4 мың (54206) адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз, оның ішінде: Ұлттық жобалар бойынша мың



бет3/7
Дата27.11.2023
өлшемі32,57 Kb.
#129686
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БРИФИНГ КАЗ

ОҮК бойынша
Облыс өңірлеріндегі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың мәртебесі мен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында өңірлердің әкімдері басқарады.
Бүгінгі таңда Облыстық үшжақты комиссияның (бұдан әрі – ОҮК) 9 отырысы (2-облыс әкімінің төрағалығымен), қалалар мен аудандарда өңірлік үшжақты комиссиялардың 36 отырысы өтті (оның ішінде 20 – өңірлер әкімдерінің төрағалығымен).
ОҮК отырыстарында тараптар 17 мәселені қарады, оның ішінде 9 – әлеуметтік-еңбек сипатындағы мәселелер (Өнеркәсіптік және экологиялық қадағалау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру; Еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасында ұжымдық шарт жасасу жөніндегі "BasselGroupLLS" ЖШС-дегі жағдай туралы; Өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде аралас жауапкершілікті жою бөлігінде ҚР нормативтік және заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу бойынша келісілген ұсынысты талқылау; Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және ақпарат мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, еңбек заңнамасын сақтаудың жай-күйі туралы; 2021-2023 жылдарға арналған Теміртау қалалық үшжақты келісімінің іске асырылу барысын бақылауды ұйымдастыру және қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында әлеуметтік еңбек жанжалдарының алдын алу туралы; 2021-2023 жылдарға арналған Шахтинск қалалық үшжақты Келісімнің іске асырылу барысын бақылауды ұйымдастыру және қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында әлеуметтік еңбек жанжалдарының алдын алу туралы; Облыстың тау-кен металлургия кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанудың жай-күйіне мемлекеттік және қоғамдық бақылау жүргізу және кәсіптік аурудың алдын алу туралы; Жұмыскерлерге еңбекақы төлеу бойынша берешектің жай-күйі туралы; Қарағанды облысынан «Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысуға үміткерлердің тізімін бекіту туралы).
ОҮК отырыстарында қабылданатын шешімдердің орындалуы тараптар мен жұмыс тобы өкілдерінің бақылауында, әрбір жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жұмыс тобына шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттар ұсынылады.


Парыз бойынша

Жыл сайын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық Жұмыс берушілер палатасымен, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурс өткізеді.


Бұл конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру және осы саладағы оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.
Байқауға қатысу тегін.
Байқауға төрт номинация кіреді:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»,
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»,
3) «Үздік ұжымдық шарт»,
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін»,
сондай-ақ «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы.
Бүгінгі таңда 24 өтінім келіп түсті:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет