабырғасының құрылысы. Несепағар, қуық, несеп шығару түтігінің морфофункциялық сипаттамасы. Бүйректтің иннервациясы.
Несеп жүйесінің мүшелері несеп түзетін бүйрек және несеп шығару жолдарынан тұрады, яғни оған бүйрек тостағаншасы, бүйрек түбегі, несепағар, қуық және несеп шығаратын каналдан жатады. Бұл мүшелерге жеке тоқталатын болсам:
Бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегінің қабырғаларының құрылысына тоқталатын болсам, бұл мүшелердің қабырғалары кілігейлі қабық, кілегейасты негізі, бұлшықетті және сыртқы адвентициялы қабықтардан тұрады. Ал кілегейлі қабықтың өзінің негізін ауыспалы эпителий тіні құрап, ол меншікті пластинкаға бекініп, біртіндеп кілегей асты негізінің дәнекер тініне ұласады. Бұлшықетті қабық болса, өз кезегінде спираль тәрізді миоциттерден тұрады. Алайда, бұлшықет миоциттері бүйрек пирамидаларының бүртіктерінде айналмалы түрде орналасады. Адвентициялы сыртқы қабат болса бүйректің қантамырларын қоршайтын дәнекер тінді қабық болып табылады.
Несепағар – рефлекторлы қызмет атқаратын несеп шығару жолдарының бір мүшесі. Ол өте созылғыш сипатқа ие, өйткені кілегейлі қабатында көптеген бойлық қапарлары болады. Несепағардың кілегей асты негізінде альвеолярлы-түтікшелі бездер орналасады. Ал бұлшықетті қабат болса, өз кезегінде несепағардың жоғарғы бөлігінде екі, ал төменгі бөлігінде үш қабатты миоциттер орналасады. Айта кететін жағдай, несепағардың қуыққа жалғасатын жерінде несепағардың бұлшықетті қабаты айналмалы түрде орналасып, қысқыштар түзеді , ал олар несепағардың қабырғасының жиырылуын реттейді. Несепағар қабырғасы жиырылған сәтте несеп қуыққа белгілі бір мөлшерде беріліп отырады. Демек, осыған байланысты несепағардың бойында 2-4 сециялық цистоидтары ажыратылады. Несепағардың сырты болса адвентиуиальді қабықпен қоршалады.
Қуық – зәр сақталатын несеп шығарушы жолдардың бір мүшесі. Оның қабырғасының құрылысына тоқталатын болсам: Кілегейлі қабығы ауыспалы эпителий тіні мен меншікті пластинкалардан құралады. Меншікті пластинка көптеген кіші мөлшерлі капиллярлардың торынан тұрады. Сонымен қатар, кілегейлі қабатта орналасатын қатпарлар қуықтың созылуы мен қысылуына әсер етеді. Қатпарлар қуық пен несеп шығаратын түтіктің байланысу жерінде, яғни қуықтың үшбұрышында да кездеседі. Қуықты басқа мүшелерден ерекшелейтін оның кілегей асты негізінің болмауында.
Қуықтың бұлшықеттік қабаты дәнекер тінінің перделерінен тұрып, үш қабатты миоциттерден тұрады. Қуықтың артқы, жоғарғы және бүйір бөліктері сірлі қабықпен қапталады, ал қалған бөліктері адвентициальді қабықпен қоршалған. Сонымен қатар, қуықтың қан мен лимфа тамырларына өте бай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет