ҚАҢҚА БҰЛШЫҚ ЕТІНІҢ АҒЗА РЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫСЫ. Жетекші құрамдасы болып қаңқа бұлшық ет тіні табылады , әрбір жеке бұлшық ет көптеген бұлшық ет талшықтарынан тұрады . Ағза ретінде бұлшық ет құрамына қаңқа бұлшық ет тінінен басқа тағы дәнекер тіндері , қан мен лимфа тамырлары , первтер де кіреді . Бұлшық ет талшықтары біртұтас бұлшық ет ағзасына үш түрлі өзара байланысты дәнекер тінді қабықтар жүйесі - эндомизий , перимитиій , элимитий арқылы бірігеді . Бұлшық еттің ішіне осы дәнекертінді қабатшаларды бойлап , қоректенуін қамтамасыз ететін қан мен лимфа тамырлары және бұлшық ет талшықтарының бетінде эффекторлық , рецепторлық нерв ұштарымен аяқ талатын нервтер өтеді . Әрбір бұлшық ет талшығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннің жұқа қабатшасы - эндомизиймен қоршалған . Оның ішімен бұлшық ет талшығы ның бетіне багыттым , капиллярларға тармақталған қан мен лимфа тамырлары жане нерв талшықтары өтеді . Бұл құрылымдар бірігіп бұлшық еттің қысқа рылуын реттейтін , қаңқа бұлшық етінің құрылымдық - функциялық бірлігі мионды құрайды . Дәнекер тіннің коллагенді және ретикулярлы талшықтары бұлшық ет талшығының базальді мембранасына қоса өрілген . Осының арқасыңда бұлшық ет талшықтарының салған жиырылу күштері жинақталып , каңкага беріледі . 10—100 бұлшық ет талшықтарынан тұратын топ борпылдақ талшықты дәнекер тіннің қалыңырақ перимизий қабатынасымен қоршалып , бұлшық ет талшықтарының құрылымдық деңгейі жоғарылау будасын құрайды . Бірша ма қалың және тыгыз дәнекертіңді этимизий кабыгы бұлшық ет талшықтар будаларының жиынтығын қоршап , бұлшық етке біріктіреді.Бұлшық ет салған жиырылу күштері сіңірлер арқылы қаңкага немесе апоневроздардың жіктердің сүйек кабықтарының және т.б. дәнекер тінді құрылымдарына тікелей беріледі . Бұл үшін әрбір бұлшық ет талшығының ұштарында ішіне қарай енсіз ойыстар тәрізді терең енген сарколемма мен базальді мембрананың арнайы құрылымы - интердигитациялары бар . Сон ғылардың ішіне бұлшық ет талшығының сарколеммасы мен базальді мем бранасына қоса өріліп , колагенді және ретикулярлы талшықтар кіреді . Нәтижесінде , бұлшық ет пен жиырылу күштері берілуі тиіс құрылымдардың арасында берік байланыс пайда болады .