10. «Ауыз әдебиеті», «Фольклор» терминдері туралы. Ауыз әдебиеті – ауызша таралған халықтық көркем-әдеби туындылардың әдебиеттану ғылымындағы жиынтық атауы. 1896 ж. Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылш. Folk- халық, lore-білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халық арасында ғылыми атау ретінде орныққан. Фольклор атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Ол байырғы ата- бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы даудамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем - домнан бастап лирикалық өлеңдерге , ырым - түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де ауыз әдебиетінде тоғысты. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да саналы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім, т.б.),ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи жырлар, қара өлең, өтірік өлең, мақалмәтелдер,жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар...-ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түртүрге бөлініп кете береді.
Фольклордың өзіне тән негізгі ерекшелігі - оның сапа және таптық жағынан біркелкі болып келмейтінін, онда тарихи шындық пен поэтикалық қиял және айдармашының жорамалы болатынын, әсіресе бірнеше ғасыр бұрын айтылып, талай рет ауыздан-ауызға көшкен болса әр түрлі жыраулар мен жыршылар өз жандарынан түйдектетіп қосатын қосымшалардың да мұндай шығармалардан орын алатынын бір сәтке де естен шығармау керек.
Әлемдік фольклортануда «фольклор» ұғымы өте кең мағынада қолданылады. Оған халық музыкасын, халық биін, халық өлеңін, халық театрын, халық әдебиетін, халық қолөнерін, халық қолданатын ырымдар мен ғұрыптарды, салттар мен нанымсенімдерді жатқызады. Демек, фольклор
дегеніміз – тек қана ел арасына тараған ауызекі шығармалар емес, фольклор – халықтың бұрынғы замандарда өмір сүрген бабалары шығарып, пайдаланып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп, бүгінгі дәуірге жеткізген руханият. Ол – көп салалы, сондықтан көп сипатты және кеп функциялы, синкретті руханият. Өте ерте заманда туып, жүздеген ғасырлар бойы өмір сүргендіктен фольклор ежелгі қоғамның дүниетанымы және
мәдениеті болған. Үнемі қолданыста болғандықтан, ол – адамдар тұрмысының қажетті бөлшегіне, атрибутына айналған.
Фольклор сарқылмас тіл қазынасы екендігі белгілі. Ана тіліміздің небір шұрайлы сөз оралымдары, сөз саптаудың сан сырлы, сұлу әуезді үлгілері фольклор деп аталатын халықтың ауызша жеткен әдеби асыл мұрасында жинақталған. Алайда фольклорға тек халықтың ауызша жеткен әдеби жинағы, сөз өнері деп қарау жеткіліксіз, фольклорда халықтың салт-санасы, әдеп-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі, діні, философиялық ойлары, ұлттық болмысы, дүниетанымы, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастары барынша мол орын алған. Сондықтан да халықтың бар болмысын, дүниетанымын, ой-зердесін танып білуде оның маңызы зор екендігі талассыз шындық. Түр жағынан да, жанрлық жағынан да бай қазақ фольклоры әр кезде тарихи-әдеби, тарихи-әдебиэтнографиялы қ , тарихиэтнографиялық зерттеулер нысаны болып, түбіміз бен тегімізді тану тұрғысындағы зерттеулерде ғалымдардың назарын үнемі аударып келеді.