Шетелдік жұмыс күшіне қатысты Қарағанды облысында ағымдағы жылы 912 бірлік көлемінде шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгіленді (жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін облыстардың жергілікті атқарушы органдарына шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікке өтінімдер ұсынады), 2023 жылғы 1 шілдеде шетелдік мамандарды тартуға 337 рұқсат берілді. Ағымдағы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс аумағында шетелдік жұмыс күшін тартуға 604 рұқсат қолданылады. Шетелдік жұмысшылардың шығуының негізгі елдері: Қытай, Үндістан, Түркия және басқалар.
Этникалық қазақтарға қатысты Қарағанды облысында 2023 жылғы 1 шілдеге қандас мәртебесін 191 адам немесе 139 отбасы алды, оның ішінде 104 ер адам, 87 әйел («Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы қандас мәртебесін алу үшін облысқа 321 этникалық қазақтың келуі жоспарланған).
Қандастар елдерден келеді: Өзбекстан – 131 адам, Моңғолия – 40 адам, Ресей – 14 адам, Қырғызстан – 3 адам, Қытай – 2 адам, Беларусь - 1 адам.
Ең көп қандастар қоныстанды: Теміртау қ. – 107 адам, Қарағанды қ. – 48 адам, басқалары – 36 адам. Келгендердің ішінде экономикалық белсенді халық саны-127 адам (жоғары білімі бар - 23 адам, орта-арнайы – 51, жалпы орта – 41, толық емес орта-12), кәмелетке толмағандар - 48, зейнеткерлер – 16.
Пана іздеушілер мен босқындарға қатысты Қазіргі уақытта облыс бойынша 14 отбасы немесе пана іздеуші мәртебесі бар 15 адам тіркелген (5 адам Украина азаматтары, 10 адам Ауғанстан азаматтары, оның ішінде 11 ер адам және 4 әйел). Пана іздеушілер негізінен Қарағанды (12 отбасы немесе 13 адам), Теміртау (1 отбасы немесе 1 адам), Саран (Ақтас кенті) (1 отбасы немесе 1 адам) қалаларында тұрады.
Келгендердің ішінде: зейнеткерлер – 4 адам, еңбекке қабілетті жастағы адамдар - 11 адам (негізгі бөлігі жеке ұйымдарда жұмыс істейді, сондай-ақ туыстарынан көмек көрсетіледі және жеке жинақтары бар). Қарағанды облысында босқындар тіркелмеген.