4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы



бет9/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
2) Сыртқы түйіршікті қабат көптеген жұлдыз тәрізді жасушалардан құралады, ал төменгі бөлігінде кіші пирамидалық нейрондар пайда болады. Бұл қабаттың нейрондарының апикалдық дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріліп таламокартикалдық жүйкелік талшықтармен синапстар түзейді. Бүйірлік дендриттер осы қабаттың өзінде көрші нейрондармен байланыс құрайды. Аксондары үшінші, бесінші, алтыншы қабаттарға барып синапстар түзейді, олардан шыққан коллатералдар кері қайтып, молекулярлық қабатқа барады. Қабат көбінесе ассоциативтік қызмет атқарып, қыртыстың сенсорлық және ассоциативтік аймақтарында жақсы дамып жетіледі.
3) Пирамидалық қабат орташа көлемді пирамидалық нейрондардан тұрады. Олардың көлемі қабаттың тереңіне қарай ұлғая түседі. Нейрондардың ден-дриттері екінші қабаттағыдай бағытталған. Аксондары ассоциативті жүй-келік талшықтарды құрайды. Олар не төменгі қабаттардың нейрондарымен байланысады, немесе ақ зат арқылы қыртыстың көрші аймақтарына барып, осы қабаттың өзінің нейрондарымен синапс түзейді.
4) Ішкі түйіршікті қабатта көптеген жұлдыз тәрізді нейрондар және ұсақ пирамидалық жасушалар анықталады. Бұл жерде орналасқан нейрондар қыз-меті бойынша сенсорлық болып келеді. Олар басқа типті нейрондармен көп-теген ассоциативті байланыстарды түзейді. Бұл жерде талаомокортикалды жүйкелік талшықтардың көбі аяқталады. Бұл талшықтар тығыз қабат құрап, сыртқы Белларже жолағы деп аталады. Қабат көру, есту аймақтарында өте жақсы дамып жетілген, ал моторлық аймақтарда жоққа тән.
5) Ганглионарлық қабат ірі пирамидалық нейрондармен немесе Бец жасушаларымен берілген. Бұлар ірі нейрондар, көбінесе қыртыстың моторлық аймағында кездеседі. Олардың апикалдық дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріліп көп тармақталады. Бүйірлік дендриттер көрші Бец жасушасымен байланыс құрайды. Аксондары ақ затқа өтіп кортикоспиналды (пирамидалық) және кортикобульбарлық өткізу жолдарын құрайды. Аксондары басқа Бец жасушаларына коллатералдар бере алады.
6) Полиморфты жасушалар қабаты немесе ұршықша пішінді жасушалар қабаты. Бұл жерде, сондай-ақ, пирамидалық, жұлдызшалы нейрондар болады. Махтиготти жасушасы және тағы басқа жасушалар бар. Бұл қабаттың нейрондарының дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріледі және қыртыстан келетін эфферентті (кортикоталамикалық) жолды құрайды. Мартиготти жасушасы басқалармен салыстырғанда кері бағытталған. Олардың аксоны молекулярлық қабатқа көтеріліп, қабаттың басқа нейрондарымен синапстар құрайды, ал дендриттері өз қабатының нейрондарының аксондарымен байланысады. Жасушалар тежегіш нейрондар болып табылады.
Глиоциттер. Жұлын каналын ( өзегін ) эпендимоциттер қоршайды да , жұлын сұйығын бөледі . Эпендимоциттердің базальды мембранамен шектелген жағынан ұзын өсінділері шығады , ал жұлын сұйығы жағында көптеген кірпікшелері болады , бұлар жұлын сұйығын қағып жылжытады . Жұлынның сұр затының негізін протоплазмалы және талшықты астроциттер түзеді . Талшықты астроциттердің өсінділері жұлынның сұр затынан ақ затына өтіп , ондағы дөнекер тінді перделердегі қан тамырларын қоршап , тіпті жұлынның сыртқы қабатына да өтеді . Жұлындағы олигодендрогиноциттер нерв талшықтарының сыртқы қабығын құрайды . Ал микроглия жұлынға қантамырлары арқылы өтіп , жұлынның ақ және сұр затынан өтіп , фагоцитоздық қызмет атқарады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет