4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет7/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Байланысты:
Гистологияя сессия ответі

Үлкен ми сыңары– сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Ми сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі,қатпарлы болады. Осв терең жүлгелер ми сыңарларын жеке
бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми сыңары 4 бөліктен тұрады. Олар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларында іші ми сұйықтығына толы 2 қуыстан тұрады. Ол сұйықтық
ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді де, жүйке жасушаларын қорғайды.
Ол ағзаның сыртқы ортамен әрекеттесуін, жоғары жүйке қызметін жүзеге асыру, ішкі ағзалар жұмысының регуляциясын, ағза өзгерген жағдайда адаптацияны қамтамасыз етеді.
 Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады:
1)молекулалық қабат;
2) сыртқы түйіршікті қабат;
3)сыртқы пирамидалық қабат;
4)ішкі түйіршікті қабат;
5)ішкі пирамидалық қабат;
6)көп құрылысты қабат.
Үлкен ми сыңарларының қыртысы. Ми жарты шарлары мидың ең жоғары және филогенездік түрғыда ең жас бөлімі болып табылады. Ол сыртынан жалпы қалыңдығы 1, 5 -4, 5 мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталады. Оны үлкен ми қыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі сенсорлық тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудырады, организмнің күрделі мінез-құлығын үйлестіріп, бағыттап отырады.


Цитоархитектоникасы және миелоархитектоникасы. Нейрондық құрамы.
Цитоархитектоникасы - Үлкен ми қыртысындағы мультиполярлы нейрондардың түрлері сан алуан . Бұлар : пирамидалы , жұлдыз тәрізді , жіппе ішіндес , өрмекші тәріздес жөне горизантальды болып жіктеледі . Пирамида тәріздес нейрондар үлкен ми қыртысының ең негізгі және ең көп кездесетін арнайы қызмет атқаратын нейрондар тобы . Мөлшері әр түрлі , 10-40 мкм шамасында , денесі үшбұрышты , жоғарғы ұшы ми қыртысының үстіңгі бетіне бағытталған . Бұл нейрондардың бүйір бөлігі мен жоғарғы ұшынан дендриттер шығып , мидың сұр затының әр түрлі қабаттарында аяқталып жатады . Ал нейрон денесінің негізгі ( табаны ) бөлігіней нейрит ( аксон ) Пығып , қыртыстың әрбір қабаттарында аяқталып , ал кейбіреулері ( ұзыны ) мидың ақ затына да өтіп отырады .. Үлкен ми қыртысындағы пирамидалы нейрондар атқаратын қызметіне жөне мөлшеріне байланысты қыртыстың әрбір қабаттарында өр түрлі болып келеді . Оның ішінде майда немесе қыстырма нейрондардың аксоны мидың бір ғана жарты шарында ( ассоциативті ) немесе оң жақтағы жарты шарын сол жақтағы бөлігімен байланыстырып ( комиссуральды ) тұрады . Мұндай нейрондар ми қыртысының барлық қабаттарында кездеседі , әсіресе адамның үлкен ми қыртысында бұлар өте көп . Пирамидалы нейрондардан шњққан аксоя пирамидалы жолдар түзіп , импульсті ми бағанасына , одан жұлынға өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет