4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Ахмет Байтұрсынов – фольклор зерттеушісі



бет2/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
ха общий

8. Ахмет Байтұрсынов – фольклор зерттеушісі.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклорының жекелеген мәселелері А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Әуезов, Ә. Бөкейханов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов т.б. зиялылар тарапынан сөз болғаны мәлім.
1920–1930 жылдары қазақ фольклортану ғылымында қолға алынған басты мәселелердің бірі – оқулық пен хрестоматия жазу болды. Мұндай игілікті істі бастаған, қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихын алғашқылардың бірі болып оқулық көлемінде сипаттауды мақсат еткен А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллиндер еді.
Ғалым А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» оқулығы негізінен алғанда, қазақ әдебиеті қисынына арналғанымен, онда сонымен бірге қазақ фольклортану ғылымына т.б. қатысты материалдар мол қамтылуымен де ерекшеленеді. Зерттеушінің «Әдебиет танытқыш» атты оқулық кітабы өзінің құрылымдық ерекшелігіне қарай, негізінен, жоғары оқу орындарына арналған. Оқулық ішіндегі 15 тараудың «Ауыз әдебиеті» атты бір тарауы ғана фольклорға арналған. Фольклорға А. Байтұрсынов: «Жазу-сызу, өнер-ғылым жоқ халықтарда жазба шығарма болмайды. Ондай халықтардың асыл сөздері анайы тілмен айтылған ауыз шығармалары болады. Сондықтан ондай асыл сөздер ауыз әдебиет деп аталады», - деген дұрыс анықтама береді. Демек автор фольклорды ауызша айтылған шығармалар деп қабылдаған.
Ахмет Байтұрсынов фольклорды сөз өнері деп біледі. Сондықтан ол сөз өнері адам санасының көрінісі болып табылатын ақыл, қиял, көңіл ұғымдарымен байланысты дейді де, соның бәрі тіл арқылы іске асатынын, сол себепті фольклор тілі де өзіндік сипатқа ие екенін айтады. Фольклорды да әдеби де шығарма дей отырып, оның тақырыбы, жоспары, мазмұны, түрі болатынына назар аудартады. Мұнда шығарма, яки әдебиет дегенде, ең бірінші болып «ауызша шығарылған сөзді» (яғни халық ауыз әдебиетін) А. Байтұрсыновтың алдымен атауы т.б. – бәрі фольклортанушының жазып шығарған әдебиеттің (жазба әдебиеттің) негізін қалаған фольклор екен деген ойын діттейді. Мұндай пікір үлгісінің ХІХ ғасырда өмір сүрген орыс ойшылы А. И. Герцен еңбегінде кездесетініне белгілі. Демек әлемдік фольклористика тарихында фольклорды зерттеушілер арасында мұндай үндестік, сарындастық туу себептері десек, ол – дәстүрлілікте, алға қойған зерттеушілік мақсаттың ортақ екендігінде, ағартушы-демократтық көзқарастан туындайтынында. Ауызша туған, тараған, біздің заманға дейін жеткен т.б. халықтық нұсқалардың – бәрін алғашқылардың бірі болып, қазақ әдебиеті, қазақ фольклортану тарихында т.б. ғылыми тұрғыда Ахмет Байтұрсынов әдебиет, асыл сөз деп таныған. Шығарма тақырыбына келгенде: «Әңгімедегі пікір не нәрсе болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады», – дей отырып, зерттеуші А. Байтұрсынов өз пікірінің дәлелі ретінде «Айман-Шолпан», «Қобыланды батыр», «Атымтай жомарт» т.б. фольклорлық үлгілердің аттарын келтірген. Демек А. Байтұрсынов ауызша шығарылған фольклорлық нұсқаларды – дәлел көзі, дайын мәтін үлгісінде т.б. сөз өнеріне жатқызған.
Зерттеуші ретінде Ахмет Байтұрсынов шешендік сөз жанрына да тоқталған. Ахмет Байтұрсынов бұл жанрды «шешен сөз» деп атаған. Шешендік сөзді айтушының негізгі мақсаты: баяндау, сипаттау, түсіндіру емес, керісінше, өз пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, илан келтіру дегенді айтып, бұл жанрдың басты функциясын жақсы аңғарған. Ал, шешен сөздің негізгі мақсатын: «... Адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру»,- деп анықтаған.
Ал, батырлар жырында кездесетін батырлар бейнесін талдауы, жырдың орындалуы, жыршының рөлі (өз қиялынша өң беріп, көпіртіп, көркейтетіні) т.б. – мұның бәрі А. Байтұрсынов мән беріп, зерттеген аспектілер. Сонымен бірге ғалым А. Байтұрсыновтың жоғарыдағы үлгілердің ауызша туып, айтылып, дамитынына, көп нұсқалылыққа байланысты туындаған ерекшеліктер негізінде фольклорда нақты автор болмайтынына, бүкіл жұрт, ұлт, халық авторы болып саналатынына назар аудартуы да құптарлық. Бұл фольклордың авторлығына байланысты берілген тұңғыш ғылыми анықтама болып табылады. Сондай-ақ: «Сөз ішіндегі (фольклордағы-Н. Ж.) адамдардың жүріс-тұрысы, мінезі өзіне сәйкес келгендіктен әр халық өзінікі деп біледі. Сәйкес келу себебі ауыздан-ауызға көшкенде әркім өзінше өң беріп, өз заманының салтына, сарынына түсіргендіктен»,- деуінен, біз А. Байтұрсыновтың фольклорды – халықтың мінез-құлығын, әдет-салтын, тұрмыс-тіршілігін танудың т.б. дайын этнографиялық дерек көзі деп қарастырғанын, фольклордың бойында өзіндік ұлттық ерекшеліктің болатынын алғашқылардың бірі болып байыптағанын сараптаймыз.
Фольклортанушы А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» кітабының «Ауыз әдебиеті» атты тарауы бар. Мұнда тұңғыш рет қазақ фольклортану ғылымы тарихында: фольклордың ішкі жанрлық жағдайы, сюжеті, бейнелер жүйесі, тақырыптық- идеялық ерекшеліктері, әрі фольклорлық жанрлардың іштей жіктелу шарттары, фольклордың атқаратын түрлі қызметтері хақында, фольклорға халықтың көзқарасы, фольклордағы тарих пен шындықтың арақатынасы т.б. бәрі ғылыми жүйеге түсіп, теориялық тұрғыдан, тарихи-типологиялық зерттеу әдісі негізінде сараланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет