4. ДӘрістер тезистері


Жалпы білім беретін мектептердегі психикалық дамуында тежелуі бар балалар



бет8/30
Дата06.01.2022
өлшемі82,99 Kb.
#15935
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
лекции инклюзивное образование (1) (копия)

2. Жалпы білім беретін мектептердегі психикалық дамуында тежелуі бар балалар

Психикалық дамуы артта қалушылық (ПДА) – бұл психикалық дамудың қалыпты қарқынының бұзылуы, нәтижесінде мектеп жасына жеткен бала, мектеп жасына дейінгі балалардың қатарында ойын баласы болып қалып қоя береді. Психикалық дамуы артта қалушы балалар, мектеп өміріне үйренісе алмайды, ол мектепте берілген тапсырмаларды қабылдамайды және оларды орындай да алмайды. Олар өздерін сынып ішінде, балабақшадағы топтық ойында немесе отбасында жүрген секілді ұстайды.

Уақытша психикалық дамуы артта қалушы балаларды ақыл-ойы кем бала қатарына қосып, қателеседі. Бұл балалардың ерекшеліктері екі жолмен анықталады.

Психикалық дамуы артта қалушы балалар қарапайым сауат ашуды меңгеруде қиналады, бірақ сөйлеу тілі жақсы дамыған, тақпақ жаттаумен және ертегі айтуда және танымдық әрекеттерінің жоғары дәрежеде дамуы жағынан басым түседі.

Мұндай үйлесушілік ақыл- ойы кем балаларға тән емес. Психикалық дамуы артта қалушы балалар оқу барысында көрсетілген көмекті шешімін табу қағидасын басқа да ұқсас тапсырмаларды орындау үшін қолданады.

Бұл балалар қажетті мүмкіндіктерінің толық ары қарай дамуына, яғни ның бала тапсырмаларды жекелей орындай алуымен, бірақ дәл қазіргі уақытта бала арнайы білім негізінде мұғалімнің көмегімен орындай алады.

Психикалық дамуы артта қалушы балалар ұзақ бақылаудың нәтижесінде, балалар көрсетілген көмекті дұрыс қолдана алатындарын және алдағы білім алу кезінде саналы түрде меңгерулері, біраз уақыттан кейін бұл балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуларына болады.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын балалардың белгілі бір бөлігі үлгере алмаушылық қиындықтарына кездесуі мұғалімдердің, психологтардың, медиктердің назарын аудартты.

Психикалық дамуы артта қалушы балаларды комплексті зерттеу отандық дефектологияға 60 – жылдары кең түрде қолға алынды.

Психикалық дамуы артта қалушы балалардың дамуының теориясын жасау педагогикалық практиканың басты қажеттілігі болды.

Мектептердің жаңа білім бағдарламаларына көшуі мектептегі үлгере алмаушылығы бар балалардың жағдайын одан сайын қиындатып жіберді.

Осы уақыт аралығында аталған категорияға жататын балаларды клинико-психолого-педагогикалық зерттеулері дифференциальды диагностиканың терең тәжірибе жинауына әсер етті.

Алғашқы рет психикалық дамуы артта қалушы балалар туралы клиникалық анықтамалармен және жалпы түзету жұмыстарын жүргізу нұсқаулары Т.А.Власованың және М.С.Певзнердің жұмыстары көмекші құрал ретінде мұғалімдерге берілген болатын.

Зерттеулердің нәтижесінжде бастауыш, орта және жоғарғы сыныптарда оқитын балалардың үлгере алмаушылығының себептері мен оның пайда болуы әртүрлі болады және ол әр балада көрінуі психологиялық ерекшеліктеріне сай жүреді.

К.С.Лебендинскийдің психикалық дамуы артта қалушы балалардың этиопатогенетикалық классификациясын ұсынды. Этиопатогенетикалық қағидаларға:


  • Конституциондық шығу тегі;

  • Соматогенді шығу тегі;

  • Психогенді шығу тегі;

  • Церебрастеникалық (церебральды органикалық шығуы).

Психикалық дамуы артта қалушы балалардың барлығының бір-бірінен айырмашылығы негізгі ауытқудың құрылымына байланысты: инфантализмнің құрылымы; нейродинамикалық бұзылыстарға шалдығу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет