І. Психикалық дамуы артта қалушылықтың конституциондық шығу тегі (гармондық инфантилизм). Бұл жерде балалардың эмоциональды-мінез дамудың алғашқы сатыларында болады, ол көп жағынан бастауыш сыныптың жасына сай келетін қалыпты баланың эмоциональды күйін еске түсіреді.Эмоциональды мотивацияны мінезін игеру, көңіл-күйдің жоғарлығы, эмоцияның көтерілуімен тұрақсыздығының айқындылығы, жеңіл сенім тән. Төменгі сыныптардағы бұл балалардың бойында оқудағы қиындықтардың аз байқалуы мотивациялық ортаның және жалпы даралықтың жетіспеушілігімен байланысты, ойындық қызығушылықтарды игеру бақыланады.
Мұндай баланың психофизикалық ерекшеліктерін талдап көрейік.
Б.Таня 7 жаста, 1сынып оқушысы. Отбасында 5 бала, оның барлығы қыз балалары; Таня – алтыншы рет жүктіліктен туылған төртінші бала. Өзінен үлкен үш әпкелерінде де психикалық дамуының артта қалушылығы бар.
Таняның физикалық дамуы жасқа сай қалыпты жағдайға сай емес. Қыз бір беткей, эмоциялары ашық түрде көрінеді, көңіл-күйі жоғары.
Таняға сабақ үстінде тәртіпті сақтау өте қиын, оған ойындағысын айтудан тартыну қиынға соғады, мінезі көңіл-күйіне байланысты тез өзгеріп отырады. Сабақтан тыс уақыттағы белсенділік өте жоғары, ал сабақ кезінде ол бірден төмендейді. Бағдарламадағы материалдарды қиындықпен орындайды, ептілік және дағды қалыптасуы баяу, меңгергенді бекіту қиын.
Таняға әртүрлі жазбаша жұмыстар ұнайды, бірақ әріпті дұрыс жазбау немесе санды ескертілген жағдайда қателерін мойындамайды және кері мінез көрсетеді. Санау жұмыстары қиындықпен жүреді, көбіне саналы түрде болмайды. Таняда көбіне көп қиындықтар фонематикалық қабылдауының әлсіз дамуынан оқу кезінде қиындықтар туады және мұндай сабақтарға қыздың қызығушылығының жоқ болуы да әсер етеді. Таня еңбек және бейнелеу пәндерінде рақаттана отырып жұмыс жасайды. Ол түстерді жақсы айыра алады, суретті жақсы салады және қияды. Қыз музыкамен әуестенеді, дауыс ырғағы жақсы.
Қиындықтарды өзі шешуге жеке өз бетімен білім алуға қыз ынтаталанбайды. Таняның теріс эмоциясында барлық мүмкіндіктері төмендейді. Мұндай кездерде Таня мүлдем материалдарды меңгере алмайды. Осы тығырақтан Таняны алып шығу үшін оның жұмысының нәтижесіне қарамастан, онымақтау керек, жақсы баға қою керек. Мұғалім көтермелеу, ынталандыру әдісін қолданады бірақ онымен үнемі пайдалануға болмайды.
Қыз балаға жұмыста зейінін шоғырландыру өте қиын, оны сыртқы кез келген қоздырғыштар алаңдатады, екіден көп объектпен жұмыс жасағанда тұрақсыз назар тез бәсеңдейді. Тіпті екі объектіге (Мысалы, екі әріпті салыстырғанда) қыз балаға назарды жүйелеу қиын. Зейіннің тұрақталуы жұмысқа қызығушылық деңгеймен байланысты. Зейіннің көлемі – екі объект, шаршау жағдайында – біреуден көп емес, көптеген объектілермен жұмыс кезінде назары төмендейді және осыдан кейін әзер дегенде қызықтырады. Иеленуші еріксіз зейін болып табылады.
Таняның қабылдау процесі көп жағдайда баяу жүреді. Қабылдаудың немқұрайлылығы және жеткіліксіз дәрежеде жалпылығы байқалады. Қыз бала объектілерді олардың үйреншікті қалпында дұрыс қабылдайды, ал объктілердің қалпының өзгеруі жағдайында мұндай құбылыс байқалмайды. Уақыттың шегін белгілі бір бағдарламалар көлемінде ғана біледі. Қоршаған ортаны қабылдау болашақтағы дамуды талап етеді. Қоршаған ортадағы жағдайын көбінесе дұрыс емес анықтайды, «оң – солды» шатастырады. Таня «үлкен – кіші», «үлкенірек-кішірек» деген сияқты көлемдердің негізгі формаларын біледі. Елестетулер жалпылықтан, толықтықтан айырылған, тіпті тұрмыстық деңгейде фрагменттілігі байқалады.
Сөйлеу тілін дамыту сабақтарындағы қыз баланың дамуы үшін қолданылатын құралдардың барынша тиімдісі мұғалімнің жанды сөзімен көрнекіліктердің үйлесімділігі болып табылады.
Таняның есте сақтау қабілеті нашар дамыған. Ол материалдарды жай кішкентай ғана көлемде есте сақтайды. Бұл үлкен көлемдегі қайталаулардан кейінгі еріксіз есте сақтаулардың нәтижесінде пайда болады. Бұл ретте мағынаны түсіну көбіне болмайды. Ақпаратты сақтау да қиындайды сондықтан Таня көбінесе жеке, барынша айқын фрагменттерді айтады.
Сонымен қатар, айтылып жатқан ойдың мағынасы жоғалады және оқиғаның бірізділігінің бұрмалануы және бұзылуы байқалады.
Ойланатын тапсырмаларды шешу Таняға айтарлықтай қиындықтар туғызады. Талқылаулар ретімен емес, көріністер мен оқиғалардың арасындағы себеп-салдарлы тәуелділіктер тек мұғалімнің көмегімен ғана жүзеге асады.
Таняның ойлауындағы ерекшеліктердің көпшілік жағдайында пассивтілік байқалады. Тапсырманың мақсатына қарай, өзінің әрекетін бақылау және түзете алу, практикалық құрамдастырылмаған, ойлаудың сыни тұрғыдан болуы көрінеді. Ойлау операциялары әлсіз дамыған: жаңа тапсырмаларды орындауға анализдің құрамында еместігі және ретімен еместігі бақыланады; қыз балаға салыстыру кезінде заттай емес белгілерді ерекшелеп алу қиынға соғады, жалпылау операциялары және жіктемелері кейбір жағдайлар ретінде заттай емес белгілерге сүйенеді. Таня заттар арасындағы аналогияның тек мұғалімнің басшылығымен жүргізе алады, ол өз бетімен шешім шығара алмайды. Қыз баланың ойлау қорытындылауы приметивті, алогиялық. Ойлау әрекетінің көрнекілік іс-әрекетті түрі көп мөлшерде дамыған, төменгі дәрежеде – бейнелік көрнекілік, абстрактілі.
Қыз бала жалпы сөйлеу тілінің дамымағандығымен жапа шегеді. Сөздікке кедей, сөздіктің пассивтілігі активтілігіне қарағанда, айтарлықтай көп. Сөйлеу тіліндегі предикаттар мен анықтамалар аз. Грамматикалық қатар әлсіз, сөз құрамдастырудың бұзылуы, қосымшаларды қалдырып қою немесе қате пайдалану жиі байқалады. Сабақтарда сөйлеу тілінің ырғағы баяу. Қате түсінік және сөздердің дұрыс емес қолданылуы байқалады. Монологиялық сөйлеу тілі байланыссыз (бір тақырыптан екіншіше өтіп кету байқалады), логикалық пен нәтижеліліктен кенде. Таня әңгімені жалғай алмайды, сұрақтарды бір затқа қызыққан кезде ғана қоя алады, басқа оқушы айтқан жүйелі жауаптың өзін қайталауға қиналады. Құрастыруды әріптермен жүзеге асырады, жазу кезінде көп рет қайталауды және мұғалім тарапынан бақылауды қажет етеді. Сөздерді құрастыру кезінде, буындарды оқу кезінде қарама-қарсы айтылатын, дыбыс шығарудың көптеген дефектілері байқалады, сөйлеудің ырғағы баяулатылған.
Сөйлеу тілін түзету барлық сабақтарда мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Лексиканың кеңейтілуі, активизациялануы және толықтырылуы жүретін грамматикалық қатардың дамуы, қойылған дыбыстардың автоматизациясы жүретін сөйлеу тілін дамыту сабақтарында бұл көрініс барынша активті түрінде көрінеді.
Таняның ұжымда жұмыс жасай алуы мінез-құлқының ұйымдастырылуын, мұғалім тарапынан әрдайым бақылау болуын талап етеді. Мұғалімге қыз бала құрметпен қарайды, оның беделін мойындайды. Сыныптастарының талаптарына бағынбайды, өзінікін алға тартады және оның орындалуын күтеді. Өзінен жоғары сыныптарда оқитындармен қарым- қатынас жасағанды ұнатады. Топта қалаулылардың статусын иеленеді. Айналасындағы оқиғаларға көбінесе немқұрайлы қарайды. Қатынасқа жақын, дау – дамайлы жағдайларды көп тудырады.
Таня ақкөңіл қыз, қарым-қатынас жасауға бейім, бірақ оқиғаға әрдайым дұрыс баға бере алмайды, өйткені оның көзқарастарының құрылымы дұрыс қалыптаспаған. Мектепке тұрақты барады, бірақ сыныптастарына немесе мұғалімге ренжігендігі себебі сабаққа келмей қоя салады. Жұмыстың көп түрі оған қызық, өзіне ұнайтын нәрсемен көп уақыт айналыса алады. Мұғаліммен қатынас кезінде арақашықтықты сақтайды. Дәстүрлі мінез – құлық дағдылары дамудың төменгі дәрежесінде: ой еріктілік деңгейі минимальды, бірақ сыпайылықтың қарапайым ережелерін біледі.
Таняның өзін-өзі бағалауы жоғары, өзінің кемшіліктерін ол мойындамайды, өзіндік анализ жасамайды.
Қыз баламен дара түзету тәрбиелеу жұмыстарында арқа сүйеуге болатын даралық қасиеттері – ақкөңілділік, қарым-қатынасқа бейімділік, білуге құштарлығы.
Мұндай нұсқадағы балалар өзінің қатарластарымен бірге жалпы білім беретін мектептерде оқи алмайды, оларға түзету сыныптарындағы арнайы оқыту қажет, бірақ ондай балалардың бір бөлігі бастауыш сыныптардың кезінде өзінің қатарластарына жетіп алуы мүмкін және болашақта басқалармен бірге оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |