4. Бас миы. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Эмбриональді дамуы. Бас миының сұр және ақ затының құрылысы


Ми қыртысының миелоархитектоникасына



бет8/61
Дата18.05.2023
өлшемі211,12 Kb.
#94411
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
Ми қыртысының миелоархитектоникасына ассоциативті ( қыртыстың оң немесе сол жағында орналасқан ) және көмнссуральды ( мидың оң жағын сол жағымен байланыстыратын ) талпыктар мен проекциональды нерв талшықтары жатады . Проекциональды талшықтар афферентті , эфферентті болып ми қыртысын нерв жүйесінің басқа ядроларымен байланыстырады .
Олар қыртыста негізгі үш өрімді түзейді.
Тангенциалды өрім молекулярлық қабатта орналасады. Ол төменгі қабаттардың нейрондарының дендриттерінен және таламокортикалды жүйкелік талшықтарынан құралған.
Сыртқы Белларже жолағы негізінен таламокортикалды жүйкелік талшықтардан тұрып, ішкі түйіршікті қабаттың деңгейінде анықталады.
Ішкі Белларже жолағы - бесінші қабаттың аксондарының коллатералдарынан және проекциондық жүйкелік талшықтардан құралады. Жолақ бесінші морфологиялық қабаттың деңгейінде орналасқан.
Аталғандардан басқа кейде төртінші өрімді – Кез-Бехтерев жолағын ажыратады. Ол екінші қабаттың деңгейінде орналасып, ассоциативті және комиссуралді жүйкелік талшықтардан тұрады.
Ми қыртысының қабаттары. Нейрон аралық байланыстар.
Ми қыртысының қозғалтқыш аймағында 6 түрлі қабаты болады :
1. молекулярлық қабат
2. сыртқы түйіршікті қабат
3. пирамидалық қабат
4. ішкі түйіршікті қабат
5. ганглионарлық қабат
6. полиморфты жасушалар қабаты
1) Молекулярлық қабат- қыртыстың ең сыртқы қабаты. Қыртыстың үстіңгі бетіне параллельді қалың тангенциалды жүйкелік талшықтардың өрімі бар. Бұл талшықтардың негізін астыңғы қабаттардың пирамидалық нейрондарының тармақталған апикалды дендриттері құрайды. Таламустың ядроларының афферентті таламокортикалдық талшықтары да осында келіп, қыртыс нейрондарының қозу денгейін реттейді. Молекулярлық қабатта негізінен ұршық тәрізді ендірме нейрондар (Рамон және Кахаль жасушалары) анықталады. Олардың да аксондары тангенциалды өрімнің құрамына кіреді де, төменгі қабаттың нейрондарына қозуды жеткізеді. Қабатта нейрондардан басқа глиалдық жасушалар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет