Мансап орталықтарға айналдырылған Еңбек ұтқырлығы орталығы ашылды.
Еңбек ұтқырлығы орталығын құру туралы облыс әкімдігінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 35/03 қаулысы қабылданды, барлық құқық белгілейтін құжаттар Әділет департаментінде тіркелген (Устав, присвоен БИН организации (БИН 230640025251)
Еңбек министрлігімен келісілген орталықтың директоры тағайындалды, орталықтың орналасқан жері анықталды.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап қалалар мен аудандардың барлық мансаптық орталықтарының басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қабылданды, штаттық режимде жұмыс істейді.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Жұмыспен қамту орталықтарын тарату туралы» қалалар мен аудандар әкімдерінің қаулысына сәйкес 6 қала мен 7 ауданда қабылданған және құрылған тарату комиссиялары жұмысын бастады.
По итогам 1 квартала 2023 года Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыстар жұмыссыздық деңгейін – 4,2% деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді (1 кв. 2022г. – 4,6%), республикалық көрсеткіштен 0,6 пайыздық тармаққа төмен (РК – 4,8%).
Жұмыс жалғасуда, Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жоспарланған жоспарлы көрсеткіштер орындалатын болады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша ақпарат
Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтерді 10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, мүгедектігі бар балаларға арналған 1 күндізгі бөлім, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған 1 күндізгі болу бөлімшесі, мүгедектігі бар адамдарға арналған 1 оңалту орталығы, мүгедектігі бар балаларға арналған 1 оңалту орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 58 бөлімшесі, Қарағанды және Теміртау қалаларында өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта әлеуметтендіруге арналған 2 орталық ұсынады.
2023 жылдың 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыста арнаулы әлеуметтік қызметтермен 8 483 адам қамтылды. Оның ішінде: мүгедектігі бар балалар - 922; психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар - 2257; жалғызбасты қарттар мен мүгедектер - 4614. Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта әлеуметтендіруге арналған Орталықтарда – 140 адам қамтылды, сондай-ақ Орталықтарда әлеуметтік патрульдің мобильді қызметтері жұмыс істейді. 2023 жылдың басынан бері 84 төсек-орынға есептелген Қарқаралы ауданының оңалту орталығы арнайы әлеуметтік қызметтермен 498 адамды қамтыды. 2023 жылдың басынан бері 50 төсек-орынға есептелген Балқаш қаласының мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы 20 адамды арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтыды.
2023 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын ұстауға 9 млрд. 229 млн. теңге бөлінді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Басқарма үкіметтік емес сектормен бірлескен жұмысты белсенді жүргізуде.
Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Басқарма жалпы сомасы 76,9 млн.теңге құрайтын 244 адамды қамтитын 8 үкіметтік емес ұйымдар арқылы жобасын іске асыруда. (келісім жасалған шарттарға сәйкес).
Ағымдағы жылдың басында тірек-қимыл аппараты аурулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған (бұдан әрі – ТҚА бар балалар) «Қарағанды облысының Балқаш қаласының мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ ашылды. Қазіргі уақытта Орталық ТҚА бар балаларды оңалтумен айналысады.
Сондай-ақ, Әлеуметтік кодексті орындау, сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді деинституционализациялау шеңберінде Қарағанды облысы 12 төсек-орынға арналған психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты аурулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша сыйымдылығы шағын үйді іске асыру жөніндегі пилоттық жобаға кіргенін атап өтемін.
Бұл жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 12,8 мың теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жоба Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) арқылы іске асырылады. Бөлім өз кезегінде бұл жобаны «OZIM» Қоғамдық қоры.
2024 жылы облыс бойынша 9 мыңға жуық адамды арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту жоспарланған, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі жобаларды іске асыруды жалғастыру жоспарланған.
Достарыңызбен бөлісу: |