4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Бала өсіру ғұрпының фольклоры



бет8/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
ха общий

16. Бала өсіру ғұрпының фольклоры
Балалар өмірінің әрбір кезеңінің өлең-жырмен өрнектеліп отыратындығын алғаш атап көрсеткен ғалым Х. Досмұхамедов болатын, бірақ ол бұл топтағы шығармаларға сипаттама беріп, талдау жасамайды. Оған «Балалар өлеңдері» деген жалпылама атау беріп жеке жанрлық сала ретінде топтап, бірқатар шығармаларға ғылыми сипаттама беріп, тексеру жүргізген Б. Уахатов болды. Ол: «Қазақта балаларға арналған өлеңдердің екі түрі бар.
Бірі балалардың атынан шығарылып, бірақ соны балалардың өздері орындайтын өлеңдер де, екіншісі – ата-аналар шығарып орындайтын өлеңдер тобы» , - дей келіп, «Бесік жыры», «Айгөлек», «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Ал білек», «Тұсау кесу» сияқты жекелеген шығармаларға сипаттама берумен шектеледі. Оларды тұтастырып тұрған ортақ белгілерге тоқталмайды.
Ал профессор Ш. Ыбраев «Сәбиге арналған салт өлеңдері» деп атауды ұсынып, оның құрамын бесік жыры, уату өлеңдері, ырыми өлеңдермен (бесікке бөлеу, ал білек, тұсау кесу, майлап сылау) толықтыруды жөн санайды . Ал Б.Абылқасымов болса, оны «Бала өсіру ғұрпының фольклоры» деп атағанды жөн көреді . Кейіннен бұл мәселені біршама індете зерттей келіп, бұл сипаттағы жырларды біз «Әлпештеу поэзиясы» деп атауды ұсынған болатынбыз. Оның себебі, «балалар өлеңдері» деген ұғымның ауқымы өте кең, ол балалар айтатын барлық шығармаларды қамтиды. Бұл жерде әңгіме баланы бағып-қағып, тәрбиелеуге байланысты ғұрыптармен бірге айтылатын өлеңдер жөнінде болып отыр. Оның үстіне ғұрыптық шығармалар көп жағдайда баланың сәби шағында орындалатын ғұрыптық рәсімдер мен салттарға, жол-жоралғыларға байланысты айтылады. Бұл шығармалардың барлығы сәбиді, жеткіншекті әлпештеу әрекетімен байланысты. Бұл қатардағы шығармаларды «Балаларға арналған өлеңдер» (Б.Уахатов) «Бала өсіру ғұрпының фольклоры» (Б.Абылқасымов) «Сәбилерге арналған салт өлеңдері» (Ш.Ыбраев) деп шұбалаңқылау тіркеспен созбақтағаннан гөрі, «Әлпештеу поэзиясы» деп атаған жөн тәрізді. Өйткені, «Әлпештеу» сөзінің поэтикалық реңкі қою. Қазақ бағып-қағып, аялап өсірдім дегеннің орнына «әлпештеп өсірдім» деп жатады. «Әлпештеу» сөзінің мағыналық аясы да кең, көркемдік әрі де жоғары. Ойға қонымды, тілге оралымды деп білгенбіз.
Сол сияқты, халық арасында ежелден қалыптасқан «бесік жыры», «тұсау кесу жыры» сияқты шығармалармен қатар, әлпештеу поэзиясына енетін баланы майлап-сылауға, уату- алдарқатуға байланысты да жырлар бар, олардың атауларын да термин ретінде тұрақтандыру қажет. Сонымен қатар, жеткіншектер айтатын жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, тақпақ, мазақтама, қызықтама, маусымдық жырлар, жарапазан сияқты балалар өлеңдері бұл топқа кірмейді. «Әлпештеу поэзиясының» ауқымы, негізінен, ата-аналар балаларға арнап айтатын әртүрлі ғұрыптарға қатысты шығармалармен шектеледі. Балаларды бағып-қағуға байланысты орындалатындықтан, оны «балалар фольклорының» құрамында да қарастырады. Дегенмен, отбасы ғұрып фольклорын үштаған бірліктегі тұтас құбылыс ретінде қарастырғанда «әлпештеу поэзиясын» назардан тыс қалдыруға әсте болмайды. Өйткені ол жоғарыда айтқанымыздай отбасылық ғұрып фольклорының басқа салаларымен тонның ішкі бауындай етене байланысқан, бір желіге байланған құрамдас бөлігі.

Демек, нәрестенiң шыр етiп дүниеге келгеннен бастап халық жыры мен әнін құлағына сiңiрiп өсетiнi анық. Ата-ананың сәбидi жүрегi елжiрей сүюi, әлпештеп, аялап, бағып-қағуы барлығы да жыр тiлiмен өрнектелiп, музыка әуенiмен сүйемелденiп отырады. Халықтың тұрмыстық тәжiрибесiнде сәбидiң әрбiр өмiрлiк қадамы назардан тыс қалмай дәстүрлi түрде әрқилы ырымдармен аталып, өнер тiлiмен өрнектелiп келедi. Яғни, ата-ана баланың ауру-сырқаудан аман, денсаулығының мықты болып өсуiн ғана ойластырмайды, бөбектiң рухани жан дүниесiнiң де үйлесiмдi дамуын, өз қоғамына лайық тәрбиелi азамат болып ер жетуiн де алғашқы сәттен басты назарда ұстайды. Мiне, халықтың дәстүрлi мәдениетiнде осы мақсатта туып, күнделiктi отбасы тұрмысында кең қанат жайған халық поэзиясының үлгiлерiн фольклортануда жеке топтастыру қалыптасқан.


Нәрестенiң денi сау, ауыру сырқаудан аман, шыныққан, ел армандаған мықты азамат болып өсуi үшiн туған сағаттан бастап-ақ қам жейтiн ата-ана халық тәiжрибесiнде әбден қалыптасқан дәстүрлi әрекеттердi бұлжытпай орындайды: суға шомылдырады, майлап, сылайды, денесiн жазып, түрлi жаттығулар жасатады, кеудесiне отырғызып, мойнына, тiзесiне мiнгiзiп ойнатып жүрiп буынын бекiтедi. Бұл әрекеттер – қай халықтың болмасын өмiрлiк тәжiрибесiнде әбден сыннан өтіп, жылдар бойы мысқалдап жинақталған халық педагогикасының жемiсi. Бала тәрбиесiндегi осы әрекеттердiң барлығының да әнмен, жырмен, сөзбен сүйемелдене отырып жасалатынын байқау қиын емес. Ата-ана баланың дене құрылысын дамытуға арналған жаттығу әрекеттерiн жасай отырып, өлең ұйқасы, ән сазы арқылы олардың көңiлiн де аулайды және оның iшкi сезiмiн, тiлегiн де сыртқа шығарады. Фольклортану ғылымында мұндай өлеңдердi мәпелеу жырлары (пестушки) деп топтастыру қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет