III. Психикалық дамуы артта қалушылықтың психогендік шығу тегі тәрбиенің дұрыс берілмеуінен, бала тұлғасының дұрыс қалыптасуына жағдайдың жасалмауымен байланысты.
Жағымсыз орта, баланың психикасына ұзақ уақыт әсер ететін, ерте пайда болған және психикасын жарақаттайтын ауыр жағдайлар баланың жүйке жүйесінің бұзылуына, алдымен вегатативті функциялардың бұзылуына, содан кейін психикалық, ең бастысы эмоциональды дамуын тежелуіне әкелуі мүмкін.
Аталған ауытқушылыққа мысал келтіре кетсек.
Б. Юра, 8жаста, 2 сынып оқушысы. Отбасында үшінші бала. Материалдық жағдайы өте төмен, анасы мен әкесі жұмыссыздар, әкесі ішімдікке салынған, негізгі тәрбиені анасы береді. Бірыңғай тәрбиелеудің тәртібі жоқ, көбіне отбасында дау жанжалдар жиі болып тұрады, балалар өз –өздерімен қалдырылған. Физикалық тұрғыдан Юра қалыпты саналады. Бала өте енжар, оқуға деген қызығушылығы төмен, қарым-қатынасқа сақтықпен түседі, мазасыздық танытады.
2 сыныптың екінші жарты жылдығынан бастап мектеп-интернатта оқиды, оның бағдарламаны меңгеруде артта қалушылығы бар. Оқу барысында мұғалім бала туралы жағымды пікірде. Ептілігімен дағдысы бағдарламаның талаптарына сай дамыған. Заттардың атауын және іс әрекетін білдіретін сөздерді айыра алады; баспа жазуынан көшіріп жаза алады; сөздерді дыбыс құрамымен талдай алады. Мұғалімнің көмегінсіз сұрақтарға толық, әрі дұрыс жауап бере алады. Көптеген тақпақтарды жатқа біледі. Сөйлемдегі сөздерді толығымен оқиды, қиын сөздерді буындап, бірақ күрделі сөйлемдер құрастыра алмайды.
Математика пәні бойынша 20 санға дейін тапсырмаларды орындай алады, оңай және аралас тапсырмаларды орындай алады, бұрыштарды таниды, кесінділерді сызады және т.б.. Сурет және еңбек пәні бойынша сабақты жақсы меңгереді, ұсақ моторикасының бұзылыстары жоқ.
Юра түзету-дамытушылық бағдарламасымен басқа да оқушылармен бірге білім алады, бірақ көбіне мұғалім оған қосымша тапсырмалар береді. Оқу барысы түзетудің бағытталған түрін көрсетеді.
Мысалы математика сабағы: мұғалім ауызша санау ойындарын өткізеді, бұл балалардың зейінің, есте сақтауын дамытуға және логикалық ойлауын дамытуға арналған және де ауызша сөйлеу тілі мен танымдық процесстердің дамуы үшін арнайы әдіс- тәсілдер қолданылады.
Сабақ үстінде баланың көңілін ешқандай қиындықсыз қызықты материалдармен өзіңе аударуға болады. Бұл жағдайда баланың зейіні шашырамайды. Егер баланы оның басқа нәрсеге көңіл бөлгенін байқаған сәтте, оған сұрақ қоятын болсақ ол толық, әрі нақты жауап береді, бұл кезде ырықты зейін іске қосылады. Ол тұрақты және іс әрекеттің бір түрінен екінші түрінен тез ауыса алады. Юра бір затты толығымен қабылдай алады, тек оның жекелеген бөліктерін тануда қиындықтарға кездеседі. Юра жаңа өтілген тақырыпты толығымен меңгереді және тәжірибе жүзінде дұрыс қолдана алады. Ол қызығушылықпен тақпақтарды жаттап, сабақ соңында ешбір қатесіз қайталап айтып бере алады және мұғалімнің көмегінсіз күрделі сөйлемдерді құрай алады.
Бұл балада көру-есту еста сақтауы жақсы дамыған, бірақ сонымен қатар, механикалық және сөздік-логикалық есте сақтауы да байқалады. Баланың көрнекі-бейнелік ойлауы басымырақ. Ол сабақ үстінде өте белсенді, қолын әрдайым көтеріп, мұғалімнің қойған сұрақтарының барлығына жауап беруге тырысады.
Юра бейнедегі ұқсастықарды табу тапсырмаларымен оңай орындайды. Қорытындылау және хабарламаны жекелей орындай алады, бірақ кейде жоспар схемаға қарап орындайды.
Сөйлеу тілі экспрессивті буындарды жұтып қояды, дыбыс айтуы бұзылған. Бала логопедпен жұмыс жасайды. Өзіңе қаратылып айтылған сөзді оңай түсініп, тапсырманы нұсқаулық бойынша орындайды. Монологтық сөйлеу әлсіз дамыған, диалогте сөйлесе алады, сұрақтар қойып толық жауап бере алады. Ауызша сөйлеу тілінің бұзылысы жазбаша тіліне ешқандай кері әсерін тигізбейді. Оқудың алғашқы күнінен бастап, бала ортаға тез бейімделіп кетті. Интернатта үйін сағынып қайғырған жоқ, өйткені осы интернатта оның ағасы мен әпкесі білім алады. Бала белсенді бола бастады, ол өзінің құрдастарын құрметтейді, барлық балаларға жақсы көзқараста.
Бұл балаға мынадай қасиеттер тән: мейірбандық, қайырымдылық. Ол сабақты қалауымен оқитын болды, сабақтардан қалмайды. Ол өз бетімен шешім қабылдай алатын болды, қиын жағдайда басқалардан көмек күтпей-ақ, өз күшіне сенеді. Өзінің іс әрекетін және құрдастарының әрекеттерін бағалай алады. Юраның бағалауларымен достарының бағалаулары сәйкес келеді, сонымен қатар, ата-анасының да және мұғалімнің де.
Достарыңызбен бөлісу: |