4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Ә.Диваев – қазақ фольклорын зерттеушілердің аса ірі өкілдерінің бірі



бет5/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
ха общий

11. Ә.Диваев – қазақ фольклорын зерттеушілердің аса ірі өкілдерінің бірі.
Фольклоршы Ә.Диваев халық ауыз әдебиеті нұсқаларын этнографиялық материалдармен байланыстыра жинады. Ол халық поэзиясын халықтың түрмысынан бөле қарауға болмайды деп білді.
Сондықтан да ғалым кептеген хальщ ауыз әдебиет нұсқаларын, әсіресе әдет-ғұрыппен байланысты өлең-жырларды тікелей тәсіл арқылы жинағанда, әдет-ғұрыптың өзін де бірге жазып алып, онда өлең-жырдың атқаратын қызметін қоса жазып өткен. Ғалым фольклорлық шығармаларды жазып алумен бірге, халық шығармалары жазылған жинақтар мен қолжазбаларды да жинай жүрді. Ол кезде халық шығармалары қазақ ауылдарына ауызша ғана емес, жазбаша да тарайтұғын. Ә. Диваев алдымен колжазбаның өзін қолға түсіруге тырысқан, ал иесі бермеген жағдайда көшіріп алуға көшкен. Мүндай жағдайда шығармаға «қолжазбадан» деген белгі соғып отырған. Ә. Диваев Ақынбеков Еркінбектің қолжазба қорындағы ертегілері мен А. Қожабайдың қолжазбасынан алынған - «Алпамыс» жырын баспаға бастырып шығарды.
Ә.Диваев Түркітанушылардың көбімен байланысты болды. Оның
ғылымқұмарлығы, көзқарасы, іздену әдісі орыстың Шығыс зерттеу
ілімінің арқасында қалыптасты. Ә.Диваевке тән жақсы қасиеттер -
материалды контактілі тәсілмен жинастыру, зерттеу жұмыстарының кеңдігі мен терең мағыналылығы, халықтың рухани мәдениетін кадірлей білу - оның ісінен айқын сезіледі. Ол халық поэзиясынан көптің ақыл-ойы мен сана-сезімінің және өнерпаздығының сәулесін көрді. Қазақтың халық эпосы мен мақалдарын сипаттай келіп Ә.Диваев былай дейді: «Қазақтың
мақалдары мен мәтелдері, басқа да халықтардікі секілді, сан ғасырдан бері жасалып қалыптасқан, халықтың ортақ ақыл-ойы болып табылады». Қейде халық шығармасының уақиғаларын оны туғызған әлеуметтік және экономикалық негіздерден бөле караған кездері де болды. Ондай жағдайда фактінің өзі Ә.Диваевке мәнді іс болып көрінді де, міне, сондай жерлерде ол ескі әдеттерді сипаттап кетуге ойысты.
Ол Шымкент, Қызылорда, Қазалы, Әулиеата (Жамбыл), Ташкент, Черняев уезі және Сырдария аймағының Түркстан ауданы айналасын аралап, ертегі, мақал, жүмбақтар, мысқыл әңгімелер мен әдет-ғұрып өлеңдерінің нұсқаларын жиған. Мұнда Ә.Диваев киссаларды және халық поэзиясын жатқа білетін, өз ойынан да шығаратын Сұлтанқожин Майлықожа сияқты сегіз қырлы талант иелерін табады. Ол Майлықожадан лирикалық өлеңдер мен ғашықтық жырларды, ертегілер мен мысқыл өлеңдерді, соның ішінде қазақ арасына кең тараған Алдар Көсе, Шықбермес Шығайбай және Жиренше жайындағы нұсқаларды жазып алады. Ә.Диваев Шымкент уезінде ауыз әдебиет мұраларынан аса көп білетін дарынды жыршы, әрі әңгімеші Ақынбеков Еркінбекпен кездеседі. Ол одан қыз ұзату тойында айтылатын жар-жар, ау-жар өлеңдерін жөне басқа да ертегі, мысқыл әңгіме, мақал, жүмбақ, жырлар жазып алған.
Халық шығармасын айтушының аузынан колма-қол жазып алу -
Ә.Диваевтың жинаушылық қызметінің негізгі түрі болды. Оның
шығармаға жасаған байымдауларында «ауыздан» деп көрсетіледі де,
одан әрі айтушының аты-жөні, оның қай жерде, қай болыста, қай
жерде тұратыны жазылады, яғни біршама паспорттық мәлімет
беріледі. Жалпы Ә.Диваев жинаған материалдар негізінде қазақ фольклоры әрі тақырыптық, әрі жанрлық жағынан толықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет