4 I. Математиканы оқытуда халық педагогикасының кейбір



бет14/21
Дата19.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#95035
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Дип.-1-2-сыныпта-математика-сабақтарында-халық-педагогикасының-элементерін-пайдалану

Нағашы - жиенділер. Жауап түрліше болуы мүмкін. Мәселен, тұздықтың шулығуы арқылы білуі мүмкін.
Ит жетелген ат. Жауабы. Жасым 26 дегені түйе бастаған тоғыздағы қалың малға берілетін малдың жасын есептегені. Ол 26. Бұл есепті бізге жеткізген Қоңыраттың Қожбан руынан шыққан Ілияс ақсақалдың баласы Низам. Оны ол әкесінен естіпті.
Сөзге шорқақ, тілге олақ. Жауабы. Шорқақ он сөзінен кейін келетін қайырманы (бізше үтірді) тастап кеткен. Бұл есепті бізге 1970 жылы әрі ұстаз, әрі молда Әбжан Қайдаров айтты. Павлодар облысынан.
Жә, тай қайда кетер дейсің. Жауабы. Апалы - сіңілілер ағайындыларға тұрмысқа шыққан және олардың бір баласы болғаны. Сонда барлығы 5 жан.
Қасқыр, ешкі және кырықбуын. Жауабы. Әуелі ешкіні, шөпті алып кетіп, ал жағада қасқырды қалдырып, қайтып келіп қасқырды алып кетеді. Бірақ қайтарында ешкіні қайта ала кетеді. Енді шөпті тиеп ешкіні қалдырып кетеді. Қайтып келіп шаруа ешкіні алып кетеді. Есепті шешудің басқа да жолы бар.
Тастан түлкі табылар аңдығанға. Себебі 37: 7 = 5.


2.4. Халықтық мақал - мәтелдер.
Бастауыш қазақ мектебінде математиканы оқыту жөніндегі ғылыми ой - пікірдің қалыптасуының бұлақ - бастауының бірі - халық педагогикасы болып табылады.
Тарихта ешқандай мәдениеті болмайтын, әр түрлі өнер, мәдени, әдеби шығарма жасамайтын адам қоғамы, ру, тайпа, халық болған емес, болмайды да. Қай халықтың болмасын ғасырлар тереңінен бастау алатын, жас ұрпақка тәлім - тәрбие және білім берумен байланысты өзіндік ой - пікір, тәжірибелері бар. Бұлардың жиынтығы халық педагогикасы деп аталады.
Қазақ халқы ежелгі заманнан - ақ жас ұрпақтың болашағын ойлап, оны ертеңгі тіршілік дүниесіне дайындау мәселеріне ерекше мән берген. Осының нәтижесінде жас ұрпаққа тәлім - тәрбие мен білім беру жөніндегі халқымыздың ұзақ ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінен туған, өзіндік аса бай ой - толғаныстарының жүйесі қалыптасты. Қазақтың халық педагогикасында тәрбиенің жекелеген түрлері, атап айтқанда дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, ақыл - ой тәрбиесі, т.б. жан - жақты қамтылған. Осылардың ішінде акыл -ой тәрбиесі ерекше орын алады. Халқымыздың ақыл - ой тәрбиесіне байланысты ой - түйіндеулері мақал - мәтелдер мен накыл сөздерде, санамақтарда, жұмбақтар мен жаңылтпаштарда және т.б. көптеп кездеседі. Шындығында қазақ халық әдебиетінің осы аса үлкен асыл үлгілерінің мазмұнына тереңірек үңілсек, халқымыздың қадым заманнан - ақ жас баланың жалпы ақыл - ой тәрбиесіне ғана емес, сонымен бірге қарпайым математиқалық білім түсініктерін қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлгендігінің дәлелі боларлықтай белгілер айқын көрінеді.
Бабаларымыз өзінің барлық асыл сөз, даналық ойларын мақал -мәтелдер мен нақыл сөз етіп кейінге қалдырып отырған. Осылардағы аса терең педагогиқалық пайымдауларда жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелерімен қатар, білім мен ғылымды игерудің, сондай - ақ математиқалық білімнің қажеттілігін насихаттау да кең орын алған. «Саны бардың мәні бар», «Есепсіз дүние жоқ», «Есеп, есеп білмеген есек», «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды» деп халқымыз текке айтпаған.
Сонымен мақал - мәтелдердің артықшылығы - ойды сығымдап санаулы сөзбен әрі өткір, әрі әсерлі етіп жеткізуінде. Халық өзінің тәлімгерлік нақылдарын мақал - мәтелдерге шебер сыйғыза білген. Мақал -мәтелдерге зер салсақ, казақ даналығының қаншалықты бай екенділігі айкын білінеді.
Ал енді математика және басқа тәлім - тәрбиеге байланысты мақал -мәтелдерге тоқталайық.

  1. «Ел құлағы елу»

  2. «Көп түкірсе көл болады»

  3. «Адам жүрген жермен адам жүреді, біреу білмегенді біреу біледі»

  4. «Он адам жүрген жерде із қалады

Жүз адам жүрген жерде - соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады»

  1. «Отызыңда орда бұзбасаң, қырқыңда қырып келдім дегеніңе ешкім
    сенбес»

  2. «Қырық кісі бір - жақ, қыңыр кісі бір жақ»

  3. «Дұшпаныңнан бір сақтан, жаман достан мың сақтан»

  4. «Екі құзғын таласса, бір қарғаға жем түсер»

  5. «Бір тал кессең - он тал ек»

  6. «Оқымаған бір бала, оқыса екі бала»

  7. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

  8. «Біріккен жүз, бытыраңқы мыңды алады»

  9. «Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын»

  10. «Тамшыдан тама берсе дария болар»

  11. «Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың
    күн жейді»

  12. «Мал өсірсең қой өсір, өсімі оның көл - көсір»

  13. «Екеу болсаң бір - біріңмен кеңес, біреу болсаң қабырғаңмен кеңес»

  14. «Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем»

  15. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

  16. «Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра алмайды»

  17. «Алты жасар бала атқа мінсе, алпыстағы шал алдыңнан шығар»

  18. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас»

  19. «Қырықтың бірі қыдыр»

  20. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді»

  21. «Екі жүзді пышақтан сақтанба, екі жүзді адамнан сақтан»

  22. «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ак жаулық, үшінші
    байлық - он саулық»

  23. «Бес саусақ бірдей емес»

  24. «Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызынан құтыла алмайсың»

  25. «Еңбегіне қарай - құрмет, жасына қарай - ізет »

  26. «Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт»

  27. «Ұры бір күнде - бай, бір күнде - кедей»

  28. «Білімді өлсе қағазда аты қалар, ұста өлсе істеген заты қалар»

  29. «Кітап алтын қазына»

  30. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

  31. «Алтын алма - білім ал»

  32. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»

  33. «Ұстазды ұлы әкеңдей сыйла»

  34. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол»

  35. «Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен»

  36. «Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді»

Халық педагогикасындағы ақыл - ой идея қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, халық шаруашылық кәсібімен, жанұялық, қоғамдық, ұлттық дәстүрмен тығыз байланыста пайда болып, дамытылып және ұрпақтан -ұрпаққа жалғасын тауып, жетіп отырғаны сөзсіз. Қазақ халқының берері мол берекелі мұраларының бірі - мақал - мәтелдерді де тиімді қолдансақ нүр үстіне нүр болар еді. Халық мақал - мәтелдері мінез - құлықтың барлық астарларына, атап айтқанда, тіл мәдениетіне, өлең - жырға, ән - күйге, қолданбалы өнерге, еңбекке, ақыл - ойға байланысты айтылған. Ұрпақ тәрбиесінде халық тағылымдық мақал - мәтелдерді кең көлемде пайдалана білген. Олардың ерекшелігі, айтылғалы отырған ой жанама түрде жеткізіледі. Бұл мәдениеттіліктің, тәрбиеліліктің ең жоғарғы белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет