4. ДӘрістер тезистері


П. Психикалық дамуы артта қалудың соматикалық шығу тегі



бет10/30
Дата06.01.2022
өлшемі82,99 Kb.
#15935
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
лекции инклюзивное образование (1) (копия)

П. Психикалық дамуы артта қалудың соматикалық шығу тегі. Бұл топқа жататын дамудың артта қалу ұзақ уақыт соматикалық жетіспеушіліктердің нәтижесінде пайда болды:

• созылмалы инфекциялар;

• аллергиялық жағдайлар;

• туа біткен және соматикалық ортадан пайда болған кеселдер(мысалы, жүрек);

• балалардың невроздары;

• астения.

Мұның барлығы психикалық тонустың төмендеуіне алып келуі мүмкін, көбіне эмоциональды дамудың тежелуі соматогенді инфантилизмнің жанында орналасқан невротикалық қабат – сенімсіздік пен жасқаншақтық яғни, өзін физикалық тұрғыдан толық сезінбеуі, ал кей жағдайда қысым мен әр түрлі тыйым салуларға алып келуі мүмкін.

Мұндай балалар – «үй балалары» деп те атайды, бұл балалардың қарым - қатынас ортасы шектеліп, балада тұлғааралық қарым-қатынас бұзылады. Ата – аналары оларға көп көңіл бөледі, тұрмыстық ортадан шектейді, аталған нәрселердің барлығы балаға оның ауруынан көбірек әсер етеді. Сондықтан балаға ешқашан сен ештенеге жарамсызсын, қолыңнан келмейді деген ойларды қалыптастыруға болмайды.

Осындай балалардың даму ерекшеліктерін қарастырып көрейік.

Люба Ю., 2 сынып оқушысы. Бірінші жүктіліктен туылған. Босану қиын өткендіктен, бала бір ай бойы стационарда жатқан. Бала кезінде салқын тигізіп ауырған, қазіргі кезде Любаның бүйрегі ауырады. Физикалық дамуы жасына сай; көру, есту мүшелерінде ауытқу жоқ.

Люба тәртіпті, оқуға байсалдылықпен қарап, бар ынта жігерімен талпынады. Оқу материалдарын меңгереді, мұғалім берген тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. Любаның сүйікті пәндері – әдебиет, бейнелеу өнері. Бос уақытында кітап оқығанды, сурет салғанды жақсы көреді.

Зейіні тұрақты. Зейіннің ауысуы біраз қиындатылған. Ол бір жаттығудың түрінен екінші түріне бірден зейінің ауыстыра алмайды. Оған ол үшін уақыт қажет. Зейіннің көлемі 2-3 объектке дейін жеткілікті. Қыздың ырықсыз зейіні басым. Люба қоршаған ортада болып жатқан кейбір құбылыстарды толығымен қабылдамайды, уақыт мөлшерін біледі, оқиғаларды ретімен айталады. Заттардың көлемі мен пішінің біледі. Заттардың кеңістікте орналасуын дұрыс анықтай алады. Заттар мен құбылыстарды бақылауда оларды көріп және негізгі өзгерістерді атай алады.

Қыздың елестетуі толық емес, үзінді. Тақпақтарды жылдам әрі жақсы, бірақ ертегі мен әңгімелерді нашар есте сақтайды. Қызықты әрі тартымды материалдарды дұрыс айтады, бірақ ретін сақтамайды.

Көру есте сақтауы жақсы, сонымен қатар, механикалық есте сақтауы басымырақ. Оқушы қыздың ойлау қабілеті жеткілікті түрде белсенді, пікір айту қиынға соғады, себеп-салдарлардың өзара байланысын орнату әлсіз.

Салыстыру кезінде қиындықтар кездеспейді. Анализ бен синтездеу қиынға түседі. Абстрактілі түсініктер мен құбылыстар үнемі қол жетімді емес. Қорытындыны мұғалімнің көмегімен жасайды. Көрнекі әрекеттік ойлау дамыған.

Люба өзіне қаратылып айтылған әңгімелерді жақсы түсінеді. Сөйлеу тілінің ырғағы қалыпты, сөздік қоры аз. Монологтық сөйлеуі байланысқан, жүйелі, анық. Қыз бала әңгімелесе алады, қойылған сұрақтарға толығымен жауап береді, сұрақтар қоюға қиналады. Жазбаша сөйлеу тілі нашар,өзінің ойын ашық түрде, анық жеткізе алмайды, соған қарамастан сөйлем құрау қатары дұрыс. Сөйлеу тілінде күрделі кемістік жоқ.

Қыз бала ұйымшыл. Өзінің сыныптастарының қойған талаптарына бағынады. Сыныптағы достарына мұқият қарайды, достық қарым – қатынаста, үнемі көмек беруге тырысады. Беделін пайдаланбайды, басқаларға ықпал ете алмайды. Өз ісіне адал. қарым-қатынасқа тез түсе алады, көпшіл. Қыз балалармен де ұл балалармен де достық қарым-қатынаста.

Люба өте еңбекқор, үлкендердің көмегінсіз жұмысты атқара алады. Өзінің бет әлбетіне күтім жасайды. Ол жасқаншақ, қиындықтарды оңайлықпен жеңе алмайды, аффектіге тез ұшырайды, қиындықтарды ұзақ уақыт бастан өткереді. Өзін-өзі бағалау төменде.

Педагогикалық-түзету жұмыстарында Любаның еңбекқорлық, мейірімділік, орындаушылық мінез – құлық ерекшеліктеріне басымдылық берген дұрыс.

Қыз баланың өзін-өзі бағалауын, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көп көңіл бөлген дұрыс.

Мұндай балалар көбіне шипажайда, демалыс орындарында, ұйқыны, дұрыс тамақтануды, дәрі-дәрмектерді, емдік шараларды қажет етеді. Балалардың толықтай жазылуы олардың денсаулықтарының жағдайына байланысты болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет