Бақытты отбасы орталықтары бойынша Нұр-сұлтан қаласының "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының және Алматы қаласының "Бақытты отбасы" тәжірибесіне сәйкес облыста 7 ұқсас орталық құрылып, жұмыс істеуде, оның ішінде 2-еуі ағымдағы жылы құрылған (Теміртау, Осакаров ауданы). Аталған орталықтарда загер, психологиялық, әлеуметтік, білім беру, тұрғын үй және басқа да бағыттар бойынша ақпараттық - консультациялық, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, азық-түлік және қаржылық көмек көрсетіледі.
Орталықтар аналар арасында ұлттық костюмдер тігу, кесте тігу және көрпе тігу, тоқу, тазалау, ұн өнімдері мен ет тағамдарын дайындау бойынша тегін курстар өткізеді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықтарда 5 917 қызмет көрсетілді. Бүгінгі таңда 1493 қызмет көрсетілді.
АӘК пен МӘК бойынша Қолданыстағы заңнамаға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету кезінде төлем мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Өз кезегінде, кедейлік шегінің мөлшері Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – ы ретінде айқындалды (1 тоқсаннан – 43101, 2 тоқсаннан-43581). Бүгінгі таңда кедейлік шегінің мөлшері 32 144 теңгені құрайды (1 тоқсаннан – 30171, 2 тоқсаннан – 30507) АӘК-ге 2023 жылы 14 284 адамды (2 747 отбасы) қамту үшін 1 259,8 млн.теңге (ТОХ – 954,8 млн. теңге, ЖБ – 305,0 млн. теңге, ЖБ - дан қоса қаржыландыру-24%) бөлінді. МӘК шеңберінде 210,7 млн. теңге сомасына 4 675 баланы қамту жоспарлануда. Бір балаға көмек мөлшері 1,5 АЕК құрайды. 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек 2 567 отбасына тағайындалды, барлығы 12 182 адам (12 160 адамға, 2 654 отбасына төленді). АӘК алатын 3 268 балаға (2 614 отбасына) МСЖ тағайындалды. 01.07.2023 жылғы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 1608 отбасына (оның ішінде 557 көпбалалы отбасына), 7 187 адамға тағайындалды. АӘК төлеуге 352,3 млн. теңге бағытталды. Төленген көмектің орташа мөлшері 8 170 теңгені құрады.
Бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қосымша төлемдер (бұрын МӘК) 2152 балаға төленді. Төлемге 44,8 млн. теңге бағытталды.
Көші-қон бөлімі
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»; - «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту».