- шұғылданушылардың дене, техникалық және тактикалық дайындығын ағзаның бейімделу механизмдерін бұзбай отырып, жоғары спорттық жетістіктерге жетумен бірге білімдерін, біліктілігі мен дағдыларын жинақтау арқылы дене шынықтыру және спорттың, биохимиялық, физиологиялық, биомеханикалық, психологиялық ерекшеліктерінің теориялық және әдістемелік негіздері туралы, дене шынықтырудың әдістері мен тәсілдері туралы, жаттығу процесін жоспарлау, бақылау, коррекциялау туралы білімдері мен дағдылары және спортшылардың көп жылдық дайындығы кезеңдері мен дене шынықтырумен шұғылданушылардың оңтайлы дене дайындығы негізінде ғылыми негізделген бағытта басқара білу;
- дене шынықтыру және спорттың шұғылданушылардың ағзасына әсер етумен байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу мен ұйымдастырудың инновациялық әдістерін білу мен меңгеру;
- дене жаттығуларымен және спорт түрлерімен шұғылдану барысында пайда болатын дене жаттығуларына, ағзаның жай-күйіне әсерін бағалаудыңпедагогикалық, биомеханикалық, биохимиялық, физиологиялық, психологиялық талдаулар жасау әдісін меңгеру;
- бакалаврдың кәсіби қызметіне қажетті ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін игеру;
- спорттағы дарынды балаларды дайындау мен іріктеуді ғылыми негізделген түрде жүргізу (дене, техникалық-тактикалық білімдер мен біліктіліктерді, әрекеттерді орындауды меңгеру);
- дене шынықтыру қозғасылысын басқарудың қазіргі әдістерін пайдалана білу.
Мұғалімнің, жаттықтырушының ғылыми-зерттеу құзіреттілігі:
- дене шынықтыру, спорттық дайындықтың міндеттерін практикалық бағыттылық арқылы шешу, стандартсыз шешімдер іздестіру, ақпараттар жинау менөңдеу, инновациялық технологияларды енгізу;
- жаттығулардың құру ретін модельдеу, жобалау, енгізу мен тиімділігін бағалау;
- сабақтар мен жаттығу сабақтарын, сабақтан тыс шараларды, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды, оқушылардың өзіндік жұмыстарын, мұғалімнің, жаттықтырушы мен щұғылданушының алда тұрған жұмыс барысын жоспарлауы мен модельдеуін, оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырудың әдістері, тәсілдері мен формаларының мазмұны мен құрылымын іріктеуді, іс-әрекет кезеңдерін бөліп көрсету мен міндеттер жүктей білу моделін құра білу.
- гностикалық функциясы жекелеген тәлім алушы мен ұжымның зерттелуі мен диагностикасын, тәлім алушының білімділік және тәрбиелік деңгейі, олардың дене дамуы мен спорттық дайындығы және өзін іс-әрекет субъектісі ретінде қарастырудан тұрады
Ұйымдастыру-басқару құзіреттілігі келесі қабілеттерде көрінеді: оқу-тәрбие, жаттығу, жарыс және бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдерін меңгергенде
тәлім алушылардың оқу-жаттығу мен жарыс қызметін және өзінің педагогикалық қызметін басқаруда
пән материалын еркін түрде меңгеруі және оның практикалық мәнін іс-жүзінде көрсете алуы
проблемалы оқу-тәрбие жағдайларында тиімді педвгогикалық шешімдер қабылдай білуде
дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың әдістері мен тәсілдерін ғылыми негізделген тұрғыда пайдалану, оларды практикада қолдана білуде
ДШ мен С қуатын тәрбиелік іс-әрекетте пайдалана білуде
Конструкциялық-жобалау құзіреттілігі қарастырады:
жаттығу процесін, спорт жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты көп жылдық дайындық барысында стратегиялық, тактикалық, жедел, ағымдық міндеттерді алдын-ала жоспарлауды;
өзінің іс-әрекетімен қоса қол астындағылардың да жұмысын, жарыс жүйесін жоспарлауды, мақсаттар жүйесін құра білуді, оларды іске асыруды және оған қол жеткізуге қажетті ресурстарды анықтауды;
талап етілген түрде басқару шешімдерін рәсімдеуді;
түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуді;
оқушылардың бос уақытын, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларды өткізуді, бұқаралық спорттық шараларды ұйымдастыруды, алға қойылған міндеттерді шешу тәсілдерін жасау, дене шынықтыру-рекреациялық қызмет мазмұнын, тұрғындардың түрлі топтары арасында белсенді демалыс ұйымдастыруды (жасы, жынысы, қызығушылығы мен тұрғылықты жеріне және денсаулық жағдайына байланысты, т.б.) салауатты өмір салының әдістері мен тәсілдерін және белсенді демалысты насихаттауды жобалау;
типтік спорттық құрылыстар мен олардың құрал-жабдықтарына қойылатын нормалық талаптарды ескеру мен спорт алаңдарын, трассалық тренажер залдары арқылы құрылыс салу туралы білімдер мен жоспарлау негіздерін меңгеру
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Дене шынықтыру мен спорт мамандығы бойынша бакалаврға қажетті:
- жалпы интеллектуалды біліктіліктерді меңгеру (гностикалық, жобалық, конструктивті, қатынастық, ұйымдастырушылық);
- білімберу отбасы, дін, спорт, әлеуметтік қатынаста, тұтынушы, жұмыскер, меншік иесі ретінде әлеуметтану мәселелерінде құзырлы болу;
- отбасы бюджетінің экономикалық есебін құрай білу, дене шынықтыру және спорт бойынша сұранысты, ұсынысты қызмет көрсету нарығында болжай білу;
- әлеуметтік жағдайларды жетілдіру дағдыларына ие болу;
- бұқаралық әлеуметтік ұйымдардың пайда болуы мен дамуының негізгі көздерін, негізін білу және оларды талдай білу;
- тұлғаға деген әлеуметтік қалыптасу факторлары, негізгі заңдылықтарды және дене шынықтыру мен спорт саласында спортшы туралы арнайы әлеуметтік топ уәкілі ретінде әлеуметтік мінез – құлық түрлерін реттеу туралы ғылыми түсінікке ие болу;
- дене шынықтырудың маңызын, оның адам өміріндегі ролінің маңызын түсіну, әлеуметтік тәжірибені алу, сақтау, біреуге беру тәсілдері туралы, мәдениеттің базалық құндылықтары туралы көзқарасқа ие болу;
- әлеуметтану зерттеулерінің әдістемесі мен техникасын меңгеру;
- кәсіптік қызмет саласында құқықтық және адагершілік – этикалық нормаларды, спорттық этиканы білу.