4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Жатыр түтіктері немесе ұрық жолдары



бет63/73
Дата21.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142158
түріҚұрамы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді даму-emirsaba.org

Жатыр түтіктері немесе ұрық жолдары-құрсақ қуысы мен жатырды байланыстырып тұратын жұп мүшелер. Ол ұрық жолдарының парамезонефральді өзектерінің үстіңгі бөлігінен дамиды.
Құрылысы: Жатыр түтігінің қабырғасында үш түрлі: кілегейлі, бұлшықетті және сірлі қабықтары болады. Кілегейлі қабықтың құрамында көптеген тарамдалған қатпарлары бар. Бұл қабығының эпителиі бір қабатты призмалы, құрамы екі түрлі-кірпікшелі және безді немесе секреторлы жасушалардан тұрады. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты дәнекер тіні түрінде көрінеді. Бұлшықетті қабатының ішкісі айналмалы, ал сыртқысы бойлық қабаттардан тұрады. Жатыр түтігінің жолдары сыртқы жағынан сірлі қабықпен қоршалған. Жатыр түтігінің проксимальді ұшы кеңейіп шашақтармен аяқталады. Овуляция кезінде ұрық жолдарының шашақтарының құрамындағы қан тамырлары көлемі жағынан ұлғайып, аналық безді мейлінше мол қамтиды. Аналық жыныс жасушасының ұрық жолымен жылжуы жатыр түтігінің қуысын жауып тұрған эпителий кірпікшелерінің қимылдармен ғана емес, сонымен бірге оның бұлшық ет қабығының перистальтикалық жиырылғыштығымен де қамтамасыз етіледі.
Қызметтері:
  1. Жұмыртқа жасушасының жылжуын қамтамасыз етеді;


  2. Секреторлы қызмет: шырыш бөліп, жұмыртқаның қоректенуін қамтамасыз ете отырып, простогландиндердің биосинтезіне қатысады.


  3. эмбриогенездің алғашқы сатылары жатыр түтігінде жүреді.


Жатыр түтіктерінің қабынуын сальпигит дейді. Бұл жатыр түтігінің кілегейлі қабығының эпителийінің патологиясында және дәнекер тін өсуі кезінде байқалады.


Овариальді менструальді цикл, оның сатылары. Аналық жыныс жүйесінің циклі, оның қызметі мен құрылысының тіркесті өзгерістері болып саналады. Мұны овариальді-менструальді цикл дейді. Бұл цикл үнемі бір ретпен қайталанып отырады. Жыныстық кәмелетке жеткен организмнің көпшілігінде әр 28 күн сайын қайталанып келіп отыратын процесс.
Овариальді- менструальді циклді үш кезеңге бөлеміз:
1. Менструальді кезең (эндометрийдің десквамациясы)
2. Менструальді циклден кейінгі кезең (эндометрийдің пролиферациясы)
3. Менструацияға дейінгі кезең немесе функциональді-секреция
кезеңі. Бұл кезде ұрықтану орын алған жағдайда жатыр эндометриясы
ұрықтанған жұмыртқа жасушасының имплантациясына дайындығы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет