4-МӨж тақырыбы: «Ғ. Бегалыұлы мен Ә. Сыдықұлының «Математика сабағы»



бет2/6
Дата10.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#25197
1   2   3   4   5   6
3

ҚОРЫТЫНДЫ




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ мектептеріндегі математиканы оқыту әдістемесінің дамуы ХХ ғасырдың басынан басталады. Сол кезеңдегі алғашқы математикалық оқулықтарды зерттеу барысында қазақта да мықты әдіскер ғалымдардың болғандығын байқауға болады. Оқулықтарға пәнаралық мазмұндағы және өмірмен байланысты есептердің енгізілуі әдіскер-ғалымдардың жоғары шеберлігін көрсетеді. ХХ ғасырдың 40-жылдарының басында қазақ орта мектебі үшін кеңестік білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес, латын әліпбиімен бірқатар математика оқулықтары басылып шықты. Солардың арасында Ғ.Бегалыұлы мен Ә.Сыдықұлының «Математика сабағы» атты оқулығын ерекше атап өтуге болады. Оқулықта авторлар теориялық материалды көбінесе нақты практикалық жаттығулар арқылы түсіндіруге тырысқан. Сол себепті біз осы оқулықты зерттеу мәселесін өзекті деп таптық. Зерттеудің мақсаты. «Математика сабағы» оқулығының мазмұнына талдау жасау және ондағы берілген есептердің ерекшеліктерін айқындау. Зерттеудің міндеттері: а)Авторлар туралы қысқаша мәлімет келтіру және оқулыққа жалпылама түсініктеме беру; ә)«Математика сабағы» оқулығының мазмұны мен әдістемелік маңызына талдау жасау; б) Оқулықта берілген есептердің мысалдарын көрсету және талдау жасау. Зерттеудің әдістері: – Әдебиет көздерін зерттеу және талдау;Педагогтардың озық іс-тәжірибелерін зерттеу; Анализ және синтез. Зерттеудің жаңашылдығы. «Математика сабағы» оқулығының мазмұнына талдау жасалынды. Осы оқулықта берілген есептердің мысалдары берілді және олардың шығарылу жолдары көрсетілді. Сондай-ақ, қазіргі оқулықтарда берілген кейбір есептерді «Математика сабағында» берілген әдістермен шығару мысалдары берілді. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: 1)Оқулыққа жасалған мазмұндық әдістемелік талдаулар онда бастауыш сыныптар мен орта мектеп математикасының сабақтастығын көрсетті; 2) «Математика сабағында» берілген есептер өмірмен тікелей байланыстырылған және пәнаралық байланыстар қамтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет